Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему "Алтын адам-ұлы жәдігер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Открытый урок на тему "Алтын адам-ұлы жәдігер"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Алтын адам-ұлы жәдігер

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанының тарихын , мәдениетін білуге үйрету.

Алтын адам туралы алғашқы түсінік беру.

Әлемге әйгілі қазақ археологтарынан хабардар ету.

Тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру.

Отансүйгіштік , елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Алтын адам туралы бейне таспа,суреттер

мультимедиялық слайдтар.

Өтілу түрі: Ақпаратты – танымдық , зерттеу

Сабақтың жүру барысы.

1.Кіріспе. Тарихи шолу

2. Алтын адамға сипаттама

3. Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайына барған кезден үзінді көрсету

4.Зерттеу жұмыстары

5.Тұлғаны тану .Алтын адамдарды зерттеген архиологтарды анықтау. 6.Сырсандық құпиясы арқылы басқада табылған алтын адамдар туралы мағлұматтар беру

7.Қорытынды .

8.Рефлексия.

1.Сабақ кіріспе сөзден басталады

Қазақ археологтарының ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңалықтарының арқасында бүкіл әлем 1-ші мыңжылдықта Орталық Азияда ғаламат өзгерістер жүргеніне көз жеткізді. Соның арқасында Еуразиялық ерекше өркениет пен мәдениеттердің негізі салынды.

2.Тарихи шолу.Слайд№4-5-6

1.Алғашқы алтын адам қайдан табылды? Есік қорғаны

2.Жерленген адамның басынан бастап аяғының ұшына дейін қанша см ?165 см

3.Бас ккиімі қаншаға жуық әшекей заттармен безендірілген? 150-ге жуық

4.Үшінші алтын адам қай жерден табылды?Шілікті қорғаны

5.Есік обасы біздің заманымыздың нешінші ғасырың қамтиды?б.з.V-Ivғ.ғ.

6.Есік қорғанының биіктігі қанша метр ? 6 метр

7.Екінші алтын адам қай жылы,қай жерден табылды? 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғаны.

8.Үшінші алтын адамды тапқан археологтар қауымы? Әбдеш Төлебаев бастаған археологтар қауымы

3.Алтын адамға сипаттама.слайд№7

Ежелгі халықтардың ұғымы бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік өмірге жетеледі.

Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның "Алтын адам" аталуы да сондықтан.

4.Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайына барған кезден үзінді көрсету


5.Зерттеу жұмысы.Оқушылар постерде алтын адамның бөлшектерін құрастырады,дәлелдейді.Слайд№8-12

hello_html_m72055e95.jpg


hello_html_130881a2.jpghello_html_6360cf16.jpghello_html_m340d1582.jpg

Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.

Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.

Бейне таспадан үзінді көру

Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы. Пластиналардың киімге тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге арналмаған. Мұндай ұсақ бұйымдар жерлеу ғұрпына арнайы дайындалған.

Қысқа қамзол — құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп жатқан қасқырды бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді бейнелейтін және жендеттік жасайтын жыртқыш болып есептеледі. Сондықтан да жауынгер идеалын кейіптейтін қасқыр образы ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патша тұқымының нышаны ретінде саналған. Шексіз даланың жауынгерлері өздері қасқырға «еліктей» отырып, олардың сарбазға қажетті қасиеттерін «бойына жұқтырып», өздерін «қасқыр», «барыс» түрінде сезінетін болған.

Бұғы мүйізінің үлкендігі сонша, тұтасымен арқасын жауып тұр және аяқтарын бүгіп жатыр. Бұғы ертеде тотемдік аң болып есептелді, яғни оған табынған. Ол мифологиялық, дүниетанымдық, діни және сақ тарихымен тығыз байланысты. Бұғының мүйіздері тым ұзын әрі салалы, арқасына қарай жайылған, сирақтары бауырына бүгілген. Ширыққан серпінді қалпы дәл берілген. Бұлшық еттері жиырылып тұрғандай әсер қалдырады.(Үзінді көру)

Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластинкалар бұғы және жылқы бейнесінде жапсырылған қынға салынған темір ақинақ.

Оң жақ қолында екі алтын жүзігі бар. Оның бірінің бетінде тәж киіп қырынан қараған адам бейнесі, ал екіншісінде айналы қалқаншасы бар. Айналы қалқанша биліктің белгісін білдіреді. Жүзік адам жанымен жалғасып және жер әлеміндегі болып жатқанның бәрін ғарышқа жеткізіп тұрады деген ұғым болған, сондай-ақ жерге бағыт бағдар беруші болып есептелген. Саф алтыннан тұратын бұл жүзік асқан шеберлікпен, үлкен талғампаздықпен жасалған.

Мөр жүзікте мамандардың айтуынша, ежелгі көшпенді тайпалар мен кейбір жергілікті халықтардың құдайларының бірі — Митра бейнеленген. Бұл «мөр» рөлін атқарған деген жорамал да бар.

Аяғында өкшесі жоқ ұзын қонышты етік. Сақтардың мифологиясы, олардың қоғамдағы дәрежесі, көшпенділердің идеологиясы олардың киген киімдерінен айқын көрінген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Бұл олжа сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін, жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. Сақ жауынгерінің киімі өте күрделі де үйлесімді композиция.(үзінді көру)

6.Осы құрастырған алтын адамды мұражайға тапсыру.Слайд№13


7. Тұлғаны тану .Алтын адамдарды зерттеген археологтарды анықтау Слайд№15-16



8. Сырсандық құпиясы арқылы басқада табылған алтын адамдар туралы мағлұматтар беру



7.Қорытынды.Рефлексия

Алтын адамның қазіргі таңдағы орны қандай?

Алтын адам 1.Алтын киімді адам өз заманына

сай өркениеттің болғанын дәлелдейді

Алтын және бағалы металдар

мемлекеттік мұражайдың

бірегей құнды жәдігері

Қазақстанның азаттық символына айналды

Төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар

бейнесі елтаңбамызға енді

Түйін: - Жоғарыда аталған жәдігерлер қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпалардың тек озық өркениет иесі болғанын айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге мәңгі мұздықтардың арқасында мыңдаған жылдықтардан асып, бүгінгі күнге дейін бұзылмай жеткен алтын бұйымдарға, былғары, киіз, ағаш, сүйектен жасалған заттарға қарап олардың төлтума мәдениеттерімен де жіті танысуға мүмкіндік туғызды. Алтын киімді адам сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Қазақ археологиясы ғылымының дүниежүзілік мәні бар үлкен жетістігі –«Алтын адам» б.д.д ІҮ ғ. жәдігеріне жатады.Жаны таза,пиғылы пәк, жұлдызы жанған өршіл халықтың ешкімге ұқсамайтын дара болмысы сіңірген бедер – елтаңбамыздағы қанатты қос пырақ осы алғаш алтын адамның алтын тәжінен алынған.

Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді. Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты - алтынды "аң тәсілді" өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Қазіргі таңда осы алтын киімді адам бейнесі Қазақстан егемендігінің рәмізіне айналып,республика алаңында ұлтымызды асқақтатып тұр. Біздің кең байтақ елімізде әлі қанша «Алтын адамның» қазылмай жатқанын кім білсін?

Ол болашақ еншісінде…


«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты облыстық семинарда берген сабақ


hello_html_m367e8931.png


Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров349
Номер материала ДБ-031280
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх