Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Открытый урок на тему "Арифметикалықт орта"

Открытый урок на тему "Арифметикалықт орта"


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

26 мектеп-гимназиясы

















Математика пәнінен 5 сыныпқа арналған ашық сабақ әзірлемесі


Тақырыбы: Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана












Орындаған: математика пәнінің мұғалімі

Курмангалиева Эльмира Оматаевна

Сынып: 5 «в»
















Екібастұз, 2015ж

5-сынып Математика

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Негізгі мақсаттар

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, медиана туралы білімдерін тереңдету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу.

Оқыту нәтижелері

Сандардың арифметикалық ортысын, өзгеріс ауқымын, модасын есептей алады, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе біледі.

Ресурстар

5 сынып математика оқулығы, Т. Алдамұратова. «Атамұра», 2010ж; үлестірме қағаздар, бағалау парағы, постер, түрлі-түсті фломастерлер.

Түйінді идеялар

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәнннің айырмасы.

Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

Оқыту әдістері

Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Кезеңдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдас-

тыру кезеңі

Сәлемдеседі, сынып оқушыларының көңіл-күйін, дайындығын сұрайды, жақсы тілек тілейді, түгендейді

Мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді


Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақтың мақсат-міндеттерін толықтырады.

Сабақтың мақсатын қояды

Білу

1.Үй жұмысына тоқталады, нөмірлерін атап өтеді: №1215, №1217


Жалпы білімін тексереді:

2.Жіңішке және жалпақ сұрақтар қояды.

1. Оқушылардан жеке сұралады.




2. Сұрақтарға жауап береді.


Қолдану

Тапсырмалар ұсынады.


«Кім жылдам?» ойынын ойнауды ұсынады. №1220

1224 топтық жұмыс.

Топ басшысы фигуралар таңдайды.

1220 жеке жұмыс.


1224 топтық жұмыс.

Талдау

Білікті бір есеп шығарар, білімді мың есеп шығарар

Алған білімдерін саралай отырып, деңгейлік есептерді талдау жасауға үйрету

Әр топ өзіне тиісті есептерді талдайды шығарады.


Жинақтау

Қорытындылау сұрақтарын қояды

Түсінгенін постер арқылы қорғайды. Мысалдар келтіреді, әр топтан бір оқушы оқиды.

Үйге тапсырма

Интернет желісінен осы тақырыпқа байланысты ақпараттар жинау, жұмбақ құрастыру, №1225

Күнделектеріне белгілеп алады

Сабақты бағалау

Бағалау

Сабақтың маңыздылығына тоқталады, оқушылардың жауаптарын толықтырады.

Оқуды бағалайды.

Мысалдар келтіруге тырысады.

Өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін сұрайды

Сабақтан алған әсерін бағалау парағының келесі бетіне жазады.





















Барысы

Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, сабаққа дайындығын тексеру, тілек айту.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Кітап, қалам, дәптерлеріміз орнында ма? Онда сабақты бастамас бұрын, бір-бірімізге жақсы тілек айтып жіберейік. Мен бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілек білдіремін. Ал сендерден кім сыныптастарына тілек айтқысы келеді?


2.Түгендеу: Кезекші, сабаққа келмей қалған оқушыларды айта ғой.


Мақсат қойдыру

-Жарайды, олай болса, бүгінгі сабағымызға мақсат қояйық. Қандай тақырып үйреніп жатырмыз?( Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана). Бүгін осы тақырып бойынша білімдерімізді тереңдете түсеміз, яғни, осы тақырыпты бекітеміз, есеп шығарамыз, ойымызды дамытамыз. Тағы да қандай мақсат қоя аламыз?(оқушылар да мақсат қояды).


Білу

1.Үй жұмысына тоқталу.

-Үйге қандай тапсырма беріліп еді? (№1215, 1217) Орындай алдыңдар ма?

Дәптерлерін ауыстыру(екінші дәптердің ішінде өзін-өзі бағалау парағы болады).

2. Жалпы білімін тексеру

Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:

Оқушылардың аттары

Жүгірген уақыты (секунд есебімен)

Серик

14

Рустем

18

Аңсар

16

Ербол

17

Нұрбол

23

Дәурен

16

Бекжан

22


Кесте бойынша:
1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;
2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;

-Дәптерімізге бүгінгі күн мен осы мысалды жазып аламыз.


Қолдану

Топ басшылары фигураларды таңдау арқылы шығаратын есептерді алады, топта бірігіп орындайды.
Шаршы:
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

Нұрлан, Марат, Серік үшеуі картоп жинауға барды. Біраз уақыттан кейін олар тамақтанды, сонда Нұрлан 4 тоқашты, Марат 2 тоқашты, Серік 6 тоқашты қосып тең бөлісіп жеді. Әр бала неше тоқаш жеді?

Шешуі: (4+2+6):3=4 т. Дұрыс Біз не істедік? Тоқаштарды қосып үш балаға тең бөлдік, сонда 12:3=4 т болады.

Цилиндр.
Мұрат балық аулауға барғанда 3 балық ұстады. Біріншісінің салмағы 0,125 кг, екіншісінікі - 0,205 кг, ал үшіншісінікі - 0,18 кг. Балықтардың орташа жылдамдығын анықтаңдар.
(0,125+0,205+0, 18)/3=0,51/3=0, 17

Жауабы: 0,17

Дұрыс. Бұл да арифметикалық ортаға байланысты есеп.

Конус.

Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5.
Оқушының осы алған бағаларының модасы қандай баға?
Шешуі. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған «5» – тік бағасының жиілігі – 6 –ға тең. «4» -тік бағасының жиілігі – 3 –ке тең. «3» – тік бағасының жиілігі – 1 –ге тең.
Онда жиілігі ең көп баға – «5»-тік баға. Демек, оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы «5» -тік баға.
Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5» – тік баға.

Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

Тіктөртбұрыш. Өзгеріс ауқымын табыңдар:
1) 12 тг; 148 тг; 326 тг; 700 тг;

2) 780кг; 326 кг; 760 кг;
3) 160 мин; 1 сағ 60 мин; 120 мин; 200 мин;
Шешуі: 1) 700 - 12=688
2) 780 - 326=454
3) 200 - 120=80

Сонымен өзгеріс ауқымын қалай табамыз:
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәнннің айырмасы.

Үшбұрыш. Сандадың модасын табыңдар:

  1. 2,5; 5,6; 2,2; 2,5; 4,3; 5,2

  2. 5, 7, 8, 10

Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.


Кім жылдам ойыны:

Топ басшысы өз тобынан бір оқушыны тақтаға шығарады, қалған оқушылар топта бірігіп орындайды. Тақтада жұмыс жасаған оқушы қателескен жағдайда, топ тарапынан көмектесуге, қатені дұрыстауға мүмкіндік беріледі.

Оқулықтан

1220. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

  1. 10,1; 9,4 және 9,9

  2. hello_html_74f011e6.gif және hello_html_321a5f6d.gif

  3. hello_html_75085a74.gif және hello_html_m2444681c.gif

  4. 5,9; 6,1; 6 және 4,8

  5. hello_html_m40446c6a.gifжәне 3,66

  6. 5,21; 4,98; 5,14 және 8,67


1224


Талдау

А

І топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863.

ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84.

ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.

В

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең.

Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең.

Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.

ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең

Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап.

Жинақтау

Әр топқа тапсырмалар беріледі, постерге салып қорғайды.


Үйге тапсырма: Интернет желісінен осы тақырыпқа байланысты ақпараттар жинау, жұмбақ құрастыру, №1225

Сабақты бағалау.

Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті не үйрендіңдер? Аралас сандарды азайтып үйренудің біз үшін маңызы бар ма?


Бағалау

Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау


Рефлексия (бағалау парағының келесі бетіне)

Сабақ қалай өтті?

Ұнады ма?

Түсінбеген сұрақтарың болды ма?


Краткое описание документа:

Барысы

Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, сабаққа дайындығын тексеру, тілек айту.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Кітап, қалам, дәптерлеріміз орнында ма? Онда сабақты бастамас бұрын, бір-бірімізге жақсы тілек айтып жіберейік. Мен бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп тілек білдіремін. Ал сендерден кім сыныптастарына тілек айтқысы келеді?

2.Түгендеу: Кезекші, сабаққа келмей қалған оқушыларды айта ғой.

Мақсат қойдыру

-Жарайды, олай болса, бүгінгі сабағымызға мақсат қояйық. Қандай тақырып үйреніп жатырмыз?( Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана). Бүгін осы тақырып бойынша білімдерімізді тереңдете түсеміз, яғни, осы тақырыпты бекітеміз, есеп шығарамыз, ойымызды дамытамыз. Тағы да қандай мақсат қоя аламыз?(оқушылар да мақсат қояды).

Білу

1.Үй жұмысына тоқталу.

-Үйге қандай тапсырма беріліп еді? (№1215, 1217) Орындай алдыңдар ма?

Дәптерлерін ауыстыру(екінші дәптердің ішінде өзін-өзі бағалау парағы болады).

2. Жалпы білімін тексеру

Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:

Оқушылардың аттары

Жүгірген уақыты (секунд есебімен)

Серик

14

Рустем

18

Аңсар

16

Ербол

17

Нұрбол

23

Дәурен

16

Бекжан

22

Кесте бойынша:
1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;
2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;

-Дәптерімізге бүгінгі күн мен осы мысалды жазып аламыз.

Қолдану

Топ басшылары фигураларды таңдау арқылы шығаратын есептерді алады, топта бірігіп орындайды.
Шаршы:
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

Нұрлан, Марат, Серік үшеуі картоп жинауға барды. Біраз уақыттан кейін олар тамақтанды, сонда Нұрлан 4 тоқашты, Марат 2 тоқашты, Серік 6 тоқашты қосып тең бөлісіп жеді. Әр бала неше тоқаш жеді?

Шешуі: (4+2+6):3=4 т. Дұрыс Біз не істедік? Тоқаштарды қосып үш балаға тең бөлдік, сонда 12:3=4 т болады.

Цилиндр.
Мұрат балық аулауға барғанда 3 балық ұстады. Біріншісінің салмағы 0,125 кг, екіншісінікі - 0,205 кг, ал үшіншісінікі - 0,18 кг. Балықтардың орташа жылдамдығын анықтаңдар.
(0,125+0,205+0, 18)/3=0,51/3=0, 17

Жауабы: 0,17

Дұрыс. Бұл да арифметикалық ортаға байланысты есеп.

Конус.

Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5.
Оқушының осы алған бағаларының модасы қандай баға?
Шешуі. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған «5» – тік бағасының жиілігі – 6 –ға тең. «4» -тік бағасының жиілігі – 3 –ке тең. «3» – тік бағасының жиілігі – 1 –ге тең.
Онда жиілігі ең көп баға – «5»-тік баға. Демек, оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы «5» -тік баға.
Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5» – тік баға.

Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

Тіктөртбұрыш. Өзгеріс ауқымын табыңдар:
1) 12 тг; 148 тг; 326 тг; 700 тг;

2) 780кг; 326 кг; 760 кг;
3) 160 мин; 1 сағ 60 мин; 120 мин; 200 мин;
Шешуі: 1) 700 - 12=688
2) 780 - 326=454
3) 200 - 120=80

Сонымен өзгеріс ауқымын қалай табамыз:
Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәнннің айырмасы.

Үшбұрыш. Сандадың модасын табыңдар:

1)2,5; 5,6; 2,2; 2,5; 4,3; 5,2

2)5, 7, 8, 10

Шаманың модасы – оның берілген мәдерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

Кім жылдам ойыны:

Топ басшысы өз тобынан бір оқушыны тақтаға шығарады, қалған оқушылар топта бірігіп орындайды. Тақтада жұмыс жасаған оқушы қателескен жағдайда, топ тарапынан көмектесуге, қатені дұрыстауға мүмкіндік беріледі.

Оқулықтан

№1220. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

1)10,1; 9,4 және 9,9

2) және

3) және

4)5,9; 6,1; 6 және 4,8

5) және 3,66

6)5,21; 4,98; 5,14 және 8,67

№1224

Талдау

А

І топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863.

ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84.

ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.

В

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең.

Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.

ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең.

Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.

ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең

Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап.

Жинақтау

Әр топқа тапсырмалар беріледі, постерге салып қорғайды.

Үйге тапсырма: Интернет желісінен осы тақырыпқа байланысты ақпараттар жинау, жұмбақ құрастыру, №1225

Сабақты бағалау.

Бүгінгі сабақтан өздеріңе қажетті не үйрендіңдер? Аралас сандарды азайтып үйренудің біз үшін маңызы бар ма?

Бағалау

Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау

Рефлексия (бағалау парағының келесі бетіне)

Сабақ қалай өтті?

Ұнады ма?

Түсінбеген сұрақтарың болды ма?

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров843
Номер материала 258164
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх