Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыОткрытый классный час на тему "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа кім кінәлі?"

Открытый классный час на тему "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа кім кінәлі?"

Скачать материал

 

 

ОЙДОДА

Күні:16.10.2013жыл

Сыныбы: 8 «б»

Сынып  жетекшісі: Әбдіқалықова Индира

 

Тақырыбы»: Жасөспірімдер   арасындағы   бұзақылыққа  кім  кінәлі?»

Мақсаты : Мектеппен ата-ана арасындағы  байланысты  нығайту,  ата-аналармен  дөңгелек  үстелде   ангіме  жүргізе  отырып,олардың  бала  құқығы  туралы  білімдерімен  бөлісу   оқушылардың  құқықтық  сауаттылығын  арттырып,  құқық  бұзушылық  және  қылмыс  белгілерімен,  түрлерімен  таныстыру,  жасөспірімдердің  құқықтарымен  міндеттерімен  таныстыру.  Қоғамның  заңдары мен  нормаларын   орындауға   құқықтары  біліп  онын   құрметтеуге  тәрбиелеу.

Түрі : Ойдода

Әдісі: Ой қозғау, сұрақ –жауап,  пікірталас

Көрнекілігі:  қанатты  сөздер,  техникалық  құралдар

 

Барысы :

  Кіріспе  сөз

Құрметті  ұстаздар мен   оқушылар!  Мемлекетіміздің  ата  Заңының 1-  бабында  қазақстан  республикасы   өзін  демократиялық, құқықтық   және  әлуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырылды.  «Оның  басты  қазынасы-адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары мен  бостандықтары»   деген  қастерлі  сөзді  кіргізген. Бүгінгі  құқықтық мемлекет  құрамыз  деген  заманда   әрібір  адам өз  құқықтарын   жете біліп, жалпы  заң  білімі   саласынан мағлұмат   алғаны  дұрыс. Заңды  атамай  тура  жолмен  жүріп,   еліне  адал  қызмет еткен азамат қана   мұратына   жетеді. Сондықтан   заңды   білу  заман  талабы.

  Тамыры  терең қара емен

  Қасқая  күтер  дауылды .

Ақылды шешен сөйлесе,

Таратар  түгел  қауымды.

Бірлігі  мықты  ел болса,

Ұрпағына   үлгі  етер,- деп ,  Төле  би   даналықпен,  көргендікпен ұлт   болашағын  меңзеп  көрсеткен   екен.

  Ал  сол  ертеңгі   ұлт   болашағы  болатын  жастар  бүгін   немен   айналысып  жүр?  Неге  қоғамда   «жасөспірімдер»  деген   тіркес   жиі  айтылады?  Неге  жастар   арасында   адам  айтса нанғысыз  қылмыстар  көбейіп, кетті? Шындығына   келсек,  қылмыстың  бұлай   өсуіне   шырқы   бұзылған  отбасылардың   көбеюі  ғана  емес,   батыстық   психологияның   да  әсері   мол . Қоғамға  Отанын  сүйетін  жас  буынды   тәрбиелеу   міндет  болса,  жасөспірімдер   арасындағы   қылмысқа  тосқауыл  болу  жауапкершілікті  іс    болып  тұр.   Бүгін   8  «б»   сынып  оқушылары мен  ата-аналары,  жиналған  қауым  «  Жасөспірімдер  арасындағы   бұзақылыққа  кім  кінәлі?»  деген  тақырыпқа   өз  пікірлерін  ортаға  салмақ.  Тіпті  өмірге   қызығушылық,,  жігерсіздік  пен еліктеушілік  көптеген  жасөспірімдерді   бұзақылық  жасауға   итермелеуде. Жасөспірімдердің   теріс  қылық   жасауының себебі неде?  Жастар  арасындағы   бұзақылықтың   алдын  алуда   жеткіліксіздік  танытып  отырған  қандай  фактор?

«Жасөспірімдер  арасындағы   бұзақылық»  жайында   бейнефильм.

1-оқушы: 

 Жасөспірімдер  арасында   қылмыстық  істердің    көбею  себептері:

-Отбасындағы  ақау  тәрбие;

-Отбасындағы   материалдық  әл-ауқаты;

-Жұмыссыздық;

-Баланың   бос   уақытының  шамадан  тыс   мол  болуы;

-Ата-ана  тарапынан   бақылаусыз  қалуы;

-Мінез-құлқының  ауытқушылығы;

-Рухани   құлазуы  деп   ойлаймын.

2-оқушы:

Біздің  ойымызша   жасөспірімдерді   қылмысқа  итермелейтін   зиянды   әдеттер.  Отбасы-азамат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі.  Қоғамда  отбасы   екі  түрлі  қызмет  атқарады .  Оның  бірі   дүниеге   ұрпақ  әкелу   болса,  екіншісі   сол  сабиді  тәндік  жағынан   дамытуды  қамтамасыз  етіп,  зиянды  әдеттерге    ұрындырмай,  тұлға  ретінде  қалыптастыру.  Бала  отбасынан   жақсы  да  жаман  да   қылықты  бойына  сіңіреді.  Дана   халқымыз   «  бала  ұяда  не   көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»деп  текке  айтпаса  керек.   Баланы  жақсы  тәрбиелеу ,  зиянды  әдеттерден  аулақ  ұстау ата-ана  парызы.  Егер  бала  зиянды  әдеттерге   құштар  болатын  болса,   оның  тәрбиесінде    кемшіліктер  болғаны. Осындай    дұрыс   тәрбиеленбеу,  еліктеу  нәтижесінде   көптеген  жас  балалар   зиянды  әдеттерге  мойынсұнып,  бүкіл  өмірін  құртады.

3-оқушы:

Менің  ойымша   жасөспірімдерді   қылмысқа  итермелейтін   әлеуметтік   жағдай   немесе   қиын тұрмыс: «ананың  көңілі  балада ,  баланың  көңілі   далада»  демекші,  бала  есейген  сайын   айналасына  көбірек  көз  тастайтыны   белгілі.  Яғни,  «мен  неге   қатарымна  қалмауым  керек»   деген   түсінік  пайда  болды.  Тұрмыстағы  мәселелер   ең  біріншіден   ақшаға  келіп  тіреледі    десем,  артық  айтпайтын  шығармын.  Көп  жағдайда   әлеуметтік   жағдайдың  қиындығы   бастарын  шырмап   алған  ата-ана  бала  тәрбиесіне   немқұрайлы  қарайды.  Тіпті  кейде   қылмысқа   баруға  өздері   итермелейтін   жәйттердің  болғанын  баспасөз   беттерінен  оқып  та  жүрміз.  Қиындықтың  уақытша   екендігі   естен  шығармаңыздар,  балалар!

4-оқушы :

Менің  айтпағым  отбасындағы   ата-ана   тәрбиесінің   жеткіліксіздігі   бала  болашанғына  балта   шабумен  бірдей.  Бала-жас  өскін,  әрбір   ата-ананың  үміт  артқан  ұрпағы.   Ол  шыр  етіп  дүниеге  келгеннен  бастап   ата-анасының  қамқорлығында   болады.   Олай  болатын  болса, не  себепті   бала  жаман   жолға  түседі?  Оны   жаман  әдеттерге  итермелейтін  кім?  Оның  себептері  көп-ақ.  Көп  жағдайда  ата-анасының  баласына  уақыттың  аз  бөлуінен ,  үйдегі  болатын кекілжің  немесе  отбасындағы   ақша  мәселелерінен  туындауы .  Бұл  әрібір   жанұяда  болатын   заңдылық  деп  есептеймін.Баланың  әлсіздігі : еліктеушілік,  біреудің  айтқанына  сену ,  көзбен  көре  тұра   сол  жаман   қасиетке  өзін  еріксіз  итермелеу   және  т.с.с  Әрбір ата-ана   баласына  жаман  әдеттердің  әкелетін  зардаптарын  жастайынан  ұғындырғаны  дұрыс.Өйткені  бала   есейген  кезде   кеш  қалуы  әбден  мүмкін.  Сондықтан   ата-ана   баласын  жастайынан  спортқа ,  өнерге ,  білімге   құштар  болуға   мүмкіндік  жасап,  болашаққа  үлкен азамат   болып  өсуіне   зор  ықпал  жасауға  тиіс.

 5- оқушы :

Оқушы  жастардың,  жасөспірімдердің   теріс  қылық   жасаушылықтарын   батырлыққа  ерлікке   бағалап,  олардың  сондай  жағымсыз  қылықтарды   көптеп  жасауына   ықпалы  көбірек болып  отырғаны   Бұқаралық  ақпарат   көздері  екені  баршамызға   мәлім.  Ақпарат   құралдары   болғанда да,  жекеменшік   ақпарат  құралдары   тобырлық  санаға   арналған  басылымдар,  лас    бейнефильмдер  мен  қылмыстық  хроникалар  көрсетіп,  тек жарнама  жасау  арқылы   байып  отырған  жекеменшік  телестудиялар  болып   отыр.  Ал,  жасөспірімдердің   жан  дүниесі   нәзік ,  сезімтал естігінін  тез  қабылдайдайды. Сондықтан   телеарналардан    үнемі  беріліп  тұратын   қылмыс   хроникасы,  жағымсыз  мәлімметтер  жастардың нәзік көңілін  жаулап   алып,  олардың  санасыз   қатыгездік  пен    жүгенсіздік  ұрығын  себуде.

 

 Мектеп   психологіне    сауалдар  тастау

Мектеп  инспекторына   сауалдар  тастау.

 

1.Жастар  арасындағы  қылмысты  азайту  үшін  не  істеу  керек?

2  аудан  бойынша   жасөспірімдердің   арасында   қандай  құқық   бұзушылықтың   түрлері  көп  тараған?

3.  Қылмыс   жасағаны   үшін    жасөспірімдерге  қандай   жазалар   қолданалады?

4. Кәмелеттік   жасқа   толмаған   жасөспірімдерді  жазалаудың   ерекшеліктері  туралы   айтып  өтсеңіз?

5.  Жасөспірімдер   көбіне  қандай  қылмыс   түрлерін  жасайды?

6.неге   барлық  заң    бұзушылыққа   жас  өспірімдер 16  жастан,   ал   кейбір  заңбұлушылыққа  14  жастан     жауапкершілікке тартылады?  

7.  Арнайы   қызметкерлерді   жалған  шақырған  жағдайда   қандай   шара   қолданады ?

8. Қазіргі  уақытта   жасөспірімдердің   түнде   шығуы   кездеседі.  Осыған  қандай   шаралар қолданасыздар?

 

Ата-аналарға   қойылатын   сұрақтар   беру

 

1. Ақпарат   құралдарындағы   бала   тәрбиесіне   байланысты  мәселелерді   бірге  талқылайсыз  ба?

2. Отбасында  бала  тәрбиесіне  қалай   ықпал  жасайсыз?

3. Өзіңізді  бұрын  ата-анаңыз қалай тәрбиелейтін   едіңіз?

4.Өзіңізді   бұрын   ата-анаңыз  қалай  тәрбиелейтін  едіңіз?

5.  Бала   тәрбиесінде   сізге   кездескен   қиыншылықтар,  оны   шешудің  жолы  қандай?

7. Арнайы  қызметкерлерді   жалған   шақырған   жағдайда   қандай  шара  қолданады?

8. Қазіргі   уақытта   жасөспірімдердің   түнде  көшеге   шығуы  кездеседі.  Осыған  қандай   шаралар қолданасыздар?

Құрметті   ұстаздар, ата-аналар! Бүгін  біз   мектеп   басқару   ісіндегі   оқушылардың    аз  да   болса   маңызды   үлкен   еңбектерінің   бір  бөлігіне   куә  болдық.  Бойында  қаны  бар ,  намысы  бар   әрбір   азаматтың  тәуелсіздікті   қалай  кемелдендіреміз,  елдің   көсегесін   қайтсек   көгертеміз  деген   ой-санасын:

-мен  қамшыламасам;

-сіз   баптасаңыз;

-ол  қанат   қақтырса,  біздің  бәрімізге  ортақ   арман   орындалмай  ма?!

Мектеппен   жанұяда   жақсы   қасиеттерді   бойға   сіңіріп,  тәрбиелі, мәдениетті,  білімді   адам  болуға  ұмытылуымыз керек. Құқықтық  сауатсыздық ,  яғни  өз құқы мен   міндетін   білмей ,  басқаның  құқын   сыйламаудың  кесірінен   көптеген   келеңсіз   жағдайларға    кезігіп отырмыз. Осы   орайда   қылмыстың  қоғамдағы  зияны  мен   адам  тағдырын  адастыратын  іс  екенін әрқайсымыз  жете   түсінуге  тиіспіз .Олай  болса   құқықтық   тәрбие   мен  құқықтық  мәдениетті  санаға  сіңіріп, өзімізді  және   қасымыздағы  адамдардың  жеке  басын   қадірлеп, құрметтейік.

 Бұл асылық, асқан  заманда,

Ұл  туады  атаменен  егесіп,    

Қыз туады анаменен теңдесіп,

Баласы кетті тыюдан.

Масқаралар таймайды

Жас сыйласып тұрудан.

Адал зада баланы

Таба алмассың рудан,

Ұлың киді дүрия,

Ұстараның жүзіндей

Аударылған дүния.

Қызың киді биқасап,

Тергеп кимей байқастап,

Кешкі тұрым болғанда

Құлан менен бұлаңдай

Үйде тұрмас ойқастап.

Қыз, жігітте әдеп жоқ,

Үшбу күнде халықтың

Домбыра болар шерткені,

Зина болар қылғаны,

Деген екен бұрынғы

Ол бір өткен сапасын.

Бұрынғының сөзінің

Бір қатасы болсашы!-деп,Шортанбай ақын жырлаған күн басымызға төнбесін десеңіз,ойланайық, ағайын!

Болашақта шалыс қадам баспай,өз өмірлеріне жауап беретін, ата-анасының емес, бүеіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі ойдоданы аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый классный час на тему "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа кім кінәлі?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 447 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.09.2015 1919
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдыкалыкова Индира Турсынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7314
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 989 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек