«
ХХI ғасыр
жас математигі » (интелектуалдық ойын)
Жақсылықова К.Ж
Тақырыбы: « ХХI ғасыр
жас математигі »
Мақсаты: Қабылетті ынталы оқушылардың арасында
математикалық ойдың дәрежесін арттыру . Оқушыларды өз шеберліктерін көрсетуге
дайындау. Оқушыларды алғырлыққа , шапшаңдыққа тәрбиелей отырып , ой-өрісін
кеңейту , шығармашылық қабілетін дамыту.
Түрі: ойын-сайыс.
Көрнекіліктері: Қанатты сөздер , қабырға газеттері , түрлі –
түсті шарлар.
Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі .(бағдарламамен
танысу)
1-жүргізуші : Қазақ
халқының ұлы ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма , адамның баласы
бол», «Жақсы көпке ортақ , еліңе , халқыңа
пайдаң тисін »-деді.
«Қараңғы қазақ
көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог С. Торайғыров
өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.
2-жүргізуші. «Білекті
бірді , білімді мыңды жығады» деген халықтың нақыл сөзі мен «Халыққа наннан
кейінгі ең қажеттісі-Білім »(Ж.Дантон) деп айтқандай , бұл сөздер бекер
айтылмаса керек.
1-жүргізуші :
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын , білімді
жастарды анықтайтын , оқушылардың білімге қызығушылығын арттыратын
математикалық « XXI ғасыр жас математигі »
интелектуалды
танымдық ойынымызды бастаймыз.
2-жүргізуші : Білімді
адам еш нәрседен қорықпайды. Әр уақытта батыл. Ен-деше Шақырамыз , келіңдер
жарысуға ,
Күш , өнер
. біліммен алысуға .
Бар өнерді
салайық ортамызға ,
Кәнеки кім
шығады сайысуға -, деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
1-жүргізуші: Танымдық
ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін 2. Бағдарлама:
I кезең « Кім шапшаң ? »
II кезең Тіл- өнер ( үш тілде)
III кезең Блиц турнир
IV кезең Ең , ең ...( математика тарихынан сұрақтар)
V
кезең Жекпе-жек
Ойынды бастамас бұрын
әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
2-жүргізуші :
I кезең « Кім
шапшаң ? » Сайыскерлерге қойылатын сұрақтар
1. Математикадан
координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі,
әрі физигі
2. Натурал
санның мағынасы ( Жауабы: табиғи сан)
3. 100-ді ½
бөліп , 7-ні қосқанда нәтижесі қандай? (Жауабы:207)
4. Бір санға
минус 5-ті қосып , 2-ге бөлдім. Оны 5-ке көбейткенде 25 саны шықты. Мен қандай
сан ойладым? (Жауабы: 15 )
5. Қандай
таңбалар геометриялық фигуралардан кішірейтуден шыққан ?
6. Суретте
барлығы неше үшбұрыш бар ? ( Жауабы: 13 үшбұрыш)
7. 1х2х3х4х5х6=х
(Жауабы: 720)
8. Ағаш үстінде
20 торғай отыр еді , аңшы оның 5-еуін атып түсірді.
Торғайлардың
нешеуі қалды ?
( Жауабы:5)
9. Қандай санның
жазылуында қанша әріп болса , сонша цифр бар ?
(
Жауабы:он және жүз)
10. 4 қайың өсіп
тұр .Әрбір қайыңда 4-4-тен үлкен бұта бар. Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене
бұтақ бар . Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар . Барлық алма саны қанша ?
11. Суретші
мектеп бөлмелелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса , қанша рет 9
цифрын жазу керек ?
12. Дүкеннен мен
сабын алдым ,
Оның және
қабын алдым.
Екі дәптер ,
бір қарындаш ,
Тіс ысқышты
тағы да алдым.
Есептеші
сонда бәрі
Қанша болды
, қолда бары ?
13. . Суретте
барлығы неше шаршы бар ? (Жауабы: 14шаршы )
II кезең
.Тіл-өнер.
1-жүргізуші: Әр ғылым
математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика –барлық ғылымдар атасы
»- деп тегін айтылмаса керек.
2-жүргізуші : «Ақыл
көркі –тіл, тіл көркі –сөз » деп Жүсіп Баласағұн
айтқандай біздің
тарландарымыз өздерінің қазақша , орысша , ағылшынша
шеберліктерін
көрсетеді .
Шарты : Жұмбақ , өлең жолдарын шешімін тауып ,
табылған сөздерді қазақша , орысша , ағылшынша аударады.
1. Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы
еш уақытта талғаны жоқ
2. Біз
санбыз ..
Сызықпыз бөлінген
Дұрыс, бұрыс , аралас
Ондық болып бөлінген
3
Он бір түйе, бес жылқы ,
Екі сиыр , бес ешкі ,
Екі , қоян үш түлкі ,
Таба алмасаң бос күлкі.
III кезең. Блиц турнир.
1-жүргізуші: Сонымен
«Жеті атасын білген ер , жеті жұрттың қамын жер
деп білім тұлпарларын
«Блиц турнир »ойынына шақырамыз.
2-жүргізуші: Шарты: Әрбір
сайыскер кезектесіп ұяны ашып сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса , басқа
оқушы жауап береді. Жауап берген оқушы келесі ұяны ашады. Сұрақтар :
алгебра
|
20
|
30
|
40
|
геометрия
|
20
|
30
|
40
|
логика
|
20
|
30
|
40
|
Сұрақтар Алгебра
20-1-қатар Бүтінді
төртке бөлгендегі бір үлесі (Жауабы: ширек)
30- 2-қатар
«Миллион » ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан адам,
қай
жылы , қайда?
(Жауабы: Ы.Алтынсарин. 1879. Орынборда.)
40- 3-қатар. Гүлнар,
Айша , Рита үшеуі математикадан бақылау жұмысынан
қандай баға алғандығын сұрағанда мұғалім: Әрқайсыңның бағаң
әр түрлі .Гүлнардың бағасы үш емес, ал Ританың бағасы үш емес
деді. Сонда әркім қандай баға алған?
Геометрия :
20-1-қатар. «Биссектрисаның
» анықтамасы.
( Жауабы: Бұрыштың төбесінен шығып , оның қабырғалары-
ның арасымен өтетін және бұрышты қақ бөлетін
сәуле)
30-2-қатар Қозғалысты
бейнелейтін атау.
Жауабы: ( симметрия ) 40-3-қатар «Тіреу негізі – нүкте»сөзінің
авторы
(
Жауабы: Ибатулла Ақбергенов )
Логика:
20-1-қатар Тауда
7ағаш , әр ағаштың түбінде 7-ін , әр інде 7 түлкі , әр түлкіде 7 күшік
бар.Барлығы неше күшік ?
30-2-қатар 2 мен
5-тің арасына қандай таңба қойғанда , 2-ден үлкен 5-тен кіші сан шығады ?
40-3- қатар Қараңғы
бөлмеде 20 пар етік бар. Егер етіктің размерлері
бірдей
болса , 100 етіктен ең болмағанда екеуі парымен болу
үшін
неше етік алу керек ?
IV кезең
Ең, ең ..( тарихи
сұрақтар )
1-жүргізуші : Енді
біздің білімдар балаларымыздың тапқырлығын көрейік:
Ойынды ұпай саны
көп оқушы бастайды.
1.
Қазақ қыздарынан шыққан
тұңғыш педагог доктор математик
(Әбілқасымова Алма Есімбекова )
2.
«Алгебра» сөзі қай елден
шыққан ?(«Әл-Жебр»деген араб сөзі-
нен шыққан. )
3.
«Планиметрия » курсы нені
оқытады ?
2-жүргізуші: Финалға
екі оқушы қатысады.
V кезең 1. Бұл
кім ? (Үш қазақ ғалым
математиктердің суреті, интерактивті тақтада көрсетіледі )
Жауабы:
а) Қазақ
математигі , белгілі әдіскер, физика- математика ғылымда-
рының
кандидаты,
педагогика
ғылымдарының докторы , профессор
Бүркіт
Баймұханұлы Бисенов
ә ) ҚР
ҰҒА академигі , физика –математика ғылымдарының
докторы, профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев
б)
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы – белгілі математик , физика-
математика ғылымдарының арасынан шыққан тұғыш доктор,
профессор, ҚР ҰҒА академигі ,Қазақ ССР-нің ғылымға еңбек
сіңірген қайраткері.
1-жүргізуші : Әділ
қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша , жанкүйерлерге сұрақтар қоямыз.
Жанкүйерлерге
сұрақтар:
1.
Нәрселерді санағанда ,
Керек бізге ауаудай
Айтыңдаршы бұл қандай сан , Жан-жағыңа қарамай.
2. Алманың жартысы
неге ұқсас?
3. 2,5 таяқтың
неше ұшы бар ? ( 6 ұшы бар)
4. 60-ты 0,6-ға
бөлсе қанша? ( 100)
5. Бір таңбалы
санға дәл сондай тіркеп жазса, неше рет өседі? ( 11есе)
6. Күн көзі
жылына неше рет шығады? ( 365)
7. Екі санның
қосындысының квадраты
8. Қандай үш
таңбалы сандардың қосындысы көбейтіндісіне тең
(
1,2,3)
9.Екі түзу
қатар жүріп , Үшіншісін қияды .
Сонда шыққан
бұрыштарды , Кімдер айтып жияды?
( айқыш, тұстас ,сәйкес )
10. «Қосу » және
«азайту таңбаларын негізген кімдер ?»
(Я.Видман, Леонардо да Винчи )
11. Модуль
дегеніміз не?
Кеш соңында жеңімпаз
ойыншы анықталып , қазылар алқасы кешті қорытындылады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.