Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Открытый урок на тему "Маңғыстау -бірлік пен татулықтың Отаны"

Открытый урок на тему "Маңғыстау -бірлік пен татулықтың Отаны"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_10a2c059.gifСабақтың тақырыбы: Маңғыстау-бірлік пен татулықтың Отаны.


Сабақтың мақсаты: 1. Жас ұрпақты Отанын ,туған жерін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,көп ұлтты , бейбіт ел екендігін таныта отырып мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.
2. Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
3. Тәрбиелігі:Елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу.Оқушыларға Маңғыстау «қара алтын» өлкесі екендігі туралы түсінік беру;Маңғыстау өлкесі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін арттыру;

Көрнекілігі: карта, слайд, сызба
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық, іздену
Түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.

ІІ.Бейнеүзік: «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет.»

ІІІ.Ой қозғау: Осы бейнеүзікті көргеннен кейін Отанымыз туралы не білеміз, ойларымызды ортаға салайық.Қазақстан қандай мемелекет деп ойлайсыңдар?

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын-қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр.

ІV.Бейнеүзік. «Маңғыстауым – мекенім

V.Топтық жұмыс:

1 топ: Маңғыстауды мекен еткен түрлі халықтар.

2топ: Түрлі ұлттардың достығы туралы не білесіңдер

3 топ: -Қазақта ырыс қайда барасың десе?
-Ынтымағы жарасқан елге барам деген нақыл сөз бар.Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

.Сергіту сәті.

VІІ. «Кім көп біледі?» ойыны Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.(Қай топ қанша мақалдың жауабын табады, сол топ мадақталады)
а) Отан -... да ыстық.
б) Отансыз адам -... орман.
в) Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде... бол.
г) Туған жердей жер болмас,
Туған... ел болмас. 

д)Ер елімен жақсы,...
(Жер кенімен жақсы)
е)Ұлтарақтай болса да,...
(Кіндік кескен жер артық)
ж)Тау бұлағымен сәнді,...
(Жер құрағымен сәнді).


VІІІ.Тест жұмысы. (Барлық топқа ортақ бір нұсқа беріледі, нәтижесі бойынша топтар бағаланады)

-Тест.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі:
а) орыс тілі ә) қазақ тілі б) ағылшын тілі
2. Қазақстанның рәміздері:
а) ту, елтаңба, төл теңге
ә) елтаңба, ту, әнұран
б) президент, ту, парламент
3. Қазақстан халқының ұлттық ақшасы:
а) доллар ә) теңге б) сом
4. Қазақстан халқының бас қаласы:
а) Алматы ә) Ақтау б) Астана
5. Әнұран қалай айтылады?
а) отырып айтылады
ә) қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады
б) түзу тұрып айтылады
6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
а) Нұра ә) Ертіс б) Есіл
7. Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?
а) ту ә) елтаңба б) әнұран
8.Маңғыстау облысының бас қаласы:

а) Форт Шевченко ә) Жаңаөзен б) Ақтау

Жаңа мәлімет:
Ақтау - Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы. Облыстың солтүстік батысы мен батысын Каспий теңізі жиектеп жатыр. Каспий – қазақ елінің кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресеймен байланыс жасалады. Жылына Ақтау порты арқылы 1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданады.

ІХ. Әдеби- монтаж:

1 оқушы:

Маңғыстау - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке. «Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз»,- деген Н. Андрусов.

2- оқушы:

Маңғыстаудай маң өлке
Біздің туған жер болар,
Топырағына аунаған,
Толағай жүрек ер болар,

3- оқушы:

Сағынышым Маңғыстау,
Бақ ырысым ән қыстау,
Арттағыларға аманат -
Атақ, даңқыңды алға ұстау,

4- оқушы:
Сүйінқара, Шабайлар
Аруағы қозған жер,
Құлшар, Есір, Өскінбай
Абыройы озған жер.

5- оқушы:
Қазыналы түбекті
Халқым бүгін қазған жер,
Тарихы мен тағдырын
Тас-кітапқа жазған жер.

6- оқушы:
Ақпа өлеңнің атасы
Абыл ақын туған жер,
Төкпе жырдың төресі
Қашаған белін буған жер.


7- оқушы:

Елі сенген еріндегі жүрекке,
Ері сенген еліндегі тілекке,
Бір ауыл бар қазақылық сақталған,
Маңғыстау деп аталатын түбекте

8- оқушы:

К. Паустовский : «Маңғыстауға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады.

Мұғалім:

Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», көп ұлтты достық жалауы тігілген өлке.Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Маңғыстау жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.


Қортынды: Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

ӘН; Туған жер













Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Мұнайшы ауылы №7 орта мектеп






Сынып сағаты


Картинки по запросу кітап суреті



2 «Ә сынып мұғалімі Джанбирова Г. А.









2015/2016 оқу жылы





Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Мұнайшы ауылы №7 орта мектеп







ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Ана тілім- айбыным


https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=f910905c4975eceab6cbf89243310c00&n=24


2 «Ә»сынып мұғалімі Джанбирова Г.А..









2015/2016 оқу жылы













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров227
Номер материала ДВ-059372
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх