Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Открытый урок: Ара мен шыбын

Открытый урок: Ара мен шыбын

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оспанхан Әубәкіров. Ара мен шыбын.

Сабақтың мақсаты:1. Оспанхан Әубәкіров туралы мағлұмат беру, мысал туралы білімдерін толықтыру, шығармасымен таныстыру.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, ойлауын; талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.

3.Еңбекке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оспанхан Әубәкіровтің суреті, сөзжұмбақ, слайд, «Т»кестесі, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлге бөлу, сахналау

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.«Аққу, Шортан һәм Шаян»-жатқа сұрау. Көрініс көрсету.

2.«Бірлік», «ынтымақ» туралы мақал-мәтелдерді жатқа сұрау.

3. «Бірлік түбі-тірлік»-эссе жазу.

ІІІ.Мақсат қою.

1. Сөзжұмбақ шешу.

1) Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, жазатын шығарма.

2) Мысалдар жазатын орыс ақыны.

3) Екі ақынның арасындағы сөз жарысы.

4) Жолбарысты өлтірген батыр.

5) Ерте, ерте, ертеде... деп басталатын халық ауыз әдебиеті.

6) Ең жақын адамға.

7) Кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне қамқор болған, бақытты ғұмыр кешкен ел.

8) Көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма.

9) Айтыстың бір түрі.

10) Қобыланды батырдың тұлпары.

11) Тайбурылдың иесі.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Оспанхан Әубәкіров туралы мағлұмат беру.

-Оспанхан Әубәкіров-әзіл-сықақ жазудың асқан шебері. Ол мысал өлеңдерді де көп жазған. Онда ақылсыздарды, қызғаншақтар мен мақтаншақтарды сынайды. Оның «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Қоңырау», «Ұзын сөздің қысқасы», т.б. жинақ кітаптары бар.

2. Ара мен шыбын туралы білетіндерін ортаға салу, оқушы жауабын толықтыру.

Бал арасы мен шыбын-бунақденелі жануарларға жатады. Өте ұсақ болғандықтан, оларды «жәндіктер» деп атайды.

Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды.

Балы үшін адамдар бал арасын қолда асырайды. Оны «еңбекқор жәндік» деп атайды. Олар өзінің дене тұрқының өте кішкенелігіне қарамастан үлкен жұмыстар атқарады.

Шыбын-зиянды жәндік. Ол лас жерде жүреді. Түрлі жұқпалы аурулар таратады.Сондықтан үйде шыбынның болмауын үнемі қадағалап отыру керек.

2. «Ара мен Шыбын»-мәнерлеп оқып беру.

3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Нығымдап-нығарлап, батыл түрде.

4.Сұрақ-жауап.

-Шыбын араға не деді?

-Ара оған неге бірден келісе салмады?

-Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?

-Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?

-Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

-Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?

5.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше,

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

ІV. Білімді бекіту.

1-топ

Шығарманы рөлге бөліп оқыту.

2-топ

Шыбынның үйін, жататын жерін көзіңе елестетіп, суреттеп айтып бер.

3-топ

«Т» кестесін толтыру.

Шыбын (қандай?) Ара (қандай?)

V.Қорыту.

1.«Бәйге» ойынын ойнау.

-Мысал деген не?

-Оспанхан Әубәкіров туралы не білесің?

-Ара қандай жәндік?

-Шыбын қандай жәндік?

-Тазалық, еңбек туралы мақал-мәтел айт.

V.Үйге тапсырма беру.

1.Мәтінді оқу.

2.«Тазалық-денсаулық кепілі»-эссе жазу.

3.Еңбек, тазалық туралы мақал-мәтелдер жаттау.
VІ.Бағалау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.08.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДБ-168090
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх