Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Открытый урок на тему "Тапқыр достар"

Открытый урок на тему "Тапқыр достар"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: " Тапқыр достар" сайысы 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

Логикалық сайыстың барысы: 
1-жүргізуші: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! 
ІІ- жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов 
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны
 
оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты,
 математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. 
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
 екендігіне көз жеткізесіңдер. 
І- жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар 
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
 берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. 
ІІ- жүргізуші: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн. 
І- жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар: 
1) «Таныстыру»
2) «
Кім жылдам?»
3) «Ойлан, тап!» Ребус шешу.
 
4) «Халық даналығы» санжұмбағы
5)
«Сиқырлы шарлар!»
6)
«Тез есепте»
1-кезең «Таныстыру»

І- жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы 
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
 
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
 
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы деп ұлы Абай айтқандай сырты күміс, іші алтын сөздерімен
3 топ өздерін таныстырып өтсе. 

1 - топ. «Сандар»

Топ басшысы: Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады. Олар бар болғаны он цифр.

Әр санның өз сыры бар
Бірлік, ондық, жүздік бар,
Сандар сырын айтатын.
17 миллион халқым бар.

ІІ топ. «Өлшемдер»
Топ басшысы: Қазақта бар өлшемдер,
Сөзімді менің көркемдер.
Елі қарыс қадам бар,
Қазақша нағыз өлшемдер.
Жақсы – жаман арасы,
Бес елі деп өлшенер.

Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағың.
Жүрген елдің ойынды,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бұл өлшемдерді білейік,
Есте ұстап жүрейік.

І І І топ. «геометриялық пішіндер»

Нүктесі жоқ басталған,
Аяқталған жері жоқ.
Шеңбердің сірә теңі жоқ.

Шеңберді сығып бұл енді,
Сопақшалап жіберді.

Атына сай бағы бар,
Үш бұрыш,үш жағы бар.

Төртбұрышы да тең түскен,
Осынша жақтау және тең,
Мұндай шаршы мен білсем

Табылмас-ау еш жерден.



2-кезең «Кім жылдам?»

ІІ- жүргізуші:

Өнер қуған балалар өтер дейміз 
Бір басына білімі жетер дейміз
 
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп
 
Сұрақтарға жауап берсе екен дейміз, – деп сайысты
ң Кім жылдам? кезеңін бастаймыз. Мен сұрақ оқимын сендер жауабын білсендер тетікшені басасындар.Түсінікті болса басайық!

І- жүргізуші: 1. Менің ақшама осы ақшаның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (Жауабы 100 теңге)
ІІ- жүргізуші: 2. Шешесі балаларына 10 шоколады бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. (4 бала - 2 ұл, 2 қыз)
І- жүргізуші: 3. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді.неше жыл жерде өмір сүрді (5 жыл -60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))
ІІ- жүргізуші: 4. Назгүл мен Айгерім апалы-сіңлілі қыздар. Айгерім өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Айгерім мен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)
І- жүргізуші: 5. Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Ж: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады.)

ІІ- жүргізуші: 6. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Ж: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді

І- жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен, 
Асып- тасып асықпа, қалыспа сен.
 
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
 
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайысқа керек екен, –деп «Ойлан, тап!» кезеңіне беріледі.
 


3- кезең «Ойлан, тап!» (Математикалық ребус,сөзжұмбақ шешу)

hello_html_m4a770dbe.jpg

Қандай сандардың қосындысы 102-ге тең әр топ үш өрнектен айтады


СӨЗЖҰМБАҚ «Математика»

Сұрақтары:
  1. 1 тоннада неше кг бар?

  2. Бестен кейінгі сан.

  3. Сыйымдылықты немен өлшейді?

  4. х + 2 = 10 , бұл не?

  5. 10 + 10 = ?

  6. Тонна ненің өлшем бірлігі?

  7. Төрт қабырғасы бар фигура.

  8. Бөлменің қабырғасын немен өлшейді?

  9. Ең кіші уақыт өлшем бірлігі

  10. 100 – 40 = ?





4-кезең. «Халық даналығы» санжұмбағы

ІІ- жүргізуші:

Сендерге артар міндет көп. 
Көтер биік ата салтын құрметтеп
 
Ақтай білсең ата-ана үмітін
 
Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп, - деп сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз.
 


Егер сандарды сөйлете алсаңдар, халқымыздың
өте жақсы мақал – мәтелін оқи аласыңдар.



hello_html_7e4ad5c3.jpg


І- жүргізуші:

5-кезең «Сиқырлы шарлар!»

Балалар, міне керемет. Сендер не байқап тұрсыңдар. Мынау не?
Қызыл, сары, көк түсті
Шарларымыз көп тіпті.
Қане, қайсысын таңдайсың.
Түсін біліп алғайсың
- Бізге сиқырлы шарларымызбен бірге ғажайып тапсырмалар келген екен. Қане ішін ашып көрейік. Не бар екен?

21 сағ-5сағ

Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?

Егер он екі қойға жеті ешкіні қосса, қанша қой болады?

Жауабы: 12 қой.

Екі тауық екі күнде екі жұмыртқа туады. Төрт тауық төрт күнде қаншажұмыртқа туады?

Жауабы: 4 жұмыртқа

Столдың төрт бұрышы бар. Оның бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш

болады?



Жауабы: Бес бұрыш болады




«Сандар» 4 +2=6-5=1+6=7+4=11-9=2+3=5-2=3 
«
Өлшемдер» 6+2=8-5=3+6=9+4=13-9=4+3=7-2=5

«геометриялық пішіндер» 5+2=7-1=6+3=9-6=3+7=10-4=6+1=7



ІІ- жүргізуші:

6- кезең «Тез есепте»
Ал , балалар сайысқа қалайсыңдар,
 
Сіз өтер әлі де талай сын бар
 
«Зерделінің ойы озық»деген сөз бар
 
Жұмбақтардың жауабын тапсаңыздар, сіздер жарайсыздар! – деп сайысымыздың «Тез есепте»
кезеңіне келдік 

І- жүргізуші:

1) 11 түйе, 5 жылқы, 
2 сиыр, 5 ешкі,
 
2 қоян, 3 түлкі
 
таба алмасаң бол күлкі!
 
(барлығы 28)
 

ІІ- жүргізуші:
2) Бір алманы төртке бөлдік,
Бір бөлігін жеп те көрдік.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досқа бердім.
Қанша болды? ( 0 )


І- жүргізуші:

3) Ала шапан киініп, 
Қарбыз жатыр үйіліп.
 
Қарбыздарды шетінен,
 
Санап шықтым екіден.
 
Бесеу болды жұп саны,
 
Нешеу болды түп саны? (10)
 

ІІ- жүргізуші:

4) Ортаға әкеп тосты Оспан,
Отыз жеті қаламды.
Тиді әркімге қос - қостан,
Балалардың бәрі алды.
Өзгелерден бір қалам,
Өзгелерден бір қалам,
Артық тиді Күләшқа.
Береді айтып кім маған,
Неше жан бар класта? (37: 2=18 (1қ)


І- жүргізуші:

Мына алты ақ алма-

Нүрбібі мен жанарға.

Үш сары алма – Манарға,

Қызыл алма – Анарға.

Қанша сонда бар алма?

Санын айтсаң жарадың. (6 + 3 + 1 ) 10 алма


І- жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден, 
Жеңімпазды анықтау.
 
Жеңімпаз болу шарты сол
 
Еңбектену, жалықпау.

Алдымыздағы смайликтерді санап өз бағамызды берейік

ІІ- жүргізуші:
Өнер мен білімнің биігіне шыққан
 
Көбейсін білімділер әрбір тұстан
 
Ата салт дәстүрлерге берік болып,
 
Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан! –деп бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
 
Хош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!
 




Автор
Дата добавления 08.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров322
Номер материала ДБ-016249
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх