Инфоурок Другое КонспектыОткрытый урок на тему "Менің денсаулығым – менің болашағым"

Открытый урок на тему "Менің денсаулығым – менің болашағым"

Скачать материал

 

Менің денсаулығым-менің болашағым

Мақсаты: оқушыларды денсаулықтарын сақтауға, ізгілік пен мейірімділікке, ұқыптылыққа баулу.Болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу.

Түрі: топтық, ұжымдық

Көрнекілігі: слайдтар, суреттер.

Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

                                                     Балалар! Біздің өмірімізді жарық қылатын, жанымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлығымыз не деп ойлайсыңдар?

(балалардың жауабы тыңдалады)

                                                     Денсаулық

                                                     Дұрыс айтасыңдар.

                                                     Ал,балалар,әрдайым назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

        «Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді

        Құр айтпаған ұлы ойшыл данамыз да.-деп бүгінгі «Менің денсаулығым-менің болашағым» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

                                                     Балалар!Сабақты бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық.

Топ басшыларын ортадан сайлау өздеріңе ұсынылады.

(балалардың жауабы тыңдалады)

                                                     Тамаша!

Денсаулық – баға жетпес жалғыз ғана асыл дүние.Әр адам өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет.Сондықтан да әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.

                                                     Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегеніміз не?

(балалардың жауабы тыңдалады)

                                                     Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану ...

Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытын Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында дұрыс жүргізуді атап көрсетті.

 

 

 

 

 

       Балалар!Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша адамдар денсаулығы: 

Сыртқы  орта факторларының   әсеріне

Тұқым қуалаушылыққа, яғни тегіне

Өмір сүру дағдысына

Денсаулық сақтау ұжымдарына

 

    18-20 %

 

     18-20 %

 

    49-50 %

 

   8-10 %

 

байланысты.

                                                     Балалар!Сабақ 4 бөлімнен тұрады.

I бөлім. Кім көп біледі?

Балалардың алдына жеке парақтар  таратылады.Балалар жалғасын тауып, жазып, тақтаға іледі.

1-топ:

1.Дана көптен шығады...

(Дәрі шөптен шығады)

2.Бірінші байлық – ...(денсаулық)

3.Ауырып ем іздегенше, ... (Ауырмаудың жолын ізде)

4.Ауру батпандап кіреді, ... (мысқылдап шығады)

5.Тісі саудың – ...(іші сау)

2-топ.

1.Денсаулық – ... (зор байлық)

2.Ішің ауырса, аузыңды тый,

Көзің ауырса, ... (қолыңды тый)

3.Дені саудың ....(жаны сау)

4. .... – денсаулық кепілі.(Тазалық)

II бөлім. Денсаулықтың  достары мен қастары

                                                     Балалар!Мына суреттерден денсаулықтың достарын бір бөлек, қастарын бір бөлек жинап көрсетейікші.

Достары: таза ауа, күннің сәулесі, құнарлы тағам, еңбек,таза киім, тазалық,дұрыс ұйқы.

Қастары: еріншектік, ұқыпсыздық, тойымсыздық, әдепсіздік, ұйқышылдық, надандық.(суреттерді балалар бөліп, жекелеп іледі)

     – Олай болса, экранға қарайықшы.-Денсаулықтың достарымен достасқан адамның өмірі қандай?(слайд 1.)

                                                     Денсаулықтың қастарымен достасқан адамның өмірі қандай?

(слайд 2.)

(балалардың жауабы тыңдалады)

III бөлім. Жарнама

(Әр топ берілген тапсырмасын қорғайды)

1-топ.  Айранды көрсетіп:

Айранның денсаулыққа пайдасын айту.Айран сүттен жасалады.Ол- өте пайдалы, дәруменге толы.Денсаулыққа зияны мол «коланы» ішпей, айран ішейік!

2-топ.Құртты көрсетіп:

Бұл сиырдың сүтінен жасалған құрт.Оның тіске, ағзаға көп пайдасы бар. Орбит сатып алғанша, құрт сатып алған жөн!

Ойын: «Қатты күлкі-денсаулық кілті»

Дауыста, атыңды айтам ...
Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.

IV бөлім. Денім сау болсын десең...

                                                     Зиянды әдеттерден аулақ болу керек.

                                                     Өтірік айту мен жалқаулықтан аулақ болу керек.

                                                     Тазалық сақтау керек.

                                                     Дұрыс тамақтану керек.

                                                     Спортпен  шұғылдану керек.

                                                     Күн тәртібін сақтау керек.

                                                     Дұрыс айтасыңдар!Осыдан келіп біздің бойымызда ерекше күш-жігер, ынта, мол қуаныш, аса ерекше белсенділік, жауапкершілік, өмірге деген мықты қызығушылық пайда болып, өз денсаулығымыз өз қолымызда болатынын білдік.

                                                     Олай болса ең қымбатты байлығымыз – денсаулықты қалай қорыта айтуға болады екен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды:

Құрметті,ұстаздар! Сабағымызды қорытындылай келе, біздің балалар өз қатарларына мынадай үндеу жарияламақшы.Үндеуді Пернәлі Айсұлу оқиды:

       Құрметті, жас жеткіншек! Өзіңнің бос уақытыңды пайдалы іске арна. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың өз қолыңда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді.Оны жақсы етіп өткізу сенің қолыңнан келеді! Өзіңе сен. Денсаулығың мықты болсын! Спортпен айналыс.Сен ел үшін керексің,өйткені сен – тәуелсіз еліміздің болашағысың!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Менің денсаулығым – менің болашағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 350 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 1561
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулешова Райхан Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулешова Райхан Жанатовна
    Тулешова Райхан Жанатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1630
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой