Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Открытый урок на тему «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Открытый урок на тему «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі»

библиотека
материалов

Тақырыбы: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін жүйелеу. Орта ғасырлардағы қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің мәнін түсіндіру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, ойындар арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ата – баба тарихын, салт - дәстүрін әдет - ғұрпын құрметтеуге, мәдени құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: слайд - суреттер, сызбалар, интерактивті тақта. Әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ - жауап, суреттеу, топтастыру әдісі. Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау. 2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау:
(Оқушы тақтаға шығып рухани және материалдық мәдениет сызбасын толтырады). 1. Тарихи сынақ хат Сұрақ - жауап: «Бәйге» ойыны. Бәйге - қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.
Сабақтағы бұл ойынның мақсаты: Оқушының тез ойлау, шешім қабылдау әрекетін дамыту. Оқушыларға қойылатын талап, әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беру. Тақтадағы ұяшықтардың арқасына сегіз сұрақ жасырылған, сол сұрақтардың жауабын кім көп тапса, сол жеңімпаз болып, сыйлыққа ие болады. Оқушы әр дұрыс жауапқа екі ұпайдан алады.

«Бәйге» ойынының сұрақтары:
1. Мәдениеттің қандай түрлері бар, олардың бірбірінен айырмашылығы? 2. Күнтізбе қазақтарға не үшін керек болды?
3. Ислам діні қашан, қалай таралды? Ол халыққа қандай тәлім тәрбие береді? 4. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
5. Қазақтардың жерлеу дәстүрі қандай болған?
6. Қазақтардың ұлттық тағамы туралы айт.
7. Ұлттық киімі туралы айт.
8. Тұрғын үйі туралы айт.
 
III Жаңа сабақ материалдарын меңгеру.
Жоспары:
Жыраулар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Музыка
Жырау деген сөзге түсініктеме беру Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесшісі қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қазақ тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. тіршілік, өмір жайлы философиялық ойлар айтып, табиғаттың әр алуан құбылыстарын түсіндірді. XVI - XVII ғ. ғ өмір сүрген: Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар жыраулар жайлы мәлімет беру. Ертегілер бірнеше түрге бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял - ғажайып ертегілері, тұрмыс - салт, әзіл - сықақ ертегілері. Эпостық жырларға түсініктеме беру Батырлар жыры - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы жырлар. Елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен бейнеленген батырлар жыры: «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Ер Сайын»т. б. батырлар жырында Отанын сүю және халықтың ерлік істері дәріптеледі. Халық арасында көп тараған музыка аспабы - домбыра. Көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап - қобыз. Музыка аспаптары арқылы дүниеге күй келді. Көптеген тарихи күйлеріміз бар: «Асқақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» және т. б. Талқылау Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты талдау.
IV Сергіту сәті.

V «Теңге алу». Сабақты бекіту. Барлығына бірдей тапсырма:
1. Лиро - эпостық жырларға, ертегілерге ролдік ойын ұйымдастыру.
2. Ислам дінінің діни - нанымдар, әдет - ғұрыптарға байланысты шығармашылық жұмыс жасау. 3. Қазақ халқы үшін орны ерекше және кең тараған аспап туралы ой қозғау. 4. Ақын - жыраулардың бір жырын жатқа оқу.
VI Қорытындылау. Бағалау.
VII Үйге тапсырма: Жыраулар ( Марғасқа, Ақтамберді, Бұхар) жайлы реферат жазу.

Қорытынды
«Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады» Н. Ә. Назарбаев
Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болады. Ия, «Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.05.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДБ-075298
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх