Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему : Чехия 11 класс

Открытый урок на тему : Чехия 11 класс

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ.

География- 11сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Мұғалім : Наушабаева Динара Сейткаримовна

Тақырыбы: Чехия

Сабақтың ақпараттық картасы:

Мақсаты:

1) Білімділік: Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру;

2) Дамытушылық: Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны қалыптастыру;

3) Тәрбиелік : пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: ауызша журнал

Технология: Деңгейлік дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған және тестік бақылау технологиясының элементтері

Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық және өзіндік жұмыс

Бақылау түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау

Көрнекі құрал: Интерактивті құрылғы

Сабақтың материалдық техникалық базасы:

  • компьютер

  • интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі- 2 мин

  2. Жорға сұрақтар, сабақтың тақырыбы, мақсаты ,міндеттерімен таныстыру.

  3. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру -5 мин

  4. Берілетін тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі-20 мин

  5. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 5мин

  6. Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин

  7. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру- 5 мин

  8. Резерв тапсырмалары

Сабақтың моделі / барысы

  1. Мотивация кезеңі:

Уақыт аралығы 3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сәлеметсіздерме! (Слайд №1)

Сабағымыздың алғашқы кезеңі:

  1. Жорға сұрақтар: (мемлекеттерді анықтап, олардың туын табады)Ағылшын тілінде айту (Слайд №2 )

  • Айтыңдаршы ал енді,

Бостандық мүсіні бар елді (АҚШ)1 United States of America

  • Полонез бен Мазурканың

Айт, қай елде жазылғанын. (Польша)2 Poland

  • Айтыңдаршы ал енді,

Биг-Бені бар елді (Ұлыбритания)3 England

  • Айта қойшы ал енді,

Атақты банктер бар елді. (Швейцария)4 Switzerland

  • Әйгілі би әлемде,

«Чардаш» шықты қай елде? (Венгрия)5 Hungary


  • Мұнараны ең алып,

Алған қайсы ел салып. (Франция)6 France

  • Айтыңдаршы ал енді,

Акрополь бар елді. (Греция)7 Creece

  • Әлемнің баршасы

Ұнатқан сауна моншасын. (Финляндия)8 Finland

Мұғалім: мынау артық қалған ту қай елдің туы? (Чехия) Czech

  1. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Чехия » (Слайд №3 )

  • Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар:

- Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерімен танысу,

- елдің тарихи қалыптасу кезеңдері танысу,

- халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктерімен танысу,

- шаруашылығының дамытудың алғышарттары туралы білім алу.

  1. І. Бірінші бет – «Елтану» (Слайд №4 )

Мұғалім:

  • Жерінің ауданы – 78,9 мың км2, дүние жүзінде 114 орында. (слайд № 4)

  • Халқы – 10,3 млн адам (2004 ж.), халық тығыздығы 132 адам/ км2 (слайд № 5)

  • Астанасы – Прага (слайд № 6)

  • Тәуелсіздік алған жылы – 01.01.1993 (слайд №7)

  • Мемлекеттік құрылымы – парламенттік республика (слайд № 7)

  • Мемлекет басшысы – президент, Вацлав Клаус 07.03.2003 жылдан. (слайд № 7)

  • Үкімет басшысы – премьер-министр, Ян Фишер (слайд № 7)

  • Мемлекеттік тілі-чех тілі (слайд №8)

  • Ұлттық валютасы – чех кронасы СZК (слайд № 8)

ІІ. Екінші беті – «Аумақтың құрамы және экономикалық географиялық жағдайы» (Слайд №9)

Мұғалім:

  • Чехияның экономикалық-географиялық жағдайынын ерекшеліктерін атаңдар.

Оқушыларға тапсырма: Шекаралас мемлекеттерді атаңыздар: (солтүстігінде Польша, шығысында Словакия, оңтүстігінде Австрия, батысында Германия). №9 слайдтағы карта бойынша көрсетіп атау.


Оқушыларға тапсырма: Географиялық орнының қолайлы және қолайсыз жақтарын атау.

Қолайлы:

- Чехия Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Пльзень қаласына таяу жерде «Еуропаның орталығы» деген жазуы бар гранитті ескерткіш орнатылған. (слайд №10)

- Чехия жері арқылы көптеген маңызды Еуропалық көлік желілері өтеді.

Қолайсыз: (слайд №11)

  • Теңізге шығатын тура жолдың болмауы шаруашылықты дамытуға қолайсыздық туғызады. (карта бойынша көрсету.)


Мұғалім: - Чехия жері ежелден-ақ үш тарихи-географиялық аймаққа жіктеледі: Чехия, Моравия, Силезия. (Слайд № 12)


Оқушыларға тапсырма: (Слайд № 13)

  • Атластағы физикалық карта бойынша Чехияның теңізге шығуына мүмкіндік беретін өзендерін анықтаңдар. Ол өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасқан?


Жауабы:

  • Лаба өзені ( Эльба өзенінің саласы ) арқылы Солтүстік теңізге,

  • ал шығысындағы Морана өзені (Дунайдың саласы) Қара теңізге шығуға болады.

  • Одра өзені арқылы Балттық теңізге шығуға болады.

  • Ірі порттар: Прага, Брно, Острава, Пльзень( Слайд № 13 карта бойынша көрсетіп, атау)

Оқушыларға тапсырма:

Кескін картамен жұмыс: Чехияның шекарасын, астанасын, ірі қалаларын шекаралас мемлекеттерді кескін картаға ағылшын тілінде түсіру. (Слайд № 14)

ІІІ. Үшінші беті - «Тарих».

Мұғалім: Кез келген мемлекеттің бүгінін білу үшін оның өткеніне көз жіберу шарт деп ойлаймын. Сол үшін Чехия мемлекетінің қалыптасу тарихына, геосаяси жағдайы туралы алдын ала дайындалған хабарламалары бар. Тыңдайық.

Оқушы:

Х ғасырда құрылған Прага князьдігі феодалдық Чехия мемлекетінің негізгі болып саналады. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Чехия Әулие Рим империясы құрамындағы корольдік болып саналды. ХV ғасырдың бірінші жартысында Чехия жерінде феодалдық езгіге қарсы Ян Гус басқарған халықтық көтеріліс басталды. Бірақ қатал дін шырмауындағы халық жеңіске ұшырады. ХVІ ғасырдан бастап Чехия жері Австриялық Габсбург әулетінің қол астына өтті. 1620 жылы Габсбургтерге қарсы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, Чехия 1918 жылға дейін тәуелсіздігінен толық айырылды. Осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін, Прагадағы Ұлттық кеңес құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек қана 1993 жылы 1 қаңтардағы федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке егеменді ел болып, құрамындағы Словакиядан бейбіт жолмен бөлінді. Чехия 1993 жылдан БҰҰ-ның (Чехословакия 1945 жылдан мүше) мүшесі, 1990 жылдан ЕО-ға мүшелікке үміткер болып, 01.05.2004 кірді, 1999 жылдан НАТО-ның мүшесі. (слайд № 15)

4. Төртінші беті - «Табиғаты».

Мұғалім: Егер Чехия елінің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарының игеруі жайлы білгіңіз келсе, сөз кезегін келесі оқушыға берейік. (слайд №16)

Оқушы:

Чехия жері түгелімен дерлік Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Олар: солтүстігінде Рудный (Крушне) және Судет таулары; шығысында Орлик және оңтүстік-шығысында Карпат таулары; оңтүстігінде Шумава және оңтүстік-батысында Чех орманы аласа таулары.Чехияның климаттық жағдайы өте қолайлы. Жаз аса ыстық емес, ауаның орташа температурасы 21 0С шамасында, күз қазан айынан басталады. Қыс жылы, көбінесе қар жамылғысы тұрақты емес. Аса қатты аязды күндері температура -15 0С-қа дейін төмендейді, бірақ мұндай құбылыс 10 жылда бір рет қайталануы мүмкін. Қысқы орташа ауа температурасы 0 0С градус шамасында. Мұндай климаттық жағдайдың қалыптасуы жан-жағынан аласа таулармен қоршалып жатуына байланысты. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 550 мм-ден таулы аудандарда 1400 мм-ге дейін жетеді.

(Слайд № 17)Чехия жері қойнауында минералды ыстық сулар мен емдік батпақтар кең таралған. Ол аудандарда емдеу-сауықтыру орындары көптен салынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Карлова Вара гейзері, ол тәулігіне 3 млн л минералды су береді, судың температурасы 35-72 0С-қа жетеді. Бұл курортта жылына 100 мыңнан астам адам демалады.

Чехия жері орман ресурстарымен де біршама жақсы қамтамасыз етілген. Елде жалпы ауданы 9270 км (жерінің 12 %) шамасында болатын 1351 қорық бар, оның 3 ірі ұлттық саябақтар болып табылады. Оның ауданы 1111,2 км. Чехия мемлекеті – табиғат қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ежелден-ақ басты назарда ұстап келе жатқан ел. Сондықтан да оның көпшілік жерінде тылсым табиғат қаймағы бұзылмастан сақталған және халықаралық туризмнің көпшілікке танымал ауданы болып саналады.


Оқушыларға тапсырма: Карта бойынша Чехияның пайдалы қазбаларың анықта. (Слайд № 18)

(Пайдалы қазбалардан, әсіресе тас көмір мен қоңыр көмір шоғырланған Солтүстік Чехия және Острава-Карвин бассейндері, каолин, графит, шыны дайындайтын жоғары сапалы кварцті құм сияқты кен орындарымен ерекшеленеді)

(Стрелка вниз 25картадан көрсету:

Прямоугольник 2

-тас көмір - графит



Прямоугольник 2Прямая соединительная линия 22Прямая соединительная линия 22

Прямая соединительная линия 22- қоңыр көмір hello_html_m6c69ea40.jpg - кварцті құм

Прямоугольный треугольник 39


- каолин (ақ саз)


Мұғалім: қандай қорытынды жасауға болады?


5. Бесінші беті – «Халқы» (слайд № 19)

Оқушыларға тапсырма: кесте толтыру.

(Ескертпе: оқулықтың 82 беттегі «Халқы» алдын ала мәтінің оқып, кесте толтыру, интерактивті тақтаға жазу)


1

Халық саны

10,3 млн адам

2

Ұлттық құрамы

Бір ұлтты, 95% чехтар

3

Табиғи өсу көрсеткіші

0,1 ‰

4

Урбанизация

77%

5

өмір жасының орташа ұзақтылығы

75 жас

6

Халық тығыздығы

1 км2 – 130 адам


Мұғалім: кесте бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

6. Алтыншы беті – «Шаруашылығы». (слайд № 20)

Мұғалім:

  • Отын-энергетика мен қара металлургия – Острава, Орталық Чехия;

  • Машина жасау (прокат стандары, ұста-пресс, кен өндіру мен энергетикаға қажетті жабдықтар): Прага, Пльзень, Брно. Автокөлік «Шкода»; (слайд № 21)

  • Жеңіл және тамақ өнеркәсібі: чех шынысы – Яблонец (слайд № 22), чех сырасы – Пльзень, қарындаш фабрикасы «Кох-и-нор» Ческе-Будеевице (слайд № 23);

  • Ауыл шаруашылығы: қара мал,бидай, арпа, қант қызылшасы, құлмақ, жүзім; (Сдайд № 24)

  • (Слайд № 25). Мемлекет қазынасын толықтыруда туризмнің үлесі күннен-күнге артуда. Чехияда туризмнің бірнеше түрі дамыған: Чехия қалалары (слайд № 26,27,28) , минералды су курорттары (слайд № 29-30-31 ), белсенді демалу (слайд № 32-33), тау шаңғы курорттары (слайд № 34), конгрестік туризм (слайд № 35).

  • Конгрестік туризм дегенді қалай түсінеміз?

(Оқушылар: Чехияның инфрақұрылымы жақсы дамыған және Чехия көптеген қонақүйлер мен конгрестік кешендерге бай. Мысалы «Прага» атты конгрестік кешенді Әлемдік банк пен Халықаралық валюттік қор өздерінің жылдағы жиынына таңдады. 2002 жылғы НАТО саммиті Прагада өтті, осы жиынға 2500 ресми қонақтар мен 3000 тілшілер қатысты.


7. жетінші беті – «Сыртқы экономикалық байланыстары». (слайд № 36)

Оқушыларға тапсырма: 9 - сызбанұсқаға талдау жасау: басты сауда әріптестері, сыртқа не шығаруы мүмкін.

(Оқушылар: Елдің басты сауда әріптестері көршілес елдер, яғни Германия, Словакия, Австрия, Ресей. Сыртқа шығаратын өнімдері арасында машиналар мен жабдықтар және халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары басым.)

Мұғалім: Соңғы жылдары Чехия мен ҚР арасындағы экономикалық қатынастар жақсаруда. 1998 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 93 млн АҚШ долларына жетті.


8.Сегізінші соңғы бет – «Қорытынды» (Слайд № 37)

Тест орындау:

  1. Чехиямен шектесетін мемлекеттер:

А) Польша, Словения, Австрия, Германия

В) Германия, Польша, Словакия, Австрия

С) Австрия, Болгария, Словакия, Германия

Д) Германия, Албания, Венгрия, Польша

Е) Польша, Венгрия, Австрия, Германия

2. Тәуелсіздік жылы.

А) 1990 ж

В) 1991 ж

С) 1992 ж

Д) 1993 ж

Е) 1994 ж

3. Чехия жері қандай географиялық объектте орналасқан?

А) Шығыс Еуропа жазығы

В) Батыс Сібір жазығы

С) Орта Сібір таулы қыраты

Д) Орта Еуропа аласа таулары

Е) Дунай бойы ойпаттары

4. Чехияның қорықтар саны:

А) 1351

В) 1352

С) 1353

Д) 1354

Е) 1355

5. Халық тығыздығы:

А) 1 км – 132 адам

В) 1 км – 142 адам

С) 1 км – 152 адам

Д) 1 км – 162 адам

Е) 1 км – 172 адам

6. Чехия теңіз порты қай елде тіркелген:

А) Германия

В) Австрия

С) Словакия

Д) Польша

Е) Венгрия

7. Әйгілі «Кох- и -нор» қарындашын шығаратын қала:

А) Прага

В) Острава

С) Яблонец

Д) Пльзень

Е) Ческе-Будеевице

8. Прага қай өзеннің жағасында орналасқан:

А) Эльба

В) Лаба

С) Влтава

Д) Морана

Е) Карвин

9. Чехияның ең ірі сауда әріптесі:

А) Германия

В) Австрия

С) Словакия

Д) Польша

Е) Венгрия

10. Чех шынысының орталығы:

А) Прага

В) Острава

С) Яблонец

Д) Пльзень

Е) Ческе-Будеевице


Тест қорытындысын талқылау. (Слайд № 38)

1

В

2

Д

3

Д

4

А

5

А

6

Д

7

Е

8

С

9

А

10

С


Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасына нұсқау беру


Үйге тапсырма: (Слайд № 39)

  • §18 оқу

  • Чехия жеріндегі маңызды туристік объектілерді анықтап, оларға қысқаша хабарлама дайындау.

Мұғалім : - Балалар, бүгінгі сабақ туралы қандай ойларың бар және келер сабақтарды құрғанда қандай тапсырмаларға көңіл бөлсек деп ойлайсыңдар


Сабаққа рахмет! Сау болыңыздар!







Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицей




hello_html_m38554bd4.gif

Тақырыбы: «Чехия»

hello_html_4c33df31.png


Мұғалім : Наушабаева Д.С.

Өткізілген сынып: 11 эмк







Шымкент 2012 ж

Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров490
Номер материала ДВ-038420
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх