Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Открытый урок на тему: "Өсімдіктердің шипалық қасиеті"

Открытый урок на тему: "Өсімдіктердің шипалық қасиеті"


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы




«Оқушыларды бейіндік оқыту» бөлімі





Ашық сабақ






Тақырыбы: Өсімдіктердің шипалық қасиеті














Үйірме жетекшісі: Сүлейменова М.М.

















Қызылорда қаласы, 2016 жыл





Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің шипалық қасиеті.


Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты: Пәнге қызығушылығын арттырып, теориялық

білімді практикамен ұштастыру. Жергілікті жер

табиғатына тән өсімдіктер жайлы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы тереңірек

мағлұмат беру, дәрілік мақсатта қолдану тәсілдері

жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Өсімдіктер әлемін қорғай білуге,

табиғатты сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың әдісі: рольдік ойын,практикалық жұмыстар,тірек сызбалары,

баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Кеппешөптер, коллекциялар, суреттер, оқулықтар, сызбалар, таблицалар.



Сабақ жоспары:

1. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Тірек сызбалары арқылы түсіндіру..

2. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері жайлы жалпы түсінік. Реферат.

3. Дәрі. Дәрілік өсімдіктер. Тірек сызбалары.

4. Өсімдіктерді дәрілік мақсатта жинау ережелері. Плакат.

5. Кептіру,сақтау тәсілдері. Плакат.

6. Қайнатпа, тұндырма, ыстау. Плакат.

7. Практикалық жұмыстар. Кеппешөптер. Коллекциялар.

8. Шипагерлік кеңес. Рольдік ойын. Пайдалы кеңестер.

9. Өсімдіктерді, табиғатты қорғау.


І. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы жайлы жалпы түсінік


Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.Себебі, ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.

Ауаны улы газ бен шаңнан тазартады

(бір адам тыныс алу үшін жылына 173 мың литр оттегі қажет,

ғаламшардағы өсімдіктер жылына 400 млн т. шамасында оттегі бөліп шығарады.)


Айналадағы ортаны жақсартады

(айналадағы шуды бәсеңдетеді, ауа райын салқындатады, желге тосқауыл болады:аңызақ

желден, аптап ыстықтан қорғайды,қар тоқтату, топырақты бекіту үшін)


Топырақты қарашірікпен байытады

Өсімдік Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін

азықтың негізгі бөлігі


Сәндік, көгалдандыру үшін өсіріледі


Ағаштан 20 мыңнан астам бұйымдар жасалады

Тұрмыста пайдаланады (бояулар алынады,парфюмерияда – эфир майлары)

Медицинада алатын орны ерекше

(адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді, хош иісіжәне сәнді реңі адамның жүйке

жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады.)


ІІ. Өсімдіктердің шипалық қасиеті жайлы мағлұмат.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды.Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.Жер жүзіндегі дәрілердің 40 проценті өсімдіктен дайындалады екен. Бұған дәлел халық нақылы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның түбінде өсіп тұр».Бағзы заманнан–ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып,біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін ,дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да бар. Оны халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы мүмкін.

Қазақстанның жер көлемі 2750 мың шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан. Әсіресе өсімдіктерінің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірінен саналады. Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Ертеде өмір сүрген Әбу Нәсір Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни және орта ғасырларда өмір сүрген, тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Бұған қоса қазақтың халық медицинасында дәрілік өсімдіктер жөніндегі ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, және Ауғаныстан сияқты халықтардың медицинасындағы деректермен байытылып, одан әрі дамыды. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 пароценті өсімдіктен дайындалады.

Көптеген ғылыми мекемелер және жоғары оқу орындары, өсімдік бақтары, қорықтар дәрілік өсімдіктерді зерттеумен шұғылданады. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдік түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктер құрамында алкалоидтар, гликозидтер, эфир майы, түрлі дәрумендер болады.Оларда түрлі микробтарды, вирустарды өлтіретін антибиотиктер, фитонцидтер түзіледі. Осы заттардың болуына байланысты дәрілік өсімдіктерді бірнеше топқа бөлуге болады.






Дәрілік өсімдіктер – медицинада және ветеринарияда түрлі ауруларды емдеуге немесе олардан алдын ала сақтандыру үшін дәрі дайындауға пайдаланылатын өсімдіктер.


Дәрі – ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылатын шипалы заттар.


Дәрі адам баласына өте ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан 4-5 ғасыр бұрын грек дәрігері Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған. Бұдан кейінгі медициналық еңбектер Рим дәрігері Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның пікірінше табиғатта дайын тұрған дәрі жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организімінен сол дәрі дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады. Сөйтіп, дәрі жасаудың технологиялық әдісі күрделене берді. 19 ғасырдың ортасында фармакология ғылымы дамыды.


Дәрі неден алынуына қарай бес топқа бөлінеді:

1. Химиялық синтез өнімі

2. Тірі организмнен алынатын (антибиотиктер, кейбір витаминдер)

3. Дәрілік өсімдіктерден

4. Жануарлардан (гормональді, ферментті препараттар)

5. Мұнай, минералды тұздар, тас көмірден жасалатын дәрілер.


ІІІ. 1. Өсімдіктерді дәрілік мақсатта жинау ережелері

(тірек сызбалары арқылы оқушылар түсініктерін айтады)


Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін мына ережелерді білген жөн:

  1. Дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарап тани білу,

  2. Өсетін жерін білу;

  3. Дәріге өсімдіктің қай мүшесін (бөлімін) алуды білу;

  4. Кептіру әдісін, сақтау ережесін білу.

2. Кептіру,сақтау тәсілдері

(коллекциялар арқылы оқушының түсінігін тыңдау)

Бүршігін жинау үшін көктемде бұтақтарын кесіп алып 30 градус температурада кептіреді. Содан соң оны шыны банкаға салып сақтайды, сақтау мерзімі бір жыл.

Қабығын – ерте көктемде ағаш бүршік жара бастағанда жинайды, өйткені қабығы тез сылынады. Сақтау мерзімі төрт жыл.

Жапырағын - өсімдік жапырақ алақанын жазғанда немесе өсімдік гүлдеп тұрған кезде жинайды. Жапырақтарды ағаштың, үйдің көлеңкесіне немесе шатырда кептіреді. Кепкен жапырақтарды ағаш жәшікте сақтайды. Сақтау мерзімі бір жыл.

Жер бетіндегі мүшелерін - өсімдік гүлдеп тұрған кезде сабағын, жапырағын, гүлін ұзындығы 10-15 см етіп кесіп алып, 4-5 талдан баулап көлеңке жерге немесе үйдің шатырына күн түспейтін жерде кептіреді. Кепкен соң қатырма қағаздан жасалған қорапта сақтайды. Сақтау мерзімі екі жыл.

Жемісін - әбден піскен кезде таңертең, кешкі мезгілдерде жинайды. Оларды шыны банкада сақтайды. Сақтау мерзімі үш жыл. Дәрілік өсімдіктерді маман дәрігерлердің нұсқауымен пайдалану керек.


3. Қайнатпа, тұндырма, ыстау.

Тұндырма жасау. 1 ас қасық үгітілген шөпті жабық ыдыста 1 стакан ыстық суға салып, қайнап тұрған суда (су моншасында) 15 минут қыздырады. Оны үй температурасында 45 минут суытып, сүзіп алған соң, алынған тұндырманы қайнаған сумен 200 мл жеткізеді. 1 ас қасықтан күніне үш рет, құрамына байланысты, тамақ алдында немесе тамақтан соң ішеді. Дайын тұндырманы салқын, қараңғы жерде екі сөткеден асырмай сақтайды.

Қайнатпа жасау.1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 200 мл (1 стакан) салқын суға 1-3 сағат ұстап, сонан соң отқа жабық сырлы ыдыста бұрқыратып қайнатып, 10 минут суығаннан кейін дәке арқылы сүзеді де, 1 ас қасықпен 3-4 рет тамақ алдында ішеді.

Ыстау. а) Адыраспан шөбін тұтатып, тісті ыстау ауруды басады.

б) Шағын темір бидон аламыз, түбіне отқа қыздырған кірпіш қойып, кірпішке майдалап туралған сарымсақ (жантақ алуға да болады) себеміз. Түтіндей бастағанда (түтін ваннасын алу үшін) бидонның үстіне отырады. Парсылар бірнеше жүздеген жылдар бойы геморройды осындай тәсілмен емдеп келеді.

ІІІ. Практикалық жұмыстар.

Жергілікті жерге тән дәрілік қасиеті бар өсімдіктер жайлы

жалпы сипаттама, гербарий, этикетка жасау тапсырылады.

Жантақ

Жалбыз

Жусан

Бақ-бақ

Адыраспан

Қажетті құрал-жабдықтар: парақтар, қайшылар, ине-жіп немесе клей, өсімдіктер.



ІҮ. Бекіту

«Шипагерлік кеңес+» телебағдарлама. Рольдік ойын.

Жүргізуші – Нәзік

Кеңес сұраушылар - Айзат, Ақниет, Мағжан,

Өз тәжірибесін бөлісушілер - Ернар, Құралай, Нәзік


Қажетті құрал-жабдықтар: қауын тұқымы, келі, қайнаған су, өлшеуіш стакан,

дәрілік шөптер,дәке, жемістер, көкөністер.

Қауынның түрлері көп, барлығының тұқымынан дәрі жасауға болады.Қауын барлық егінді жерлерде өсе береді. Әсіресе құмды жерге жақсы шығады.Ем болатын аурулары:

  1. Ауыз сасығанда, қауынның тұқымынан белгілі мөлшерде алып, талқандап, таңертең ашқарында ауызды ысады немесе балмен араластырып, балшық дәрі жасап, тіске басса болады.


  1. Бел-аяқ қақсап ауырғанда, 120 гр қауын тұқымын талқандап, 10 күн араққа

шылап, 10 мл 3 күн бойы ашқарында ішеді.


Қауынның сабағы аздап улы болады. Ем болатын аурулары:

  1. Тамақтан уланғанда құстыруға тура келсе, 1-2 гр талқандалған қауын сабағын қайнаған сумен ішсе, 15-20 минуттың ішінде құсады.

  2. Мұрынның ет өспесіне талқандалған қауынның сабағын белгілі мөлшерде алып, мұрынға насыбайша атса, мұрыннан сары су тамып, өспе кішірейеді.


Ескерту: қауын сабағының құрамында милотоксин болғандықтан, ішкеннен кейін асқазан жүйкелерін тітіркендіреді де, жүрек айнып құсады. Денеге сіңбейді. Сонда да абайлау керек.


  1. Қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырдағы бөгеттерді ашады.

  2. Бір жақ шеке ауырғанда, аяқ-қол қалтырағанда, қант қызылшасының суын балмен араластырып, мұрынға таңса, ауру жеңілдейді.

  3. Шаштағы бит пен қайызғақты кетіру үшін қант қызылшасының жапырағының суымен шашты жуады.

Пайдалану мөлшері 40 грамға дейін.


Лимонның қабығын екі сантиметрден алып, ақ заттарынан тазартып ылғал жағын шекеге қояды. Бірнеше уақыттан соң тері қызарады, қызады және қышиды. Бас ауруы дереу қояды. «Уды у қайтарады» деп бекер айтылмаса керек.


Асқазанның қышқылы көбейіп кетсе, сәбіз шырынын ішеді. Бұл өте ертеден келе жатқан тәсіл.


Кейде байқаусызда аяғымызды немесе қолымызды қайырып, ауыртып аламыз. Сол кезде жуаны майдалап турап, құмшекермен араластырады да, қалыңдау шүберекке орап, ауырған жерге таңады. Нәтижесі жақсы болады екен.


Әжелеріміз, аталарымыз шамалы жүрсе ентігіп қалатынын бәріміз білеміз. Демікпені басу үшін мына рецепт жақсы нәтиже береді екен. 1 литр бал аламыз, 10 лимонды қысып, шырынын қосамыз, 10 бас сарымсақты тазартып, еттартқыштан өткіземіз. Осының барлығын араластырып жабық ыдыста бір апта қоямыз. Күніне бір рет 4 шәй қасық ішеді. Дәл 4 шәй қасық, бірден жұтып қоймай біршама ауызда ұстап, асықпай жұтады. Дәріні ішпеген күнді өткізбеу керек. Осы дайындалған көлем екі айға жетеді.


Жуаның сөлін 1 шәй қасықтан күніне 3-4 рет ішсе ангинаға таптырмас ем.


Денсаулығы мықты болып, ұзақ жасау үшін итмұрынның жемісін 2 шәй қасығын 1 стакан қайнаған суға салып демдеп, тамақтан соң күніне үш мезгіл ішеді.


Қаназдыққа май айында жиналған жусанды арақпен араластырады. 21 күн құрғақ, қараңғы жерде сақтайды. 1 тамшы тұнбаны суға араластырып, ашқарынға күніне бір рет таңертең ішеді.


Шикі картоптың сөлі аш ішек пен асқазанның жарасын жазады. Қабығымен асылған картоп (в мундире) гипертония ауруына қарсы ем.



Ү. Қорытынды.

Біздің өлкемізде дәрілік өсімдіктер көптеп кездеседі. Олардың барлығына да мысал келтіруге болар еді. Дегенмен біз тек қарапайым түрде қолдануға болатын өсімдіктерге тоқталдық. Себебі, дәрілік өсімдіктерді пайдаланғанда сақтық шараларын өте қатаң сақтау керек және үнемі дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Кейбір өсімдіктер улы болады. Бір ауруға ем болғанымен, оның пайдалану ережесін сақтамаса адам денсаулығына елеулі зиян келуі мүмкін.

«Соңғы сөзді маған қалдырыңыз...»

1. Табиғаттың құпиясы тұңғиық

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

Табиғаттың қадірлеп қасиетін,

Әділдікке әрқашан бас иемін.

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп,

Халық айтқан орынды өсиетін.


2.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

3.Жүрегімді тербеген бір арман бар,

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл-ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар!

Оқушылар өсімдіктерді қорғау жайлы өз ойларын ортаға салады, табиғат байлығын сақтауға байланысты өлеңдер оқу арқылы сабақты қорытындылаймыз.


ҮІ. Үйге тапсырма: «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында альбом жасау.


























Автор
Дата добавления 10.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров38
Номер материала ДБ-337841
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх