МКҚК «Оқушы» орталығы.
«Қайнар» аула клубы.
Ашық
сабақ
Тақырыбы: Дәулеткерейдің күйі «Жеңгем сүйер »
ҚБП: Улукманова.Р.Е.
Ақтау қаласы 2017ж.
Бекітемін:
МКҚК
«Оқушы» орталығы
әдіскер
Саржанова. А.
«10
» қаңтар 2017ж.
Ашық
сабақ.
Пәні:
Домбыра.
Қатысатын
оқушылар саны: 12
Күні:
10.01.2017ж.
Тақырыбы:
Дәулеткерейдің
күйі: «Жеңгем сүйер»
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділік: Өзіндік жұмыстармен айналысу.
б) тәрбиелік: Ұлтының күй дәстүрлерін бойына сіңіру.
в) дамытушылық: Аспапта дайындалғанда бір мақсатты көздеп
ойнау.
Сабақтың
түрі: Аралас.
Сабақта
қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, күй
тыңдау, сұрақ – жауап.
Сабақтың
материалды – техникалық жабдықтары: домбыра, нота жазуы, буклеттер, интер.
тақтасы.
Сабақтың
дәйек сөзі
Болашақ
домбырашыларға күйдің тақырыбын, мазмұнын, мағынасын, қағыстарын және
ырғағын түсіндіре отырып, мән беріп ойнауға үйрету.
Құйма
құлақ әдісімен ( слух) оқушының орындаушылық шеберлігін арттыруда
жаттығулар, шағын әндер, күйлер ойната отырып , есте сақтау қабілетін
арттыру.
Сабақтың
жоспары:
1.Ұйымдастыру
– 2 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 13 мин.
3.Жаңа тақырып - 20 мин.
4.Өз бетімен жұмыс - 5 мин.
5.Қорытындылау – 5 мин.
Үйге тапсырма
беру.
Бағалау.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі:
a ) Сабаққа керек жабдықтарды дайындау.
ә ) Сыныптағы оқушыларды тексеру.
б) Домбыраның құлақ бұрауын келтіру, құжаттарды
дайындау.
Үй
жұмысын тексеру:
Дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған және
аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы – домбыра күйлері.
Көпке белгілі, қазақтың
халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра.
Үйге берілген
шағын әндерді, күйлерді жатқа орындау. Орындап бергеннен кейін қателері болса
түзеп, тағы бір тыңдап, үйге толығымен жаттап келу тапсырылады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Бүгінгі сабақта талдап
қарайтынымыз Дәулеткерейдің күйі: «Жеңгем сүйер»
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар
шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге
келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел
билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген.
Дәулеткерей
Шығайұлы –
қазақтың күйшілік өнерінде өзіндік үнімен, ерекше музыкалық тілімен танылған
үлкен өнер иелерінің бірі. Дәулеткерей – қазақтың хандық дәуірінде билік еткен
төре тұқымы. Алайда Дәулеткерей төрелік билікті емес, күйшілік өнерді өзіне
мұрат тұтты. Ол өзі бұрынғы Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі тәрізді күйші –
домбырашылар өнерін өнеге тұта отырып, күйшіліктің өзіндік жеке мектебін
қалыптастырды. Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп
тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен.
"Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі
басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер
етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов.
Ұлы
күйші домбыраның үнімен, күй өнерінің құдірет – күшімен халық басындағы
қайғы – қасірет бұлтын сейілтуді мақсат еткендей. Оның күйлерінің дені адмның
жабырқаған көңілін жұбатып, жан дүниесін жадыратып, сезімін сергілтетіндей сәулелі
де, шуақты болып келеді. Айшықты әуендермен ұлттық сипатта кестеленген Дәулеткерейдің:
«Байжұма», «Тартыс», «Бұлбұл», «Желдірме», «Жігер», «Көрұғлы», «Құдаша»,
«Қосалқа», «Қыз Ақжелең» т.б. көптеген күйлері табиғаттың өзіндей сұлу да
сыршыл, сезімтал да сергек.
Оның шығармаларының бірі "Жеңгем сүйер". Бұл күй
өзінің жеңгесіне арналған. Дәулеткерейдің бұл күйінде жеңгелердің жүріс –
тұрысын, биязылығын, әдемілігін, сыпайылығын суреттейді.
Дәулеткерейдің
күйі: «Жеңгем сүйер»
– кербез,
орташа екпінде ойнау түрінде, 4/4, 2/4 өлшемдерінде
жазылған.
Шартты белгілері және оның түсіндірулері:
О
– ашық ойналады.
Б
- бас бармақ.
П
- төмен қағыс.
\/
- жоғары қағыс.
I
– ұзын қағыс.
♫ - қысқа қағыс.
Ь - бемоль
– ол дыбысты жарты тон төмендетеді.
бекар - ол диез бен бемоль белгілерінің күшін жояды.
Лига
( ) -
║: :║- реприза / французша reprize - қайталау / - шығарманың
қайталау
белгісі болып екі рет орындалады.
(1)
...
... (2)... күйді бірнеше бөлікке бөлу.
Дәулеткерейдің күйлерін үн таспада тыңдап алу.
Күйді балаға құйма құлақ және
сандық жүйе арқылы жаттату үшін әуелі күйді өзім ойнап көрсетемін.(мұғалім)
Күйді бастар алдында балаларға
түсінікті болу үшін домбыраның мойын бөлігін: бас буын ( 1 – 5 перне),
ортаңғы буын (5 – 10перне), кіші саға (10 –14перне), үлкен саға (14 –19
перне) аралықтарын айтып өтемін. Өзім ойнап көрсете отырып, қағысты
түсіндіремін және тақтаға жазып көрсетіп, (санату.)
Күйдің бас буынын балалармен
бірге санап, қағысты ажырата лига дыбысын көрсетіп отырып, ойнаймыз.(
бірнеше рет – қайталап.)
Осы әдіспен күйдің орындалуы әрі
қарай ортаңғы буында да жалғасады. Ортаңғы буында өзіндік ерекшеліктер
кездеседі, қағыспен бірге лига ойнаймыз.Осы ерекшеліктерді жіктеп айта
отырып, бас буынға қайта ораламыз. Осылайша есту, көру арқылы күй өз
жалғасын таба береді.
Өз бетімен жұмыс:
Өтілген күйді ұмытпау үшін бірнеше рет қайталап
ойнау.
Үйге тапсырма :
«Жеңгем сүйер» күйіндегі бас және ортаңғы
буындардағы кездесетін ерекшеліктерді үйде жатқа ойнап келу тапсырылады (дәптерге
жазып алу).
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Домбыра ойнау оңай ма»
Ж.Нәжімеденов. Алматы «Өнер»
- 2011ж
2. «Домбыра үйрену мектебі»
Айтқали Жайымов. Сәрсенғали
Бүркітов.
3. «Табыну»
Қ.Ахмедияров. Алматы 2000
4 «Домбыра дастан»
Карима Сахарбайқызы.
Алматы «Мектеп» 2002ж
5 «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар»
Қ. Мерембаев.
6. Ғаламтор.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.