Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыОткрытый урок на тему "Сабақ"

Открытый урок на тему: "Тела вращения"

Файл будет скачан в форматах:

  • jpg
  • docx
  • pptx
18086
60
13.03.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 1
Покупателей: 60

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Шемелева Мария Олеговна. Инфоурок является информационным посредником

Методическая разработка урока для студентов 1 курса СПО и учащихся 11 классов. Стереометрия. Открытый урок. Презентация и конспект урока. Тема Тела вращения.Цилиндр, конус, шар и сфера. Для преподавателей по математике

Краткое описание методической разработки

Методическая разработка урока для студентов 1 курса СПО и учащихся 11 классов. Стереометрия. Открытый урок. Презентация и конспект урока. Тема Тела вращения.Цилиндр, конус, шар и сфера. Для преподавателей по математике

Открытый урок на тему "Сабақ"

Скачать материал

«Біз біргеміз – ажырамас іргеміз» (ата-аналармен бірлескен жоба)

Мақсаты:  Ата аналардың бала тәрбиесіне тәрбиешімен бірігіп, отбасы құндылығын арттыру.
Міндеті:
- Ынтымақ ұйытқысы –бірлікте , отбасының адам үшін маңыздылығын балалар бойына дарытып, ата-аналармен  жан-жақты ашу;
- отбасындағы ынтымақ, сыйластықты қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
- Тәрбиешінің балаларды ата –анамен  отбасында бірлікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Жоспар  Танысу бекеті                                    

Тыныштық сәті

Ұлыдан ұлағат

Бақытты сәт

Ақпараттық блок

Жанұя шашуы

Көңіл –күй түсі

Өз қоржынымнан

Бұл кім ? Тосын сый

Жүректен жүрекке

Бақыт үйі

Қорытындылау  Тілек ағашы

Соңғы  тыныштық сәті

 

1.       Танысу бекеті

Мақсаты: топта ары қарай жақсы қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, оқу тәрбие жұмыстарына қатыстыру(Мұнда ата аналар өз есімдерін айтып және өзге ұлт өкілдерше қимылмен сәлемдеседі)

2.  Тыныштық сәті

(Нұрға бөлену)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Ол баяу нұрдан ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрек қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын дарып, біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолыңыз нұрға бөленіп, қол тек ізгі істерді жасап, көпке көмектеседі. Нұр аяққа тарады. Ол сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр одан әрі тіл,ауызыңызға тарады. Тіл тек шындық, ізгі сөз айту үшін...Жақсыны есту үшін құлаққа бағыттаңыз, Нұр енді көзге жетті , бәрінен жақсылықты көру үшін. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде” Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпқа сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз.Рахмет!  Талдау

3. Ұлыдан ұлағат. Абай он тоғызыншы қара сөзінде :

« Адам ата-ана дан туғанда есті болмайды; естіп, көріп,ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені, көргені көп көрген  адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескере , жаман дегеннен сақтанса, сонда  іске жарайды, сонда адам болады десе болады»-деген

Мария Монтессоридің өсиеттері

1.Егер өзі қажет етпесе, ешқашан балаға тиіспе.

2.Ешқашан бала туралы жаман сөз айтпа.

3.Баланың ойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға талпын, нәтижесінде оның бойындағы жаман қасиеттер азая бастайды.

4.Ортаны дайындауда белсенді бол және оған тұрақты қамқорлық жасап отыр.Балаға ортамен конструктивті өзара әрекет жасауы үшін көмектесіп отыр. Әр  дамыту  материалдың  орнын және онымен жұмыс істеудің дұрыс жолын көрсет.

5.Баланың үндеуіне назар аудар, әрқашан сауалмен келген баланы мұқият тыңдап, жауап бер.

6. Қателескен баланы сыйла,өйткені ол өз қатесін қазір немесе артынан түзей алады,бірақ материалды қолданудағы дөрекілікті және өзі мен басқалардың қауіпсіздігіне, дамуына түскен қатерді сол мезетте тоқтат.

7.Демалып не басқалардың жұмысын бақылап немесе өзінің не істегені және не істейтіні туралы ойланып отырған баланы сыйла.Ешқашан оны атын атап шақырма және басқада белсенді жұмысқа мәжбүрлеме.

8.Жұмыс іздеп,таба алмай жүрген балаға көмектес.

9.Балаға қайта –қайта презентаия көрсетуден шаршама, оған жаңаны игеруге көмектес.Оның қоршаған ортасын қамқорлықпен, ұстамдылықпен, тыныштықпен, қайырымдылықпен және махаббатпен толтыр.Ізденісте жүрген балаға көмек көрсетуге дайын бол.

10.Баламен қарым- қатынаста әдепті мінез-құлық үлгісін қолдан және балаға өзіңнің бойындағы барлық жақсы қасиеттерді ұсын.

Мысал: Стакандағы лай суды қалай тазалауға болады? Яғни,стакандағы лай суға,бірте –бірте таза суды құя берсек, лай судан құтыламыз. Адамның бойындағы жағымсыз құныдылықтан да құтылуға болады, дәл осылай бала санасына жақсы ақпарат, кеңес  беріп отырсақ....

Шағын орталық  пен отбасы бірлестігі нәтижесінде: Ата-аналардың арналған ақпараттық бұрыш, жиналысқа белсенді қатысу, Отбасы жөнінде мәліметтер,

Сауалнамаға қатысу, Әртүрлі тәрбиелік шараларға , мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу;

Жанұя тәрбие ісінде жіті көңіл аударылатын маңызды мәселе:Көңіл –күйіңізге қарамастан баламен бүгінгі күн туралы  Әңгімелесу;

Балаға жақсы көретініндігі туралы Сөйлесу ;

Қарым-қатынас барысында баланы сендіру мақсатында жалған сөйлемеу;Осыдан түйетін ой жанұя тәрбиеісінде жіті көңіл аударылатын маңызды мәселе  әңгімелесу, сөйлесу, сенімге ие болу  балаға сүйіспеншілікті көрсетілуі тиіс. адам түсінігінде байлық, сүйіспеншілік, сәттілік ұғымдары бала бақытымен ұштасатып жатады. Жанұяда татулық пен бірлік болуы үшін қандай қасиеттер керек? (Ата –ана  пікірлері айтылады).

                                                 https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=8c06ae619286434e7e5d605c5384aa83&n=33&h=190&w=253“Бақыт” үйін құрастыруда ата –аналар , біз сіздермен сыйластыққа толы, сүйіспеншілігі мол “Бақытты отбасы” шаңырағын жасадық. Шаңырақта көңілді де қуанышты өмір сүру өз қолымызда!

Ақпараттық блок: «Үш қасиет»
Тыңдаушыларға  А.Асылбеков “Сүйіспеншілік” туралы ежелгі аңыз-әңгімесі  ұсынылады.

Сұрақ:

      Егер тек қана  Байлықты  немесе  Сәттілікті шақырсаңыз, басқа  екеуміз  далада  отырар  едік дегенді  қалай  түсіндіресіңдер?

      Үй  иелері  неліктен  Сүйіспеншілікті  үйге шақыруды  таңдады?

Бала тәрбиесінің  жан –жақты дамуының негізі— ата-ана.Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің қарым-қатынас нәтижесінде былай дамиды: Баланың жан дүниесіне үңілу. Мұнда балалардың қабілетіне қарай ішкі мүмкіндіктерін ашып, әр баланың ерекшелігін анықтаймыз.Мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу. Мұндай жағдайларда ата –ана  алдымен психологиялық көмек алып, өз мінез –құлқына  көп көңіл бөліп, сол арқылы баланы да тәрбиелейміз. 

Сенген сырын жарияламай, сақтай білу. Ата –аналар  тарапынан көрсетілген қолдау, бала  өміріндегі тұрақтылық пен болшаққа деген сенімін нығайтады.

Әңгімелескенде олардың пікірімен  санасу. Балалардың анау не, мынау не деп сұрай бастағаннан жекіп, олардың әңгімесіне құлақ аспасақ қателік болады. Керісінше, әрекет барысында  баланың өмірден білгісі келетін жайларға пікір алысып, жоғарғы талғам мен санасының қызығушылығын арттыруға үлес қосуымыз керек.Ашық сөйлесе алу. Ата-ана  балаларымен уақыт тауып жан дүниесіне үңіліп, жасаған қылығына жауапкершілікті сезініп, өз көмегін ашық сөйлесу керек.

           Жанұя шашуы  5 ойыны. Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемадан құтылу мүмкін емес. Өз балаларымыздың бетіне тура қарап, тек қана қымбат киім, планшет телефон, компьютер, ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып,проблемасын бірге шешіп, кез келген ситуацияда «Мен қандай ата –анамын» деген сауалға дайын болуымыз керек. Алдағы бұл ойынның мақсаты да ата-аналар баласы таңдаған шарды жарып, сұрақтарға қалай жауап береді екен, іштей кез келген жағдаяттарға дайын ба соны бірге білетін боламыз . Ситуациялық сұрақтардың реті мынанадай:

 

1.     Балаңыз бағалы затыңызды сындырып алды, әрекетіңіз...

2.     Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе алдыңыз...

3.     Балаңыз бақшадан біреудің ойыншығын алып келді ...

4.     Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз балаңыз ертегі айтып беруді өтінді, не дейсіз...

5.     Балаңыз тыңдамаса калай ашуланасыз?

6.     Балаңыз  бақшаға жиналғанда қандай жылы сөз айтады?

«Біздің балаларымыз –біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие –бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие –бұл  бідің болашақтағы сорымыз, бұл –біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз» -дейді , зерттеуші Макаренко. Демек, алаға теріс әсер ететін сыртқы факторлар: жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы; баланың көзінше басқа біреуді сөгуі;біреудің сыртынан өсек айтуы; балалардың көзінше арақ ішу, темекі тарту  т.б. –мұның  бәрі, біздің нашар тәрбиемен, жаман қартайуға бақытсыздыққа алып келеді.

         Яғни, баланы тәрбиелеуде: көлеңкелі және күнгей тұсы  бар.

§  Білімді, жан-жақты болсын, -дейді

§  Бәрінен ерекше, артық бақсын,-дейді

§  Заманына бейімделіп,күн астынан орнын алсын ,-дейді.

Бұл пікір мәңгілік елдің болашағын болжайтын көрегенді отбасының ұстанымы.

Көлеңкелі пікір: Ол баланы не қылады?

§  Өлсем орнымды бассын, -дейді.

§  Артымнан құран оқысын, -дейді

§  Қартайғанда асырасын, -дейді. Әрине бұл жаңсақ пікір, қара бастың қамын ғана көксейтіндер.

        Ал, тәрбиеші ой санасында баланың әлеміне былай теорема береді:

§  бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін  жұмыс істейді.

§  Индикатордағы баға құнды емес, бала құнды.

§  Тәрбиешінің міндеті –өз саласында  жақсы үйретуден гөрі тереңіректе ол –адамды жасаушы тұлға

§  Балаға сыйлы болдамын десең,баланы өзің сыйла.

«Көңіл –күй» түсі. Жобамыздың әрбір бөлігінде ата- ананың ойы мен көңілі маңызды .  Сол үшін әр қатысушының  бүгінгі  жиынға қандай көңіл күймен келген мақсатын келесі  тренингтен  бірге білетін боламыз. Мұнда әр ата ана өзінің көңіл күй түсін себеттегі көкөністерден таңдап алады. «Өз қоржынымнан». Жоба барысында ата -аналар тарапынан көп нәрсені түйіп, зерделеп енді сол бақытты отбасы болу үшін өз қоржынымнан мына аңыз әңгімені ұсындым. Тағы бір ерекшелік аңыз соңында ата –ана  пікірі іштен таразыланып, тәрбиешінің оймақтай ойына назар аударады.

“Жүректен жүрекке” ойыны

Талдау Міне, қарт не үшін мұндай қасиеттерді таңдайды? Сіз сыйластығы жарасқан отбасыны қалай құрасыз?

Әңгіме желісі бойынша сұрақ жауаптар айтылады.  

9.  «Бұл кім?» тосын сый ұйымдастырылады.

Соңғы қорытынды тілеп ағашқа тілек жапсырады

 

                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Сабақ""
Смотреть ещё 5 937 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 350 397 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 14.12.2015 465
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арқабаева Жәудір Бақытқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арқабаева Жәудір Бақытқызы
    Арқабаева Жәудір Бақытқызы

    Методист миницентра

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11452
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Ғылыммен шұғылданғанды, кітапты көп оқығанды, балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Үлкен жетістіктерге қол жеткізгім келеді. Мұғалімдердің жұмыстарымен интернет желісі арқылы тәжірибе алмасып отырғым келеді. Осындай сайттар арқылы көптеген жұмыстарды, мұғалімдердің жетістіктерін көріп отыруға болады.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 328 322 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Логопедическая практика и технологии сопровождения детей в образовательной и семейной среде

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Сокровища родного края: школьные музеи в действии

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 937 курсов