Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОткрытый урок "Парасатты Елбасы-ел бақыты"

Открытый урок "Парасатты Елбасы-ел бақыты"

Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок "Парасатты Елбасы-ел бақыты""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •  Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті  Н. Ә. Назарбаев Пара...

    1 слайд




     


    Қазақстан Республикасының
    Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев

    Парасатты Елбасы-ел бақыты





    “Жүзағаш орта мектеп-бақшасы” КММ
    4 сынып . Ашық тәрбие сағаты
    Узбаева Лайла Амантаевна.

  • Оқушылардың тұңғыш Президентіміздің өмірі, еңбектері туралы білімдерін мо...

    2 слайд


    Оқушылардың тұңғыш Президентіміздің өмірі, еңбектері туралы білімдерін молайту
    Тұңғыш Президентіміздің тарихи ролі, оның аса зор міндеті туралы ой-өрісін дамыту, еңбектерін, шығармаларын оқу,оған пікірін білдіру
    Жас ұрпақты еңбек етуге, білім алуға, адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеу
    Мақсаты:

  • Жоспар:

Ұйымдастыру кезеңі.
 Кіріспе.
Негізгі бөлім
1.Елбасы туралы 1000 сұ...

    3 слайд


    Жоспар:

    Ұйымдастыру кезеңі.
    Кіріспе.
    Негізгі бөлім
    1.Елбасы туралы 1000 сұрақ
    2.Балалық шағы
    3.”Бәрі есімде…”
    4.Жасөспірім шағы
    5.Кемел кезеңі
    6.Әдеби-монтаж
    7.Елбасының біз білмейтін қырлары
    IV. Қорытынды

  •  Нақыл сөздеррәміздерКітап көрмесіБуклетСлайдтарКөрнекіліктер :

    4 слайд


    Нақыл сөздер
    рәміздер
    Кітап көрмесі
    Буклет
    Слайдтар
    Көрнекіліктер :

  • Елбасы туралы 1000 сұрақ
*Н.Назарбаевтын туған жылы,күні қашан?
*Туған жері?...

    5 слайд


    Елбасы туралы 1000 сұрақ

    *Н.Назарбаевтын туған жылы,күні қашан?
    *Туған жері?
    *Анасының аты кім?
    *Әкесінің аты кім?
    *Елбасының атын кім қойған?
    *Қай жерде оқыды?
    *Мамандығы қандай?
    *Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы?
    *Елбасының балалары?
    *Елбасы туралы түсірілген фильмнің аты қалай?,режиссёрі кім?

  • Өмірбаяны1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылы...

    6 слайд


    Өмірбаяны
    1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967ж. Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт-втузды бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Белорусь Ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

    1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
    1969 – 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.
    1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы.
    1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
    1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы.
    1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
    1989-1991 жылдарда – Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
    1990 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.
    1991 жылы 1 желтоқсаннан өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда республика азаматтарының 98,7 процент қолдауына ие болды.
    1995 жылы 29 сәуірдегі бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде Н.Ә. Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
    1999 жылдың 10 қаңтарында баламалық негізбен сайлаушылардың 79.78 проценттік дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
    2005 жылы 4 желтоқсанда сайлаушылардың 91,15 проценттік дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
    Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
    Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
    Қазақтардың Бүкілхалықтық ассоциациясының төрағасы

  • Балалық шағы  1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлау...

    7 слайд


    Балалық шағы
    1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
    Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
    Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

  • “Бәрі есімде ...”Шара Қатубаева, Елбасының туысы: “Сенің мәртебең бәрінен биі...

    8 слайд

    “Бәрі есімде ...”
    Шара Қатубаева, Елбасының туысы: “Сенің мәртебең бәрінен биік, несібең тұздай көп болады” деді анасы

  • (“Үшқоңыр”әнінің бейнебаянын көрсету)-Бала кезіңізден есіңізде қалған қызықты...

    9 слайд

    (“Үшқоңыр”әнінің бейнебаянын көрсету)
    -Бала кезіңізден есіңізде қалған қызықты жәйттерді айта отырсаңыз...
    -Біз бір үйде өстік,қатар оқыдық.Мен Әбіш ағаның ұлкен қызы сияқты едім.Нұрсұлтан жқнінде айтсам,ол сабағын өте жақсы оқитын.Қазақ мектебінде жүргізілетін бағдарламамен бірге біздегі орсша өтетін бағдарламаны да қоса меңгерген екен.
    -Елбасының ерекше қасиеттері бала кезінен байқалатын ба еді?
    -Ән айтатын,домбыра тартатын.Баян да ойнай білетін.Кішкентай күнінде бір гармошкасы болды.Бір күні Әбіш аға оған үлкен аккордеон әкеліп берді.Сол аккордеонымен қазіргі Подводный көшесін мың құбылған сазға бөлегені күні бүгінге дейін есімде.
    -Нұрсұлтан ағаның мінезі қандай еді?
    -Мінезі жақсы еді.Әкесіне бір үйдің үлкен ұлындай көмектессе,шешесіне сол үйдің қызындай қолғабыс жасайтын.Жеңешем колхоздан 1 га жер алып қызылша егетін.Соны күзде Нұрсұлтан жолдастарын ертіп келіп өзі жинайтын.Керек болса,тракторға артып алып,Боралдайға шейін барып өткізіпте келетін.
    -Елбасы мектепті қалай тәмамдады?
    -Сұлтан мектепті күміс медальға бітірді.Білімділігі мен қабілеттілігін дәлелдеу үшін әке-шешесінің батасын алып,Украинаға кетті.Днепродзержинскге барып,ВТУЗ-да оқып келді.Содан Теміртауға жұмысқа орналасты...
    Естеліктер (Оқушылардың ізденіс деректерінен)

  • “Үшқоңыр” әнінің бейнебаянын тыңдау

    10 слайд

    “Үшқоңыр” әнінің бейнебаянын тыңдау

  • Әбіш Назарбаев  Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш...

    11 слайд


    Әбіш Назарбаев
    Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
    Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

  • Әлжан 
Назарбаева  Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай а...

    12 слайд


    Әлжан
    Назарбаева
    Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева
    1977 жылы қайтыс болды.

  • Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл...

    13 слайд




    Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.
    Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен  жаңа мазасыз додаға қосылды.  
    Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті.
    Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.  
    Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.
    Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.  
    Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды. 
     

  • Жасөспірім шағы
         Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі...

    14 слайд


    Жасөспірім шағы

    Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  
    Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.
    Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген».
    Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды.  Халқының қаны бір перзенті ретінде ол бұл сезімнен ешқашан арылған емес, қайта жыл өткен сайын еселей түсті.
    Ол сонымен қатар өзін нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен салттарының мұрагері, жаңа формацияның, әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік ашатын ғылыми-техникалық прогрестің ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі танымы мен жаңа индустриялық дүниетаным оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты.
    Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын».
    Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді. Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.  
    Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді.

  • Жасөспірім шағы

Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатыны...

    15 слайд


    Жасөспірім шағы


    Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге бекінді.  
    Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.
    Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Жас
    Назарбаев бұлшық еті мен мінезінің мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді.
    Осындай жекпе-жектердің бірінде ол өзінің әріптесі, жергілікті украин жігіті Николай Литошконың жауырынын жерге тигізді.  
    «Миколаның» әдепкідегі таң қалуы кейіннен құрметке ауысып, қазақ Назарбаев пен украин Литошко арасындағы мызғымас достыққа ұласты. Нұрсұлтан Литошко отбасының жиі барып тұратын қадірлі қонағына айналды.
    Днепродзержинскідегі бір жарым жылдық оқу мерзімі тез өте шықты.  
    1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды. 
    Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы»куәлігін иеленді.

  • Н.Ә.Назарбаев-ИНЖЕНЕР-МЕТАЛЛУРГ

    16 слайд

    Н.Ә.Назарбаев-ИНЖЕНЕР-МЕТАЛЛУРГ

  • Отбасы
            Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан –...

    17 слайд



    Отбасы

    Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.
    Қор жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп, жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп келеді.
    С.Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап «SOS – Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыздан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.
    Қайырымдылық және қамқорлық саласындағы ерен еңбегі үшін Сара Назарбаева халықаралық ұйымдардың көптеген марапаттарына ие болды. Олардың арасында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық жүлдесі, Unity халықаралық жүлдесі, «Құрманжан Датқа» жүлдесі сияқты елеулі марапаттар бар. Ол Шыңғыс Айтматов атындағы «Өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін» алтын медальінің иегері. Сара Алпысқызы Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін алды. 
    Ол 2010 жылы өз өмірін SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты –  «Алтын жүзікке» ие болды

  • Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы б...

    18 слайд


    Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы
    (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Саяси ғылымдар докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және неміс тілдерін меңгерген.
    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық Қорының директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің
    5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады.

  • Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы      (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы...

    19 слайд


    Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы
    (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.
    1998 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады.

  • Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы

1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шет...

    20 слайд


    Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы


    1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Екі қыз тәрбиелеп отыр.
    «Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі,  «ТұранӘлем
    Банкте» заң департаментінің стажері,  Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс істеді. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

  •  Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

    21 слайд


    Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

  • Мемлекеттік туды  қабылдауға арналған салтанатты жиын

    22 слайд

    Мемлекеттік туды қабылдауға арналған салтанатты жиын

  • «Менің Қазақстаным»«Н.Назарбаевтың еңбектері»атты бірінші бөлім егемен Қазақ...

    23 слайд


    «Менің Қазақстаным»
    «Н.Назарбаевтың еңбектері»
    атты бірінші бөлім егемен Қазақстанға арналған. Мұндағы құжаттар тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларды  суреттейді. Бөлім құжаттарының ішінде  – энциклопедиялар, альбомдар, кітаптар бар.

    Мұнда Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары бар. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігімізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Евразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Қалың елім қазағым» және т.б. кітаптары қойылған.

  •  "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері"

    24 слайд


    "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері"

  • Ақындығы“ҚР Мемлекеттік Әнұраны”“Үшқоңыр”“Сарыарқа”“Елім менің”СпортшыБаскетб...

    25 слайд

    Ақындығы
    “ҚР Мемлекеттік Әнұраны”
    “Үшқоңыр”
    “Сарыарқа”
    “Елім менің”
    Спортшы
    Баскетбол
    Волейбол
    Теннис
    Гольф
    Шаңғышы
    Палуан
    Елбасының біз білмейтін қырлары

  • Елбасының  демалыс  сәттері

    26 слайд

    Елбасының демалыс сәттері

  • 27 слайд

  • Президентіміздің лауазымдық мәртебесі :Қазақстан Республикасының Тұңғыш прези...

    28 слайд

    Президентіміздің лауазымдық мәртебесі :
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті
    *Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
    *Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.
    *Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
    *Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.
    *“Нұр Отан”ХДП төрағасы
    *Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
    *Қазақтсан Республикасы Ұлттық Қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
    *Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы

  • “Еліңнің ұлы болсаң,Еліңе жаның ашыса,адамзаттық намысың болса, қазақты...

    29 слайд






    “Еліңнің ұлы болсаң,Еліңе жаның ашыса,адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет,жердің де елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа !”

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев


    Бүгінгі ұрпақ-
    елдің ертеңі

  • Білімді ұрпақТәрбиелі ұл-қыздарСалт-сананы ұстанған ұрпақАта-ананы құрметтей...

    30 слайд


    Білімді ұрпақ
    Тәрбиелі ұл-қыздар
    Салт-сананы ұстанған ұрпақ
    Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ
    Отанын шын сүйетін патриоттар
    Ел бақытының белгілеріне не жатады?

  • Экономиканы көтеруДені сау,интеллектуалды ұрпақ қалыптастыруСаяси тұрақты ме...

    31 слайд


    Экономиканы көтеру
    Дені сау,интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру
    Саяси тұрақты мемлекет құру
    Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар?
    Тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа аманат ету
    Білімді ұлт қалыптастыру

  • Елбасымыздың құрметімен аталатын орындар*Назарбаев Университеті
*Назарбаев Зи...

    32 слайд

    Елбасымыздың құрметімен аталатын орындар
    *Назарбаев Университеті
    *Назарбаев Зияткерлік мектептері
    *Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті мұражайы
    *Назарбаевтің Білім қоры
    * “Болашақ”халықаралық шәкіртақысы

  • “Нұр-аға”әнінің бейнебаянын көру, қосылып айту

    33 слайд

    “Нұр-аға”әнінің бейнебаянын көру, қосылып айту

  • 1-желтоқсан -Тұңғыш Президент күніМерекелеріңізбен!

    34 слайд

    1-желтоқсан -Тұңғыш Президент күні
    Мерекелеріңізбен!

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 1286
    • PPTX 10.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Узбаева Лайла Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Узбаева Лайла Амантаевна
    Узбаева Лайла Амантаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23049
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек