Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Презентации / Открытый урок на тему " Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Открытый урок на тему " Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі"

библиотека
материалов

5 «а» сыныбы Сынып сағаты

Сынып жетекшісі: Г.С.Шаймарданова

Сабақтың тақырыбы: Бабалар ерлігі –ұрпаққа үлгі. «Мәңгілік полк» ( «Бессмертный полк»).

Сабақтың мақсаты: : Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Өздерінің аталарын, бабаларының ерліктерін әңгімелей отырып, мақтаныш сезімдерін тудыру.

Сабақтың түрі: Ерлік сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: Штендерлер, георги ленталары, слайд-фильм,қалампыр гүлдері, мәңгілік алау, шыршалар, (шыршалармен аллея жасалған) «Мәңгілік полк» ,

Сабақтың барысы: Оқушылар әскери киінген.

Бауыржан: -Ата, қатарға тұр. Қарашы, сенің адал қатарың қалай сиреген.

Алина: -Ата,қатарға тұр.10-15 жылдан соң, 9 мамырда сенің ұрпақтарың кімнің жүзін көреді?. Кіммен мақтанады? Алайда,

Сен қайтып қатарға тұрмайсың, мен оны білемін. Бірақ мен сенің –жалғасыңмын.

Бауыржан: -Мен сенің-ұрпағыңмын, Себебі мен сенен қалған естелікпін. Сен бастаған жақсы істерді жалғастырушымын.

Алема: Дед, вставай. Посмотри, как мало осталось твоих в этом честном ряду строю. Дед, вставай, через 10 годков что за лицы увидят мои дети 9 мая? Кем будут гордится? Ты не встаешь. Я знаю. Но я пронесу твою честь. Ведь я твоя кровь. Ведь я твоя память.

«Мәңгілік полк» деп жазылған банерді ұстап, аталарының портреттерін (штендер) көтеріп оқушылар кіреді. 2 жүргізуші аты-жөндерімен хабарлап тұрады. (барабанның даусы) Фотоларды орналастырып, гүл корзинасымен әкеліп қояды. 2оқушы алаудың алдында караулда тұрады. (почетный караул) Ол сабақ барысында 2 рет ауысады. Оқушылар екіге жарылып тұрады.Бір минут үнсіздік. Оқушыларды орнына отырғызу.

Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіске де 1-2 күн қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін өз жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Бабалар ерлігі- ұрпаққа үлгі» атты ерлік сабағымыз, бүкіл ТМД елдерінде «Бессмертный полк» немесе «Мәңгілік полк» деп аталатын сабағымыз, Жеңіс күнін әкелген, барша қазақстандық жауынгерлеріміз бен қан майданнан оралып, еңбек майданына араласқан аталарымыздың өздеріңнің бабаларың, аталарыңа арналады.

Бауыржан:- Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

Анель: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Д.Алина: Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. 

Е.Алина: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем -
декем. 
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып
, қатары сиреп қалған ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Д.Алина: 1418 күнге созылған, 60 мемлекетті қамтыған,120 млн-ға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс, адамзат тарихында болған емес.

Аружан: Оған Қазақстаннан 1 миллион 366 мыңға жуық адам қатысса,оның 180 мыңы ШҚО, өкінішке орай оның 83 мыңына, туған жер топырағы бұйырмаған екен. 500-ге жуық Кеңес Одағының Батыры болса 109- ШҚО-дан.

Бауыржан: Сол боздақ аталарымыздың көбі қан майданнан оралып ,Енді сол аталардың ұрпақтары, жүректеріне сақтап келген аталарының ерлігі мен еңбегі туралы мақтана тұрып сыр шертсе.

Е.Алина: Бірінші сөз кезегін сынып спортсмені, белсендісі, атасының атын жалғап жүрген Алемаға берсек.

Алема:(атасы туралы естелігін айтып, мен сенімен мақтанамын, Ата)

Бауыржан: Әрине, дұрыс айтасың,біз мақтануға тиістіміз.

Е.Алина: Ендігі сөзді оқу екпіндісі Аяулымға берсек (атасы туралы естелігінен кейін, сен мәңгі бізбен біргесің, Ата.)

Д.Алина: Келесі сөз кезегін, сыныбымыздың әншісі, велошабандозы Санжарға берсек.

Санжар: (сөзінің соңында, менің жеңістерім өзіңе арналады, Ата.)

Бауыржан: Ендігі сөзді сыныбымыздың әкімі, белсендісі , атасының атын тек жақсылықпен шығарып жүрген Анельге береміз.

АлинаЕ: Ендігі сөз кезегін, оқу озаты, сыныбымыздың белсендісі, Іңкәрға берсек.

Диас: Келесі сөзді өзінің атасының ерлігін жүрегінде сақтап, ақыл –өсиетін жаттап жүрген,Бауыржанға берсек. (атасының ерлігі туралы айтқан соң, сенің атыңды тек жақсылғыммен ғана жалғап келем ата, бірнеше рет, спорт сайысында грамоталарым бар, мектепте «жігіт сұлтанында» бас жүлдені алдым, бұл жеңістерім саған арналады Ата. )

Алина Д.: Мәнерлеп оқудың майталманы, оқу озаты Алина өз атасы туралы сыр шертеді.

Диас: Өз атасының ерлігін сынып озаты, Д.Алина былай деп баяндайды:

Бауыржан: Сыныбымыздың оқу озаты, информатикадан қалалық олимпиададан ІІ орынды иеленген Аружанға сөз берсек.

Алина Е: Өз атасының ерлігін жадында сақтап жүрген, Шырайлым сыр шертеді:

Диас: Сыныбымыздың бар газетін шығарып, облыстық, республикалық сурет көрмесіне қатысып жүрген Адай не дер екен?

Алина :.Енді сыныбымыздың еңбекққор ұлы, белсендісі Әлинұр өзінің атасы туралы не деп сыр шертеді екен.

Бауыржан: Енді тоғызқұмалақтан алдына жан салмайтын, шеберіміз Азизге сөз кезегін ұсынсақ: (Азиз өзінің сөзінен кейін «Мен сені мәңгі есімде сақтаймын, Ата.»

Бауыржан: Ия, кешегі,ауыр күндерді бастан кешірген аталарымыздың атын тек жақсылықпен жалғастыру біздің борышымыз. Ендігі кезекті асығып тосып отырған, қоғамдық жұмыстардың белсендісі-Диасқа берсек.

Алина Д:Енді атасы туралы Гүлім сыр шертеді.

Алина:Мәңгілік тірісіңдер, тірісіңдер

Екеудің тірі жүрген бірісіңдер.

Өмірдің солмайтұғын гүлісіңдер

Солдаттың ұран салған үнісіңдер

Диас: Тірісіңдер, құрбандар

Жанын пида қылғандар

Күзетінде Отанның

Мәңгі бақи тұрғандар, Тірісіңдер, құрбандар

Бауыржан: Батырлар.Хабарсыздар. Белгісіздер.

Ұрпаққа мәңгілікке белгі Сіздер.

Сендердің олқы тұрмас қатарларың

Қашанда ұмытпайды Отандарың

Мәңгілік тірісіңдер, тірісіңдер!

Іңкәр: Ғасырлар, дәуірлер мен өтсін мейлі

Сендерді намыс үшін кекшіл дейді

Алысқан Отан үшін ардагерлер,

Сендерді өмір мәңгі көпсінбейді.

Барлығы:Мәңгілік тірісіңдер,Тірісіңдер!.

Аңсар:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Бауыржан: Барлығымыз Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға, бүгінгі ерліктері дәріптелген аталардың рухына арнап бір минут үнсіздік жариялаймыз.



«Ақ көгершін» әні

Қорытынды. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.

+





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров154
Номер материала ДВ-441094
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх