Инфоурок Физика Другие методич. материалыОткрытый урок на тему "Физика және біз"

Открытый урок на тему "Физика және біз"

Скачать материал

Сыныптан тыс шараның  әдістемелік нұсқамасы

 

Тақырыбы:«Физика және біз»

  Мақсаты:

           білімділік: Оқушылардың физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

               тәрбиелік:. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуінетәрбиелеу;

         дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру  

Әдісі: сайыс

Өткізілу уақыты: 45 минут

Өткізу орны: оқу кабинеті.

Пәнаралық байланыс: биология,  физиология

Сабақтың жабдықталуы:  презентация, ұлы физиктердің портреттері

 

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші:

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы оқытушылар!

Біз бүгінгі отырысымызды үйірме мүшелері арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға екі команда қатынасып отыр. 1-топ «Архимед» тобы
2-топ «Ампер» тобы 

 2-жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың

1-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
2-жүргізуші:
Бәріңізге бір сәлем
Онда сайысты бастайық.
Бәріміз асып-саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Сайыста өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.

 

Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.

Сайыстың барысы:

      1. І тур. Сәлемдесу.

      2. ІІ тур. «Өткел» - сұрақ –жауап.(әр топқа 20 сұрақ)
      3. ІІІ тур «Ойлан тап!» -формула табу.

 4. ІV тур «Ол кім, бұл не?» - тапсырмалар орындау

 5. V тур «Үздік тәжірибе» - тәжірибе көрсету

 6. VI тур. Капитандар сайысы

 7. VІІ тур «Физика және медицина» - баяндама дайындау


1-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

1-топ

Шақырып жарыстарға сан-санамен
«Архимед» топ жарғаны жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты
«Ампер» командасын қарсы алады.
«Архимед » биіктерге қалықтасын
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын!
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Әділқазылар алқасына сәлем:

 

2-топ: Осындай алғыр достар кез келгенде
Жетсек-ау жарыстарда біз жеңіске
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар

Тілейміз ізгі тілек сендерге де
Құрметтер алғырларды ой-саналы
«Ампер» сәлем беріп, ән салады
Бүгінгі сайыстағы достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Әділ-қазыларға:
Достық пенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып, әділқазым
Еңбегін «Ампер»      әділ сына!

2-жүргізуші:
ІІ тур. «Өткел» - сұрақ –жауап(Әр топқа 20 сұрақ оқылады)
Әр жауап 1 балл.

1-топ «Архимед» тобына:
1. Физика не туралығылым? (табиғат)
2. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
3. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

 

 

4. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
5. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
6. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
7. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
8. Жылу процестерінің қайтымсыздығы (термодинамиканың ІІ заңы)
9. Дененің температурасы артқан сайын, оның ішкі энергиясы (артады)

 10. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
11. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
12. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы       

        (инерция)
13. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
14. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)
15. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)
16. Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады? (Ноль)
17. Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді?
18. Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
19. 1969 жылы айға табан тіреген американдық ғалымдар (Армстронг пен Олдрин)
20. Ғылыми деректермен негізделген болжам (жорамал – гипотеза)

2-топ «Ампер» тобына:
1. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
3. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
4. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
5. Су неше градуста қайнайды? (100)
6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
7. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
8. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
9. Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)
10. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)
11. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
12. Газдың көлемі тұрақты болып, оның температурасы мен қысымы өзгеретін болса, ол процесс қалай аталады? (изохоралық)
13. Табиғат туралы ғылым. (физика)
14. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)
15. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
16. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
17. Тізбек бөлігіндегі ток каүші қай заң арқылы өрнектеледі? (Ом)
18. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қай шама тұрақты болады? (ток күші)
19. Қыздыру шамының қылы қандай элемент (вольфрам)
20. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы қалай атайды? (меншікті кедергі)

1-жүргізуші:

Ойла-ойла тереңнен
Жақсы емес көп бөгелген
Формуланы білмесең
Өте алмайсың көпірден, - деп  «Ойлан тап!» формулалар сайысына кезек берелік

 

 1-жүргізуші: 

Күй орындалады. (формулалар жазып болғанша)

2-жүргізуші: «Ол кім, бұл не?» - тапсырмалар орындау
Топтарға суреттер көрсетіледі. Соған жауап беру. Әр жауап 1 балл.
1-топ «Архимед» тобына:
Блез Паскаль, Галилей, Ньютон

2-топ «Ампер» тобына
Ампер, Геогр Ом, Джейм Джоуль

1-жүргізуші:

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, деп келесі турымыз «Үздік тәжірибе.» Әр топқа өздерінің өткен тақырыптарынан тәжірибе  көрсетіледі. Бағалануы: 5,4,3
 2-жүргізуші: Капитандар сайысы

1 тапсырма:Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін жазуыңыз керек.

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Күш

F

Н, Ньютон

Жол

S

м

Жылдамдық

V

м/с

Циклдік жиілік

Гц

Жұмыс

A

Дж

Период

T

с

Уақыт

t

с

Толқын ұзындығы

М

Үдеу

a

м/с2

Катушка индуктивтілігі

L

Гн

Кернеу

U

В

Конденсатор сыйымдылығы

C

Ф

Кедергі

R

Ом

Магнит индукциясының векторы

Тл

Қуат

N(P)

Вт

Электр өрісі кернеулігі

В/м

Жиілік

Гц

Толқын ағынының тығыздығы

I

Вт/м2

 

2  тапсырма:  Әр шамаға қатысты сәйкес сандық мәнді қояды.

 

Атауы

Мәні

1

Больцман тұрақтысы

1,38∙10-23Дж/К

2

Жарық жылдамдығы

3∙108м/с

3

Электрон заряды

1,6∙10-19Кл

4

Авогадро саны

6∙1023 моль-1

5

Жер массасы

5,976∙1024кг

6

Гравитация тұрақтысы

6, 67∙10-11Н∙м2/кг2

7

Универсал газ тұрақтысы

8,31Дж/(моль∙К)

8

Еркін түсу үдеуі

9,8 м/с2

9

Күннің массасы

1,99∙1030кг

10

Айдың массасы

7,35∙1022кг

 

3 тапсырма  Кім тапқыр? Мұндай үлкен сөз құралған әріптерді қолданып  сөздер құрастыру.

Электролюминесценция.

4 тапсырма

«Архимед» командасы

1.Қай нан  ауырырақ: ыстық әлде салқын?(Салқын. Ыстық наннан булану болады да, нанда ылғалдылық аз болады.

2. Қайнаған су  мен суық судың  қайсысы жалынды  тезірек сөндіреді? (Қайнаған су.Ол буға суық суға қарағанда тез айналады. Ыстық дененің  айналасында пайда болған  су буы ауаның  өтуін тоқтатады.)

«Ампер» командасы

1.Қар жауғанда  неліктен күн жылынады? (Судың кристалдануы болады да, соның салдарынан жылу бөлінеді.)

 

2.Неге салқын кезде көптеген жануарлар домаланып ұйықтайды? (домаланған  жануарда дене бетінің ауданы аз, сондықтан ол аз салқындайды. Салқын ауамен аз араласу болғандықтан, конвекция да аз)

2-жүргізуші:

Жұмбақ – халық поэзиясының нақты не бір затты немесе құбылысын тұспалдар айтатын және шешушінің алғырлығын сынайтын қысқа жанры. Ол бейнелі суретпен де беріледі.
- Ендігі кезекті жұмбақтарға берелік. Жанкүйерлерге жұмбақ.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

1-жүргізуші:

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

6- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым)

7- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

 

2-жүргізуші:

Ұлы ғұлама  Фуркруа «Физик  болмай тұрып,медик боламын деу ағаттық» десе, орта ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Әл - Фараби өзінің «Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде музыка ол – физика, математика және медицина деп атап көрсеткен. Физикадағы тербелістер математикадағы шектің өзгерісі, медицинада жүректің, өкпенің тербелістері бірдей екен.Олай болса қазір  назарларыңызға  топ мүшелерінің  физиканың   медицинада қолданылуы  туралы  «Физика және медицина» тақырыбына жасаған баяндамасын ұсынамыз.

1-жүргізуші: Енді жанкүйерлерге сұрақтар қоямыз:

1.     Қайсысы ауыр: 1пұт темір әлде 1пұт түбіт?  (бірдей)

2.     Неліктен таудың үстінде  ет пісіруге болмайды? (Төмен атмосфералық  қысымнан, ет пісіретін  судың  қайнау  температурасы  100 С тан төмен)

3.     Қандай  жылулық процестің салдарынан  температура төмендеуі болады? (Булану)

4.     Неліктен  жанып жатқан бензинді сумен сөндіруге болмайды? (бензиннің  тығыздығы  судың тығыздығынан  аз.)

5.     Қар жер бетін жылытады деген дұрыс па? (Дұрыс.Қар жылуды нашар өткізеді.)

6.     Мұз қай кезде  жылытқыш болады? (Оған жанасып тұрған басқа дене одан төмен температурада болса.)

7.     Арамен ұзақ жұмыс жасағанда  ол неге қызады? (Араға әсер ететін үйкеліс  күшінің механикалық жұмыс  есебінен араның ішкі энергиясы артады)

  8. Дыбыс барлық ортада бірдей тарала ма? (жоқ, әртүрлі)
  9. Аспанда балығы неше шоқжұлдыз бар (88)
10. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары кімдікі (Кеплер з.)
11. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын қалай атайды? (жылулық сәулелену)

2-жүргізуші: Ендігі кезекте  үйірме мүшелері өз өнерлерін көрсетеді.

Физикалық айтыс:
1. Көк аспанның төрінді,
Бұлттар жүзіп барады,
Күн күркірі тегін бе?
Жаңбыр неге жауады?
2. Конденсация есебінен,
Көктен жаңбыр жауады,
Ауаның да біркелкі,
Қызбауынан да болады,
1. Бұлт аспанның төрінде,
Найзағай неге ойнайды?
Байқап тұрсаң түбінде
Жаңбыр жаумай қоймайды
2. От ойнатқан бұлтты аспан,
Зарядтардан түзілген,
Күркірегені гүрілдеп,
Ашылады күн күлімдеп.
1. Жылдың төрт мезгілінде,
Мазасыз жел соғады,
Әлде бұл өздігінен бе?
Себебі неден болады?
2. Температура бір болмай
Жылы ауа тарайды,
Конвекция пайда болып,
Жел соқты деп санайды.
1. Қыста аспан түнеріп,
Қар жауады себелеп,
Себебін біз де білейік,
Сұрақ қойдық неге деп?
2. Қардың жауу себебі,
Кристалданар су буы
Жерге құлап түсуі
Ауырлық күшінен болады.

1-жүргізуші:
Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап апты
Физика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ Даналарға туса игі
Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз.   Марапаттау.

1-жүргізуші, 2-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кезедесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Физика және біз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 912 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2017 996
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аймагамбетова Асима Кулмуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39178
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе