Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Открытый урок на тему "Сұраулы сөйлем" 8 класс
  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат , кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.Мысалы:

-Кеште кімдер өлең айттъі?

лдар өлең айтты.

-Қыздар ше? Жетек сұрақтар толымсыз болып қүралады, көбіне тек сүрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

.hello_html_2c9b9b55.gif сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі. Сергіту сәті

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.

Жаттығумен жұмыс: 19-жаттығу. Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді тауып,қандай сұрақ екенін анықтаңдар.

Топпен жұмыс: 21-жаттығу. 1-топ: Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар. Ішінде негізгі сұрақ, , жетекші сұрақ , анықтауыш сұрақтар болсын. 2-топ: Алдыңғы топтың сұрақтарына жауап береді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 22-жаттығу.






Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.

Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

  • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.




























Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

- Көремін, өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.


























Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп- тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу- қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу- қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.

- Бағу- қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсыңсаған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.















Булбул чаманни севар,
Одам — Ватанни.


Ватандан йироқлашган — номусдан ўлар


Ватани борнинг бахти бор,
Меҳнати борнинг — тахти.

Киши юртида султон бўлгунча,
Ўз юртингда ултон бўл.

Она юртинг омон бўлса,
Ранги рўйинг сомон бўлмас

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров88
Номер материала ДВ-452272
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх