Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Открытый урок на тему "Судың маңызы және оны қорғау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Открытый урок на тему "Судың маңызы және оны қорғау"

библиотека
материалов

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі:



Химия-биология пәнінің мұғалімі С. Ж. Жалмұқашеваның

«Судың маңызы және оны қорғау» тақырыбына қысқа мерзімдік жоспары


30.10.2015

Химия

8 сынып

Сабақ тақырыбы:

Судың маңызы және оны қорғау

Мақсаты:

Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Судың судың тіршілікпен байланысын ажырату, сыни тұрғыдан ойлана отырып, су әлемін сипаттап, олардың жалпы табиғатқа және адамзатқа пайдасын айқындай алу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Химия.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру. Қоршаған ортаны қорғауды, судың маңызы, өзіндік ерекшелігі туралы біледі, судың тіршілік ортасымен байланысын ажыратады, сыни тұрғыдан ойлана отырып, су әлемін сипаттап, олардың жалпы табиғатқа және адамзатқа пайдасын айқындай алады.

Негізгі идеялар:

Судың маңызы және оны қорғау

Сабақта қолданылатын материалдар:

Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары, интерактивті тақта суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Оқыту әдістері:

Стратегиялар/әдістер: «Шаттық шеңбері», «Өрмекші торы», «Миға шабуыл», «Жұптас, ойлан, бөліс», «Сергіту сәті», Рефлексия — «Блум» таксономиясы

Дерек көздері:

Судың маңызы мен оны қорғау тақырыбына берілген материалдары, жұмыс дәптері, оқушы анықтамалығы.

Тапсырмалар:

Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия жасау.



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Психологиялық дайындық.

Қызығушылықты ояту.

Орнымыздан тұрайық,

Көзімізді жұмайық.

Әдемі ойлар ойлайық,

Әдемі ойлар ойлап ап,

Жаңа сабақ бастайық.

Оқушылар сәлемдесіп, орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы ойлар ойлайды.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(7 мин)

І. Білу. І тапсырма.

«Крестиктер-нөлдіктер»

1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,

Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ

Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

2. Гидросфера дегеніміз не?

3. Оның адамзат өміріндегі маңызы қандай?

4. Күн жүйесіндегі басқа планеталарда су көзі бар ма?

5. Су 3 күйде болады:

1) қатты 2) сұйық 3) газ.

6. Суды қайда пайдаланамыз?

7. Су қандай қасиеттерге ие?

8. Өсімдік 80-99% су.

9. Жануардың 75 пайызы судан тұрады?





1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.



ІІІ. Жаңа тақырып

ІІ. Түсіну. ІІ тапсырма. Тақырыпқа кіріспе. «Суды қорғау» тақырыбында бейнематериал көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

1-топқа «Судың жануарлар мен өсімдік тіршілігі үшін маңызы»

2-топқа «Судың адам ағзасына пайдасы»

3-топқа «Суды қорғау» тақырыбына постер толтырады



ІІІ. Қолдану. ІІІ тапсырма.

I топ. Тәжірибе «Су — мөлдір»

Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

II топқа. Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III топқа. Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Стақанға таза су құйып,  суға шикі жұмыртқаны саламын.   Жұмыртқаны стаканнан шығарып, жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды су түбіне батып кетеді. Жақсылап ерітемін. Енді жұмыртқаны қайтадан  Тұз судың тұздылығын арттырады. Судағы осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның суға батқан жоқ!            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.


ІV. Талдау.

«Жұмбақтың шешімін табу»


Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарына таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ (Бұлт)


Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (Қар)


Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін

Жуады, бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)


Ақ көбелек қонды,

Құстар енді тонды. (Қар)


Киіз үйімнің төбесі

Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)


Дауыл ақ дән ұшырып,

Шашып өтті аспаннан.

Шекемізді ісіріп

Қаштық үйге сасқаннан (Бұршақ)


Мөлдіреген жүзімді

Ұстап едім үзілді. (Шық)

Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс (Қырау)


Көлдің беті көк әйнек

Сырғанауға тым әйбет (Мұз)


Мұхиттардың ортасында

Аппақ тау бар, түк өспейді

Жер шарының картасында,

Оған еш шың теңеспейдi. (Айсберг)


Сұрғылт түтін бітесе маңайды

Адастырар талайды (Тұман)


Бұйра жасап сан қилы

Сұйық жазық шалқиды (Теңіз)


Сынаптай жылтырап

Биіктен сырғиды

Ән салып былдырап

Іздейді ылдиды (Бұлақ)

Топқа бөлу гүлдер арқылы жүзеге асады .

І топ – «Қызғалдақтар»

ІІ топ – «Раушангүлдер»

ІІІ топ – «Түймедақтар»


Топ басшысын сайлау


Оқушылар дайындалып постер қорғайды. Топ басшысы бағалап отырады









Әр топқа сұрақтар беру арқылы тәжірибелер көрсетеді. Сұрақтарға әр топ оқушылары жауап береді.









































Жұмбақтардың шешімін табады. Бағалау бетшесіне бағаланады






Берілген сұрақтарға сыныптағы барлық оқушылар жауап береді. Топ басшысы бағалап отырады.


Әр топ сұрақтарға жауап береді.




Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар


7 мин





















7 мин


4 мин

V. Жинақтау. V тапсырма.

Ой жалғау «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда ... » ойды аяқтау.

Оқушылардың пікірін тыңдау, талқылау.

(тіршілік тоқтап қалады)


Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын жинақтайды.

3 мин

VI. Бағалау (5 мин)

«Чемодан, Еттартқыш, Ыдыс»


Топ басшысының жиынтық бағалауы

V.Үй тапсырмасын беру

(2 мин)


«Судың маңызы және оны қорғау» тақырыбына презентация дайындау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Рефлексия

(3 мин ) Кері байланыс


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

 

Бағалау. Әрбір тапсырмадан соң формативті бағалап отырамын. (стикерлер, бас бармақ, бағдаршам, ауызша бағалау арқылы формативті бағалау)


Аты-жөні

Крестик нолдиктер

Постер қорғау

Тәжірибелер көрсету

Жұмбақтар шешу

Ой тоқтату

Қорытынды

Ермахан







Ару







Аружан







Асылжан







Асылбек







Нұрай







Шәмші







Айжарық







Алмагүл







Нұрдаулет







Ернұр







Әдемі







Жазира







Думан







Орынбек







Ақмарал







Бағалау критерийлері:

1. Білу: Нақты қойылған сұраққа – 2 ұпай.

2. Түсіну: Түйінді ой қосқандар- 1ұпай

Химиялық тілді дұрыс қолдана білу. -1ұпай

3. Қолдану: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі -2 ұпай

4. Талдау: Әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпай.

5. Жинақтау: Бір атау жазса-1ұпай

6. Бағалау: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі.-1ұпай

10-12 ұпайға –«5» 6-9 ұпайға - «4» 3-5ұпайға - «3»





Аты-жөні

Крестик нолдиктер

Постер қорғау

Тәжірибелер көрсету

Жұмбақтар шешу

Ой тоқтату

Қорытынды

Ермахан







Ару







Аружан







Асылжан







Асылбек







Нұрай







Шәмші







Айжарық







Алмагүл







Нұрдаулет







Ернұр







Әдемі







Жазира







Думан







Орынбек







Ақмарал







Бағалау критерийлері:

1. Білу: Нақты қойылған сұраққа – 2 ұпай.

2. Түсіну: Түйінді ой қосқандар- 1ұпай

Химиялық тілді дұрыс қолдана білу. -1ұпай

3. Қолдану: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі -2 ұпай

4. Талдау: Әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпай.

5. Жинақтау: Бір атау жазса-1ұпай

6. Бағалау: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі.-1ұпай

10-12 ұпайға –«5» 6-9 ұпайға - «4» 3-5ұпайға - «3»










hello_html_56c1be01.png

hello_html_56c1be01.png
















hello_html_56c1be01.pnghello_html_56c1be01.pnghello_html_56c1be01.pnghello_html_56c1be01.png

hello_html_25db7684.jpghello_html_25db7684.jpghello_html_25db7684.jpghello_html_25db7684.jpghello_html_25db7684.jpgAutoShape 11hello_html_m371e6112.jpghello_html_m371e6112.jpghello_html_m371e6112.jpghello_html_m371e6112.jpghello_html_3831c3b.jpghello_html_m7ba5dea3.jpghello_html_3831c3b.jpghello_html_m371e6112.jpghello_html_m371e6112.jpghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.pnghello_html_5225334e.png




Суды қорғау


Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз . Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.

Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды

Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 % азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .

Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) . Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .


Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.
































hello_html_m1c1ae3a.jpg

hello_html_m6dee2b7f.jpg



hello_html_7462726b.jpghello_html_m7eb720aa.jpg

hello_html_m1e41a92.jpghello_html_1fce818.jpg


Судың жануарлар мен өсімдік тіршілігі үшін маңызы


Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .

Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .

Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .

Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .

- Сусыз тіршілік жоқ. Адам денесінің басым бөлігі судан тұрады. Егер адамның салмағы 70 кг болса, оның 50 кг су. Сусыз жануарлар тіршілік ете алмайды. Мысалы:

1 кг картоп өсіруге 300 л

1 кг бидай өсіруге 1200 л

Піл тәулігіне 90 л су ішеді.

Арал теңізі туралы айтып кету.

Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күн де тұра алмайды. Су егін егуге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Су- Жер шарындағы тіршілік көзі, олсыз Жер бетінде ешқандай да тіршілік көзі дамымас еді. Жер шарының 361млн км² яғни 71% су алып жатқандығына қарамастан адам үшін қажетті тұщы су қоры оның тек небары 2%-ын ғана құрайды. Тұщы су қоры негізінен мұздықтар мен өзендерде және де кейбір тұщы көлдерде сақталған.



Судың адам ағзасына пайдасы


Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Моншада да сумен жуынып, оның ыстық буын пайдаланамыз. Сол себепті судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Біз енді ішетін, жуынатын суымыздың бізге шипасына, қажеттілігіне тоқталайық.

Су не үшін қажет?

1. Су дене температурасын тұрақтандырады.

2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.

3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.

4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

5. Денені жарақаттанудан қорғайды.

6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.

7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.

9. Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады.

Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.

Қажетті мөлшерде су ішпегенде

1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды. 2. Қан қоюланады. 3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. 4. Нәжіс сары түсті болады.5. Іш қатуына (запор) себеп болады. Су жетіспегенде1. Бас ауырады.2. Бас айналады.3. Шаршау әлсіздік пайда болады.4. Ойдың тынықтығы бұзылады 5. Тәбетсіздік туады. 6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн

hello_html_m197d2f23.jpghello_html_md7bf8ca.jpg







hello_html_38b1a85f.jpghello_html_ma312fc.jpg




















hello_html_m2788de59.jpg

hello_html_19046dd6.jpg











hello_html_m51a459c2.jpghello_html_1e4dc7c9.jpg



hello_html_m25b1926d.jpghello_html_683af2ad.jpg

hello_html_b967532.jpg


hello_html_68998523.jpg



















hello_html_4e45e497.jpghello_html_60bf0e55.jpg





hello_html_42a88552.jpghello_html_702ed7c8.jpghello_html_m4a25f61a.jpghello_html_m327729c.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1009
Номер материала ДВ-146954
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх