Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему "Мағжан Жұмабаевтың "Сүйемін" өлеңі"

Открытый урок на тему "Мағжан Жұмабаевтың "Сүйемін" өлеңі"

  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

Әдебиет 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағжан «Сүйемін» өлеңі

Сабақтың мақсаты.

а\білімділік.Мағжанның ақындық ерекшелігіне,өміріне тоқтала отырып,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып көрсету

б\тәрбиелік Елін,халқын,анасын құрметтеу,Отанын сүюге тәрбиелеу.

в\ дамытушылық Оқушылардың көркем,поэзиялық шығармаларды талдау дағдыларын жетілдіру,мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру,ой-өрістерін кеңейту.

Пәнаралық байланыс: ән,тарих,география

Көрнекілік: табиғат,анамен бала,шөл дала,әйел,М.Жұмабаев суреті

Түрі: жоба тұрғыза отырып  жаңа тақырыпты игерту

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,топтық жұмыс

Сабақтың барысы: 

а\Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдерме балалар!Бүгін біздің сабақ ашық сабақ түрінде өтеді.

Сабақ барысында жоба тұрғызу әдісін пайдаланамыз. Сабақ жүйесі мынандай үлгіде болады.

1.Бәйгеге сыйлық.

2.Шығамын білім шыңына.

3.Сергітеміз ойды біз.

4.Болмасақ та ұқсайық.

Сынып алдын-ала екі топқа бөлінген.

БІРІНШІ ТОП-ОТАН Екінші топ-Алаш

Негізгі бөлім.

«Сыйлық» ойыны

Екі топ бір-біріне сыйлық жасайды.Қандай сый екені құпия.Сыйлықты айтып бермейді өз қалауымен беріледі.Нағыз достың сыйлығы тіпті ерекше.Ал достар бір-біріне адал,тұрақты болу керек.Шын дос жанын беруге де дайын.Сол себептен алдымыздағы деңгейлік дәрежеге байланысты берілген тордағы ұпайларды алып, соған сай тапсырмаларды орындай қояйық.

10

30

50

20

40

60

10- І.Жансүгіров қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

20- І.Жансүгіров кім?

30- Ілиястың «Бөбек бөлеу» өлеңінің негізгі идеясы қандай?

40- Бесік жырының мәні неде?

50- Бесік жырынан үзінді айтып бер.

60- Халық педагогикасы жайлы , баланы бесікке бөлеудің дұрыс, бұрыс жақтарын айтып зерттеген кім?/М.Жұмабаев/

Алаған қолым береген дегендей сендерге тор көздері мынандай дүние сыйлайды. Тақтаға іліп қойыңдар, жақындатып. /үй фундаменті-екі төрт бұрыш/


Ал қай топ неше ұпай алды? Алған ұпайларын екі топ бір-біріне сыйлық ретінде ұсынады.Сыйлық әр кезде де жарасымды.Сыйлау барда үлкен бар, үлкен барда кіші бар.Олар барда сыйлық пенен сүйіспеншілік бар демекші ендігі сөз не жайлы болады деп ойлайсыңдар?Алдарыңдағы тірек суреттерге дұрыстап қарап не жайлы сөз қозғамақпыз деп ойлайсыңдар?

-Ия,Мағжан жайлы, ана, ел, туған жер жайлы деп ойлайсығдар ма?

Бір оқушы алдын-ала берілген баяндамасын айтады.

Слайдтан Мағжан суреті, өмірі туралы мәліметтер шығып отырады.

Мағжан-ақын, зерттеуші, аудармашы. М.Жұмабаев 1893жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Булаев болысында дүниеге келген. Әкесі Бекен /Бекмағамбет/ орта дәулетті, парасатты, беделі жоғары адам болған.Ауыл мұғалімінен хат таниды. Содан 1905жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, жақсы деген бағамен бітіреді. Бұл білімге қанағаттанбай Уфаға аттанады.Онда татар халқының ғалымы Ғалымжан Ибрагимовпен танысады.Сол адамның көмегімен «Шолпан»атты өлеңдер жинағын шығарады.сосын омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.Осы жинаққа енген өлеңдері мыналар: «Өмір», «Анама», «Сағындым», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан».т.б

Поэмалары: «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы»,

«Тоқсанның тобы», «Батыр Баян».

Мұғалім жатқа «Сүйемін» өлеңін оқиды.

Күлдей күңгірт // шашы бар // — а

Тоқсан бесте // жасы бар //-а

Көз дегенің // сұп-сұр көр // — б

Тасбиық санап // бүгіліп //-в

Жерге қарап // үңіліп // — в –в

Көрсе ауыр // күрсіне – а

Менің бір карт // анам бар // — а

Неге екенін // білмеймін // // — г

Сол анамды // сүйемін // — г

Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы.

Иірілмейді жыландай,

Сөзі де жоқ құрандай.

Білгені – қазан - ошағы

Жабайы ғана жарым бар.

Неге екенін білмеймін –

Сол жарымды сүйемін.


Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар.

Неге екенін білмеймін,

Сол елімді сүйемін.


Сағым сайран кұрады,

Бораны ұлып тұрады,

Қыс — ақ кебін, жаз — сары.

Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,

Мәңгі өлік сахарасы,

Сарыарқа деген жерім бар.

Неге екенін білмеймін,

Сол Арқамды сүйемін! —

 Сөздікпен жұмыс

4.   Тасбиық-діни адамдардың сыйыну үшін қолданатын моншақ тізбегі.

  Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен       одағы<қазақ> деуден бұрынғы атауы.

Кебін-өмірден өткен адамдарды орайтын ақ матадан тігілген киім.

3\Өлең құрылысына талдату.

1 шумақ 3 тармақ 2 бунақ

7 буын,аралас ұиқас

 4\ Ақын кімдерді сүйеді?— қарт анасын

                                              Жарын

                                             Алаш-елін, жерін

Ақынның сүйетіні нешеу екен?Ия төртеу, төрт құбыла тәрізді. Төрт құбыланы кім атап береді?

-Оңтүстік,Солтүстік,Батыс,Шығыс.

Енді ауызша сызбаны толтыра қойыңдар.

Анасы

Жары

Елі

Туған жері

Тоқсан бесте

Көзінде нұры жоқ

Ескі заңымен жүрген

Сағымы сайран құрады

























Тапсырма орындалып астынан төрт бұрышты сурет шықты. Оны да ретімен жапсырып қоялық.




-Балалар осы төрт ұғымды байланыстыратын жалғыз ұғымды атап көріңдерші.

-Махаббат, сүйіспеншілік, өмір т.б.

Осы төртеуін біріктіріп тұрған сүйіспеншілік сөзімен шатыр жасап қояйық.Не шықты? Үй. Оған қалай кіреміз?Тез арада өлеңді талдай қойсақ есікті де аламыз.

Өлең   2 БУНАҚТЫ,7БУЫНДЫ,4 ШУМАК, ЖАЛПЫ 33 ТАРМАҚ, АРАЛАС ҰЙҚАС.    

Мақал-мәтел жазу

6\Өлеңнен эпитет,теңеуді табу

 Теңеу:күлдей,жыландай,құрандай

 Эпитет:күңгірт,сұп-сұр көр,жабайы жар,ұйқы басқан қабағы.

Үйімізге есік те келіп орнады.

Енді не жетіспейді?

-терезе.

Сергіту сәті. «Оркестр»ойыны/Ойымызды, көңілімізді сергітсек жарық та түседі/

Күй ойнап тұрады.Ойша түрлі халық аспаптарымен ойнағандай әрекет жасаңдар.

Қобыз,домбыра, топшур,шор, сырнай, гитара,сыбызғы, барабан т.б.

Терезе келді.Енді бұл үйде жайбарақат өмір сүруге бола ма?

Сонымен Өмірге байланысты мына бір сөзбен ой қозғап көрейік. «Сүйіп көрмеген-өмір сүріп көрмегенмен бірдей» деген Жан Батис Мольердің /француз актер, драматург/ сөзін қалай түсінесіңдер?

Күй ойнап тұрады.

Болмасаң да ұқсап бақ

Егер сен ақын болсаң өлеңді қалай жалғастырар едің?

Көмек Неге екенін білмеймін

Сол баламды сүйемін

. Неге екенін білмеймін

Өз үйімді сүйемін


Сабақты бекіту:1\Ақынның еліне,жеріне деген махаббатын қай жерден көруге болады?

2\Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

НЕ жайлы ой қозғадық?

Осыған сай қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Қорытынды: Сабақ сендерге ұнады ма?несімен?

Окушыларды бағалау

Үйге тапсырма:  өлеңді жаттау.

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров70
Номер материала ДБ-006364
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх