Инфоурок Информатика Рабочие программыОткрытый урок на тему "Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау" (5 класс)

Открытый урок на тему "Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау" (5 класс)

Скачать материал

Күні: 20.12.2018ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

 Дамытушылық: оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде   жұмыс  істеу шеберлігін  одан әрі шыңдау және оқушылард  өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелілік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс   нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты  болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік.

Көрнекіліктер:  ДК, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    «Кім жылдам» әдісі арқылы.

1). Құрылған құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай бұйрықты орындау керек?

   (Файл→Қалай сақтау бұйрығын орындау керек)

2) Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі қандай?

    (Бит)

3) Бір байт – неше битке тең?

    (8 бит- ке тең)

4) Ақпаратты тасымалдаушыларды атаңдар?

     (Диск, флэш тасығышы т.б)

5) Қай пернелер арқылы сақтау бұйрығын орындауға болады

    (Ctrl+S пернелері арқалы)

6) Ақпаратты тасымалдаушылар жадының қай түріне жатады?

    (Сыртқы)

7) Егер файлға ат беріп сақталған болса, оған өзгерістер енгізіп қайта сақтаудың қандай жолдарын білесіңдер?

     (Сақтау бұйрығы, сақтау батырмасы, Ctrl+S пернелері)

ІII. Жаңа тақырып.

Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

 Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint программасын іске қосу

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

1.     Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.

2.     Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.

3.     Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.

4.     Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.

Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық

редакторының терезесі шығады.

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері мыналар:

-          Сурет салу;

-          Суретті түрлендіру;

-          Суретке мәтін енгізу;

-          Суретті көшіріп қою.

Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.

Политраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.

 

Сурет салу кезеңі

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1.     Құралды таңдап алу керек.

         Paint графикалық редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

 Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

 

     1.Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні  

        таңдау қызметін атқарады.

     2.Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін   таңдау

         қызметін атқарады.

     3.Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

         бөліктерін өшіруге арналған құрал.

     4.Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

        немесе фон түсін бояйды.

     5.Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

         кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

      6.Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

         кішірейтуге мүмкіндік береді.

      7.Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

         сызуға арналған.

      8.Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

         түрін таңдап алуға болады.

      9.Бүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

         береді.

      10.Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

      11.Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

      12Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

      13.Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

      14.Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық  көпбұрыштар салады.

      15.Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

      16.Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға  мүмкіндік береді.

                    

 2.Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

3.Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.

4.Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).

     5.Ал, енді сурет саламыз.

         Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

1.     Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

2.     Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

3.     Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.

4.     Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.

5.     Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.

      

        Салынған суретті сақтау үшін:

Paint программасы құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файыл- сохранить как» командасын орындау керек. Экранға « Сохранить – как» диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп «Сохранить» батырмасын басу керек. Осымен суретіміз сақталады.

 

       Сақталған суретті ашу үшін:

Файл «Открыть» командасын орындаймыз

 

IV. Практикалық жұмыс.

Оқушыларға сурет салынған карточкалар таратылады және сол суретті paint графикалық редакторында салады. 

V. Сабақты қорытындылау:

Сабақты «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы қорытындылаймыз.

VI. Үй тапсырмасы.

 §14. Қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу және сақтау.  10 сурақтан тұратын тест құрап келу.

                    

VІІ. Бағалау.      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау" (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 880 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2018 637
    • DOCX 163.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Эркимбекова Салтанат Халыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7195
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции