Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Открытый урок по биологии на тему "Ашық тұқымды өсімдіктер" (6-класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Открытый урок по биологии на тему "Ашық тұқымды өсімдіктер" (6-класс)

библиотека
материалов

20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ашық тұқымды өсімдіктер





Сыныбы: 6 «А»

Пән мұғалімі: Рысбекова Қ.М.











2014-2015 оқу жылы

Күні:_____________ Сыныбы: 6 Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерінен білім беріп, көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.

Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақ өту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасын сұрау

Берілген сөйлемді аяқта

 1. Плаунтектестер  ...................  пайда болған (ерте дәуірде)

2. Қазіргі кезде плаун туысының  ..........  түрі белгілі (200-500)

3. Қазіргі кездегі өкілдері ......... ................(көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер)  

4. Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне ............ (шоқпарбас плаун) жатады. 

5. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ............   (споралар )  арқылы жүзеге асады.

6. ...................  – түрі өзгерген жапырақ  (спорофилл)

7. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі ............... , .............. (жерүсті және жерасты)

8. Спораларын көп мөлшерде жинап , ... (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады.

III . Білімді жан-жақты тексеру

Толықтыру сұрақтары (берілген сұрақтарға жауап беіп, толықтырып жауап беру)

  1. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін атаңдар?

  1. Тамыр

  2. Сабақ

  3. Жапырақ)

  1. Өсімдіктердің көбею мүшелерін атаңдар?

  1. Гүл

  2. Жеміс

  3. тұқым)

IV. Жаңа сабаққа даярлық

Ашық тұқымды бірнеше өсімдіктердің суреттерін көрсетіп аттарын сұрау.

Бұлардың гүлдегенін көрдіңдер ме?

Гүлдері қандай?

Жоғарыда көрсетілген өсімдіктер гүлдемейді, бірақ тұқыммен көбейеді.

V. Жаңа сабақ түсіндіру

Жоғары сатыдағы өсімдіктер: 1. Ашық тұқымды өсімдіктер

2. Жабық тұқымды өсімдіктер

Ашық тұқымдылар – тұқыммен көбейеді, бірақ жеміс түзбейді

Жабық тұқымдылар – тұқымы жемістің ішінде орналасады

«Сен білесің бе?» (хабарлама)
- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м өседі екен.
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады

Ашық тұқымдылар бөліміне (голосеменные) жататын өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері. Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен. Енді біз кәдімгі қарағай деген түріне тоқталайық.

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. «Бірүйлі» деген – сендерге 6-сыныптан таныс.

Кәдімгі қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла-таралып өседі. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос» – саңырауқұлақ және «риза» – тамыр, қазақша баламасы: селбестамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге ыңғайлы етеді. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қарағай діңдерінің өзегі әзер байқалады. Сүректе ағзалық заттарды жинақтайтын және қорға жинайтын негізгі ұлпалар өте аз. Оның есесіне өлі жасушалы өткізгіш ұлпалар 90–95%-ға дейін жетеді.

Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сондай-ақ сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Олар өзекшелері астарлайтын жасушалардан бөлінген шайыр, эфир майы толған созылыңқы жасушааралық кеңістіктен тұрады.Өсіп тұрған қарағай бұтағынан әр түрлі бүрлерді көре аламыз. Жас өркеннің ұшында бүрлер орналасады (46-сурет). Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын екі қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірімен-бірі тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбастамасы (тұқымбүршік) түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар – аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аталық бүрлер болады. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады.. Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқажасуша» дегеніміздің аналық жыныс мүшесінде дамитын аналық жыныс жасушасы екенін білетін боларсыңдар? Жұмыртқажасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт қажет. Аналық бүрдің көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм (грекше «ендон» – ішкі + «сперма» – тұқым) – қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп жұмыртқажасуша түзіледі. Бұған кемінде бір жыл қажет. Демек, тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады . Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Желдің көмегімен ұшып келіп, аналық жасушаны ұрықтандырады.Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі.

Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым қауызынан (өңінен) құралады..Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзындығы 4–6 сантиметрге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер сондықтан да ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан, басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.Қылқан жапырақтылардың екіүйлі түрлері де бар. Кәдімгі арша – екіүйлі қылқан жапырақты бұта. «Екі үйлі» деген – аналықтың бір өсімдікте, аталықтың екінші өсімдікте өсуі. Демек бұл даражынысты өсімдік болып саналады. Кәдімгі аршаның бүрі – бірінші, кейде – екінші, тіпті үшінші жылда пісіп жетіледі. Оның бүрі – жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болып келеді. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. Ондай бүр – қошқыл көк немесе күрең қызыл түсті болып келеді. Бүрдің етті бөлігі өте тәтті, сондықтан мармелад дайындауға пайдаланылады.

Қылқан жапырақтылардың өздеріне тән жапырақтары (ине тәрізді) бар. Жапырағын түсіретін кейбір түрлерінде (балқарағай) жапырағы жұмсақ, ені кең, топтанып орналасады. Секвоя жапырағының ені кең, сызықты-қандауырша тәрізді болып келеді. Туйяның (бозарша) өскінінде қабыршақтар қаптаған енділеу келген жапырақтар орналасады. Самырсын шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды. Тек кәдімгі қарағайдың жіңішке (қылқаны) ұзынша, үш қырлы жапырақтары қысқарған өркенге қос-қостан (екі-екіден) орналасады. Ұзарған өркендеріндегі жапырақтары түрін өзгерткен қысқарған өркені қабыршақ қаптаған жапырақтың қолтығына орналасады. Қылқан жапырақтары өркендерінде 3–6 жылға дейін сақталады. Қарағай туысына жататын кейбір түрлерінде (сібірлік қарағай) жапырақтары қысқарған өркенде бес-бестен топтанып орналасады.

Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да екіүйлі өсімдікке жатады. Бұл – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды. Қос масақшалы қылша да (эфедра) – ашық тұқымды екіүйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екінші өсімдікте орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15–40 см болады.Қос масақшалы қылша – жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта. Қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады. Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия» – латын сөзі, яғни ірітіп-шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады. Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Шырша, қарағай, балқарағай, самырсынды ормандар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Бұл – ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Ашық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әр түрлі бұйымдар жасалады, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Тас көмір – өте қызулы отын. Тас көмірден алынатын химиялық шикізаттар қаншама? Жанғыш газ, пластмасса, асфальт, сабын, шайыр, өзге де халық шаруашылығына қажетті өнімдер тас көмірден алынады. Қырықжапырақтектестерге қырықжапырақ, плаун, қырықбуындар жататыны өздеріңе мәлім. Демек қырықжапырақтектестердің табиғат және адам тіршілігі үшін маңызы ерекше екенін естен шығаруға болмайды.

Қазіргі кездерде қырықжапырақтың кейбір түрлерінің саны жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттігі туындауда. Мысалы, Қазақстанның өзінде олардың сирек кездесетін, тіптен жойылуға жақын түрлері бар. Бұларға мыңжылқы қырықжапырағы мен шолпаншаш сүмбілі жатады. Олардың екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Жаңа терминдерді жазу (дәптермен жұмыс)

Сүрек –

Қылқанды –

Микориза -

Эрозия –

Фитонцид –

Б8ржидек -

VI. Сабақты бекіту

«Құпия сан»

1. Жеміс түзбейді.


1. Ашықтұқымдылар

2. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі.


2. Дің

3. Селбестамыр.


3. Арша

4. Ағаш сабағы.


4. Сүрек

5. Екі үйлі өсімдік.


5. Микориза

6. Топырақтың бүлінуі.


6. Эрозия


Жауабы: «Құпия сан - 145236»
«Алтын қақпа» ойыны
Әр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек.
1. Тас қақпа сұрағы: Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта бүрде ашық орналасқан өсімдіктер тобы қалай аталады? (ашықтұқымдылар)
2. Күміс қақпа сұрағы: Балқарағайдың өзге қылқанжапырақтылардан айырмашылығы неде? (жыл сайын күзде жапырағы сарғайып, түсіп отырады)
3. Алтын қақпа сұрағы: Бұл қылқанжапырақты өсімдік бүрінен мармелад дайындалады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. (арша)
Үш қақпаның сұрақтарына жауап берілген соң ең түпкі қақпадан мынадай қорытынды сөз шығады.

V
ІІ. Қорытынды.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол, анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!

VIІI. Үйге тапсырма:
§22 оқу. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй тапсырмасы ретінде 1 - топқа қарағай, 2 - топқа самырсын, 3 - топқа арша қылқанжапырақты өсімдіктердің түрлері туралы қысқаша хабарлама (реферат) жазу.

Бағалау












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров887
Номер материала ДВ-200373
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх