Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОткрытый урок на тему "Гиннес кітабына енген қазақ" (2 класс)

Открытый урок на тему "Гиннес кітабына енген қазақ" (2 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Гиннесс кітабына кірген қазақ

Мақсаты:1) Нұртөре Жүсіп және Т. Әубәкіровтың өмірбаянымен таныстыру.Оқушылардың мәтінді дұрыс, түсініп оқуына мән беру. Мәтін кейіпкері жайлы толығырақ мәлімет беру.

2) Оқушыларды дауыстап, мәнерлеп, шапшаң оқуға жаттықтырып оқушылардың ой-өрісін, қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайту.

3)  Қазақтың әйгілі адамдарымен танысу, олардың өмір тарихын оқушыларға үлгі ете отырып,Отанды сүюге, адал еңбек етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық,автор Н.Жүсіптің портреті,Тоқтардың суреті, мақал-мәтел.

Сабақтың барысы:

I.       Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз,                        Қайырлы таң Күн,

Кішіге де сіз.                            Қайырлы таң Жер!

Сәлем бердік сіздерге,       Қайырлы таң достарым,

Құрметпенен біз.                  Қайырлы таң мұғалім!

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанады достарым,

Арайлап атқан таңым!

II. Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, бағалау.

1.С.Мұқанов «Батылдық» әңгімесін викториналық сұрақтар арқылы сұрау, бағалау.

I. Қамбадағы оқиға.

II. Балуан бала.

III. Қасқырмен болған айқас.

IV. Жауды жеңген Балуан.

2.Өткен сабақты қорытындылау:Айлалы батыр алдырмас.

III.Негізгі бөлім.

Оқушыларды ІІІ топқа бөлу.

І топқа сөзжұмбақты шешу: жауабы Тоқтар шығуы керек.

ІІ топқа тапсырма ребусты шешу: жауабы Әубәкіров шығуы керек.

ІІІ топқа тапсырма адасқан әріптерден сөз құрау: жауабы Ғарышкер.

Оқулықпен жұмыс.

Тақырыбын айтып өту, мақсатымен таныстыру.

-Сонымен Гиннес кітабына кірген тұңғыш қазақ ол Тоқтар Әубәкіров екен.

Автор жайлы қысқаша мағлұмат беру.

1.Оқушыларға тізбектей оқытып шығу.

2.Мәтінді бөліктерге бөліп, сол бойынша оқушылардан мәтін мазмұнын сұрау.

3.Жаңа сөздермен жұмыс жасау.

4.Мәтін кейіпкерінің суретін көрсете отырып ол  туралы мәлімет беру.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров: Ғарышкер

 Азаматтығы:        Қазақстан

 Туған жылы, айы, күні:           1946 жылы шілденің 27

 «1-інші май» ұжымшары, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы

 Мансабы: 1           Зерттеуші-ғарышкер

 Дәрежесі: генерал-майор

 Ғарыштағы уақыт:         7 күн 22 сағ 12 мин

 Іріктелуі:    1991

 Тапсырыстары:   Союз ТМ-1

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы— қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Мазмұны :

1. Биографиясы 2. Ғарышқа ұшуы 3. Марапаттары

Биографиясы

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).

1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).

1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.

1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).

1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Марапаттары

Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан» ордені (1995)

Кеңес Одағының:

«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)

«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),

«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)

«Ленин» ордені (1988),

«Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)

«Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)

«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)

Австрия Республикасының:

«Алтын Крест» ордені 1988, «Алтын Крест» ордені (1993)

5.Мәтінмен жұмыс: түсіндіру, оқыту, сұрақтар беру, соңындағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті.

6.«Кім болам?» тақырыбында пікірлесу. Ғарышкер жайлы тақпақтарды айтқызу.

IV.Қорытынды: Т.Әубәкіровтің ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды?

V.Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұнын айту, ғарышкер ағаға арнап өлең шығару.

VI.Бағалау:сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мақтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Гиннес кітабына енген қазақ" (2 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.08.2015 2927
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдапанаева Шолпан Ар. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдапанаева Шолпан Ар
    Молдапанаева Шолпан Ар
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6255
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона