Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Открытый урок на тему " Құрт "

Открытый урок на тему " Құрт "

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы» Орындағ...
Жоспар: 1. Кіріспе 2. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық 3. Қазақстанн...
Кіріспе: Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұр...
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. Іші - бауырымыз құрысып - тырысып,...
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған,...
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде...
М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкім...
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық...
Айдар Ақаралұлы өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, біра...
Қорытынды Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны...
1 из 18

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы» Орындағ
Описание слайда:

Ғылыми жоба «Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы» Орындаған: Кумашев Азамат 8 А сынып оқушысы Жетекшісі: Айтышева Г.Қ 2016 жыл « №1 Самар орта мектебі » КММ

№ слайда 2 Жоспар: 1. Кіріспе 2. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық 3. Қазақстанн
Описание слайда:

Жоспар: 1. Кіріспе 2. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық 3. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт 4. Қорытынды 5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

№ слайда 3 Кіріспе: Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұр
Описание слайда:

Кіріспе: Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. Іші - бауырымыз құрысып - тырысып,
Описание слайда:

Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған,
Описание слайда:

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде
Описание слайда:

Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық - бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай - ақ одан тері илеу үшін малма жасайды. Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған. Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған. Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкім
Описание слайда:

М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған. Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі. А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді. Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді. К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл - желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт - май деп аталады.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Қазақстанның ұлттық бренді – құрт Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық
Описание слайда:

Қазақстанның ұлттық бренді – құрт Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. Әлі нәтижесіз. – Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен тыс қала алмаймын, – деп Айдар Ақаралұлы атап кетті. – Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім. 1990 жылы Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Айдар Ақаралұлы өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, біра
Описание слайда:

Айдар Ақаралұлы өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, бірақ жолы болмай жүр. Жақында, ол премьер - министр Кәрім Мәсімовтың блогі туралы біліп, премьер - министрге ұлттық брендті құрғаны туралы хат жазды. Жауабын әлі алған жоқ. – Мен, өзім де құртты өндіретін цех ашар едім, – дейді зерттеуші. – Бірақ, қазақтың байырғы тағамын ұлттық бренд бола алмас еді. Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет.

№ слайда 16 Қорытынды Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұ
Описание слайда:

Қорытынды Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

№ слайда 17 Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны
Описание слайда:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж. 2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж. 3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж. 4. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.

№ слайда 18
Описание слайда:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров178
Номер материала ДВ-377605
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх