Инфоурок Школьному психологу КонспектыОткрытый урок на тему «Табиғатпен табиғи байланысым»

Открытый урок на тему «Табиғатпен табиғи байланысым»

Скачать материал

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БIЛIМ БАСҚАРМАСЫның

«Технологиялық колледжі» МҚКК

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы «Табиғатпен табиғи байланысым»

Топ КБ-І

1.     Мамандығы 0104000 «Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2016

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Технологиялық колледж

Тақырып: 27-сабақ. Табиғатпен табиғи байланысым

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер:барлық дінге деген және мәдинетке деген құрмет, бірде - бір тірі жанға ойша болсын, сөзбен болсын, іс - әрекетпен болсын қиянат жасамау, адам құқығын сақтау, жақсы азамат болу т.б.

Мұғалiм: Раушан Амантаевна Курмашева

Тобы: КБ-І

Оқушылар саны 25

Сабақ мақсаты: Табиғатта өмір сүретін тірі жанға ойша болсын, сөзбен болсын, іс - әрекетпен болсын қиянат жасамау, адам құқығын сақтау, жақсы азамат болу арқылы қиянат жасамау құндылығын ашу.

Міндеттері:1.Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу, қамқорлық жасау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

2.Толеранттылық, ақжарқындылық, татулық, қоршаған ортаны қорғау.

3.Оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)Презентация,

(баяу әуен)

 «Табиғат.Өмір. Адам» проза

Видеоролик «Су»

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi.(баяу әуенмен)

Оралхан Бөкей «Табиғат. Өмір. Адам» өлең жолдарын үнтаспадан тыңдау.— Міне, сіз — алқызыл нұрымен ақ бас тау, бұйра бас ормандарды аймалап, кең дүниені шапағымен шарапаттай масайраған. Күн шығар сәтте ояндыңыз; мүмкін, сізді оятқан таң емес, әлгі бір таң бозынан сайраған бозторғай шығар, мүмкін, жаңа ғана дүркірей суаттан қайтқан марал дүбірі ме екен, әлде әупілдеген еліктің даусы шығар, әлде анау ақ таңдағы ақ толқынын аспанға лақтырған Бұқтырма сарыны да, не болмаса арқаңыздан өткен таңғы шықтың шым-шым сызы ма... әйтеуір, дәл осындай шапақты шақта оянғаныңыз үшін, табиғат жарықтықты адал жүрегіңізбен алқайсыз да, бір-біріне мінгесіп-ұштасқан мәңгі тәкаппар асқақ Алтайдың алдында бас киіміңізді алып, тағзым етіп, «ассалаумағалейкүм» деп есендесесіз. Сіздің бұл үніңізді Алтайдың жақпар тастары мен құзар шыңдары іліп алып, кезек-кезек жаңғырықтыра қайталайды, қайталайды... Енді сіз аңғарды басына көшіріп, күркіреген Бұқтырманың кәусар суына жуынып, қып-қызыл боп алжырап жатқан бүлдірген, жоқ болмаса анау таңқурайды таңдайыңызға салып талмаңыз да, оразаңызды ашыңыз. Міне, сіз Алтайдың арайлы таңына шомылып тұрып, мынау дүниеге жаңа келгендей лүпілді жүрек, лыпыған сезіммен: «Өмір не деген тамаша едің!»— деп, бар даусыңызбен және айқайлайсыз. Сіздің өмірге ғашық екеніңізді анау ұйқысынан жаңа ғана оянған алып таулар жаңғырықтыра тағы да үздік-создық қайталайды-ай... Ал сіз Алтай жазығының жазиралы келбетіне сүйсіне, балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтасыз, армансыз жұтасыз.

Сіз табиғаттың осыншалық сый-сыяпатын төге салған мәрттігіне қайран қалып, тау асып, байып жатқан Күннің алқызыл нұрына табынасыз да, кілемдей түрілген көк майсаға аунай кетесіз. Күлесіз, бақыттан, шаттықтан күлесіз. Күліп жүріп гүл тересіз, теріп жүріп «Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ!» деп, жар салғыңыз келеді.

Үй тапсырмасын тексеру. «Менің қосар үлесім...»

Өзіңізді толғандыратын бір мәселені, шешудің жолын көрсету. Жобаны қорғау. (ойы, идеяларын толық сипаттайтын көрнекі материалдар) кедей елдердің дамуына көмектесу үшін; 
- өз мемлекетімнің қорғанысы үшін; (терроризм,секта)
- ауыл шаруашылығын қолдау үшін; 
- білім беру ісін дамытуға; 
- қоршаған ортаны қорғауға; (ауа, су, жер)
- өз елімдегі кедейшілікпен күресу, 
әл-ауқатын арттыру

Қазақстан халқының өмір жастарын ұзарту

Сабақ барысын талқылау:

Абай Құнанбайұлының өлең жолдары мен қара сөздері афоризмге айналып кеткелі қашан. Алып ақынның ұлылығы да осында жатса керек.

Дәйек сөз. “Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай Құнанбайұлы

(дәйексөзді дауыстап оқыту, дәптерлеріне жаздыру).

- Өзіңе қатысты қиянат  жасамау ұғымын кім қалай түсінеді?

Асықтық сөзі асығу дегенді емес құштарлық дегенді білдірсе керек.

1.Әңгiмелеу (сұхбат). Адамның табиғатпен тығыз байланыста екеніне ғылыми тұрғыдан дәлел болатын бейнеролик «табиғи СУ»  5м 33 с-06м.39с судың естіген нәрсені жадында сақтауы, 08м.11с- 08м.36с судың құрылысы туралы. Адам ағзасының 70-80% судан, қанның 83, бұлшық еттердің 75, мидың 74 % судан тұрады.

Енді адам эмоциясының суға әсері, екі адамды сыртқа шығарып бір эксперимент жасап көрелік: 2 стаканға су құйып оң жақтағысына біз жағымды эмоция сыйлаймыз, сол жақтағысына біз жағымсыз эмоция жібереміз. Екі адамды шақырып қай стакандағы судың мөлдірлігі басым екенін айтуын өтінеміз.

Қиянат жасамау құндылығымен байланысы қандай?

 Аңыз әңгіме: Жүрек жарасы – жамандықтан

     Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген сайын, есік алдындағы  ағашқа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де: «Әке, мен  енді  ешкімге   жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ», дейді.

     Сонда әкесі: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  ағашқа  қараса, ол  тесік-тесік болып тұрғанын көреді. Сонда әкесі баласына: «Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  із қалады», деген екен.

 Мәтінмен жұмыс

1. Мәтіндегі негізгі ойды бір сөзбен түйіндеңіздер?.

2. Қиянат жасаудың себептері

Сүйіспеншіліктің жетіспеуі. Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат. Әлем туралы өзіндік түсінігі, сәйкес келмеуі.

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Қиянат жасамау қағидаттары

Өзіңе қатысты қиянат  жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

Жамандық көру – көзге қиянат.

Жаман иіс – мұрынға қиянат.

Жаман әрекет – тәнге қиянат.  

Табиғатқа қиянат жасамау- қамқоршы болу, емшілік қасиеттерінің жойылмауына үлес қосу, сулулықтың таусылмас көзі, жасыл желек, Жер-Ананы аял

Өзге тірі жанға қиянат жасамау-

(3 түсті шеңберден таңдап 3 топқа бөлінеді)

 

Топпен ән айту. «Табиғат» Айдар Тұрғанбек

Шапағат нұрын құйған таңғы арай

Әсем көңіл сәуле шаша жазғы күні

Самал желмен тербеліп дархан дала

Шіркін қандай десеңші табиғат ай

Қайырмасы:   Табиғат көркің әсем қандай

                       Жүзің нұрлы жаздай

                       Қайтып сені сүйіп өтем

                       Бұл өмірден балдай

Табиғат ақ дидарлы көркің қандай

Сән бейнеңде сымбатты жүзің майдай

Көгілдір көк аспаннан сәуле төккен

Күн көзімен желбіреп тәнің қандай

Үнтаспадан тыңдау

Үй тапсырмасы. 232 бет Синквейн өлең жазып келу. Табиғаттың әсемдігіне көңіл күйлеріңізді білдіру. Адамның мінезі мен қасиетін табиғатпен байланыстырып сипаттап жазып келу.

 

Тыныштық сәтi. Баяу музыка

 ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Қорытындылау: Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез – құлық

 және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

(балалардың өз ойларын ашық айтуға ықпал жасау–өз өмірімен

 байланыстыру, тілек айту  )

«Bedtime» композитор Gomer Edwin Evans

Children, s Music

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему «Табиғатпен табиғи байланысым»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.05.2016 2041
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Раушан Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмашева Раушан Амантаевна
    Курмашева Раушан Амантаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7293
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование гелотологии (смехотерапии) в практической деятельности психолога

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Базальная стимуляция и развивающий уход - современные подходы в работе с детьми с тяжелыми множественными нарушениями развития (ТМНР)

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов