Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Открытый Урок "Менің Отаным Қазақстан "

Открытый Урок "Менің Отаным Қазақстан "

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Макинск қаласының №2 мектеп гимназиясы

АШЫҚ САБАҚ

тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Бастауыш сыныптардың мұғалімі

Азнабаева Асель Тургуновна












2014 ж.

Сабақ тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Білімділік: Қазақстан туралы түсінік беру. Президент, рәміздер туралы мағлұматпен таныстыру. Астана құрылуы тарихынан қысқаша ақпарат алу;

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, презентация, әнұран үнтаспасы.

Әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік қолдану, интегралды әдіс - ән, сурет, би, ойын түрі.



Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа тақырып түсіндіру

а) Слайд шоу арқылы Отан туралы түсінік беру

ә) Президент туралы мағлұмат, Рәміздер, және оның авторларымен таныстыру

б) Қазақстан табиғатын көрсету

в) Астана туралы қысқаша ақпарат

ІІІ Сергіту сәті

а) Оюлар биі

ІV Сабақты қорытындылау

а) сұрақ-жауап, Қазақстан туралы өлеңдер оқу

ә) мақал-мәтелдерді жалғастыру

V Қазақ ертегісі кейіпкерімен бірге бой сергіту

VІ Бағалау, үй тапсырмасын беру

а) Мәтінді оқып мазмұндап келу

ә) "Қазақстан табиғаты" тақырыбына байланысты сурет салу.


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, жаңа тақырыппен таныстыру. Амандасқан кезде оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

ІІ Жаңа тақырып түсіндіру

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан.

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті.







- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Толқын:

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Жансая:

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

Ержан:

Отан деген - Атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Замира:

Отанды біз Атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Нұрсұлу:

Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.


Мөлдір:

Отан - менің өзегім,

Қиының болса төземін.

Алдағы бақыт шақтарды,

Жүрегіммен сеземін.

Мирас:

Отаным - менің өзегім,

Қырыңды шарлап, кеземін.

Білу керек әр ұрпақ,

Бес саусақтай өз елін.

Даниял:

Отаным - мәңгі қорғаным,

Қалаймын бақыт қонғанын.

Сүйемін және сондықтан,

Өзенін, көлін, орманын.

Үміт:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Алишер:

Отан дейміз кең - байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Камила:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан!

Гауһар:

Біз жас ұлан - Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Ольжабаев Мирас:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді


Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

1. Айгүл:

Туған жер - тұғырың

Туған ел - қыдырың.

2. Әліби:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3. Бекнұр:

Туған жер – алтын бесік.

4. Динара:

Туған жердің топырағы да ыстық.

Асылай:

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!

Мәдина:

Отан – оттан да ыстық.

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Қорытынды:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!




дана ольжабаев мирас такпак аитып болгасын осындаи тапсырма кою керек. дополнительное задание кароче. называеться этнографиялык

называеться этнографиялык жумбактар. Бәрі де киіз үй ішінде;   Балшықтан істеген ыдысым не ? (Құм_______). Күбіге құйып піскенім не ? (Қы_____). Ұйытып қоиып ішкенім не? (Ай______).Табаға салып жапқаным не ?( н_____). Тұзын коріп татқаным не? (Сор___). Тұздап илеп жатқаным не ? (Те_____). Текшелеп төрге жинағаным не ? ( Кор____ жас ___).Жусаннан жасап буғаным не? (сы____).Тепкілеп жүннен басқаным не ?( Теке____). Құлағын бұрап тартқаным не ? ( Дом_____).Сәукелеге таққаным не ? ( Ү____). вот такие жумбактар. один жумбак на один лист . а по краям с боку в низу типа оиланым турган какои нибудь че нибудь. чтоб интересно было.    

мен балаларды еки топка болип осы жумбактарды жасырам каи топ тез аитып беред. каи топ коп макал аитад. каи топ коп такпак аитад. каи топ сурактарга коп жауап беред. солаи сабак откизу керек.

Бұл Құралдармен не Істейді ? Балтамен _____. Балғамен ____. Егеумен____. Қашаумен___. Қайрақпен ____ . Қайшымен ____ . Күрекпен ____ . Пышақпен ____ . Сүргімен____ . Арамен ____ . Бұрғымен _____ .Айырмен _____ . это называеться кызыкты тапсырмалар. бои сергиту ушин.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-467003
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>