1072201
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокМузыкаДругие методич. материалыОткрытый урок на тему: "Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары"

Открытый урок на тему: "Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақтың тақырыбыҚазақтың ұлттық музыкалық аспаптары 

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру 

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ұлттық музыка аспаптары туралы білімін кеңейтіп, қызығушылығын ояту. 

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұлттық музыкаға құрметпен қарауға, оны түсініп, тыңдай білуге үйрету. 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын т.б. 

Сабақтың көрнекілігі: қазақтың ұлттық саз аспаптары-буклет, сызба, электронды тақтадағы суреттер, сөзжұмбақ 

Сабақтың құралдары: баян, домбыра, электронды тақта, компьютер 

Үйретілетін ән: И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» 

Сабақтың жүрісі: 

І. Ұйымдастыру. 

І.1.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға нота сызығы ілініп, ондағы әр нотаның орнына сұрақ белгісі жазылған кеспе қағаздар салынады. Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға ноталар таратылады. (До, ре, ми, фа, соль, ля, си,)Осы оқушылар тақтаға шығып, нота сызығынан қолындағы нотаның орнында тұрған сұрақты алып, нотаны өз орнына орналастырады. Содан соң қолындағы кеспе қағаздың сұрағын дауыстап оқиды. Сұраққа басқа оқушылар жауап беруі керек.



Кеспе қағаздың сұрақтары: 

Қорқыт кім, қай ғасырда өмір сүрген, оның қандай күйлерін білесіңдер? Қорқыттың суретін тауып көрсет.

Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады? Ол қандай аспапта орындаған?



Әл-Фараби кім, ол музыка туралы қандай еңбектер жазды? Әл-Фарабидың суретін тауып көрсет 

Ыбырай Алтынсарин кім, ол музыка өнерінде қандай еңбектер сіңірді?Ы.Алтынсарин суретін тауып көрсет.

Кетбұға кім, оның қандай күйлерін білесің? Кетбұғаның суретін тауып көрсет.



Байжігіт кім, күйлерін ата. Байжігіттің суретін тауып көрсет.Боғда кім, күйлерін ата. Боғданың суретін тауып көрсет.

Сұрақтардың әрқайсысына әр оқушы жауап береді де, үстел үстіндегі жайылған суреттердің ішінен аталған күйшіні тауып көрсетеді.

І.2.Әндерді қайталау.

«Әуенді тап» ойыны бойынша әннің бастапқы 5-6 нотасы баянмен орындалады. Оқушылар өздері тапқан әндерді орындап береді.

Ә.Еспаев «Ұстазым», Абай «Желсіз түнде жарық ай» әндері қайталанады. 

ІІ. Негізгі бөлім:

ІІ.1.Жаңа сабақ.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра.



(Қ.Мырза-Әли)

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты,- деп айтылады. «Қос ішек» күйінің аңызында,-сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралды аулап кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып биік таудың қиясынан теңбіл маралды атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын ақтарып алып тастайды.

Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң аулауға ұрымтал жер еді деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болуы керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.

Қарағайдың бұтағына керіле кепкен екі ішек сәл ғана жел тербесе, ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, бірде сыңсып, жылағандай болып аңшы жігітті алуан күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт «Қой, мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» деп ішекті үйіне алып келеді де, бір аспап жасап, оған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе шынында да қос ішекке тіл біткендей сыңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің жанын жадыратып қана қоймай, таңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (Б.Сырбаев)

Аңызды оқушыларға айтып бергеннен кейін «Біз бұрын домбырадан басқа қандай аспаптың шығуы туралы аңызды оқып едік?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар өздері бұрынғы сабақтардан өткендерін естеріне түсіріп, «Қобыздың шығуы туралы аңызды» айтып береді.

-Енді оқушылар, осы қобыз бен домбырадан басқа да қазақта көптеген музыкалық аспаптар бар екен. Бүгін біздер сол аспаптармен танысамыз. Қазақтың ұлттық саз аспаптары өте көп екен, сондықтан біз оларды есте жақсы сақтап, түсінуіміз үшін мынадай 4 топқа бөліп қарастырамыз:

1.Ішекті аспаптар-ол екіге бөлінеді:

Шертіп ойналатындар-домбыра

Шертер 


Жетіген

2.Ысқышпен ойналатын-қобыз

Қылқобыз

2.Ұрмалы аспаптар-дабыл-даңғыра

Дауылпаз

Шыңдауыл.

3.Сілкімелі, соқпалы аспаптар-асатаяқ түрлері,

Қоңырау 


Тұяқтас

Шартылдақ.

4.Үрмелі аспаптар-сыбызғы

Сазсырнай

Мүйізсырнай

Қамсырнай

Үскірік

Тастауық 

Ұран

Шаңқобыз.



Жетіген,домбыра,

шертер 





Қобыз,қылқобыз 

Ысқыш пен ойналатын 
Шертіп ойналатын 
Ішекті 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары 
ұрмалы 

сілкімелі 
үрлемелі 
Дабыл,даңғыра,

дауылпаз,

шыңдауыл 
Сыбызғы,сазсырнай,

мүйізсырнай,

қамыссырнай,үскірік,

тастауық,ұран,шаңқобыз,

керней 
Асатаяқ түрлері,

қоңырау, 

тұяқтас,шартылдақ 
Қобыз- қобызшылардың түп атасы Қорқыт баба тартқан қазақтың көне музыкалық аспабы. Жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштардан ойып жасалады. Құрылымы қауын тәрізді. Аспаптың басы, екі құлағы, иілген мойны, төменгі жағында терімен қапталған шанағы, жылқының қылынан жасалған қос ішегі, тиегі және жақ тәріздендіріп иіп жасаған қияқаталатын ысқышы болады.Дыбыс ішек пен ысқыштың үйкелісінен шығады. 


c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (4).jpg
Қобыздың бірнеше түрі бар: 

Нарқобыз - жорыққа шыққанда қолданылатын аспап. Жауға атқояр шақтағы қобыз сарыны батырларға күш, жігер беріп, ерлік іске рухтандырар рөл атқарған. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок.jpg 
Шаңқобыз-өңделген ағаш таспалардан жасалады. Ортасында сүйір тілше болады. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты. Шаңқобызға байланған жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске түсіп, қалаулы дыбыс шығарылады. ЕртедеШаңғыауыз аталған.  
Жезқобыз - құрылысы қылқобызға ұқсас. Ішегі мен шанағы тұтас жезден жасалады. Бет тақтайына 3-4 сым ішек тартылады. Перне болмайды, саусақ пен ішекті басып ойнайды. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (2).jpg 
Қылқобыз-қос ішекті қобыздың көне түрі. Шанағының басына, ішіне, сыртына шығыршық арқылы темір теңгешелер тағылады. Шанақтың ішіне кішкене қоңырау ілініп, ортасына темірмен жиектелген айна бекітіледі. Ішек жылқының қылынан тағылады. 







Домбыра-қазақтың ең көп тараған ішекті, көп пернелі музыкалық көне аспабы. Дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті күшті тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді ағаштардан, негізінен екі түрлі әдіспен құралып не ойылып жасалады. Сырт нұсқасына, бөлшектеріне, ішек санына, дыбыс ауқымы мен ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «желбезекті», «тұмар», «қуыс мойын», «бүктемелі», «қос шанақты», «үшем» аталатын түрлері бар. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (5).jpgc:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (6).jpg 
Асатаяқ - екі түрлі: асатаяқ және құтпатаяқ. Біріншісі (аса арабша таяқ, таяқша деген сөз)-абыздар ұстап ой толғайтын «сүйенші», бірақ оны ұшына үшкір темір орнатқан таяқ – Асай-мүсеймен шатыстыруға болмайды. Екіншісі-бақсы, зікіршілер тұтынған құтпатаяқ кезінде «қағушы» ұғымын берген, кc:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (8).jpgейін саз аспабына айналған құрал. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (7).jpgc:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (3).jpg


c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (9).jpg 

Ұран-ұрып ойналатын музыкалық аспап. Ұзындығы әр түрлі, екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі болады. Бұл аспапты ертеде жауынгерлер пайдаланған. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (10).jpg 
Дабыл-әу баста жауынгершілікте, жорықта, той-думанда халықты бір жерге жию, саяткершілік кезінде жасырынған аңды үркітіп кеңістікке шығару үшін пайдаланылған құрал. Кейін саусақпен қағып ойнайтын музыкалық аспапқа айналған. 

Нуғара-ұрар ортасы көннен, сырты былғарыдан жасалған әуездік соқпалы аспап, дабылдыңбір түрі. 




Даңғыра- дөңгелек ағаш шеңбердің бір жақ бетіне тері қаптап, ішкі жағына сылдырмақтар, салпыншақтар, темір сақиналар тағылған қазақтың ұрып ойнайтын дыбысы күшті музыкалық аспабы. Көне заманда бақсы-балгерлердің аспабы болған. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (12).jpg 

Дауылпаз-ағаштан жасалған, шанағының ойық беті терімен қапталған ұрып ойнайтын қазақтың көне музыкалық аспабы. Ертеректе соғыс құралы ретінде айбар беріп, жауға қыр көрсету үшін қолданған. Жорықтарда сардарлар мен жеке батырлар ұстап жүрген. Аңшылық пен құсбегілікте де қолданылған. 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (13).jpg 
Дүңкілдек-ұрмалы, дауыл,шулы аспап. Екі шанақты. Бірінің беті әбден кепкен, жұқа шыңылтыр терімен, екіншісі қалыңдау шала иленген көн терімен бостау керіліп қапталады. Бұлардан шыққан үн әркелкі. Екі шанақты бойлай жуандығы 3 мм кендір не қайыс ішек тағылады. 

Жетіген-шертіп ойнайтын жеті ішекті ұлттық музыкалық көне аспап.c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (11).jpg

Жетіген ұзынша, жәшік тектес, шанағы тұтас ағаштан ойылып, беті жұқа тақтай қақпақпен жабылады, үн шығаратын ойықтар жасалады. Көне жетігеннің ішектері жылқының қылынан тағылып, тиектердің орнына қой асықтары пайдаланылған. Бұрауы жоқ. Құлақ күйі шанақтың екі басындағы ішекке бекітілген діңгектерді бұрау және тиектерін жылжыту арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерін екі қолдың саусақтарымен іліп қағу арқылы шығады. Аспаптың пайда болуы туралы ел аузында «Жетігеннің жеті әуені» деген аңыз бар.



c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (14).jpg 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (15).jpg 

Желбуаз, мес- қауашақ секілді, іші қуыс, тұтасымен көн теріден жасалады. Екі не үш жеріне дыбыс беретін ұзынша үндік қамыс түтікшелер орнатылған. Түтікшелердің аузында ашылып жабылатын тілшесі, бекітілген тығыны бар. Жалпы ұзындығы – 65-70 см. Көне аспап. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (16).jpg 




Шертер- домбырадан гөрі қобызға ұқсас екі не үш ішекті көне музыкалық аспаптардың бірі. Шертіп ойнауға арналған тәсіліне байланысты осылай аталған. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен қапталып жасалған. Жалпы тұрқы -60-70 см. Пернесі жоқ, ішектің орнына жылқының қылы тағылған. 

Шыңдауыл- соқпалы музыкалық көне аспап, дауылпаздың бір түрі. Жезден жасалып, шанағының бір жағы терімен қапталады. Көлемі әр түрлі. Өзіне тән дыбыс күші, бояуы бар. Көбінесе аңшылар, саятшылар пайдаланған. 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (18).jpg 
Үскірік- саз балшықтан күйдіріліп, қолға ұстауға ыңғайлы шағын, үрлеп ойнауға, арналған аспап. Бетіне өрнек салынып, жыланкөзбен көмкеріледі. Дыбыс шығаратын бес тесігі болады. 

Борғұй- үрмелі көне музыкалық аспап. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (19).jpg 

Тастауық- саз балшықтан күйдіріліп жасалатын үрмелі аспап. Дыбыс жеті тесігі арқылы шығарылады. Жалпы алғанда үскірік тақылеттес. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (20).jpg 

Бырғы- ежелгі үрмелі аспап. Ойнаушы бырғышы аталады. 

Сыбызғы- үрлеп ойнайтын ескі аспап. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалады. Ұзындығы – 600-650 мм және 750-800 мм. Дыбыс шығару үшін кезегімен саусақ басар үш тесігі болады. Ойық тесіктері арқылы демді жай және күшті шығару арқылы жиырмадан астам әуен түрлері пайда болады. Аспап үні майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі. 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (21).jpg 
Адырна- сыбызғы тәрізді көне үрмелі музыкалық аспап. Ертеде жауынгершілікте, аңшылықта қолданған. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (22).jpg 
Сырнай- қазақтың үрлемелі музыкалық аспаптарына байланысты қолданылатын жалпы атау. Он тоғызыншы ғасырдың ортасынан қазақ арасында гармошка (гармонь)- қағаз сырнай аталып тарай бастаған. Елде сырнайдың көптеген түрі жойылып, гармонь ғана қалғандықтан, оның атауындағы қағаз сөзі алынып тасталып, тек сырнай атауы қалыптасқан. Сырнай жасалған затына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 

Қамыс сырнай- қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесікті, қамыс қуысының ішіне тілше орнатылған. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығарады. Үні қуыстың ұзындығы мен тілшеге байланысты жаңғырығады. 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (23).jpg 

Саз сырнай- саз балшықтан күйдіріліп, бетіне өрнек ойылып жыланкөзбен көмкерілген, алты тесікті үрлеп ойналатын музыкалық аспап. 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (24).jpgc:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (25).jpg 

c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (26).jpg 
Мүйіз сырнай- атауы айтып тұрғандай, мүйізден жасалады. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесікті үрлемелі музыкалық аспап. 

Ауыз сырнай- үрмелі, уілдекті аспап. Ұзындығы 15 см, ені 4-5 см. Екі жақтаудан тұрады, сыртына күмістен, сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады. Үн беретін жұқа металдан тілшелер орнатылады. Жасауы өте күрделі болғандықтан, ел ішінде сирек табылады. 

Қоңырау- тот баспайтын сапалы металдан, сыртына жұқалап алтын, күміс жалатып жасалған, жеңіл таяқшамен соғып ойнайтын саз аспабы. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (27).jpg 
Сазген- YII-YIII ғасырлар аралығында ағаштан жасалып, шанағы терімен қапталған, үш не төрт ішекті өте көне саз аспабы. Кішкене үлгілері домбыра, қылқбыз, шаңқобыз секілді аспаптардың басына, шанақ ішіне тағылады. Саусаққа іліп ойнауға да болады. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (28).jpg 

Қос саз- шертер мен домбыраны біріктіріп жасаған бес ішікті шертпелі аспап. Шертердің беті жұқа терімен, домбыраның беті жұқа тақтаймен жабылады. Домбыраға екі, шертерге үш ішек тағылады. 
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (30).jpgc:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (29).jpg 
Алдын ала дайындалған сызбаны электронды тақтада көрсете отырып көрсету керек.
c:\users\кызгалдак\desktop\райымберді китап\рисунок (17).jpg

-Енді оқушылар, осы музыкалық аспаптардың суреттерін экраннан бір-бірлеп көріп тамашалайық (экраннан көрсетіліп жатқан суреттер біртіндеп таныстырылады.)

Домбыра-қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспап. Мұны Қазақстанның әр жерінен табылған домбыра түрлері. Домбыраның екі және үш ішекті түрлері болады. Қазіргі күндері көбіне екі ішекті түрлері қолданылады.

Шертер-үш ішекті, шертіп ойналатын аспап. Мына суретте шертердің ескі түрі көрсетілген. Аспапты шертіп ойнайтын болғандықтан, шертер деп атаған.

Қобыз- ысқышпен ойналатын, ішекті аспап. Қобыздың ішектерінің санына байланысты үш ішекті, төрт ішекті түрлері болады. Ішектерді өзекті сымнан тағылады. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады.

Жетіген-жеті ішекті, шертіп ойналатын музыкалық көне аспаптардың бір түрі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Аспаптың дыбысы ішектерді саусақтармен іліп қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан жасалады.

Сыбызғы-үрлеп ойналатын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады. Сыбызғының үні самал желдей майда, жұмсақ, ерекше әсерлі. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады. Бақташылар арасында кең тараған.

Даңғыра-ұрып ойналатын музыкалық аспап. Даңғыраның бір беті ғана терімен қапталады, бір беті ағашпен қапталады.

Асатаяқ-сілкімелі аспаптың бір түрі. Мына асатаяқтың шанағының ішіне темірден жасалынған теңгешелер ілінген. Ал кейбіріне сыртынан ілінеді. Мына асатаяқ- алты қоңыраулы асатаяқ деп аталады. Мұның алты қоңырауы бар. Осы қоңыраулар арнайы бағашықпен жәйлап соғу арқылы дыбыс шығарылады.

Шаңқобыз-көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілше тербеліске келеді де, дыбыс шығады. Мынау- шаңқобыздың темір текшелерден жасалған түрі. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Қамыс сырнай-қамыстан жасалынған, үрлеп ойналатын музыка аспабы. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады. Аспаптың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар. Мынау тағы қамыс сырнайдың түрлері. Бармақ басатын үш, төрт, бес және сегіз тесіктері бар. Қамыс қуысының бір басы дыбыс шығаратындай етіп қиғашталып кесіледі.

Ұран-үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш-үштен тесігі бар.

Мүйіз сырнай- мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Аталуынан-ақ байқалып тұрғандай, мүйізден жасалады. Бармақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар.

Қылқобыз-қос ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптардың ескі түрі. Қылқобыз шанағының басына және оның ішіне темір теңгешелер шығыршық арқылы тағылған. Шанақтың ішіне кішкентай қоңырау ілініп, оның ортасына шағын темірмен жиектеліп бекітілген. Шанағы қарағайдан ойылып жасалады. Ішегі аттың қылынан жасалатындықтан, қылқобыз деп атаған. Мынау- қылқобыздың тағы бір түрі. Қылқобызда ойнағанда қосымша дыбыстар беру үшін басына темір теңгешелер тағып қойған.

Үскірік-үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Мынау-үскіріктің жетілдірілген түрі, дыбыс шығаратын бес тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мына үскіріктің сыртын жыланкөзбен көмкерген.

Сазсырнай-алты тесікті, үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалынады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген.

Тастауық- бұл да үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі.Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның дыбыс шығаратын жеті тесігі бар.

Дабыл-ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады.

Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады. 

ІІ.2. Жаңа ән үйрену.

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев. 

«Домбырасыз сән қайда» әнінің тақырыбын дәптерге жаздырып, бірінші шумағын мұғалім өзі орындап көрсетеді де, келесі шумағына оқушылар қосылып орындайды. Әннің сазына жаттықтыра отырып үйретіледі. 

ІІІ.Қорытындылау бөлімі.

ІІІ.1. Жаңа сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақ шештіріледі.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Сілкіп ойналатын аспап түрі (Асатаяқ)

2.Қазақтың ұлттық аспабы (Домбыра)

3.Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылатын ұрмалы аспап (Дабыл)

4.Бақташылардың қурайдан жасалынған сүйікті аспабы (Сыбызғы)

5.Тілшесін саусақпен тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап (Шаңқобыз)

ІІІ.2. Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Топтастыру» дидактикалық ойыны ойналады. Ойынның тәртібі:партаның үстіне жаңа сабақта өтілген ұлттық аспаптардың суреттері жайылып қойылады. Оқушылардың ішінен төрт оқушы шығып, суреттерді төрт топқа жинақтайды:ішекті, ұрмалы, үрмелі, сілкімелі.

ІІІ.3. Музыка тыңдау.

Ойын жүріп жатқан кезде оқушыларға оркестрдің орындауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйнен үзінді тыңдайды. Мұндағы мақсат-оқушылардың жаңа сабақтан алғандарын одан әрі дамыту. Оркестрдің құрамындағы әр аспаптың дауысын мұқият тыңдай білуге үйретеді.

Күйді тыңдап, тақтадағы төрт оқушы аспптардың суреттерін жинап болғаннан кейін мұғалім:

-Қане, сен қандай аспаптарды жинадың?

-Сенің жинаған аспаптарың қай топқа жатады?

-Оқушылар мына Асланның жинаған аспаптары дұрыс па?

-Ардақтың жинаған аспаптарын кім атап бере алады?

Деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойларын пысықтайды.

ІІІ.4.Сабаққа қатынасқан оқушылар бағаланады.

ІІІ.5. Үй тапсырмасы-тақырыпты түсініп оқу, «Домбырасыз сән қайда» әнән дәптерге жазып алып, жаттау. 


Құрманғазы 

(1823 - 1896) 
ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы-теңдесі жоқ ұлы күйші.
c:\users\кызгалдак\documents\scanned documents\н1.jpeg

Ол- өз заманындағы қоғамдық әлеуметтік қайшылықтарға зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Қаршадайынан әділетсіздік пен алысып, азапты ғұмыр кешті.

Құрманғазы өзі басынан кешкен өмірі мен халықтың мәселелерді «Кішкентай» атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңына дейін күй тілімен жырлап өтті.

Құрманғазы «Кішкентай» күйін Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арнаған. Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін, еркіндікті аңсаған ел мен ерлер бейнесін айқын суреттеп берді.

Құрманғазы- күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға. Оның «Серпер», «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», «Ақбай», «Көбікшашқан», «Кісенашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол» және т.б. көптеген күйлері- асыл туындылар. 

Сарыарқа 

(Үзінді) Құрманғазы 
рисунок 4
рисунок 5


Домбырасыз сән қайда 
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев. Өлеңін жазған Х. Талғаров. 

Көңілді 
рисунок 6

1.Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған 
2.Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған


Қайырмасы:

Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда.

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма? 
3. Абай, Жамбыл, сал Біржан

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған,

Естіген жан тамсанған


4. Домбырамен сөйлеген

Махаббаты халқымның.



Жігер беріп күй деген, 

Шақырады алтын күн.

ч. 1

Общая информация

Номер материала: ДВ-415122

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс «Мерчендайзинг»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности преподавателя детской хореографии»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.