Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Открытый урок на тему "Қайдан келдің бауырсақ"

Открытый урок на тему "Қайдан келдің бауырсақ"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы

«Ақ бота» МДҰ ІІ санатты тәрбиешісі

Мурзагалиева А. И.



Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Қайдан келдің бауырсақ?»

Мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерінің жемісін көрсету.

Билингвалды компонент: Наубайхана-пекарня, диірмен-мельница, комбайн-комбайн, масақ-колосок.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап,зерттеу,жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер,нан түрлерінің суреттері,ұн,диірмен, дән, су,күз мезгілінің суреттері. т.б.

Пәнаралық байланысы: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу.



Әрекет

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.















Іздену - ұйымдастырушы





























































































Рефлексивті-түзетімдеуші

























Психологиялық сәт:

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?

Ренжігенде?

Қорыққанда?

Таңқалғанда?

Қуанғанда?

Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.







Бүгін біздер нан қайдан келеді, оның бізге қандай еңбекпен келетіні туралы айтамыз.

Тосын сәт: Пошташы хат алып келеді.

Балалар, біздерге «Ақ қоян» тобының балалары хат жазып жіберіпті. Не туралы жазыпты білгілерің келе ме?

Жарайды, ендеше мен оқып берейін.

«Құрметті ! «Қызғалдақ»тобының балалары, біздер сендердің суреттерің кілтеніп қалғанын естіп, сиқырлы кілт беріп отырмыз, бірақ суреттерді кілт ашу үшін оның тапсырмаларынорындауларың керек. Сәттілік тілейміз»

Ал, кілттің тапсырмаларын орындаймыз ба?

І тапсырма:

Қазір жылдың қай мезгілі? Және оның айларын ата.



Өте жақсы. Қане, кілтіміз суретімізді аша ма екен, қарайық. Сурет ашылды.



ІІ тапсырма:

Жұмбақты шеш:

Алтын сары тоны бар,

Ортасында дәні бар.


Иә, жарайсыңдар, суретімізді ашайық.


ІІІ тапсырма:

Екі тілде нан туралы мақал айтып беріңдер.


Жарайсыңдар, үшінші суретімізде ашылды. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?



ІV тапсырма:

Логикалық есеп:

Дүкен сөресінде төрт нан болды, оның біреуін Гүлназ сатып алды. Сөреде неше нан қалды?

Жарайсыңдар, соңғы суретімізде ашылды. Бұл не екен?

Дұрыс. Наубайханада әр түрлі нандар пісіріліп шығарылады. Қалай ойлайсыңдар, нан дайын болғасын қайда апарады?


Нан біздің дастарханға қалай келеді?

Сергіту сәті:

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.

Дамытушы ортаға бөліну:




Егіншілер дамытушы ортасы:

4-5 балаға шағын ыдыстағы топырақты аударып, тырмалап, бидай дәнін егу.

Зерттеу дамытушы ортасы.

4-5 балаға дән беріледі. Дәнді ұстап қарайды. Алдарында су құйылған стакан және алдын ала су құйылып, дәндер салынған стакан тұрады. Дәні жоқ стаканға дән салып салыстыру тапсырылады.




Аспазшылар дамытушы ортасы:

4-5 балаға алдын ала иленген қамыр беріледі. Балаларға ашыған қамырды бауырсақ етіп жасау тапсырылады.

Үстел үсті театры:

«Қайдан келдің бауырсақ?»

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап.

Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ

-Дүкенннен келім нан сатқан,

деді оған бауырсақ.

Дүкенге келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн тартқан,

-Диірменге келдің қай жақтан?

-Диірменге келдім кең жақтан,

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Д/о «Орнын тап»

Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту,ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген.Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып қоюы керек.Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.


Жақсы.


Қол шапалақтаймыз.

Қабақ түйеміз.

Көзді жұмамыз.

Көздібақырайтамыз.

Күледі.


Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын.




Қызығушылық танытып назар аударады.



Иә, білгіміз келеді.


Мұқият тыңдайды.




Кілтті көреді.





Иә, орындаймыз.



Қазір күз мезгілі. Күз мезгілінің айлары: қыркүйек, қазан, қараша.



Бұл жер жыртып жүрген трактор.





Бұл бидай.


Егін орып жүрген комбайн.



«Ас атасы - нан »

«Хлеб – всему голова



Ұн шығаратын диірмен.






Сөреде үш нан қалды.

Нан пісіретін наубайхана.


Дүкендерге апарады.


Үлкен еңбекпен келеді.


Тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыс жасайды.




Қоржыннан фишкалар алып дамытушы орталарға бөлінеді.


Жерді босатып, тырмалап, бидай дәнін егеді.


Дәнді су құйылған стаканға салады. Алдын ала дән салынған стакан мен жаңа дән салынған стаканда қандай айырмашылық бар екенін зерттейді.



Қамырдан бауырсақ жасайды.




Назар аударып мұқият тыңдайды.















Балалар суреттерді орнына қою арқылы тапсырманы орындайды






Білді:

Нан туралы тақпақ, жұмбақ, мақал, бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білу.

Меңгерді:

Көктем,жер жырту,тырмалау,дән егу,комбайнмен ору,диірмен,наубайхана сөздерінің мағынасын және нанды қастерлеуді,шашпауды меңгерді.

Жасай алуы:

Суреттерді ретімен орналастыра алу. Сұрақтарға толық жауап бере алу.













МдҰ «Ақ бота»
















Ашық оқу іс-әрекеті:


«Қайдан келдің бауырсақ?»





І- ортаңғы «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі: А.И. Мурзагалиева











2013-2014 оқу жылы.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДA-004451
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх