Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Открытый урок на тему "Наибольшее и наименьшее значения функции" (на казахском языке)

Открытый урок на тему "Наибольшее и наименьшее значения функции" (на казахском языке)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

КММ «Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»

Сынып: 10 «А»

Математика пәнінің мұғалімі: Тельжанова Айнур Нурбековна 

Сабақтың  тақырыбы: Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін қорытып шығару; функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтауға есептер шығаруды үйрету, есептерді өзбетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.

  2. Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып,ойлау және есте сақтау,танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру,өз бетінше оқып,ізденуге,шығармашылық қабілетін  дамытуға,уақытты ұтымды пайдалануға  тәрбиелеу.

Типі: білім мен дағдыны меңгерту

Түрі: аралас

Әдісі: деңгейлеп саралап оқыту әдістемесі , СТО, АКТ

Көрнекіліктер:   компьютер, «Microsoft PowerPoint» презентациясы, «Microsoft Excel» бағдарламасы, интерактивті тақта, квадраттар (жасыл,қызыл, сары), Блоб мосты.                        

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру.

 Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.


Сабақтың құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Психологиялық дайындық.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Білімді актуализациялау

  • Жалғасын тап!

Ынталандыру-мақсаттық кезең

  • Ой шақыру” стратегиясы

  • Атаулар туралы үш сұрақ” стратегиясы

Жаңа тақырыпты меңгеру

  • Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады. (топпен жұмыс)

Білімді бекіту

  • Тест.

  • Білімді тексеру кезеңі (Оқулықпен жұмыс).

Рефлексия.

  • Бағалау.

  • Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарды құру (сабақ басталғанға дейін). Оқушылар сандарға байланысты мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді

Сәлемдесу. Сабақтың эпиграфы (слайд 1).

2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұптасып, бір-бірінің таспырмаларын эталон бойынша тексереді.

3. Білімді актуализациялау.

Ауызша жұмыс (слайд 3-5). Өткен формулаларды қайталау.

4. Ынталандыру-мақсаттық кезең

  • Ой шақыру” стратегиясы

hello_html_m1ed8edb7.gif

hello_html_5fdc1f55.gif

-« Атаулар туралы үш сұрақ» стратегиясы

Тақтаға «функцияның туындысы», «сындық нүкте» терминдері жазылады

Оқушылар осы терминге байланысты мына сүрақтарға жауап береді

  1. Қайда? Бұл теминді бұрын қайда және қандай маынада кездестірдіңдер

  2. Қалай? Өз тәжірибеңізде осы атауды қалай қолданатыныңызға мысал келтіре аласыз ба?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атау қандай байланыста болады деп ойлайсыз?

Жаңа тақырыпты меңгеру

Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу еңбекті аз жұмсау арқылы оптималды , ең тиімді шешім қабылдауға арналған тәжірибелік есептерді шешу кезінде қолданылады. Атап айтқанда оңтайландыру есептерін шешу кезінде қолданылады.

МЫСАЛ. Жарнама тақтасы S=9 м2 тіктөртбұрыш пішіндес. Периметрі ең аз болатындай тіктөртбұрыш формасындағы жарнама тақтасын әзірлеңдер.


  • Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады. (топпен жұмыс)

hello_html_4a2a55cd.gif

Оқушылар қорытындыларын постер түрінде жазады. Презентациядағы мұғалімнің нұсқасымен тексеріледі.

hello_html_3feeff9a.gif

Бұдан мынадай мәселе туындайды. Мұғалім проблема қояды:

«Функция графигін салмай функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін қалай анықтауға болады?»

1-тапсырма. Графигін салмай [-4; 6] аралығында у = х³ - 3х² - 45х + 1 функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

Жауабы: у наим = у (5) = -174; у наиб = у(-3) = 82.

2-тапсырма. Графигін салмай [-1; 2] аралығында у = х³ - 5х² + 7х функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

Жауабы: у ең кіші = у (-1) = -13; у ең үлкен = у(1) = 3

3-тапсырма. Алдыңғы есептердің шешу жолдарын талқылау арқылы, функцияың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгортимдерін қорытып шығару.

Мәселенің шешімі. Алгоритмді қорытып шығару.



hello_html_61f69cc9.gif

hello_html_63b91d58.gif

Білімді бекіту

  • Тест.

  1. hello_html_m1a049e2.gif функциясының hello_html_m7d8f2df9.gif аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

А. 0; -12,25 В. 0; -6 С. 12; 0 Д. -6; -12,25;



  1. hello_html_m254617f2.gif функциясының hello_html_7f6be49e.gif аралығындағы ең үлкен мәнін табыңдар.

А. 2 В. -2 С. 1 Д. 0



  1. hello_html_m5f1c770c.gif функциясының hello_html_66502829.gifаралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

А. 16; 6 В. 10; 5 С. 26; 10 Д. 21; 12



  1. hello_html_m57da9c1a.gif функциясының hello_html_5d5d3dd0.gif аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар.

А. 3; 0 В. 0; -4 С. 3; -4 Д. -3; -4

  1. Білімді тексеру кезеңі (Оқулықпен жұмыс). №

Рефлексия. «Блоб мосты». Оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін аты-жөндері жазылған стикерлерді осы мостқа ілу арқылы көрсетеді.

  1. Бағалау.

  2. Үйге тапсырма. №302 (ә), №305, №307 (ә)


Краткое описание документа:

Урок по алгебре и начала анализа на тему "Наибольшее и наименьшее значения функции". Тип урока - ознакомление с новым материалом. На уроке ученикам дается графическое и аналитическое объяснение наибольшего и наименьшего значения функции на отрезке. актуализация знаний учащихся проводится путем повторения правил вычисления производных, таблицы производных основных элементарных функции.

Автор
Дата добавления 27.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров225
Номер материала 256359
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх