Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Открытый урок на тему "Өрнек. 10-а" (1класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Открытый урок на тему "Өрнек. 10-а" (1класс)

библиотека
материалов

Күні:

Сынып: 1

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.
3. Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: смаилектер, карточкалар, суреттер (құстар, жануарлар, алма, гүлдер,
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, «мозаика», «бағдаршам»
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық:

Қонақ күту – салтымыз,
Оқып, біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.

  • Күлімде күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ, - дей келе, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (ауызша тексеру әдісі)

(Тақтаға аю мен пілдің суреті ілінеді)

  • Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Солардың бірі аю мен піл. Олар екеуі алма бағынан алма теріп келе жатып, жолда алмаларын шашып алыпты. Оларға алмаларын жинауға көмектесеміз бе?

  • Ендеше, санды өрнегі бар алманы аюдың себетіне, ал әріпті өрнегі бар алманы пілдің себетіне салуымыз керек.

  • Сонымен, балалар, санды өрнек дегеніміз не?

  • Ал әріпті өрнек дегеніміз ше?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Мына үстелден әрқайсымыз бір бөлшектен алуымыз керек. Кезектесіп, тақтаға бөлшектерді қосамыз. Ненің суреті шықты? (қарлығаш)

  • Далада қай мезгіл? (көктем)

  • Көктеммен бірге елімізге нелер оралады? (құстар)

  • Осындай құстардың бірі – қарлығаш. Қарлығаш құсы туралы не білеміз? (Қарлығаш киелі құс. Оның құйрығы айыр болады.)

  • Бүгінгі біздің сабаққа да қарлығаш ұшып келіпті. Кәнекей, оның бізге не әкелгенін көрейік. (10 – а)

  • Бұл, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Біз сендермен сабақта 10 – а деген өрнекпен танысамыз және әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, мәнін табамыз.

  • Барлығымыз дәптерімізді ашамыз және бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазамыз. (дәптермен жұмыс)

Кітаппен жұмыс. 167 бет.

  • 1. Кестені толтыр. (дәптермен жұмыс)

    Бізге 10 – а деген өрнек берілген. Осы өрнектің мәнін табу үшін, не істейміз? (а-ның орнына сандарды қоямыз)
  • Ендеше, бір-бірлеп тақтаға шығып өзімізге ұнаған гүлді таңдаймыз және оның артындағы санды а-ның орнына қойып, өрнектің мәнін табамыз.

    3. Есепті шығар. (дәптермен жұмыс)

    Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?

    • Есептің шартын оқимыз. Есеп неден тұрады? (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы)

    • Дәптерімізді ашамыз да, есептің шартын жазамыз. Сұрағын белгілейміз. Шешуін табамыз да, жауабын жазамыз.

    2. (дәптермен жұмыс)

    а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.

    • Балалар, бізге а + 1 деген қосынды берілген. Бұл әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, мәнін табуымыз керек. Ол үшін не істейміз?

    • Әріптің орнына сандарды қоямыз.

    • Сендердің алдарыңда 0-ден 9-ға дейінгі сандар берілген. Осы сандарды а-ның орнына қойып, мәнін табуларың керек.

    • Енді, сендермен карточкалық жұмыс жүргіземіз. Әрқайсысыңа логикалық тапсырмалар берілген, осы тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындап шығуларың керек.

    Логикалық тапсырмалар:

    1. Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? ( 2 ) 

    2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды? ( 0 )
    3. Сен, мен және ол. Нешеуміз? ( 3 )
    4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші? ( Аслан кіші, Дариға үлкен )
    5. Көлден ұшты 7 қаз
    Қайтып қонды 2 қаз
    Қонбады оның нешеуі? ( 5 )

    - Әрқайсымыз бір сұрақтан оқып, жауабын береміз.

    Сергіту сәті:

    • Балалар, далаға көктем келіп, ағаштар жасыл түске боянуда. Кәнекей, бәріміз өлең жолдаын оқып берейік.

    • Тербеледі ағаштар,

    Алдымнан жел еседі.

    Кіп-кішкентай ағаштар,

    Үп-үлкен болып өседі.

    • Балалар кеше ғана қыркүйек айында сендер кіп-кішкентай ағаштар секілді кішкентай болғансыңдар, ал қазір сендер де ағаш секілді өсіп кетіпсіңдер. Жуыр арада 1-сыныпты тәмәмдап, болашақ 2-сынып болғалы отырсыңдар, 
      ендеше білімімізді көрсететін кез келді, сондықтан миға шабуыл жасап жіберейік.

    • Мен қойған сұрақтарға, алдарыңдағы сандар көмегімен жауап берулерің керек.

    Миға шабуыл:

    • 2-мен 3-тің қосындысы нешеге тең? ( 5 )

    • 6-мен 4-тің айырмасы нешеге тең? ( 2 )

    • Сандар қатарында 7-ден кейін қандай сан тұрады? ( 8 )

    • Ал 5-тің алдында қандай сан тұрады екен? ( 4 )

    • 8 – 7. Мәні неше болады? ( 1 )

    • 1 + 2. Мәні неше болады? ( 3 )

    • Барлығы неше бір таңбалы сандарды білесіңдер? ( 9 )

    • 10-нан 4-ті азайтса неше болады? ( 6 )

    • 0-ге 10-ды қосса ше? ( 10 )

    ІҮ. Сабақты бекіту. (өздік жұмыс)

    • Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту мақсатында, мына карточкалық жұмысты орындаймыз.

    - Карточкалық жұмысты аяқтаған болсақ, санның құрамын қайталап өтейік. Тақтада берілген үйшіктерге тиісті сандарды қойып шығыңдар.

    Ү. Қорытынды.

    - Бүгін біз сендермен қандай тақырыппен таныстық?

    - Санды өрнек дегеніміз не?

    - Әріпті өрнек дегеніміз ше?

    - Сабағымыз сендерге ұнады ма?

    - Бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде болдық?

    - Осы көңіл-күйде бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

    ҮІ. Үй тапсырмасын беру.

    • Үйде, мына карточкалық тапсырмаларды орындап келіңдер.

    І-нұсқа:
    1) 10 – а
    а=1
    а=3
    а=4
    2) 10 саны ме
    н а-ның айырмасын жаз.
    ІІ-нұсқа:
    1) а+7
    а=1
    а=2
    а=
    3
    2)
    10 саны мен а-ның қосындысын жаз.

    ҮІІ. Бағалау.

    • Алдарыңдағы бағдаршамдар көмегімен, әр оқушы қасындағы баланы бағалауы керек. Егер де ол «5»-ке жауап берді деп ойласаңдар жасыл түсті, «4»-ке жауап берді деп ойласаңдар сары түсті, ал «3»-ке жауап берді дегендеріңіз қызыл түсті көрсетулерің керек.

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров88
Номер материала ДБ-040809
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх