Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Открытый урок на тему "Панно жасау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Технология

Открытый урок на тему "Панно жасау"

библиотека
материалов


hello_html_mcd3bff.gif


ТАҚЫРЫБЫ:


ПАННО ЖАСАУ


hello_html_m426be5e5.jpg




6 «В» СЫНЫП

ӨТКІЗГЕН: Молдашева Б.А.




Өскемен, 2013 жыл

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Панно жасау». Көктем мерекесіне сыйлық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға панно жасауды үйрете отырып, сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен таныстыру, аналар мейрамына қарсы өз қолдарынан сыйлық жасату.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрете отырып, функционалдық сауаттылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту,алған білімдерін өз беттерінше қолдана білуін қадағалау.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға ынтамен қарауға, біткен бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс, жұмбақ шешу, сөзжұмбақ шешу, мақал-мәтелдер айту, тест шешу, интерактивті тақтаны пайдалану.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, өсімдіктану.

Сабақтың көрнекілігі: панно түрлері, қауіпсіздік ережесі, слайдтар.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ұзындығы 30 см тең атлас лентасы, сызғыш, қайшы, ине, жіп, желім, рама.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Балалар біз бүгін 5 орталық бойынша жұмыс жасаймыз.

1.«Өткенге шолу» орталығы. 4. «Ойлан тап» орталығы.

2.«Ғылым» орталығы. 5. «Еңбек» орталығы.

3. «Өнер» орталығы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өткенге шолу» орталығы.

  • 1. Қолөнер қанша топтан құралған?

  • 2. Шебер дегеніміз кім?

  • 3. Ұста деп кімді айтамыз?

  • 4. Еңбек дегенді қалай түсінесің?

  • 5. Ісмер дегеніміз кім?

  • 6. Зергер деп кімді айтамыз?

  • 7. Өнер дегенді қалай түсінесің?


ІІІ. «Ғылым» орталығы. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Балалар, бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Осы өлең жолдарының әрбір сөзінің астарына үңіліп, талқылап көрейік.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі - мереке.

Кез келген мерекеде сыйлық сыйлау қалыптасқан дәстүріміз. Осы дәстүрімізге орай, көктем мерекесі, аналар мерекесі жақындап келеді. Соған байланысты бүгін сабағымызда панно жасауды үйренеміз.


Панно (фр. panneau, лат. рannus – мата кесіндісі) деген мағынаны білдіреді.

Панно:

1) бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі;

2) қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішкі төбесін әсемдеу мақсатымен салынған кескіндемелік туынды.

Ол пайдаланған материалына (ағаш, металл, қыш, тас, әйнек, мата, т.б.) қарай әшекейленеді.

Панно дегеніміз - өнер туындысы. Мәдени орындар мен үй ішін көркемдеу үшін жасалады.

1. Икебано - жасанды гүлдер мен табиғи материалдан жасалған панно.

2. Түрлі - түсті қағаздан жасалған панно түрлері де болады.

3. Матадан, лентадан жасалған гүлдер панносы.

Панноның экономикалық жобалау кестесіне көңіл аударайық. Өзіміздің қолымыздан жасалған панноға аз шығын кетеді.

hello_html_m62cead30.gif

ПАННО-1.Материалы қымбат емес.

2.Төзімді сапалы.

3. Дизайны әдемі.

4. Жасалуы көркем.

5.Жасауға қажетті материалда жеткілікті.

6.Экономикалық шығын аз.

7.Бұйым мөлшері ерекшеліктеріне сай.



Өнердің өзі қызығушылықтан оянады, қызығушылық - үйрену процесі. Үйрену-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Қазақ сурет өнерінің атасы Ә.Қастеев былай деген екен:

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім.

Яғни,өнер біздің айналамыздан табылады, олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық. Бүгінгі сабағымызда атлас лентасынан панно жасауды үйренеміз.

Панно жасау тақырыбымен толығырақ танысу үшін сөзжұмбақ шешейік:

  1. Иненің серігі

  2. Жібек, шыт, атлас

  3. Тігін құралы

  4. Кесте тігетін жіп

  5. Тігінші құралы




ж

і

П







м

а

т

А






м

а

ш

и

Н

а





м

у

л

и

Н

е









О

й

м

а

қ









Ал енді, панноны жасау нұсқау картасымен танысайық.










Атлас лентасынан раушан гүлін жасаудың нұсқау картасы


Жұмыс реті

Эскиз

Құралдар

Ұзындығы 30 см тең атлас лентасын алу


hello_html_m16004afb.jpg

Сызғыш, қайшы

Раушан гүлін жасау

hello_html_m1aef5436.jpg


hello_html_4e1a33ac.jpg

Ине, жіп, қайшы

Әртүрлі түсті лентадан раушан гүлінің бірнеше данасын жасау


hello_html_m6a122fe6.jpg


Ине, жіп, қайшы

Дайын раушан гүлін матаға желім арқылы орналастыру

hello_html_1435993b.jpg


Ине, жіп, қайшы, желім

Раушан гүлінің сабағын ұзындығы 9 см тең жіңішке жасыл түсті атлас лентасынан жасау

hello_html_11962006.jpg

Ине, жіп, қайшы

Дайын раушан гүлі мен сабағын біріктіріп, бір түсті матаға желім көмегімен жабыстыру

hello_html_3b63c927.jpg


Ине, жіп, қайшы, желім



Матаға желім арқылы жабыстырылған гүлдерді арнайы рамаға орналастыру

hello_html_7080d78e.jpg

Желім, рама


ІV. Сарамандық жұмыс. «Өнер» орталығы.

-Балалар, енді нұсқау картасын басшылыққа ала отырып, панно құрастырамыз.

V. Сергіту кезеңі. «Ойлан тап» орталығы.

Жұмбақтар шешу:


1.Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (ине)

2. Екі семсер айқасқан

Оқта – текте шайқасқан. (қайшы)

3.Естіртпе деп ине-жіптің күңкілін

Бүтіндейді қағаз-кітап жыртығын. (желім)

Мақал-мәтелдер айту. Оқушылар гүл туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады.

1. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

2. Әр гүлдің иісі әр басқа.

3. Таулы жердің суы әдемі,

Жарық жердің гүлі әдемі.

4. Түздегі гүлден үйдегі гүл ұзақ жасайды.


VІ. Сабақты бекіту. «Еңбек» орталығы. Тест.

1.Мақта неше жылдық өсімдік?

А) бір

Б) екі

В) көп


2. Мақта қай талшыққа жатады?

А) жасанды

Б) табиғи

В) синтетикалық


3. Мақта Қазақстанның қай өңірінде өсіріледі?

А) Орталық Қазақстан

Б) Солтүстік Қазақстан

В) Оңтүстік Қазақстан


4. Қай өлшем толық жазылады?

А) ұзындық

Б) бел

В) бөксе


5. Өлшемді адамның қай жағынан алады?

А) сол

Б) оң

В) артынан


6. Мата неден жасалады?

А) химиялық қоспадан

Б) шикізаттан

В) жіптен


7. Халықтың көпшілігі тұтынатын бөрік түрі?

А) құндыз

Б) камшат

В) түлкі


8. Қалыңдық киетін бас киім?

А) тақия

Б) сәукеле

В) бөрік


9. Химиялық талшықтар түрлері?

А) жасанды

Б) өсімдіктен алынған

В) жануардан алынған


10. Матаның ұзын бойына орналасқан жібі қалай аталады?

А) арқау

Б) негізгі

В) жиегі


Тест жауаптары:

1. А

2. Б

3. В

4. А

5. Б

6. В

7. А

8. Б

9. А

10. Б


VІІ. Бағалау. Әр оқушы шығармашылығына, жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.

VІІІ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров693
Номер материала ДВ-151776
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх