Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Открытий урок на тему: "Ауаның құрамы" (4-класс)

Открытий урок на тему: "Ауаның құрамы" (4-класс)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы. 
Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру;

Сабақтың міндеттері:
1. Білімділігі. Тақырып мазмұнын меңгерту. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу. 
2. Дамытушылығы. Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру.Қорытынды шығара білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту. 
3. Тәрбиелік. Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру, тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: стакан, банка, май шам, доп, слайд, оқулық 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Назарын аудару

  • Амандасу

II. Психологиялық дайындық

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық. 


998024101.gif


Сабақ оқушыларға әңгіме айтудан басталады. «Көрінбейтін сиқыршы».

  • Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайынды екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, ұша жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. 
    - Бұл не? 
    - Ауа. 
    - Ауа туралы не білеміз? Мұрнымызды қысып дем алайық (тұншығамыз). Яғни ауамен демаламыз. 
    1. Ауа неге қажет?
    2. Бізді қоршап тұрған не? 


IV. Инсерт жүйесі бойынша жұмыс. 

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Ауамен дем аламыз 

Ауаны көрмейміз . тб жазу


Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?




 Осы білгілерің келгендерді бүгінгі сабақта білуге тырысамыз. 
- Ендеше бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақ деп ойлайсыңдар? (Ауаның құрамы) 
- «Ауа» дегенде біздің әрқайсысымызға қандай ой келеді? Ойланамыз. 

V. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру 

-Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазу;

- Жаңа сабақтың тақырыбын жазу;

- Оқулықтан 64 бетті ашып, мәтінге назар аудару;

- Мәтіннің бірінші бөлігін бір оқушыға оқытып, мағынасын ашу;


О-роли-дыхания-300x290.jpg



hello_html_111b51a6.png


  • Қандай жағдайларда ауа ластанатынын көрдік, ендеше ауадағы оттегі неге таусылып қалмайды деп ойлайсыңдар?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

Инсерт жүйесіне жазу

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Ауамен дем аламыз 

Ауаны көрмейміз . тб.


Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?




  • Мәтіннің 2 ші бөлігін екінші оқушыға оқыту;

hello_html_661bca85.gif



-Балалар, өсімдіктер ауаны оттегіге байытатынын білдік.

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Ауамен дем аламыз 

Ауаны көрмейміз . тб.


Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Өсімдік көміркышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі.



І тәжірибе Доппен тәжірибе жасап көрсету

  • Ендеше, алғашқы зерттеуімізді бастайық, сендер мұқият бақылап отырыңдар. Мына доптың ішінде не бар? 
    - Ол қалай үрленіп тұр? (Ауа толтырылған.) 
    - Допты екі бүйірінен қысып едім не байқадыңдар? (Ішке қарай кірді.) 
    - Неліктен, ішіндегі ауаға не болды? (қысылды, сығылды.) 
    - Ал жіберіп қалып едім не болды ? (өз орнына келді.) 
    - Еденге ұрғанда не байқадыңдар? (Қайтадан жоғары көтерілді.) 
    - Яғни серпіледі екен. Бұл тәжірибеден не бақыладыңдар, ауаның қандай қасиеттерін білдіңдер? 

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Ауамен дем аламыз 

Ауаны көрмейміз . тб.


Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Өсімдік көміркышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі.Ауа

қысылды, сығылды.

серпілді


Мәтіннің 3-ші бөлігін үшінші оқушыға оқыту.

География пәнінің мұғалімі Дина Кадыровна мәлімет береді;
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 / - ы азот, 21 / - ы оттегінің үлесінде.

 hello_html_m2f80a71d.gif


VI. Дәптермен жұмыс. 

Ауа құрамында ең көп газ-

Aзот - 78 %

Оттегі-21 %

Көмірқышқыл газы-1%

VI. Сергіту сәті

Мұғалім: -Балалар, сендер оттегі беретін ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

-Олай болса, бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып, барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып, қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрды.Желдің арты жаңбырға ұласып, ағаштар алғашқы жаңбыр тамшыларын сезінді.

(алдыңғы қатарда тұрған оқушының арқасын,саусақтарыңмен жаңбыр жауып тұрғандай тарсылдат.) Жаңбыр одан әрі күшейіп, қатты жауа бастады. Сәлден уақыттан кейін, бұлыңғыр бұлттар арасынан күлімдеп күннің көзі көрінді. Ағаштар қуанып, өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп-сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезінді.


VII. Жаңа сабақты бекіту
2-тәжірибе

Енді мен мына тең бөліңген шырағданның біреуін ашық, біреуін үлкен банкімен, біреуін стақанмен жабамын. Сендер қайсысы бұрын сөнетінін байқандар. Қай шырағдан бірінші сөнді? Қалай ойлайсыңдар, неліктен? 
- Ашық шырағдан біткенше жанады, неліктен? Осы жерден қандай қорытынды жасауға болады? (Ауа оттың жануына керек.) Яғни жануды қолдайды. Қандай қорытынды шығаруға болады?


VIII. Қорытынды


Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Ауамен дем аламыз 

Ауаны көрмейміз . тб.


Ауаның құрамын, қасиетін, неден тұратынын?

Ауадағы оттегі неге таусылмайды?

Өсімдік көміркышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі.Ауа

қысылды, сығылды.

серпілді Ауа оттың жануына керек



ІХ.Үйге тапсырма : Мәтінді оқып, түсінігін айту. «Ауаны қорғау» шығарма жазу. 
Х. Бағалау.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров176
Номер материала ДВ-108730
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх