Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок на тему «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»

Открытый урок на тему «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»

Скачать материал

Сабақ жоспары №37

 

Пән  атауы: «Экономикалық талдау »

Оқу тобы: ЕА-31

Өтетін күні: 5 қараша   2015жыл

Өтетін орны: 12 дәрісхана

Мамандығы: 1518000 «Есеп және аудит»

 

Сабақтың тақырыбы: «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»

 

Сабақтың мақсаты:

 1)Білімділік: Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс жолдарымен таныстыру.

2)Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс  жасау, ой-өрісін дамыту, білім , іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру, қосымша  материалды  пайдалануға дағдыландыру.

3)Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке баулуға, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа баулу;өз елінің байлығын қорғауға, отан сүйгіштікке, еңбекке және экономикалық тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау,  лекция, ақпараттық – коммуникативтік, өздігінше жұмысты орындап топпен   жұмыс жасау, әр түрлі ойын, есептер шығару әдістері т.б.

 

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, компьютерлік техникалық құралдар, есептеуіш машиналар, қосымша әдебиеттер, слайдтар, тірек сызбалар т.б.

 

Пәнаралық байланыс: «Ұйым экономикасы», «Қаржылық есепті талдау», «Экономикалық информатика», «Экономистерге арналған математика».

 

Күтілетін нәтиже:

1)     Оқуға деген ынтасын арттыру;

2)     Оқушының жан-жақтылығы; ой-өрісін кеңейту;

3)     Бірігіп топпен жұмыс жасауы;

 

                                                  Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару- 2мин

2.Үй тапсырмасын тексеру -5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау үшін сабаққа дайындығын төмендегідей сұрақтар қою арқылы тексеру

Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап

  

1.          Талдау дегеніміз не?

обьектінің ішік элементтерін топтарға бөліп,зерттеуді айтамыз

2.    Кәсіпорындар жұмысын талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер

абсолютті, салыстырмалы, сандық, сапалық және аналитикалық

3.Көлденең немесе уақытша талдау ?

- есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңменсалыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы

бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

4.Тікелей немесе құрылымдық талдау ?

 әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.

5. Коэффициенттік талдау ?

 коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.

5. факторлық талдау-?

 бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.

 

3.Оқушылардан, үй тапсырмасын слайдтар арқылы көрсетіп, түсіндіреді. (15-20 мин)

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, жеке-дара жұмыс.

 

4.Жаңа сабақтың тақырыбы: «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»

 

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар : - 15-20 мин

 

Экономикалық талдау әдістері деп кәсіпорынның шаруашылық қызметінің дамуын зерттеу, саралау және тану тәсілдерін айтады. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау әдістерінің мәні оның міндеттерінен көрінсе, ал әдісті таңдау зерттеудің мақсатымен анықталады.

 Экономикалық талдау әдістерінің сипатты ерекшеліктері болып экономикалық құбылыстарды зерттеу, талданатын құбылыстардың ерекшеліктеріне қарай бағалау өлшемдерін таңдау, факторларды анықтау және олардың математикалық, статистикалық және т.б. ғылыми әдістердің көмегімен қызмет нәтижесіне ықпалын өлшеу үшін жүйелі көрсеткіштерді пайдалану табылады. Экономикалық талдау әдістері шаруашылық қызметті жан-жақты зерттеп, зерделеуге мүмкіндік беру жолдарын білдіреді.

Шаруашылық үдерісті зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы экономикалық талдау әдістемесін құрайды. Экономикалық талдау әдістемесі экономика, статистика және математика ғылымдарының аясында қалыптасады. Сондықтан да экономикалық талдау әдістерін негізгі үш түрге бөледі:

 Дәстүрлі әдістер (абсолютті, салыстырмалы және орта шамаларды пайдалану әдісі, салыстыру әдісі, топтастыру әдісі, графикалық әдіс, баланстық әдіс);

 Факторлық талдау әдістері:  детерминирленген факторлық талдау әдістері (тізбекті ауыстыру әдісі, индекстік әдіс, абсолютті айырым әдісі, интегралды әдіс);

 стохастикалық факторлық талдау әдістері (корреляциялық талдау, дисперсиялық талдау, компонентті талдау, қазіргі көпөлшемді факторлық талдау);

 Математикалық оңтайландыру әдістері (сызықтық бағдарлау әдістері, ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы)

Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдаудың дәстүрлі әдістері

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаудың дәстүрлі әдістеріне салыстыру; абсолютті, қатысты және орташа шамаларды пайдалану; топтау; графикалық және баланстық әдістер жатады. Аталған әдістердің мәні мен маңызын тереңірек түсіну үшін оларға жеке-жеке тоқталамыз.

Салыстыру әдісі

Салыстыру – бұл құбылыстардың ортақ сипатты белгісін немесе айырмашылығын анықтау мақсатымен белгісіз құбылысты бұрын зерттелген белгілі құбылыспен салыстыратын ғылыми тану әдісі. Салыстыру экономикалық талдаудың барлық міндеттерін шешетін негізгі әдіс болып табылады. Салыстырудың көмегімен экономикалық құбылыстардың жалпы және арнайы жағдайы, зерттелетін объектілердің өзгерісі мен даму заңдылықтары анықталады. Жоспарлы және нақты, сондай-ақ базистік және ағымдағы кезең көрсеткіштерін салыстыру.

         Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі факторлардың әсерінен үнемі өзерістерге ұшырайды. Зерттелетін экономикалық көрсеткіштер мөлшеріне факторлардың тиізетін әсерін зерттеу және өлшеу экономикалық талдаудың маңызды мәселесі болып табылады. Нәтижелік көрсеткіштердің мөлшеріне факторлардың әсерін кешенді, жүйелі түрде зерттеу және өлшеу әдістемесі факторлық талдау деп аталады. Факторлық талдау әдісінің мынадай түрлері бар:  детерминацияланған және стохастикалық;  тікелей және қарама-қайшы;  бір деңгейлі және көп деңгейлі;  статикалық және серпінді;  ретроспективті және болжамды. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау тәжірибесінде қызмет нәтижесіне факторлардың әсерін зерттеуде және өлшеуде детерминацияланған және стохастикалық факторлық талдау әдістері кеңінен қолданылады. Детерминацияланған факторлық талдау – нәтижелік көрсеткішпен толық сипатта байланысы бар факторлардың әсерін зерттеу әдісі. Оған тізбекті алмастыру, индекстік, абсолютті айырма және интегралды әдістер жатады. Стохастикалық факторлық талдау - нәтижелік көрсеткішпен толық емес, ықтималды сипатта байланысатын факторлардың әсерін зерттеу әдісі. Оған корреляциялық талдау, дисперсиялық талдау, компонентті талдау және қазіргі көп өлшемді талдау әдістері жатады. Факторлық талдау әдістемесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:  зерттелетін нәтижелік көрсеткіштерді талдау үшін факторларды іріктеу;  факторлардың шаруашылық қызмет нәтижесіне әсерін кешенді және жүйелі түрде зерттеп, өлшеу үшін оларды жіктеу және жүйелеу;  факторлар мен нәтижелік көрсеткіштер байланысының өзара тәуелділігі мен моделдеу нысандарын анықтау;  әрбір фактордың әсерін есептеу және әрқайсысының рөлін бағалау;  экономикалық үдерістерді басқаруда факторлық үлгілерді пайдалану. Шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер ететін факторларды жіктеу зерттелетін құбылыстардың себепті өзгерістерін тереңірек түсінуге, нәтижелік көрсеткіштердің қалыптасуындағы әрбір фактордың орны мен рөлін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Факторлар төмендегідей бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:  Табиғатына қарай:  табиғи-климаттық (табиғат апаттарының салдарынан болатын жер сілкінісі, су тасқыны, боран, өрт және т.б.);  әлеуметтік-экономикалық (жұмысшылардың тұрғын-үй мәселесі, кәсіпорында мәдени-спорттық сауықтыру шараларын ұйымдастыру, жалпы кадрлардың мәдени және білім деңгейі, т.с.с.);  өндірістік-экономикалық (кәсіпорынның өндірістік ресурстарын пайдалану толықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ қызметінің нәтижесін анықтайды).  Зерттеу объектісіне қатысына қарай:  ішкі (шикізаттар мен материалдарды уақытында жеткізу жағдайы, өнімнің сапасы мен өзіндік құны, нарықтың жәй-күйі, инфляция қарқыны және т.б.);  сыртқы (өндірісті мамандандыру және кооперациялау аясындағы өзгерістер).  Факторлардың таралу деңгейіне қарай:  жалпы (экономиканың барлық саласына дерлік әсер ететін факторлар);  арнайы (экономиканың жекелеген салаларына немесе жекелеген кәсіпорындарға әсер етеді).  Шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер ету уақытына қарай:  тұрақты (зерттелетін құбылысқа барлық уақытта тұрақты әсер етеді);  өзгермелі (белгілі бір кезеңде ғана әсер етеді, мысалы жаңа техника алу, жаңа өнім түрін өндіру және т.б.).  Қызмет нәтижесіне әсер ету сипатына қарай:  интенсивті (егіннің бітік шығуы,  малдың өнімділігінің артуы,т.с.с.);  экстенсивті (мысалы, егін егетін жерді кеңейту арқылы өнім көлемін өсіру, мал санын арттыру, т.с.с.).  Зерттелетін құбылыстардың қасиеттеріне қарай:  сандық (жұмысшылар, құрал-жабдықтар, материалдық ресурстар саны, т.б.);  сапалық (еңбек өнімділігі, өнім сапасы, егістік жерлердің құнарлығы, т.б.).  Құбылыстардың құрамына қарай:  жәй (мысалы, есептік кезеңдегі жұмыс күні саны);  күрделі (мысалы, еңбек өнімділігі).  Бағыныштылық (иерархия) деңгейіне қарай:  бірінші деңгейлі (қызмет нәтижесіне тікелей әсер ететін, мысалы жұмысшылардың орташа жылдық саны, бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіру көлемі, т.с.с. );  екінші деңгейлі (қызмет нәтижесіне бірінші деңгейлі факторлардың негізінде жанама әсер ететін факторлар, мысалы бір жұмысшының нақты жасаған жұмыс күні және бір күндегі өндірген өнім саны) факторлар болып бөлінеді.  

Өндірістік қызметпен айналысатын фирмалар жұмысын талдау өнімдер шығару көрсеткіштерін зерттеп-үйренуден басталады. Оның негізгі міндеттері:

1) болжамның маңызын, өндіріс динамикасын және өнім­д­е­р

    өткізуді бағалау;

2) факторларды анықтау және осы көрсеткіштер көлемінің

    өзгеруіне олардың әсерін есептеп шығару;

3) өнімдер шығару мен өткізуді көбейту резервтерін анық­тау;

4) анықталған резервтерді игеру жөнінде шаралар әзірлеу.

Тауар мен жалпы өнім өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері болып қызмет етеді.

Жалпы өнім – бұл аяқталған өндірісті қоса алғандағы бүкіл өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың құны.

Тауар өнімінің жалпы өнімнен өзгешелігі оған аяқталмаған өндіріс қалдықтары, яғни өткізуге арналған өнімдер қосылмаған.

Шаруашылық ететін субъектінің сәттілігі немесе сәтсіздігі сұраныстың деңгейі, сипаты, құрылымы қаншалық мұқият зерттелуі мен анықталуынан және оның өзгеру беталысынан тәуелді болады. Нарықты зерттеудің нәтижелері шаруашылық стратегиясы мен тауарлық ассортиментті жасаудың негізіне салынған. Олар өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жаңарту екпінін, өндірістің техникалық жетілдіруін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына мұқтаждықты анықтайды. Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты.

Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементі:

       - аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;

       - оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттері:
көлемнің негізгі көрсеткіштері бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;

бизнес-жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерілімі мен оңтайлылығын тексеру;

– өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін айқындау;
– өнімді шығару мен өткізудің ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;
– өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.

Талдаудың осы бағыттағы объектілері:

·                                 өндіріс көлемі ен өнімді өткізу;

·                                 өнімнің ассортименті мен құрамы;

·                                 өнімнің сапасы;

·                                 өнімнің ырғақтылығы болып табылады.



 5.«Кім жылдам?» әр ұяшықтағы сұрақтарға, нақты дәл жауап болуы тиіс, тапсырмалары орындалады. Әр сұраққа  ойлану үшін 15 секунд уақыт беріледі. (10 мин)

 

  1. Индукция -?

Кері факторлық талдау логикалық кері (индукция) тәсілімен себепті, нәтиежелі байланыс зерттеуін іске асырады.

 

  1. Дедукция -?

Тура факторды талдау кезінде зерттеу тура (дедуктивті) тәсілмен жүргізіледі.

 

  1. Ақпараттардың ресми түріне - ?

ҚР заңдары;

ҚР Президентінің Жарлықтары;

ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары.

 

  1. Экономикалық талдау түрлерінің бағыттары - ?

 Салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функциялары бойынша, аймақ бойынша, статистикалық мәліметтерді іріктеу бойынша.

 

  1. Талдаудың негізгі принциптері - ?

-         Мемлекеттік принципі;

-         Ғылыми принципі;

-         Объективті принципі;

-         Жүйелік принципі;

-         Кешенді принципі;

-         Жеделдік принципі;

-         Пәрмендік принципі

 

  1. Кәсіпорындар жұмысын талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер - ?

-         Абсолютті

-         Салыстырмалы

-         Сандық

-         Сапалық

-         аналитикалық

 

        6  «Ойланайық, кім тапқыр?» тапсырмалары орындалады.

Оқушыларға есептер беріледі. (3-есептен, бірінші, екінші, үшінші болған оқушылар бағаланады). (15-20 мин)

 

Есеп №1

    «Мирас» ЖШС-де есепті жылы өнімнің жоспарлы шығарылымы 412,6 млн.теңге құрады, ал нақты - 413,5 млн.теңге. Осыған сәйкес, өнім шығарылымының қатысты көрсеткіштері

 

Өнім шығарылымының қатысты көрсеткіштері = (нақты / жосп)*100% = (413,5 / 412,6) * 100%=100,22%

 

Есеп №2

      Кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кәсіпорында шығарылған өнім көлемінің әрекеттегі және  салыстырмалы бағаларын есептеу.

 

                                                                                                                  1-кесте

№1 тапсырыс

Мәліметтер   нәтижесі

Өнім шығару көлемі

Өнімнің саны, 1-ші, С-ы теңге

Қазіргі бағадағы 

1-ші, өнім, Қбі, теңге

Салыстырмалы бағадағы , 1-ші өнім, С-ы теңге

Қазіргі бағаға 

Қб, теңге

Салыстырмалы бағада Сб, теңге

1

10

2000

200

 

 

2

20

4000

90

 

 

3

30

6000

220

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

Шешуі:

 

Қазіргі бағада (Қб) өнім шығару көлемі:

Қб= (10х2000)+(20х4000)+(30х6000)=280000 тенге

Салыстырмалы бағада (Сб) өнім шығару көлемі:

Сб = (10х200)+(20х90)+(30х220)=10400 тенге

 

Есеп №3

 

      Саудадан түскен түсімді анықтау және  өзгерістерге факторлардың әсерін есептеп шығару

 

Көрсеткіштер

Болжам бойынша

Ағымдағы мәліметтер

ауытқу

1.Айдың басына тауарлар

қалдығы

8340

8580

 

2.Тауарлардың түсуі

12898

13156

 

3.Тауарлардың өзге де кетуі

841

915

 

4.Айдың соңына тауарлар қалдығы

7395

7587

 

Сатудан түскен түсім

 

 

 

 

Шешуі:

 

Баланстық әдіс, келесідей түрге ие баланстық  байланыстыру формулаларын пайдалануға негізделген.

Он+П=Ок+ПВ+Р

Мұнда Он және Ок – кезеңнің басындағы  және соңындағы тауарлар қалдығы;

П- тауарлардың түсуі;

ПВ – тауарлардың өзге де кетуі;

Р – сатудан түскен түсім.

Негізінен, сатудан түскен түсім аталмыш формула арқылы анықталады:

Р=Он+П-ПВ-Ок

 

Көрсеткіштер

Болжам бойынша

Ағымдағы мәліметтер

ауытқу

1.Айдың басына тауарлар

қалдығы

8340

8580

240

2.Тауарлардың түсуі

12898

13156

258

3.Тауарлардың өзге де кетуі

841

915

74

4.Айдың соңына тауарлар қалдығы

7395

7587

192

Сатудан түскен түсім

13002

13234

232

 

 

7 . Ойынның қорытындысы (1-2 мин)

Осымен ойынымызды аяқтап,  .«Кім жылдам?», «Ойланайық, кім тапқыр?» ойынымыздағы  белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

 

8.        Тақырыпты бекіту. (4-5 мин)

 

 

Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқуы

(+,-)

1

Таза табыс, мың теңге

5040

6538

+1498

2

Жалпы активтер

30512

37254

+6742

3

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі

16,52

17,55

+1,03

 

 

 

   9 . Оқушыларды бағалау (2 мин)

 

  10. Үйге тапсырма беру. (1-2 мин)

1. С. Егемдергенова «Экономикалық талдау» Алматы, Экономика 2009 жыл

( 37-110 беттер  )

2.М.И. Баканов, А.Д. Шеремет «Теория экономического анализа», 1999ж (208-212,251-254 беттер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпсалалы «Ұлағат  Қызылорда»колледжі

 

 

 

 

                                                                                       Бекітемін

                                                                                       Директордың оқу ісі

                                                                                       жөніндегі орынбасары

                                                                                     .............  Рахымжан А.Б

                                                                                     «........».................2014ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

 

     Тақырыбы: «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»

 

 

Пәні : «Экономикалық талдау»

Пән  оқытушысы:           Сугурова З.А

 

                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Қаралды

                                                                              Пән бірлестігінде

                                                                                            ............. Абдимомынова М.Ш

                                                                                       «.........»................2015ж

 

 

 

Қызылорда  2015ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему «Шаруашылық қызметті талдауға жүйелі әдіс»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 3325
    • DOCX 103.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сугурова Зухра Альматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сугурова Зухра Альматовна
    Сугурова Зухра Альматовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28631
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе