Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый классный час на тему "Отбасы-алтын діңгек".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый классный час на тему "Отбасы-алтын діңгек".

библиотека
материалов

Ойөрім

Тақырыбы: Отбасы-алтын діңгек.


Мақсаты:отбасы, отбасындағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы туралы ой-өрбіту, көпшіліктің пікірін таңдау, талқылау, ойөрім сұрақтарына нақты жауаптар таба отырып, жарасымды отбасы - өмірдің баға жетпес байлығы, алтын діңгегі екенін дәлелдеу.

Көрнекілігі: бейнебаян,слаидтар.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ой түйіндеу.

Барысы: 1.Кіріспе сөз.

2. Бейнебаян тамашалау.

3. Сауалдарға жауап.

4.Көріністі тамашалау, талқылау.

5. «Біз қандай ата-анамыз?» жағдаяттардан шығу жолдары.

6. «Болашақты елестету» бір ауыз түйін.

7. Қорытынды.

1. Мұғалім сөзі:

Армысыздар, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен бірлесе отырып, «Отбасы- алтын діңгек!» атты ойөрімді өткізбекшіміз. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім- жақындарына , туған- тусытарына деген сүйіспеншіліктен басталады, деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөзі бар: « Шындығында, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған уйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәнгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда : Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,- десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынастар, мәдинеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қызығы, алтын тірегі, діңгегі- бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрі бір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке- бірлік, сүйіспеншілікпен араласа, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана- бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау.

Ана- бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ-деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсын.

Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

2. Құрметті ата-аналар мен оқушылар ! Ойөрімді өтпес бұрын мына бейне баянды бірге тамашалайық. Бұл бейне баян сіздерге алдағы жұмысымыздың барысында ой өрбітуге көмектеседі деп ойлаймын.(Бейнебаян көрсетіледі)

3. Құрметті ата-аналар мен оқушылар ! Келесі кезекте мына сұрақтарды орталарыңызға тастамақшымын. Өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамын.

1. Бала тәрбиелеуге ата-аналардың күнделікті білімін жетілдіріп отырудың қандай жолдарын ұсына аласыз?

2. «Ата-аналар әрбір ісімен балаларына үлгі болу керек» дегенді қалай түсіндіруге болады?

3. Бала тәрбиелеудегі озық іс-тәжірибеңізді ортаға салып, келешек ата-ана болатын балаларыңызға қандай ақыл-кеңес айта аласыз?

(Ата-аналар мен оқушылар өз ойларын өрбітеді)

Ата анама қарызбын

Маған өмір сыйлаған.

Бала қамын ойлаған

Бар ма сіздей сыйлы адам?

Бала, бала, бала деп, Бар өмірін арнаған.

Отбасы жарасқан,

Бар ма сіздей арлы адам?

Құрметті оқушы! Ата-ананың парызын өтеу - қарызым деп есептейсің бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады)

4.

Ұлың өсіп келеді,

Ата-ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз,

Ел қорғайтын жігітті!

Қыз бой жетіп келеді, Шуақ шашып әр уйге .

Гүлдей жайнап өссінші ,

Сыйлы болып бәріңе!

Ата-анаңның жүрегі

«Бала» деп қана соғады

Баласы жақсы адамның,

Басына бақыт қонады.

Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Ендігі кезекте «Кемшілік кімнен ?» атты көріністі тамашалап, осы көрініс туралы ой өрбіиуге шақырамын. Қатысатындар : Анасы, баласы Берік, қызы Айнұр ( Көрініс көрсетіледі)

Ой өрбіту кезегін,

Берейік ата-анаға.

Кімнің ойы дұрысын,

Зерделесін балада .

Кімнің сөзі келісті,

Ата-ана ой бөліссін.

Тақырып- болсын тәрбие,

Ой қозғалсын жемісті!

(Атааналардың өмір талабына сай ой-пікірлерді тыңдалады)

5. Құрметті ата-аналар !Келесі кезектегі сауалдарды сіздерге арнамақпын. « Біз қандай ата-анамыз?» тақырыбындағы түрлі жағдайаттардан шығу жолдарын бірге іздейік.....

1 Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз

2. Балаңыз мектептен жылап келді. « Мұғалім маған ұрысты» деп. Сіз не істер едіңіз?

3. Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір –бірімен төбелесіп қалды . Ол бала сіздің балаңыздың өте жақсы көретін жолдасы еді . Сіздің іс-әрекетіңіз?

4. Балаңыз- өте жақсы оқитын бала. Бір күні сабақтан екі алып, мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді. Сіз не істер едіңіз?


6. Құрметті ата-аналар мен оқушылар ! Сөз сонында сіздер мен бірге « Болашаққа көз жүгіртсек» атты тренниг пен ой өрім жұмысын қорытындылағым келеді. Балаңыздың және өзіңіздің болашағыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді сұраймын.


7 Қорытындылау


Отбасы- адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтанда отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиеті алтын мектебі . Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай . Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. « Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емеспе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да , олардың арасында бір- бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде :

Отбасы-шағын мемлекет ,

Мен-президент, сен- премьер,

\дегені бар. Шынында, отбасы-ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, тағы басқа болатын сияқты, әр отбасы болмыс- тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар , оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға , сырын ашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдықты тәрбиелеген. « Отан отбасынан \басталады» деген сөздің мәнісі де осында . Лайым, қашанда шағын мемлекет- отбасымыз аман болсын. Түтіні түзу шанырағымыз шаттыққа толы болсын деген тілекпен бүгінгі ой өрімді аяқтай келе , қатысып, өз пікірлерін өрбіткен ата-аналарға , оқушыларға үлкен алғысымды білдіремін.














































Автор
Дата добавления 24.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров252
Номер материала ДВ-006757
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх