Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему "Қайталау- білім анасы!" (1 сынып)

Открытый урок на тему "Қайталау- білім анасы!" (1 сынып)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifhello_html_52701fd4.gifСабақтың тақырыбы: «Қайталау – білім анасы!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу.

Тәрбиелілік: ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ребустар, ою-өрнектер, асықтар

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу. Сабақтың барысымен таныстыру.(оқушылырдың назарын сабаққа аудару)

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие- тәлім табар ма?

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі!

Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі және озық ойлы топты анықтаймыз.

Бүгінгі сабаққа «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар» топтары қатысады. Әр топтың өзінің басшысы болады.

«Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, есеп жұмбақтар, логикалық есеп тапсырмалар орындалады.

Олай болса жарысымызды бастайық!

  1. тапсырма. «Математикалық жұмбақ есептер»

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (4)


Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек,

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (6)


Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Омарға,

Қалды сонда неше алма? (24)

2-тапсырма. «Хан талапай ойыны»

Жіліктен шыққан сүйек,

Ойнаймыз біз шертіп.

Бәрімізге таңысық,

Аты оның асық. (асықтар шашылып, номерлар бойынша сұраққа жауап беріледі.)

  1. барлық қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны ата? (шаршы)

  2. Көбейтуге кері амал? (бөлу)

  3. Периметрлерді қалай табамыз? =а+в+а+в)

  4. Бір сағатта неше минут бар? (60мин.)

  5. Тоғыз ондықты ата. (90)

  6. Санды нольге көбейткенде неше шығады? (0)

  7. 7х8=56

  8. Ережені аяқта: көбейткіштердің орынын ауыстырғанмен... (көбейтіндінің мәні өзгермейді)

  9. 8х6

  10. Қосуға кері амал? (азайту)

  11. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм т.б.)

  12. 9х9=81

3-тапсырма. «Ақ сүйек ойыны»

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Шарты: белгісіз санды табуға арналған ойын. Бұнда тігінен және көлденеңнен 15 шығатындай етіп, тиісті сандарды қою керек.


Х

1

6

Х

5

Х

4

Х

Х


4-тапсырма. «Теңге алу ойыны»

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, тез есептеуге үйрену.

Шарты: Тақтаға теңге ілінеді, теңгеге жету үшін 3 топтың оқушылары кедергілерден өту керек. Кедергілер – тапсырмалар.

132 : х = 66 45: х = 15

20 * х = 80 81 : х = 9

6 * х = 24 х : 12 = 5

х * 66 = 132 30 * х = 90

х * 5 = 45 180 : х = 2

5-тапсырма. «Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Шарты: Ойын белгілі бір тақырыпты өткенннен кейін бекіту мақсатында жүргізуге болады.


  1. Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста, әпкесі 7 жасқа толғанда інісі неше жаста болады? (6)

  2. Сегіз жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал он алты жұмыртқа неше минутта піседі? (4)

  3. Бір үйдің 3 ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы бар. Ол үйдің баласы нешеу? (5)

Қорытынды. Оқушылардың білімін бағалау. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Сауболыңдар!







































Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойын – сабақта.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу.

Тәрбиелілік: ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: асықтар, карточкалар

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу. Сабақтың барысымен таныстыру.(оқушылырдың назарын сабаққа аудару)

«Көрші-Көрші» ойыны.

Ойынның мақсаты: 10 көлемдегі сандардың ретін меңгерту.

Ойынның мазмұны: мұғалім бір санды атайды, мысалы, «Жеті » дейді. Жеті саны тағылған оқушы ілгері шығып, балалардың алдына тұрады.

Мұғалім: Бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар!6,7,8 сандары құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады, 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8, т.с.с.

«Сақина тастау» ойыны.

Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі қосу және азайтудың таблицалық жағдайын бекіту.

Мазмұны: сақинаны алған оқушы карточка бойынша 20 көлеміндегі сандарды қосуі азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады.


«Асық ату» ойыны.

Мақсаты: Балаларға берілген тапсырмаларды ойната отырып, орындату. Ұжым түрде жұмыс істеуге баулу.

Керекті құралдар: Бірнеше номер жазылған асықтар.

Мазмұны: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір бала шығып шеңбердін ішінде тізіліп тұрған асықтарды атады. Атылған асықтың номеріне сәйкес карточкадағы тапсырмаларды дұрыс орындаса, сол топ женеді.

Тапсырмалар:

1.Өрнектің мәні дұрыс болатындай етіп тиісті таңбаларды қой.

6 6 6 = 30

2. 3 3 3 3 = 30

3. 5 5 5 5 5 = 100

4. а + 69 а= 13, 24, 46

5. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысық отыр. Мысық нешеу? (3 )

6. Кері есеп.

Қозы – 10

Лақ - ? 3-еуі кем ( Ш: 10-3=7)

Қорытынды бөлім: Балалар сендер өте белсенді қатыстыңдар, ұлттық ойын жайлы да өздерін жақсы біледі екенсіңдер. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Сауболыңдар!










































Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз таптары бойынша лаған білімдерін жинақтау. Сөз таптары туралы ұғым-түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырады.

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстары арқылы белсенділіктерін арттырып, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Ұлттық салт-дәстүрледі қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қағаз ат, карточкалар.

Түрі: Дәстүрден тыс, ұлттық ойын сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармаен амандасып, оларды түгендеу(оқушылырдың назарын сабаққа аудару)

1. Қайталау сабақ.

Біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше-ұлттық ойын сабағы.

Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-алтыбақан, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, бәйге т.б.

«Бәйге ойыны».

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Шарты: Ойын белгілі бір тақырыпты өткенннен кейін бекіту мақсатында жүргізуге болады.

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Етістік дегеніміз не?

  3. Сын есім дегеніміз не?

  4. Болымсыз етістік дегеніміз не?

  5. Туынды сын есім дегеніміз не?

  6. Сан есім дегеніміз не?

  7. Негізгі зат есім дегеніміз не?

  8. Қанша? Неше? Сұрақтарына жуап беретін сан есім?

  9. Үрле, сұра, отыр деген етістіктерден болымсыз етістіктерді жаса№

«Қыз қуу» ойыны.

Мақсаты: Тез ойлауға, дұрыс жауап беруге дағдыландыру

Шарты: Ортаға бір ұл мен бір қыз шығады. Тапсырманы бірінші орындағаны жеңіске жетеді. Ұл немесе қыз жеңілсе өз өнерін көрсетеді.

340-жаттығу.

Сөздерді оқып берілген зат есімдерге –ла,-ле, -да,-де, -та, -те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса.

Тар, арқан, ем, ара, сабын, тіс.

341- жаттығу.

Сөздерді оқып берілген сын есімдерге –ла,-ле, -да,-де, -та, -те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса.

Ақ, ұсақ, көркемде, жақсыла, оң, жаңа, ірі.

«Тапқыш» ойыны.

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.


Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А


«Салма ілу» ойыны.

Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке, дұрсы ойлай білуге дағдыландыру.

Шарты: жерге шұңқыр қазып, тапсырмалар жасырып қою. Әр қатардан оқушы атымен шығып, салма іліп алуы тиіс.

  • адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп.

  • Үйлер, көрінеді, биік, алыстан.

  • Бар, кітаптар, қызық, кітапханада.

  • әкелді,анам, алма, көп

  • ойын, қызықты, балалар, ойнады.

«Асық алу» ойыны.

Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке, дұрсы ойлай алуға дағдыландыру

Шарты: әр қатардан бір баладан шығып, қоржыннан асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса сол санның сұрағы тақтада тұрады.

  1. Еңбек етсең ерінбей......................... (тояды қарның тіленбей)

  2. Әдепті бала арлы бала..................... (әдепсіз бала сорлы бала)

  3. Талант қартаймайды....................... (білім ортаймайды)

  4. Еңбектің наны тәтті..........................( жалқаудың жаны тәтті)

Қорытынды. Оқушылырды бағалап, үйге тапсырма беру. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Сауболыңдар!


Сонымен қатар «Қазақтың ұлттық ойындары.» атты тәрбие сағаты жүргізілді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық іс жүзінде ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ақыл – ой қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Ұлттық ойындары арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, көрегенділікке, күштілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары: Сөзжұмбақ, ребустар, ұлттық ойындарды бейнелейтін суреттер, асықтар және т.б.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Әнгімелеу сұрақ – жауап.

Жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. Кіріспе әнгіме.

3. Ойын түрлерін көрсету.

4. Қорытынды.

Барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылырмен амандасып, тәрбие сағатының атымен таныстыру. Оқушылардың зейінің сабаққа аудару.

2. Мұғалімнің әнгімесі. Қазақтың ұлттық ойындары, олардың пайдасы, ерекшелік туралы балалардан сұрау.

3. Ойын түрлерін көрсету .

1. «Ханталапай» ойыны. Бұл ойын асық ойындарының ішіндегі ең қызықтысы. Мұнда баланың ептілігі сыналады.

2. «Тапқыш» ойыны. Барлық бала қатысады. Жүргізуші бір сөздің басқы буынын айтып, қарсы топтағы ойыншыға ойыншықты лақтырады. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

3. «Ай керек» ойыны. Бұл ойынды екі топқа бөлініп ойнайды. Кейде екі ауылдың балалары ойнайды екен. Ойын, біріншіден, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, екіншіден, денешынықтыруға тәрбиелейді.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының президенті.

2. Герб сөзі қазақша қалай?

3. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы.

4. Ұлттық бас киім?

5. Ұлттық музыкалық аспап.

6. Жылқы еті қандай?

7. Шөпті оратын құрал?

8. Қазақтар қандай халық?

9. Ұннан жасалатын ұлттық тағам?

10. Сок сөзінің қазақшасы қалай?



Н

Ұ

р

с

ұ

л

т

а

н

Е

Л

т

а

ң

б

а

А

с

Т

н

А



Т

ы

м

а

қ

с

Ы

б

ы

з

ғ

ы


Қ

а

з

ы


О

р

а

қ

қ

о

н

а

қ

ж

а

Й



б

а

у

Ы

р

с

а

қ

ш

ы

р

ы

Н


«Алтын сақа» ойыны.

Алтын сақаға жету үшін балалар 3 қақпа, яғни тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпадан өтуі тиіс. Ол үшін әр қақпаның тапсырмаларын орындауы тиіс.

Тас қақпа сұрақтары:

1. Кел балалар оқылық өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

2. Ұя салмайтын құс? (Көкек)

3. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)


Күміс қақпа сұрақтары:

1. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)

2. Басты байлық? (Денсаулық)

3.12 (1жыл)


Алтын қақпа сұрақтары:

1. Қара алтын ? (Көмір)

2. Бес дұшпанды атаңыз? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашапақ).

3. Аптаның 7 күнін ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

Ал алтын сақаға жетудің өзінің үш сұрағы бар. Онда 3 түрлі жұмбақ жасырылған. Жұмбақтың шешуін тауып, сол сөзге байланысты мақал-мәтел құрау керек.

1.Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.


2. Бірде төмен, бірде кейін жоғары,

Сөз сөйлесең қозғалыста болады.(тіл)

Өнер алды қызыл тіл.


3. Тілден ұшып, құлаққа қонады (сөз)


Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Жеңген оқушыға алтын сақа тиесілі.

Қорытынды. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сауболыңдар!





«Оқушылардың ақыл-ой деңгейін қалыптастыру» атты тренинг өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың қабылдауын, ойлауы мен есте сақтауын дамыту, эмоционалды көңіл-күйін қалыптастыру.

Тренингтің барысы:

І. Сәлемдесу.

«Гүл шоғын сізге ұсынамын»

ІІ. Негізгі бөлім.

1-жаттығу: «Суреттерді салыстыр» Қатысушыларға екі сурет беріледі.

Шарты: Суреттегі ұқсастық пен айырмашылықтарды табу ұсынылады.

2- жаттығу: «Бірлесіп есептейміз» Оқушылар дөңгелене отырады.

Шарты: Қосу және азайту, көбейту және бөлу амалдарын пайдалана отырып, есептерді шығару.

Мысалы:

1-ші оқушы: 9

2-ші оқушы: «қосу»

3-ші оқушы: 3

4-ші оқушы: «тең»

5-ші оқушы: 12 т.с.с.

Дұрыс есептемеген немесе қателесіп айтқан оқушыға қатесі түсіндіріледі.

3-жаттығу: «Неге?» Оқушылар дөңгелене отырады.

Шарты: Топтың ортасына «өзге планеталық» келіп сұрақ қояды.

Мысалы: «Неге адамдар күледі?», «Балықтар неге суда тіршілік етеді?», «Гүлдер неге қызылды- жасыл?». Ұтқыр ой танытып, жауап берген оқушылар анықталыды.

4- жаттығу: «Кім зерек?»

Оқушылар дөңгелене тұрады.

Шарты: Ойын бастаушы таңдалады. Ол дөңгелене тұрған оқушылардың ретін есте сақтауы керек. Ойын бастаушы көзін жұмып, қайта ашқанда орындары ауыстырылған балаларды көреді. Оған қайтадан бастапқы реттен тұрғызу тапсырылады.

5-жаттығу: «Қалт жібермей қағып ал»

Екі топ қарама-қарсы тұрады.

Шарты: Оқушыларға екі түрлі доп беріледі: бірі ашық түсті, бірі көк түсті. Ашық түсті допты үнсіз, әркез қағып алу керек. Ал көк түсті допты «қағып ал» деген сөз айтып жатса да, қағып алмау керек. Ал көк допты қағып алған оқушыға зерек болу керектігі айтылады.

6-жаттығу: «Бұл не?»

Топтағы оқушылар қарама-қарсы отырады.

Шарты: Әр топқа екі сурет ұсынылады. Бірақ, сурет толықтай емес, бөліктері ғана көрсетіледі. Суреттің 4/1 бөлігіннен-ақ , ол ненің суреті екенін анықтауы тиіс.

7-жаттығу: «Зейінді бол!»

Екі топқа екі сурет ұсынылады.

Шарты: Әр топ сол суреттегі түстерді жазып беруі керек. Назар аударуға екі минут беріледі.

Мысалы:

а) қызыл түс

ә) қоңыр түс

б) жасыл түс т.с.с.

ІІІ. Үйге тапсырма.

8-жаттығу. Сөйлем құра.

Шарты: 3 түрлі сөз айтылады. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру керек.

Мысалы: көбелек, кітап, өзен.

ІV. Ой-пікір.

Әр топ тренингта өзіне ұнаған жаттығулармен ой бөліседі.



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров70
Номер материала ДВ-460552
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх