Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок "М. Макатаев" 11 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок "М. Макатаев" 11 класс

библиотека
материалов

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзиядағы орны


Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэзиядағы орны


Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылық еңбегімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:


  1. Білімдік: Ақынның өміріне шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, мәнерлеп оқуға үйрету.

  2. Дамытушылық: Ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға,адамгершілік мен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, әндету.

Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті,газет,кітаптар.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ-жауап

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы сюжеті қандай?

Трилогияда қазақ тарихындағы қандай оқиға суреттелген?

Басты кейіпкер Еламанға мінездеме бер.

Трилогиядағы оқиға қай өңірде болған?

Трилогияда қазақ халқының көксеген арман-мұраты не?

3. Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы:

Таудай едің, таудың алып тумасын

Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

Жәркен Бөдешұлы



Өзінің « Менің анкетам» деген өленіңде жазылғандай,Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы,Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының аты - Нағиман.Әже баласы болған соң, анасын Нақа деп атаған. Туған апасы: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен әжем» ,- дейді. Енді, балалар Мұқағали Мақатаев жазған «Менің анкетам» өленің тыңдайық.


Презентация «Әлі талай жыр болып жазыларсың»

Мұқағалидың жас кезі


- Мен ұлымның ақындығы сағыныш атты сезімнен бастау алған деп ойлаймын. Әкесі Сүлейменді достарыммен бірге 1941 жылдың желтоқсанында Өртең сайынның аузына дейін тайлы таяғымыз қалмастан ұмтылмас қимастықпен шығарып салғанымыз есінде қалса керек. Әйтеуір әкесін ойлап,сағынып,көзіне жиі-жиі жас алып жүретін.

1941 жылы күзде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады.Ел жиналып әскерге шақырылған жігіттерді шығарып салуға бара жатты.Топ ішінде әкесімен қоштасушы Мұқағали да бар.Топ бір жерге жиналып,соңғы рет бақұлдасуға айналғанда , Сүлеймен әкеміз тұрып:

-Уа, ел-жұртым, сендерге өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да өзіме тартпай, әжесінің баласы болып өсіп еді,осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер, - деп сұрайды.

Халық риза болып: «Рұқсат, рұқсат» - деп шуласады.

Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып,құшақтап, бетінен сүйеді.


Ақындық жолы

Балаларға да арнап көптеген өлендер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981 жылы жарық көрді.Ол қазақ радиосында диктор болған. Газет-журналдарда жұмыс істеген. Көп керемет өлеңдер жазған. Оның өлеңдері туған жер,табиғат туралы. Жастарды елді,табиғатты сүюге,оны аялай білуге үйретеді. Алып ақын туған даласы мен тауларына,ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын. Оның өлеңдері: «Туған жерде», «Отан».


Оның балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде өтті. Ол өз өмірінде ауылдық кеңестің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, Жазушылар Одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарды. Оның алғашқы туындылары 1948 жылдары жариялана бастады. 1954 жылы бір топ өлеңдері жарық көрді.



hello_html_m16c4730d.gif


hello_html_3bef6c99.gif


Видеоролик «Мұқағалидың өз дауысы»

Мұқағали өлген жоқ.Мұқағалидың жырлары барда, ол мәңгі жасайды.

Енді оқушылардың дауысымен Мұқағалидың өлеңдерін тыңдайық.

Мұқағали өлеңдерін айта берсем бір күнде тауысу мүмкін емес. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем.Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып,биіктеп бара жатқаны көрінеді...

Оның поэзиясы - ұлттық байлық,қазақ халқының рухани сауаты.

Видеоролик «Мұқағали жайлы бір ауыз сөз»

Абай сияқты Мұқағали да өзінің шәкірттерін,ізбасарларын қалдырды. Оның шәкірттері Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов,Т.Айбергенов өлеңдерінің поэзия асқақтығын, сұлулығын,лирикаларының сонша нәзіктігін сезу үшін мынадай поэзия әлемінен тыңдап көрейік.


«Фаризаға» өлеңінен тыңдау.

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Ә.Тінәлиев


М.Мақатаев көзі тірісінде көз майын тауысып, өмірінің ақырғы күндеріне дейін қадалып отырып жазған мейірімді жылуларын көре алмай кетті. Тағдырының тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын.


Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

Ер ақын,ерен ақын,ерекше ақын

Айтып өткен ақында арман бар ма?


Үйге тапсырма: Мұқағали шығармаларын оқу




























45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы





Ашық сабақ





Тақырыбы: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы,поэзиядағы орны

Сыныбы: 11 «А»


















2013-2014 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров218
Номер материала ДВ-160278
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх