Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок на тему "Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу"

Открытый урок на тему "Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу"

Скачать материал

Сабақ жоспары №13

Пән атауы: Бухгалтерлік есеп

Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»

Оқу тобы: ЕА-21

Өтетін күні: 25 сәуір 2016ж

Өткізілетін орны: №24 дәрісхана

 

Сабақтың тақырыбы:  «Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық

                                                   аударым мөлшерін есептеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға негізгі құралдардың тозуы және оларға  амортизациялық сомасын есептеу әдістерін  пайдалана отырып есеп шығару  арқылы  түсіндіру. Өз бетімен жұмыс жасауын бақылау.

Дамытушылық: Алған білімінің сапасын тәжірибе жүзінде бағалау, әр шешімді логикалық тұрғыдан есептеп мән бере  білуіне көңіл бөлу.

Тәрбиелік: Тапсырманы қатесіз орындауына дағдыландыру, қателерін өз бетімен түзей білуге, тәртібіне мән бере отырып, күнделікті өмірде өзне-өзі есеп бере білуіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өз бетінше жұмыс, тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып,  дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, топпен, кестемен жұмыс т.б.

Көрнекіліктері: кестелер, кеспе қағаздары, шот жоспары, бухгалтерлік  баланс.

Пәнаралық байланыс: Қаржы және несие, салық және  салық салу, ұйым экономикасы

Күтілетін нәтиже:

1.      Есептеу әдістерін пайдалана отырып, есеп шығара білуге үйрету.

2.      Кестені талдау арқылы жаңа сабақты түсінуге баулу.

3.      Алған білімдерін одан әрі шыңдай түсу, тәжірибеде жүзінде қолдануға үйрету.

 

Сабақ өткізу барысы:

 

І Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)

         Журнал толтыру, білім алушылардың сабаққа қатысуын, дәрісхананың сабаққа дайындығын қадағалау және т.б.

       Оқытушы:

Алдымен  екі топқа бөлініп  отырайық және сабағымызды жылы

сөзбен бастайық. Кәне, екі топ бір-бірлеріңізге  жақсы тілек тілеулеріңізге болады. (тренинг) (Мысалы: - бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілейміз)

       ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (15-20 мин)

1-кезең 

Әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, «Аукцион ойыны»

Оқытушы: Үй тапсырмасы сұрақ - жауап әдісімен «Аукцион ойыны» арқылы жүргізіледі. Ойын шарты: студенттерге үй тапсырмасы бойынша сұрақ  арқылы сұралады. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» - оқушы жауабының  толықтылығына қарай әр-түрлі  түстегі акциялар алады.

 Толық емес  жауап – сары түсті;

Дұрыс негізделген жауап – көк түсті;

Дұрыс толық  негізделген жауап- қызыл түсті;

        Әрбір  акцияның бастапқы құны бар, оны банк бекітеді. Балдың ең жоғары мөлшері түстердің санымен  анықталады. Мұғалім банкир әрбір оқушының  түсімін есептейді.

Аукцион сұрақтары:

 

1.        Негізгі құралдар дегеніміз не ?  Баланстың қай бөлімінде көрсетіледі ?

2.        Негізгі құралдарға не жатады ?

3.        Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері қандай ?

4.        Негізгі құралдарды қалай жіктеуге болады ?

5.        Өндіріс процесіне қатысу  сипатына қарай қалай бөлінеді?

6.        Тиістілігі бойынша негізгі құралдар қалай бөлінеді ?

7.        Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар қалай бөлінеді?

8.        Заттық құрамы бойынша  негізгі құралдар қалай бөлінеді ?

9.        Негізгі құралдардың  бастапқы құнына не жатады ?

10.   Негізгі құралдардың  ағымдағы  құнына не жатады ?

11.   Негізгі құралдардың  жойылу құнына не жатады ?

12.   Амортизациялық құн қалай табамыз?

13.   Баланстық құн дегеніміз  не?

14.   Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру қай стандарттарында есепке алынады?

15.   Негізгі құралдар қай кезде көбейеді (түседі)

16.   Негізгі құралдардың  түсуі қандай құжаттармен рәсімделеді.

17.   Қабылдау беру актісінде қандай реквизиттер көрсетілді?

18.   Негізгі құралдардың шығуы қандай себептер бойынша орын алады?

19.   Негізгі құралдардың шығуы  қандай құжаттармен  рәсімделеді?

20.   Негізгі  құралдарды жөндеу  дегеніміз не?

21.   Ұйымдастыру техникалық  белгілері бойынша  негізгі құралдардың жөндеуі қалай бөлінеді?Ағымдағы жөндеу дегеніміз не? Күрделі жөндеу дегеніміз не?

22.   Жөндеуді жүргізетін тәсілдерді ата? Әр тәсілге  сипаттама бер?

23.   Түгендеу инвентарлық карточканы қалай толтырылады және не үшін?

 

2 кезең     Бухгалтерлік жазба сөйлейді? ойыны

а) тапсырма

Көрсетілген бухгалтерлік  жазбалардың мазмұнын атаңыздар:

 

         Дт                   Кт                                      Дт                     Кт

1.    2410               1010, 1030                      1. 7410            2410

              1420                1010,1030                           2420            2410

             

2.    2410                3310                                2. 1210            6210      

              1420                3310                                    1210            3130

                               

3.      2410            2420                                3.  1010            1210      

                                                                          1030

 

         4.      2410            6230                                4. 7410             2410

2420             2410

 

5.       2410            5030                               5.   2410           2410

 

6.       3310             1010, 1030,                    6.   2930           1310                500,0

                            1060 

7.       2930               3310                 1200,0           7.   2930        3310,1030       300,0

8.      2930                3540                 480,0             8.  2930         3350                250,0

9.      3310                1010,1030,                             9.   2930        3150                75,0

                                1060                  1200

10.  3540                1030, 1060          480,0           10. 2930        3310                400,0

11.  2410                2930                    1980            11. 2410        2930              1525

                                             (1200+480+300)                              (500+300+250+75+400)

ІІІ Жаңа оқу материалын белсенді сапалы игеруге дайындық.

Бұрынғы алған білімдерін қайталай отырып, жаңа тақырыпқа көшу.

 

IV Жаңа білімді игеру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, есеп шығару және т.б.

Берілген есептерді және кестені талдау арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Оқытушының  түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар. (45-50 мин)

1.      Негізгі құралдардың тозуы.

2.      Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу.

1. Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады.

Тозу – бұл физикалық және моральдық  сипаттамаларын жоғалту процесі.

Физикалық тозу – негізгі құралдарды қолдану нәтижесінде және сыртқы факторларының әсерінен болады.

Моральды тозу – активтердің ғылыми  мен техникалық дамуындағы жаңа талаптарға сәйкес келмеу нәтижесінде  пайда  болатын процесс(заманауи даму  талаптарына сай келмеу).

Негізгі құралдардың моральдық  жағынан тоздыратын факторлар:

1. Өндірістегі жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өтімділеуіне ауыстыру).

2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология негізінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес).

3. Шығарылған өнім номенклатурасының  жаңаруы  мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар  мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз).

4. Тауар өзгеруге арналған машиналар мен жабдықтардың  санын азайтуды субьектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы.

5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналассуындағы өзгерімтер. Олар өндіріс көлемін пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.

Негізігі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған  кезде  жабдықтың  бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық  тозуына байланысты(физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны) сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи  нысаны) табиғи климаттың жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

2. Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі негізгі құралдардың тозу шығындарын өтеу үшін есептелетін және калькуляцияларға енгізілетін аударымдар амортизация деп аталады. Амортизация латын тілінде өтеу  деген мағынаны білдіреді.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар обьектілерінің амортизациясы  - активтің амортизациялық құнының жүйелі түрде бөлінуі, соның нәтижесінде обьектінің құны пайдалы қызмет ету мерзімі өткен сайын  есептен шығарылып отырады, экономикалық пайданы тұтынуға байланысты шығындар есебінен жүзеге асырылады. Активтер амортизациясы  актив қол жетімді болғаннан бастап есептелінеді және егер актив  белгілі бір уақытқа  дейін іске қосылмаған жағдайға қарамастан, оның істен шыққан уақытына дейін жалғасады.

Мысалы, 2015ж қаңтарында ұйым жаңа жабдықтар сатып алды және ақпан айында жабдықты құрастыру жұмыстарын жүргізілді. Бұл жабдықтармен жұмысжасау үшін ұйым жұмыскерлері екі айға оқуға жіберілді. Жаңа жабдық сәуір айында іске қосылды.

Амортизация ақпан айынан бастап, яғни жабдық қол жетімді болған кезеңнен бастап есептелінеді.

Негізгі құралдардың амортизациялық құны дегеніміз – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішіндегі тозатын сомасы, оны есептеу үшін негізгі құралдардың бастапқы құнынан жойылу құнын алу керек.

Негізгі құралдардың жойылу құны – бөлшектелгеннен кейін  құрамына әр қарай қолдануға жарайтын қосалқы  бөлшектер мен металл сынықтары құны кіретін негізгі құралдардың пайдалану  мерзімі өткеннен кейін есептен алынатын бастапқы құны.

Амортизациялық  аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады және әрбір есептік кезеңнің шығындары ретінде танылады.

Амортизация нормасы – бұл амортизациялық  аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатынасты.

Амортизациялық аударымдарды  есептеудің бірнеше әдістері бар.

1.      Бірқалыпты, біркелкі тәсілмен   есептеу, шығару – негізгі құралдың

пайдалы қызмет мерзімі ішінде тұрақты жыл сайынғы, ай сайынғы аударымдармен амортизация есептеу әдісі.

2.      Өндірістік әдіс амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне

үйлесімді  түрде құнын есептен шығару.үдемелі әдістер

3.      Кумулятивтік әдіс – пайдалымерзім жылдарының қосындысын анықтау

арқылы амортизация есептеу әдісі.

4.      Азайтылған қалдық әдісі – пайдалы қызмет мерзімі ішінде әр жылдан кейін

қалдықты анықтау арқылы амортизация есептеу әдісі.

1.      Бірқалыпты есептеу әдісі-негізгі құралдың пайда лы қызмет мерзімі ішінде

тұрақты жылсайынғы аударымдармен амортизация есептеу әдісі.

Осы әдіс бойынша жыл сайынғы амортизация аударымдары мынадай формуламен есептеледі:

Ажс=(БҚ-ЖҚ) /ПМ,мұнда Ажс- жылсайынғы амортизация аударымдар,

БҚ- негізгі құралдардың бастапқы құны,ЖҚ- негізгі құралдардың жойылу құны, Пм- негізгі құралдардың пайдалану мерзімі.

Мысалы: Жабдықтың бастапқы құны- 780 000 теңге.Пайдалану мерзімі-5жыл.Болжамды жойылу құны-40000 теңге. Анықтау керек:жылсайынғы амортизация аударымдары мен әр жылдың соңындағы жабдықтың баланыстық (қалдық) құнын.

Шешуі: Жабдықтың амортизацияланатын құны -780000-40000=740000тг,жылсайынғы аморитзация аударымдары 740000 теңге:5жыл=148000теңге.

            Есепті шешу үшін келесідей кестені толтыру керек:

Жылдар

НҚ бастапқы құны

Жыл сайынғы амортизация

Жинақталған амортизация

НҚ бастапқы құны

1

780000

148000

148000

632000

2

780000

148000

296000

484000

3

780000

148000

444000

336000

4

780000

148000

592000

188000

5

780000

148000

740000

40000

 

2.Өндірістік әдіс-құралды болжамды пайдалану немесеболжамды өнімділік негізінде амортизация сомасын есептеу әдісі.Жыл сайынғы амортизация аударымдарын есептеу формуласы:

Ажс=(БҚ-ЖҚ)*ӨКағ- ағымды жылда шығара алатын өнімнің болжамдық көлемі,ЖӨК-пайдалану мерзімі ішінде шығара алатын болжамдық өнім көлемі.

Мысалы: жабдықтың бастапқы құны -250 000 теңге,қолдану мерзімі -5 жыл.Болжамды жойылу құны -40 000 теңге. 5жыл ішінде жалпы өнімнің болжамды шығарылатын көлемі- 1 000 000 теңге. 1-ші жылдың ішінде өнімнің көлемі -100 000 теңге, 2-ші жылдың – 200 000 теңге.3-ші жылдың  - 300 000теңге, 4-ші жылдың  - 300 000 теңге, 5-ші жылдың  -100 000 теңге.

Анықтау керек:амортизацияның жылдық сомаларың,жинақталған амортизация сомаларын және әр жылдың баланыстық құндарын.

Шешуі: бірқалыпты әдіспен есептелінетін жылсайынғы амортизация әр жылда бір сомамен есептелінсе,осы әдіс бойынша әр жылдың амортизациясы жек есептелінеді және осы жыл ішінде болжамдаған өнім көлемін тәуелді болады. Жабдықтың пайдалану мерзімі ішінде амортизацияланатын құн -250000 -40000=210000 теңге. Содан кейін жалпы өнімнің бір теңгенің келетін амортизация сомасын анықтап алу керек : 210000: 1000000=0.21теңге.

1жылдың жылдық амортизациясы:0.21* 100000=21000

2жылдың - 0.21* 200000=42000

3жылдың - 0.21* 300000=63000

4жылдың - 0.21* 300000=63000

5жылдың - 0.21* 100000=21000

 

Жылдар

НҚ бастапқы құны

Жыл сайынғы амортизация

Жинақталған амортизация

НҚ бастапқы құны

1

250000

21000

21000

229000

2

250000

42000

63000

187000

3

250000

63000

126000

124000

4

250000

63000

189000

61000

5

250000

21000

21000

40000

 

3.Кумулятивтік әдіс- пайдалы мерзім жылдарының қосындысын анықтау арқылы амортизация есептеу әдісі.

Осы әдіс бойынша алдымен кумулятивтік шама есептелінеді.,ол пайдалану мерзімі жылдарының қосындысмен анықталады:

Кш=1+2+3+4+......n, мұнда кш – кумулятивтік шама,n- пайдалану мерзімі жылдардың саны.

Әр жылдың амортизация аударымдары мынадай формуламен анықталады:

Ажс=(БҚ-ЖҚ)*( n+1-і)/ Кш, мұнда і-ағымды жыл.

Мысалы:жабдықтың бастапқы құны -650 000 теңге,қолдану мерзімі-5 жыл. тБолжамды жойылу құны -50 000 теңге.

Анықтау керек: амортизацияның жылдық сомаларың,жинақталған амортизация сомаларын және әр жылдың баланыстық құндарын.

Шешуі:Жабдықтың пайдалану мерзімі ішінде амортизациянатын құн -650000 -50000=600000теңге. Кумлятивтік шама Кш=1+2+3+4+5=15.

1жылдың жылдық амортизациясы:600000 * 5/15=200000

2жылдың -600000*4/15=160000         

3жылдың - 600000*3/15=120000

4жылдың - 600000* 2/15=80000

5жылдың -600000* 1/15=40000

 

 

Жылдар

НҚ бастапқы құны

Жыл сайынғы амортизация

Жинақталған амортизация

НҚ бастапқы құны

1

650000

200000

200000

450000

2

650000

160000

360000

290000

3

650000

120000

480000

170000

4

650000

80000

560000

90000

5

650000

40000

600000

50000

 

4.Азайтылған қалдық әдісі-пайдалы қызмет мерзімі ішінде әр жылдан кейін қалдықты анықтау арқылы амортизация есептеу әдісі.

Азайтылған қалдық әдісі бойынша жылдық амортизация сомасын мынадай формуламен есептелінеді:

АА=(БалҚ*2На) /100,мұнда БалҚ-тиісті жылдың негізгі құралдың қалдық (баланыстық)құны, 2 На –екі еселенген амортизаця норма.

Мысалы: жабдықтың бастапқы құны-980 000 теңге,қолдану мерзімі-5жыл.Болжамды жойлу құны-50 000 теңге.

Анықтау керек: амортизацияның жылдық сомаларың,жинақталған амортизация сомаларың және әр жылдың баланыстық құндарың.

Шешуі: Амортизация жылдық нормасы -100 :5жыл =20 Әр  жылдың амортизация аударымдар 2еселенген нормамен 2*20=40 есептелінеді. Жылдық амортизация  есептелгеннен кейін әр жылдын соңындағы жабдықтың қалдық құны анықталады.

1жылдың жылдық амортизациясы:980000 * 40=392000

1жылдың соңындағы қалдық (баланстық)құны -980000-392000

2жылдың - 588000*40=235200

2жылдың соңындағы қалдық (баланстық)құны -588000-235200=352800

3жылдың -352800*40=141120

3жылдың соңындағы қалдық (баланстық)құны -352800-141120=211680

4жылдың -211680*40=84672

4жылдың соңындағы қалдық (баланстық)құны -211680-84672=127008

5жылдың- 127008-50000=77008 (соңғы жылдың амортизация аударымы 4-ші жылдан кейін қалдық құн мен жойылу құны арасындағы айырмамен анықталады).

 

Жылдар

НҚ бастапқы құны

Жыл сайынғы амортизация

Жинақталған амортизация

НҚ бастапқы құны

1

980000

392000

392000

588000

2

980000

2352000

627200

352800

3

980000

141120

768320

211680

4

980000

84672

852992

127008

5

980000

77008

930000

50000

 

 

       Негізгі құралдардың амортизациясының синтетикалық есебі 2420 негізгі құралдардың тозуы шотында  жүргізіледі: инвентарлық, пассивтік.

       Барлық субьектілер негізгі құралдардың барлық түрлері  бойынша меншік формасына қарамастан негізгі құралдардың тозуын есептейді.

Төмендегі Негізгі құралдар, негізгі құралдардың тозуы есептемейді.

-         Жер;

-         Кітапхана қорлары, фильм қорлары;

-         Мұражай және көркем өнер құндылықтары;

-         Архитектура және өнер ескерткіштері;

-         Өнім беретін малдар,   , өгіздер;

-         Жалпы пайдаланатын автомобиль жолдары.

1.      Негізгі құралдардың өндірістегі қолданылатын негізгі құралдар бойынша амортизация сомасы есептелінді.

             Дт                                          Кт

           8410                                       2420

2.      Негізгі құралдардың өнімдерді  өткізу процесінде пайдаланылатын нысандары бойынша есептелген амортизация сомасына

                       Дт                                          Кт

                           7110                                       2420

 

3.      Негізгі құралдардың әкімшілік басқару мақсатындағы нысандардың амортизация сомасына

                       Дт                                          Кт

                     7210                                       2420

 

4.       Есептен шыққан негізгі құралдар бойынша жинақталған амортизация сомасына

                     Дт                                          Кт

                    2420                                       2410

 

      V Жаңа білімді пысықтау. (10 мин)

Есеп шығару (берілген тапсырманы (7 минут) орындап шығу керек.)

        І топ тапсырмасы

Кәсіпорынмен 450 000 теңгеге жабдық  сатып алынды. Жабдықтың қолдану мерзімі -5жыл. Жою құны-50 000 теңге. 5жыл ішінде жалпы өнімнің шығарылатын көлемі- 1 000 000 теңге. 1-ші жылдың  өнімнің көлемі-50 000теңге, 2-ші жылдікі – 100 000 теңге,3-ші жылда – 200 000 теңге,4-ші жылда -150 000 теңге,5-ші жылда -50 000 теңге.

Анықтау керек: амортизациялық жылдық сомаларының, жинақталған амортизация сомаларын және әр жылдың баланыстық құндарын. Есепті бірқалыпты, өндірістік және кумулятивтік 3әдіспен есептеу керек.

 

        ІІ топ тапсырмасы

Кәсіпорынмен 440 000 теңгеге жабдық  сатып алынды. Жабдықтың қолдану мерзімі - 4жыл. Жою құны-20 000 теңге. 4жыл ішінде жалпы өнімнің шығарылатын көлемі-  800 000 теңге. 1 жылдық  өнімнің көлемі-180 000теңге, 2 жылдық – 220 000 теңге, 3  жылдық – 250 000 теңге,4 жылдық - 150000 теңге.

Анықтау керек: амортизациясының жылдық сомаларын, жинақталған амортизация сомаларын және әр жылдың баланыстық құндарын. Есепті бірқалыпты, өндірістік және кумулятивтік 3әдіспен есептеу керек.

 

        VІ Сабақты бекіту. (3 мин)

        Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

1.        Тозу дегеніміз не ?

2.        Тозудың түрлерін атаңдар ?

3.        Физикалық тозу дегеніміз не ?

4.        Моральдық тозу дегеніміз не ?

5.        Амортизация дегеніміз не ?

6.        Амортизациялық құн ?

7.        Амортизация есептеу әдістері қандай ?

8.        Есептелінген амортизациялық аударым сомаларының бухгалтерлік есеп шоттар корреспонденцияларымен қалай бейнеленеді ?

 

VІІ Сабақты қорытындылау.(1-2 мин)

 

ІХ Сабақты бағалау. (2 мин)

Сабаққа қатынасқан студенттерді бағалау парағы арқылы бағалау.

 

Студенттердің аты-жөні

Қызыл түсті акция

Көк түсті акция

Сары түсті акция

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

Х Үйге тапсырма беру. (2-3 мин)

1.        В.К Назарова «Бухгалтерлік есеп» 280-290 бет. Алматы «Экономика» 2012ж

 

ХІ Сабақта қойылған мақсатқа жету:  ......................................................................

.......................................................................................................................................

 

 Пән оқытушысы:                    Оспанова Р.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпсалалы «Ұлағат  Қызылорда»колледжі

 

 

 

«Келісемін»                                                                                      Бекітемін

Колледж әдіскері:                                                                  Директордың оқу ісі

............... Альмердинова  У.М                                           жөніндегі орынбасары

«       »  ................... 2016ж                                                  ............. Рахымжан А.Б

                                                                                     «........».................2016ж

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ  ЖОСПАРЫ

 

 

Тақырыбы:  «Ағымдағы банктік  шоттардағы  ақша қаражаттарының

                      есебі»

 

 

Пәні : «Бухгалтерлік есеп»

Мамандық : 0518000 «Есеп және аудит»

Оқу тобы:  ЕА-21

Пән  оқытушысы:           Оспанова Р.М

                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Қаралды

                                                                              «Экономикалық-техникалық                            

                                                                          және   арнайы» пән бірлестігінде

                                                                          .............Абдимомынова М,Ш

                                                                              «.........»................2016ж

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Қызылорда 2016ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 3634
    • DOCX 44 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Рахия Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Рахия Мухтаровна
    Оспанова Рахия Мухтаровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10215
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек