Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему "Литосфералық тақталар туралы ұғым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Открытый урок на тему "Литосфералық тақталар туралы ұғым"

библиотека
материалов

География пәні ашық сабақ

Күні: 20.11.2015ж

Сынып: 6 Тақырыбы:Литосфералық тақталар туралы ұғым

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға литосфералық тақталар жайлы ұғым беру.

Дамытушылық :Литосфераның ылғи даму үрдісінде болғандығы жайлы дүние танымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып,картамен жұмыс дағдыларын,ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жер қозғалыстары туралы білімдерін кеңейтіп, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, «Литосфераның құрылысы» суреті, интерактивті тақта

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру-2 мин

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық жаттығу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру -10 мин

Сөзжұмбақ шешу.


1.Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жынысы қалай аталады? (магмалық)

2.Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануалардың қалдықтарынан пайда болған тау жыныстары? (органикалық)

3.Тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айырылады,құрамы өзгереді,осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары қалай аталады? (метаморфтық)

4.Грекше "сфера" қандай мағына береді? (шар)

5.Грекше "мантион"қалай аталады? (жамылғы)

6.Грекше "био" қандай мағына береді? (тіршілік)

7.Жердің тіршілік қабығы? (Биосфера)

8.Жер шарын қалың қабат түрінде ең сыртынан қоршап тұрады? (Атмосфера)

9.Грекше "гео"қандай мағына білдіреді? (жер)

10.Жердің атмосфера қабаты қалай аталады? (ауа)

11.Жер қыртысының түрі? (материктік)

12.Мұхиттық жер қыртысында қандай қабат жоқ? (гранит)

13.Жердің су қабығы? (гидросфера)

14.Магмалық тау жынысы? (базальт)

15.Жер қыртысының түрі? (мұхиттық)

16.Суға түрлі заттар араласып,ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып,жер қабатына қосылады,мұндай жолмен пайда болған шөгінділерді қалай атайды? (химиялық)

17.Сумен ағып немесе желмен ұшып көл,теңіз түбіне жиналған,тұнба жыныстарды қалай атайды? (кесек)

18.Гранит қандай минералдардан тұрады? (кварц)

19.Жердің ең сыртқы қабаты? (жер қыртысы)

20.Жердің өзегі ядро неден тұрады? (никельден)

Сөзжұмбақта ерекше белгіленген бағанда "Литосфералық тақталар" жазу шығады.

ІІІ.Материалды түсіндіру кезеңі-20 минут

1. Ой қозғау. (Литосфекралық тақталар туралы бейнесюжет 3 мин)

2.Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты мына тезис-жоспармен презентацияларды көрсете отырып түсіндіреді.

1.Жер қыртысы орасан зор тақталардан тұрады.

2.Еуразия,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка,Африка,Үнді-Аустралиялық,Антарктикалық және Наска тақталарының шекаралары материктердің шекараларымен сәйкес келмейді.

3.Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып,жылына 2-5 см ығысып,қозғалыста болады.

4.Мантияның беткі қабатында жылжып жүрген тақталар өзара кездесіп,соқтығысады.

5.Мантияны құрайтын қоймалжың зат жоғары көтеріліп жер қыртысын жарады.Осы жарық ажыратқан литосфераның бөліктері жан-жаққа жылжи бастайды.Мысалы,мұхит ортасы жоталары осындай жолмен пайда болған.

6.Тақталар қақтығысқан жерде магмалық ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық көбінісе шөгінділерден құралған материктік жеңіл қабықтың астына кетеді.

7.Тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы пайда болады.Оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып кетеді немесе тау жоталары түзіледі.

8.Материктік тақталар бір-бірімен соқтығысқан жерлерде де тау түзіледі.


ІV. Бекіту кезеңі - Тест жұмысы-5 мин


1.Жердің сыртқы қатты қабығы.

А)Биосфера В)Атмосфера С)Литосфера Д)Гидросфера

2.Жер қыртысының қалындығы.

А)Тау сілемдерінде В)Жазықтарда С)Мұхитта Д)Тау сілемдері мен мұхитта

3.Жердің ішкі құрылысы.

А)Литосфера және мантия В)Мантия және ядро

С)Литосфера және ядро Д)Литосфера,мантия және ядро

4.Қазіргі кездегі бұрғылау қондырғылары Жер шары қыртысының қандай бөлігіне дейін жетеді?

А)100 км В)50 км С)15 км Д)100 м шамасында

5.Ең ежелгі бір тұтас материк.

А)Лавразия В)Пангея С)Гондвана Д)Австралия

6.Жер қыртысының түрлері

А)Материктік және мұхиттық В)Литосфералық С)Теңіздік және қалқандық Д)Теңіздік

7.Жер қойнауы терендеген сайын тау жынысының температурасы

А) Артады В)Ең алғаш артып қайтадан төмендейді С)Өзгермейді Д)Кемиді

8.Жеке дара мұхитты алып жатқан тақта.

А)Африка В)Солтүстік Америка С)Тынық мұхит Д)Еуразия

9.Мұхит түбіндегі таулардың созылып жатуы?

А)Мұхит Орта жоталары В)Қырат С)Қатпарлы тау Д)Жақпарлы тау

10.Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығысуынан Жер шарындағы аса биік қандай тау түзілген?

А)Кордильера В)Анды С)Гималай Д)Орал

Тест жұмысының кілті:





Бағалау

5” – 10 жауап дұрыс

4” – 8-9 жауап дұрыс

3” – 6-7 жауап дұрыс

V. Жаңа сабақты қорытындылау- 5 мин

1. Географиялық тапсырма (контур карта)

2.Сәйкесендіру

Үнді-Аустралия Тау

2-5 Тақта

Атлас Мұхит орта жотасы

Орталық Үнді см



VІ. Бағалау: - 2 мин



VІІ. Үйге тапсырма - 1 мин






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.10.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров96
Номер материала ДБ-256692
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх