Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Открытый урок на тему "Аққулар ұйықтағанда"

Открытый урок на тему "Аққулар ұйықтағанда"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m5e8da7a0.gifhello_html_m7f49a355.gifhello_html_518abfdb.gifhello_html_81110f4.gifhello_html_7b3a8268.gifhello_html_m110ad4c5.gifhello_html_273048ef.gifhello_html_m6969468c.gifhello_html_m4f969de5.gifhello_html_m4a8eca63.gifhello_html_m1739efc2.gifhello_html_m6e67941c.gifhello_html_m6eb88835.gifhello_html_m5bdaf137.gifhello_html_m138fc14b.gifhello_html_4232d6bd.gifhello_html_m762f9f4b.gifhello_html_2ee17048.gifhello_html_69f2b725.gifhello_html_m19b4147f.gifhello_html_m42535b40.gifhello_html_m63349c02.gifhello_html_1c16d183.gifhello_html_m18c14985.gifhello_html_15960ae4.gifhello_html_m76f6c190.gifhello_html_m4bf0e7f4.gifhello_html_m15969219.gifhello_html_611d7ae8.gifСабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты:

а) Табиғаттың еркесі, сұлулықтың символы аққулардың бейнесінде адамгершілік қасиетті, сұлулық пен адал махаббатты мөлдір де пәк сезімді ұғындыру.

б) Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали туралы, табиғат суреті арқылы , эстетикалық тәрбие беру, жас өспірімдердің табиғатты аялай білуге, туған жерді сүюге баулу. Мөлдір де адал сезімді құрметтеуге, поэзияны түсінуге баулу.

в) Мәнерлеп оқу, рольге бөліп оқу, жатқа айту.

Сабақтың түрі:

Интеграцияланған сабақ

(Әдебиет сабағын музыка, театр, балет, көркемсурет өнерімен интеграциялау)

Сабақта пайдаланылатын көрнекті құралдар: техникалық құралдар, Мұқағалидың суреті, кітаптары, әндері күйтабақ, интерактивті тақта және «Жетім көлдің» суреті бейнеленген аққудың, шыршалы тоғайдың көрінісі.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: толғау, өлеңді (поэманы) келістіре оқу.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  2. Жаңа сабақ «Поэма осылай туған еді»

  3. Текспен жұмыс Поэманы мәнерлеп оқу.

  4. Сурет, бояу құдіреті

  5. Ой толғау. Поэма (Қасиет, қасірет) туралы

  6. Рөлдерге бөліп оқу. (әке, ана, жылқышы, ақын т.б.)

  7. Үйге тапсырма.

Жаңа сабағымды мына бір өлең шумағымен бастағалы отырмын

Тақтада цитата

«Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас, өлеңді бірақ ешкім!»


Аузын ашса жүрегі көрінетін

Көмейінен отты жыр төгілетін

Қайран Мұқа, аруақты ақынсыз ғой

Қас тұлпардай жер тарпып тебінетін

демекші - Мұқағали жалынды, дауылды, отты ақын, өзі өлсе де шығармалары мәңгілік. Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз болып қадалған Абай, Мағжан, Қасым... Мұқағали болар.

Ең кереметі жасандылығы жоқ жаны таза, ақ көңіл сезімі терең ақын. Табиғаттың өзіндегі табиғи қалпын сақтаған.

Ақын-табиғаттың шебер жыршысы. Оқиға. Бала ауырып жатыр. Ешқандай ем болмайды. Әке де ана да әбден қалжыраған. Сол кезде бір тәуір келіп: «Аққуменен баланы аластаңдар» - деп кетеді. Ана күйеуін оятып: «Барсаңшы, Жетімкөлге барып аққуды атып әкел, қайтеміз ол да адамға бола туған шығар» - деп күйеуін жұмсайды. Күйеуі аққу құсты ата алмайтынын айтады. Сонда ана ауырып жатқан баласына қарап: «Егер балам өлсе бақыттың керегі жоқ» - деп атты ерттеп, Жетімкөлге өзі кетеді.

Байланыс: Табиғаттың сұлулығына, кереметіне таңқалған ана. Баласын да бір сәтке ұмытып «Дүние – ау, сен осындай керемет пе ең?» - деп тамсанып ана отыр.

Дамуы: Ананың ойы баласының еске түсуі, келген мақсатын ойлауы;

Психологиялық шегініс: Ананың екі жақты көңіл күйі.

Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуды атуы

«Жарыс кестесі» «Бағыттар кестесі» бойынша жарыс сабағын әзірлеу.

Поэзия бағыты бойынша тапсырма. «Туған жер», «Махаббат», «Қасиет» тобы сұрақтар қойылады.

  • Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршіліктің анасы табиғат ана, екіншісі адамның анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

Ал, енді балалар, біздің бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз – поэзиялық шығарманы өз бетімізше қалай талдаймыз, ақынның айтпақ болған идеясын қалай ұғынамыз әрі ақын табиғатты жырлауда қандай көркемдегіш сөздер қолданған соны табу. Яғни өз білімімізді шығармашылық ізденісімізді ортаға саламыз.

Өткен сабақта дастанды оқып, мазмұнымен танысқаннан кейін, сынып оқушылары 4 топқа бөлінді. Не себепті 4 топқа бөлінгенін оқушылар сабақ барысында ұғындырады деп сенемін. Оқушылардың өз таңдаулары бойынша бөлінген 4 топқа өткен сабақта сұрақ – тапсырмалар берілген болатын. Сол сұрақтарға топтан кім қалай жауап береді. Оны топ мүшелері шешеді.

Кіріспе сұрақ. Жаңа дастан аққу құс жайында дедіңдер.

Аққу қандай құс?

Ой-толғаныс. Табиғаттың еркесі, сұлулықтың символы, адал сезімнің иесі. Ғажайып сөздердің сырына үңілеміз.

Мұғалім: Демек кез келген сөз өлең ішінде кездескенде мағынасын кеңейтіп, құлпыра түсетініне көзіміз жетті ғой.

2-сұрақ: Аққудың келісті мүсінін Мұқағали ақын қалай жырлаған?

Бағлан

Мұғалім: Күн – ненің белгісі?

Күн-ерекшелік, биіктік (символы) белгісі

3-сұрақ: Аққудың жарасымды, әдемі әрекеттерін бейнелеген сөздерді кім тауып береді?

Гүлнұр

Мұғалім: Демек, ақын жырлаған аққудың әсемдігін, мүсінінің келістілігін, қимыл-әрекетінің жарасымдылығын қызықтағаннан кейін бізде қандай сезім пайда болады?

Аққуды аяу, сақтау, қорғау сезімі

Мұғалім: Мұны әдебиетте не деп айтамыз?

Әсерлілік кілті.

4-сұрақ: Аққудың үнінің ерекше үн екенін білдіретін сөздерді тауып бер.

Әсел

5-сұрақ: Оқ тигеннен кейінгі жаралы аққудың мүшкіл халін өрнектеген сөздерді тап.

II. Оқиғадағы негізгі кейіпкер кім?

Оқиғадағы негізгі кейіпкер ана болғандықтан әрі ананы тіршіліктің тірегі деп түсінгендіктен оқиғадағы ана әрекетінің қалай бейнеленгенін «Ана» тобы түсіндіреді.

  1. Ана неге аққуды атпақ болды?

Әйгерім

  1. Бұл шешімге келу анаға оңай болды ма?

Динара

  1. Теріс ниетпен көлге барған анада қандай сезімдер қалай өрбіді?

Динара

  1. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға бер.

Нұрлан

Мұғалім: Аққуды атар алдындағы және атқаннан кейінгі ананың күйінішін әдебиетте не деп атаймыз?

Психологиялық параллелизм

  1. Аққуды атқаннан кейінгі ана өкініші қалай бейнеленген?

Ермек

Гүлнәр

Нұрхан

III. Кіріспе сұрақ:

Оқиға қайда болып жатыр?

Табиғат аясында

Табиғаттың әсем көрінісін ақынның қалай жеткізгенін «Табиғат» тобы түсіндіріп береді.

  1. «Жетімкөлді» қоршаған табиғаттың әсем көрінісін ақын қандай сөздер мен сөз тіркестері арқылы суреттейді?

а) Жүніс

ә) Гүлназ

2. Табиғаттың ерекшелік белгілерін және қандай көріністер арқылы көрсете алған?

Жазира

  1. Судың тазалығын білдіретін көріністер бар ма?

Азат

  1. Табиғаттағы тыныштықтың салтанат құрып тұрғанын қалай байқауға болады?

Жүніс

Мұғалім: Осы жерде шымылдық деген сөз естідік, ол не? (халықтық салт-дәстүр, халықтық педагогика)

  • Жарайды, сол тыныштықтың қаймаған кім бұзды? Не үшін?

  1. Ұлы көз жұмғаннан кейінгі ана қасіреті қалай көрінеді?

Салтанат

Мұғалім: - Егер осының бәрі қара сөзбен айтылса, дәл осындай әсерлі болар ма еді?

  • Жоқ.

Міне, балалар Мұқағали поэзиясының құдіреттілігі ырғақ, мақам, ұйқас арқылы әсерлі беріліп, шартты түрде әсерлі, сенімді.

Адамды оқиғаға еріксіз сендіреді.

IV. Әдебиеттегі көркемдегіш құралдар немесе шеберлік үлгілері дегеніміз қайсылар?

Эпитет, теңеу, метафора, гипербола, кейіптеу.

Ақынның сөз қолданудағы шеберлігін «Әдебиет» тобы сараптап береді.

  1. Поэмада бір көріністі жинақтап, даралап, көрсетіп немесе аз сөзге үлкен мағына сыйғызатын сөздер кездеседі. Соны кім тауып береді?

Әмина

Ермек

  1. Ақынның қолданған көркемдегіш сөздерін кім тауып береді?

Айгүл

  1. Ақын поэмада қандай балама сөздерді, яғни метафоралық тіркестерді пайдаланған?

Ұлжан

Бауыржан

Жұлдызай

Ой топтастыру



III. Әр топ өз идеяларын топтастырып жазады (5 мин)




Көркем шежіре Халықтың тарихы




ӘДЕБИЕТ

Тіл өнері Шеберліктің шыңы


Асыл сөз Өмір айнасы


Өнердің бастауы Эстетикалық сезімді оятушы


Танымдық қабілетті дамытушы








Әдемілік Жан дүниенің байлығы Әдемі сенім

Сұлулық


ЭСТЕТИКА



Адалдық

Имандылық

Ізгілік Мөлдір сезім

Өмірге құштарлық Сұқтану

Таңдану

Тәкаппарлық








Киелі құс Қасиетті құс Көлдің сәні


АҚҚУ

Пәк сезімнің иесі

Махаббат

символы


Табиғаттың періште құсы Сұлулық пен тазалық символы



Аққуды атуға болмайды

Ой қорыту кезеңі

IV. 1. Демек, балалар, дастанды талдау барысында неге

көзіміз жетті? Ақынның алған идеясы не?


Өзекті идея – әсемдікті түсіну, сақтай білу, сұлулықты, әдемілікті құрбандыққа шалып, бәрібір бақытты бола алмайсың.

Ұрпақтан – ұрпаққа ұлағат болып келе жатқан салт-дәстүрдің бірі-киелі аң-құсқа оқ атпау.

  1. Киелі, аң-құстарға тағы да нені жатқызуға болады?

V. Венн диаграммасы 3 мин

3. Осындай киелі, қасиетті аң, құс жайында тағы да кімдердің шығармаларын білесіңдер?

М.Әуезов «Бүркітші» С.Сейфуллин «Ақсақ киік», «Аққудың айырылуы»

VI. Шығармашылық ізденіс 5-7 мин. Әр оқушы өз қабілет, қарымына қарай өлең шығару, шығарма жазу, өз әсерлерін көркем тұрғыда жеткізе білу.

VII. Сахналық көрініс: - 5 мин

VIII. Сабағымды мына бір өлең шумағымен қорытындылаймын.

Аққулар, кешіріңдер, жазықтымын!

Қараймын керуеніңе қажып бүгін.

Адасып кетті – ау бірге сендерменен

Алапат күшім менен нәзіктігім!

Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,

Таба алмай қалды менің тағат жаным

Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,

Үзілген жанарымды сабақтадым.



IX. Оқушыларды бағалау.

X. Үйге тапсырма. Табиғат ананың періште құсы – сұлулықтың, әсемдіктің, махаббаттың символы «Аққу» құс жайында шығарма жазып келу.



80 мектеп-лицей

Төлегенова Бибінұр Мәуленқызы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров88
Номер материала ДВ-392055
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх