Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Открытый урок на тему "Мейірімділік анадан, әдептілік данадан"

Открытый урок на тему "Мейірімділік анадан, әдептілік данадан"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Мейірімділік анадан, әдептілік данадан


Мақсаты:


  1. оқушыларды ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімді нығайту;


  1. оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру;


Көрнекілігі: тақырып жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған

нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, компьютерде жазылған слайд,

проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.


Барысы.


Кіріспе:

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз.


Баланың бас ұстазы-ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ». «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Халқымыз «Бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген.


Негізгі бөлім:


Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұзафар Әлімбаевтің мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.


(Музықалық көркемдеу, әуенді музыка ойналады.)


Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

Қайтсем ғана осыны адам етсем?

Басқалардың осындай балалары

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен ...

Туа сала тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтсем.

Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлар

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,

Болмаса да жарғанат дара бөтен.

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!


- Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге орындалады.

«Әрбір баланың мінез-құлқы ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, өз ойымызды ортаға салып, пікір алмасайық.



(Сұрақтар слайдпен көрсетіледі)



  1. «Тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» деп А.С.Макаренко айтқандай сіздердің отбасыңызда осындай дәстүр қалыптасқан шығар деп ойлаймын. Сол туралы айтып өтсеңіздер?

  2. Бала тәрбиесінде қандай қағидалар ұстанылады?

  3. «Мейірімділік – мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» дегенді қалай түсінуге болады?

  4. Теріс әрекеттер үшін қалай жазаланасыз?

  5. Игілікті іс істесеңіз қандай мақтау аласыз?

  6. «Бақытыңды балаңнан ізде» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  7. Балаға ақылды қалай айту керек?

  8. Тілді бір айтқаннан алмаған жағдайда не істеу керек ?






Бала тәрбиесіндегі қағидалар


(Слайдпен көрсетіледі)


  1. Адамды жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

  2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай-тәрбиедегі жаман әдіс. Адам оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.

  3. Өзің сыйламай тұрып, өзіңе ілтипат, құрмет талап етудің өзі ұят.

  4. Адамның айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап, ақыл-кеңес беру керек.

  5. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап кұрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала сондай болуға ұмтылады.


Мейірімділік-адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенінше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе ол мейірімділікке жатады.

«Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең ұрыс жолы» деп ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескертіп, қорытынды шығырып отыру керек.


- Іс-шарамыздың келесі бөлімінде мына бейнебаянға назар адарсақ (Б.Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі.)


1) Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар, қалай әсер етті?

2) Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?

3) Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?


(Келесі бөлімде «Бала тілегі» атты бейнебаян ұсынылады)

«Бала тілегі» атты бейнебаяннан өрбитін сұрақтар

  1. Осы бейнебаяннан қандай ойлар туындайды?

  2. Әкесінің ондай жағдайға душар болуына не әсер етті?

  3. Ата-аналарыңызға деген махаббаттарыңызды білдірудің жолдары.

  4. Жақын адамдарыңды ренжітпеуді үйрену жолдары.

  5. Ата-ана көңіл күйін түсіну жолдары.

  6. Бірдеңе бүлдіріп алған кезде ата-ана алдында өзіңді ұстау жолдары т.с.с.


Қорытынды.


«Мейірімділікті анадан, әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз. Бір-біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойларына сіңіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікіралмасу кешімізді тәмамдаймыз.


Ән: «Әкешім,анашым»

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров33
Номер материала ДБ-221390
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх