Инфоурок Другое КонспектыОткрытый урок на тему "Сөз атасы – сәлем"

Открытый урок на тему "Сөз атасы – сәлем"

Скачать материал

Сөз атасы – сәлем

 

Мақсаты:   -   оқушыларды  сәлемдесу  туралы  мәлімет  беру, оның  

                     инабаттылық, әдептілік, адамдық  қасиеттің  негізгі  арқауы        

                     екенін  ұғындыру;

-         ұлттық  салт-дәстүрлермен  таныстырып, адамгершілікке         

                     тәрбиелеу;

                     -  үлкенді  сыйлау, кішіге  ізет  көрсету, сыйласымды  қарым-             

                     қатынас  жасауға  баулу.

                    

Көрнекілігі: ұлағатты  сөздер, тірек  сызбалар, қима қағаздар.

 

1.     Әдепті  елдің  баласы  алыстан  сәлем  береді.

2.     Сәлем – Алланың  жердегі  есімдерінің  бірі.

3.     Әдептіліктің  белгісі – иіліп  сәлем  бергені,

Жақындықтың  белгісі – келіп-кетіп  жүргені.

 

Барысы.

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Оқушының  назарын  сабаққа  аудару.

 

1.     Әдепті  елдің  баласы  алыстан  сәлем  береді.

2.     Сәлем – Алланың  жердегі  есімдерінің  бірі.

3.     Әдептіліктің  белгісі – иіліп  сәлем  бергені,

Жақындықтың  белгісі – келіп-кетіп  жүргені.

 

ІІ. Кіріспе.

    

            Адам  баласы  қашан  да  тыныш, бейбіт, бір-бірімен  сыйласып  өмір  сүруді  аңсаған, армандаған. Сондықтан  сәлемдесу – әдептілік  ғана  емес  имандылықтың  да  нышаны, белгісі  ретінде  қабылданған. Әрбір адам «қайырлы  таң», «қайырлы  күн», «қайырлы  кеш» деген  сөздерді  амандасуға  қосып, тәуліктің  үш  мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандасуы  тиіс. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені   сыйлап, алдынан  қия  өтпеу – ата  дәстүріміз.

      Адамға сәлем беру жасы үлкен-кішіге байланысты емес. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру сияқты көптеген түрлері бар.

 Сәлемдесу түрлері:

-         Сәлеметсіз бе?

-         Сәлеметте болыңыз!

-         Аман - саусыз ба?

-         Аман - есенсіз бе?

  Әсіресе араб тілінен енген:

-         Ассалаумағалейкум! Яғни, сізге амандық тілеймін!

-         Уағалейкумассалам! Яғни, сізге де амандық тілеймін! – дегенді білдіреді.

 

 

 

ІІІ. Негізгі  бөлім.

 

                 Қазақ  салтында  амандасқан адам оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол: «сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» - деген мағынаны білдіреді. Кейде ұзақ уақыт көріспеген ағайын-туыс, құда-жекжаттар сәлемдесіп қана қоймай, құшақтасып  аманадасады.

       Ал  енді  өзге ұлт өкілдерінің де сәлемдесу дәстүрі әр-түрлі болып келеді. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иіліп, ізет жасап, сәлемдеседі.  Олары «басымыз аман болсын!» дегендері.

      Тибеттіктерде тіптен қызық: бір-бірімен амандасқанда, оң  қолымен  бас киімін  алып, сол  қолын  құлағының  артына  ұстап, тілдерін  шығарады екен. Қытайда  сәлемдесудің  түрі  өз  қолын  өзі  қысу  болыпты. Француздар бірінің – бірі маңдайынан сүйіп амандасады. Орыстар оң қолымен  бас  киімін  алып, басын  изейді. Сәлемдесудің  әдеп  ретіндегі басты  шарты  жылы  шырай  білдіру. Адамның  әр күнгі іс-әрекеті таңертеңгі  сәлемнен, жақсы  көңіл-күймен  басталады.

 

Ойын:    «Ішкі  ритм»  

             (ренжіп, қуана, бірқалыпты, таңғала айту)

 

         Енді балалар   мына  бір  мақал-мәтелдерге  тоқталайық.  «Алыстан  алты  жасар  бала  келсе, ауылдағы  алпыс  жасар  қария  сәлем  береді» деген   аталы  сөздің  мағынасын  қалай  түсінесіңдер?

Оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру үлкен-кішіге байланысты емес.

Оқушы: Үлкен кісіге амандасу әдептілікке жатады.

Тәрбиеші: Үлкен-кіші бір-бірімен жылы шырай амандасып қана қоймай, ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына лайықты жауап қатып: көп жаса, балам! «Ғұмыр – жасың ұзақ болсын!» деген ізгі тілектерін де білдіреді.

 

Енді  балалар, бойымызды сәл сергітіп алайық.

 

Сергіту сәті

   Қуан шаттан!

   Қуан шаттан!

   Қуанатын күн бүгін.

   Қайырлы таң!

   Қайырлы күн!

   Күліп шықты күн бүгін!

   Қуанамын мен де,

   Қуанасың сен де,

   Қуанайық достарым,

   Арайлап атқан күнге.

    - Жарайсыңдар балалар.

   

 

 

 

 

Көрініс  көрсету

 

Ата мен жігіт:

1-оқушы: - Ассалаумағалейкум ата!

2-оқушы: - Уағалейкумассалам!

1-оқушы: - Деніңіз сау ма, аман-есенсіз бе?

2-оқушы: - Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.

1-оқушы: - Бала шағаңыз, есен-сау ма?

2-оқушы: - Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр.

1-оқушы: - Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?

 2-оқушы: - Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы

 

Әже мен немересінің сәлемдесуі

1-оқушы: - Армысыз әже?

2-оқушы: - Бар бол, балам.

1-оқушы: - Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба?

2-оқушы: - Тәңірге тәубә, барлығы күйлі – қуатты, аман-есен.

1-оқушы: - Ылайым жақсы болсын.

2-оқушы: - Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

    

-         Балалар осы екі көріністің бір-бірінен қандай айырмашылығын байқадыңдар.

 1-оқушы:  - Сәлем беру – амандықтың, мәдениеттіліктің белгісі.

 2-оқушы:  - Ата, ағалар қол алысып амандасады, ал әже, апалар, қыздар қазақ халқында қол алыспай, салмақпен, биязы мінезімен амандасады.

-         Міне, балалар үлкен-кішінің бір-бірімен амандасуының қарапайым түрінде қанша мейірім, қамқорлық әдемі жарастық жатыр.

Өлең:  Ата көрсем, жақын кеп,

            Сәлем берем ізетпен:

          «Ассалаумағалейкум!» - деп

            Алдан әже жолықса,

            Бөгелем де әдейілеп

            Сәлемдесем сол тұста:

            Есенсіз бе? әжей – деп.

            Кім кезіксе мектепте,

            Таныс емес демеймін.

            Аға, тәте, көкеге,

         «Сәлеметсіз бе?» - деймін.

-         Сәлемдескенде, сәлем бергенде әр адам дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып асықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек. Өйткені амандасудың өзі мәдениеттілікті көрсетеді.

 

(балалар  сәлем  сөзін  топтастырып  гүл  жасайды)

Қорытынды:   

Міне, балалар бүгінгі сабағымызда біз бір-бірімізбен қай жерде, қалай сәлемдесу әдебін, мәдениетін үйрендік. Осымен «сөз атасы – сәлем» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Сөз атасы – сәлем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 828 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 561
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Андосова Айгуль Шажалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Андосова Айгуль Шажалиевна
    Андосова Айгуль Шажалиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 627
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой