Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Открытый урок на тему: "Күз береке - күз мереке"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Открытый урок на тему: "Күз береке - күз мереке"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Күз береке - күз мереке»


Мақсаты: Балалардың күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне тоқтату, өнерлерін ортаға салу.


Көрнекілігі:

«Көп жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз»

«Қыркүйек – берекелі күз айы»

Қазан, қараша сөздері. Күзді бейнелейтін плакаттар, бүктемелер, альбом, демонстрациялық материалдар: жапырақ, алма, бидай т.б.


Керекті құралдар: асқабақ, қауын-қарбыз, түрлі қауақтар, көкөніс жемістер, қалалардың суреттері.


Түрі: Ашық тәрбие сағаты.



Cабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе.

Мұғалімнің әңгімесі: – Балалар, бүгін біз берекелі күз айын шығарып салғалы отырмыз. Күз дегеніміз, бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны деп аталады. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырта еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Күзде қыс мезгіліне қамдану басталады. Сондықтан адам да, жануарлар, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Біз бүгін мерекелі де, берекелі күз айына сүйіспеншілігімізді білдіріп, өнерімізді ортаға салмақпыз.


1-бастаушы: Саламатсыздар ма, қадірлі ағайлар мен апайлар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз



2-бастаушы: Саламатсыздар ма, құрметтті көрермендер! Кешімізді бастамас бұрын халық неліктен күзді «Алтын күз» дейді. Соған тоқтала кетейік.



1-бастаушы: Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Әр жыл мезгілінің өз қызығы, өз науқаны бар.



2-бастаушы: Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

1-бастаушы: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Ол өзінің күнімен, өз көрінісімен әсерлі.

Мұғалім:

Қараңдаршы, балалар

Көзің тоймас қарасаң да

Күз деген-бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі?

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?


1 – оқушы::

Алтын күз деп

Біз айтамызсол үшін де

Сары алтындай сары қауын

Көп піскен соң бау ішінде.


2 – оқушы::

Жаңа піскен алма баққа

Көзің тоймас қарасаң да

Қараңдаршы сары алтындай

Жапырақты қайың, талға

Мұны көріп күзді қалай

Теңемессің сары алтынға.


3 – оқушы::

Қараңдаршы қандай сұлу

Бидай басқан мына дала

Әрбір адыр, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай.


Мұғалім: Сонымен, сары алтындай сары күз қыркүйек айынан басталады екен. Олай болса бізге берері мол сағына да, сарғая күткен күзімізді қарсы алайық


Хормен: мерекелі, берекелі «Алтын күз» келіңіз!

1-бастаушы: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

2-бастаушы: Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Күз:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығына қаныңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

/Күз сары жапырақ үлестіреді/

«Құстар қайтып барады»

1-бастаушы:

Астық жеміс жиылды,

Аспанннан нұр құйылды.


Хормен:

Ардақты күз, мың алғыс,

Алдық өнім, сыйыңды.

1-бастаушы:

Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Күз:

Рахмет, балалар өнеріңе,

Ризамын, халықтың өреніне.


Мұғалім: Ал, балалар, біз күз бойы оның жемісін жеп, өнімін алып, қуанышқа кенелдік. Сондықтан да күзге рахметімізді айтайық, өнерімізді көрсетейік. Келесі жылы да бізге көп өніммен келсін.


Күз: Бәрекелді, бәрекелді өнерлеріңді ортаға салыңдар. Ақыл бастан, өнер жастан шығады.

1-бастаушы:

Білімнің думаны

1-ші қыркүйек

Айрықша думанды

Айымыз ең тәуір

2-бастаушы:

Күз – байлық кенелді

Шаттығы қаншалық

Әнекей келеді

Құтар да ән салып

/Құстар қанат қағып, маршпен билеп келеді/

Қош бол өскен жеріміз

Айдын шалқар көліміз

Күнде думан құрамыз

Күн шуағын төккенде

Қош бол өскен жеріміз

Айдын шалқар көліміз

Қаһарлы қыс өткенде

Қайтып келем көктемде

1-бастаушы:

Қызды қайнап ел ісі

Қырман – думан жер үсті

Елдің тойлап жүргені–

Еңбегінің жемісі

2-бастаушы:

Әне, қызып аламалар-

Әсем құстың жұлдызы

Алма терген балалар

Албырайды нұр жүзі

/Алмалар шығады. Теңесіп тұрып/

4 – оқушы:

Күздік апорт алмамыз

Күннен қуат аламыз

5 – оқушы:

Жаздан бізге күз артық

Жайнадық та қызардық,

6 – оқушы:

Көрік бердік ерекше,

Көк базарды қызартып.

/Шығып кетеді/

Күз:

Өте дұрыс балалар.

Менің жемістерім туралы тағы не білесіңдер

7 – оқушы:

Бізде бар бау-бақша

Өседі көп жеміс

Үлкендігі мынадай

Кішілігі мынадай

Онда өседі көп сәбіз

8 – оқушы:

Үлкендігі мынадай

Кішілігі мынадай

Әй, сәбіз, сен сәбіз

Азырақ би билеп

Қамбаға кеп түс, сәбіз.

9 – оқушы:

Ел егінді жинайды

Қоймаға астық сыймайды

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала

Күз:

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Ризамын өнершіл өрендеріме

1-бастаушы:

Аю жатыр үйінде

Төрт түлік мал күйінде:

Барлық аңдар шаттанып

Басты күздің биіне

/Қоян, тиін, қошқар, теке шығады/

Қоян:

Қуып мені састырған,

Құтылмадым қасқырдан.

Аңғармасын жонымды,

Ауыстырдым тонымды.


Күз: Тоның қандай қонымды.


Тиін:

Еркін жүрген тиінге,

Еңбек ету қиын ба.

Күздің алып сыйларын,

Қыстық жаңғақ жинадым.


Күз: Тағы да мол сыйларым,

Тап ініңе жи, жаным!


Қошқар:

Қызмет еткен Отанға,

Рахмет отан шопанға.

Күз: жүрген жері береке,

Ол еңбекшіл ер екен.


Теке:

Кел достар, ойнайық,

Күздің тойын тойлайық.

Айтқаныңды лайым қып,

Ал жасаймыз дайындық..

/Бәрі бір айналып билейді.

/

Күз: Жарайсыңдар, балалар, ал күз туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?


Шешіп көрейікші.

Бойын жерге жасырған Қалың киім ұнатады,

Бұрымы бар жасылдан. Шешіндірсең жылатады.

(сәбіз) (пияз)


Әр желінің асты толған көк қоян Ұзын мұртты сарылар

Көк қоянды жаз болғанды жеп қоям Қойынында наны бар

(қияр) (бидай)


Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызғылт дәу жатыр

(қызылша)


Күз: Жұмбақ шешуге жүйрік екенбіз

Күз туралы қандай өнерің ба?



10 – оқушы:

Қайтқан құсты көрдің бе

Қаптап ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе

Сыңсып бағың мәуелеп

Қамба толы астыққа

Алғыс саған, алтын күз,

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.


11 – оқушы:

Сары алтындай, сары күз-

Қамбадағы дәніміз

Шелек, шелекбалымыз

Ағыл-тегіл ағымыз

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз-

Алтын ұя мектепке

Сабақ бастар кезіміз.


12 – оқушы:

«Күз» А.Құнанбаев

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін, тойғаныма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан


Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай

Өэ өнерлерін көрсеті.


  1. Қазақ биі: Орындайтындар; Ұлданай, Бейбіт, Мерей, Фариза.


2. «Шегіртке мен құмырсқа» мысал

Автор. Нұрсұлтан; шегіртке Бақдаулет; құмырсқа Нұрасыл.


3. Ән: «Мектебім» орындайтын: Қуаныш Даулет.


4. «Бидай мен қаңбақ»

Автор Бейбіт; бидай Даулет; қаңбақ Асылан.


5. Би: «Аққу биі» орындайтын қыздар тобы.


6. Хор: «Менің Қазақстаным»


Күз: Ал, балалар, күз туралы көп жырлауға болады екен.

Өнерлеріңе көп рахмет. Мен де, сендерге құр қол келгенім жоқ. Тәтті сый ала келдім. Алыңдар балалар, келер жылға дейін мені ұмытпаңдар.

Балалар (хормен)

  • Рахмет саған, «Алтын күз»


  • Күз: Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын.


Қорытынды:

Мұғалім:

Сонымен, балалар күз дегеніміз, біріншіден – байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма,. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап-сары. Халық сондықтан күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден күз – қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық кез. Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. Күзде оянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың.


Бата:

Дастарханымыз тоқ болсын

Уайым – қайғымыз жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін басымызға

Ғұмыр берсін жасымызға

Пәлі-жала, жын-шайтан,

Жоламасын қасымызға

Аллау – акбар!

Кеш аяқталды.



Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров121
Номер материала ДВ-328188
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх