Инфоурок / Математика / Конспекты / Открытый урок по алгебре по технологии БиС "Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Открытый урок по алгебре по технологии БиС "Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ БИС ашы? саба? 7 сынып.docx

библиотека
материалов

Қазақтан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі

математика пәні мұғалімі

Айтишева Енлик Рыскалиевна


Сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.

Сабақтың мақсаты: мотивация → меңгерілетін тақырыпты бейнелеп елестету, оқылған тақырыптың тәжірибелік және әлеуметік маңыздылығын ұғыну → рефлексия.

Міндет: технологиялық картаның регламентін орындау. Жопарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Карта бойынша жұмыс жүргізу реті түсіндіріледі. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады:

Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»

ОӘЖА сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.

hello_html_264ac713.png

«Әріпті өрнектер» термині құрамында бір немесе бірнеше әріптері бар өрнектер.

Санды білдіретін кез келген әріпті, цифр арқылы өрнектелген кез келген санды алгебрада «алгебралық өрнек» деп атау қабылданған.

8; 0; 2; y; hello_html_m11f0fb5b.gif өрнектері – алгебралық өрнектер.

Әріпті өрнектер: hello_html_4f3f3b5c.gif

Әріптерді санмен алмастыру әріпті өрнектердің негізгі қасиеті болып саналады. Әріпті әр түрлі сандармен алмастыруға болғандықтан, оны айнымалы деп атайды, ал әріпті өрнекті айнымалысы бар өрнек деп атайды.

Әріпті санмен ауыстыруды алмастыру немесе сан мәнін орнына қою деп атайды. Санның өзін айнымалының мәні, ал орнына қойғанда шыққан нәтижені өрнектің мәні дейді.





Түсіндіру уақыты У1 (У1=х тақтаға жазу).

Қабылдауды ұйымдастыру:

Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі.

Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 5+30.

Ұғынуды ұйымдастыру Ой толғау.

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру. Әр бір деңгейде орындалу сапасы жеке анықталады.

2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру.

Мұғалім тақырыпты сұрайды және өзінің ойы бойынша оқушылардың көп қателіктер жіберген жерлерінен бастап ОӘЖА сызбасы бойынша қайта түсіндіреді және оқушылардың түсінбеген жерлерін ашады, бұрын өтіліп кеткен тақырып болсада.

Түсіндіру уақыты бірінші түсіндіру уақытынан 2 есе кем болады.

  1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).

Ұғынуды ұйымдастыру



Тапсырманы орындау.Тапсырма 2 кесте бойынша алынады. «Егерде - онда».

Оқушылар дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады, екі бірдей шапалақ ұрады және тапсырманы орындауға кіріседі.

Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталуы 5+30.



Ұғынуды ұйымдастыру Рефлексия.

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі.

Тапсырмалардың сапалы орындалуын кезеңмен тексеру. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады, тағыда кестеге берілгені енгізіледі: жылдамдық, есеп, зейін, тақырып және оқушылар сұралады, толық талдау жасалынады.

3 цикл. «Есте сақтау» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»

Үшінші түсіндіру. Мұғалім сыныптың тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және өзінің ойы бойынша оқушылардың көп қателіктер жіберген кезеңінен бастап ОӘЖА сызбасы бойынша қайта түсіндіреді.

1 Түсіндіру уақыты У3 (У3=х тақтаға жазу).

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырманы орындау. Тапсырма 2 кесте бойынша алынады. «Егерде - онда». Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі.

Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталуы 5+30.

Ұғынуды ұйымдастыру.

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру, тағыда кестеге берілгені енгізіледі: жылдамдық, есеп, зейін, тақырып және оқушылар сұралады, толық талдау жасалынады. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.



Ой толғау.

Үйге 10-нан кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.

2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы.

hello_html_424aaaa1.png

Общая информация

Номер материала: ДВ-323701

Похожие материалы