Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Открытый урок "Металлы и Бейметаллы"

Открытый урок "Металлы и Бейметаллы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Бейметалдар,металдар тарауын қайталау.

Мақсаты:Оқушыларды осы пәнге қызықтыру,білімдерін көтеру;

Табиғатты сүюге баулу,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Меңгерген білімдерін әрі қарай дамыту;

Жоспары:

1.«Кім жылдам»(сұрақ-жауап)

2.Басқатырғы ойыны

3.«Ойлан,тап»(өз есімінен химиялық элемент құру)

4.«Химиялық жұмбақ»

5.Кім алғыр

6.Қызықты тәжірибе

1.Кім жылдам

1.Тайқазан 7 металдан құйылған,ол қандай металдар?

2.Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар

3.Табиғатта таралуы бойынша ьірінші орында тұрған металл.

4.Неліктен темір аспан тасы деп аталады?

5.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.

6.Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?

7.Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?

8.Ең қатты металл.

9.Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері.

10.Айналадағы орта әрекетінен металдар мен олардың құймаларының химиялық және электрохимиялық бүлінуі.

11.Қанның құрамына кіретін металл.

12.Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл?

13.Жазылуы бойынша оқығанда химиялық элемент,ал керісінше оқығанда физикалық дене-өткізгіш.Ол не?

14.Айраннан құрт алу үшін әжең қандай әдісті қолданады?

2.Басқатырғы ойыны

Са тобына

Қоспа мен затты ажырат.

а) Дистелденген су-

ә) Мыс-

б) Топырақ-

в) Қант-

г) Ауа-

ғ) Фосфор-

д) Ағаш пен құм-

Na тобына

Физикалық және химиялық құбылысты ажырат.

а) Судың булануы-

ә) Әк суының лайлануы-

б) Май шамның жануы-

в) Металдың таттануы-

г) Ағаштың жануы-

ғ) Шегенің тат басуы-

д) Металдың иілуі-

3.«Ойлан,тап»(өз есімінен химиялық элемент құру)

Өз атыңды жазып әр әріпінен химиялық элемент атын жаз.

Мысалы:

Б О Т А

Бор оттек темір алтын

4.«Химиялық жұмбақ»

Натрий тобына:

1.Табылса бар там-тұмнан,

Қазір көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде.

2.Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық,

Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты,жылуды анық,

Қандай зат:құрал жасар соны құйып?

3.Өзім темір,өзім шалбар,

Егер теріс оқысаң.

Болармын бірі қазба байлықтың,

Айтшы,мен сонда кіммін?

4.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар ортада оны білмес.

5.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

Калций тобына:

1.Адаммен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді.

2.Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады.

3.Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

4.Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

5.Сыныптан бір шықпайды,

Тимесең жұқпайды,

Жәрдемінсіз бұл заттың.

Оқушы сабақ ұқпайды.

5.Кім алғыр

Натрий тобына:

Бейметалмен металды ажыратып жазыңдар.

S, Na, K, Zn, Mg, C, N, Ca ,Fe, Cl, O, Ag, Au.




Калций тобына:

Металдық оксидтерді теріп жаз.

Na2O, MgO, SO2, K2O, CO2, CaO, Cl2O, N2O5, ZnO.

6.Қызықты тәжірибе

Екі топ тәжірибе жұмыстарымен айналысады

Қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:Кесте толтыру,формула құрастыру.







































«Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл орта мектебі»КММ






А Ш Ы Қ С А Б А Қ


ТАҚЫРЫБЫ:БЕЙМЕТАЛДАР,МЕТАЛДАР ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ.







Орындаған:Бахадырова Мадина

























2014-2015 оқу жылы







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров61
Номер материала ДВ-556368
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх