1130279
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокБиологияДругие методич. материалыОткрытый урок по биологии на тему "Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары" (6-класс)

Открытый урок по биологии на тему "Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары" (6-класс)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақтың тақырыбы: §34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: ауызша, баяндау, сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек – сызба.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ.1."Білім минуты"
1.Мәдени дақылдардың қандай түрлерін білесіндер?
2.Мәдени дақылдар қандай бағытта өсіріледі?
3.«Картоп-екінші нан»деп неге аталған? 
4. Көкөністік дақылдардың қандай манызы бар?
5.Түйнек деген не?

ІІ.2. Кестені толтыру:


Мәдени дақылдар

Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер

Көкөністік

Орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, т.б.

Жеміс-жидек дақылдары

Алма, алмұрт, қара өрік, шие, құлпынай, жүзім, алхоры, т.б.

Май алынатын өсімдіктер немесе техникалық дақылдар

Күнбағыс, соя, қыша, рапс, зәйтүн, т.б.

Даражарнақтылар немесе астық тұқымдастар

Бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, тары, қарабидай т.б.



ІІІ. Жан—жақты білімдерін тексеру

Лездемелік сұрақтар:
1. Ең тез өсетін өсімдік?(Бамбук)
2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады?(Жапырақ)
3. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?(Микология)
4. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер?(Мәдени)
5. Өсімдіктін жер асты мүшесі?(Тамыр)
6. Ең ірі жеміс?(Асқабақ)
7. Органикалық тыңайтқыштарды атаңыз?(Көң, құс саңғырығы)
8. Суықтан да биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік?(Еңлікгүл)
9. Дүниеде ең бик ағаш?(Эвкалипт) 

10. Бриология қандай ғылым? (мүктер)


ІV.Жаңа сабаққа даярлық:

  1. Мәдени өсімдіктердің жабайы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер? (суреттер)


V. Жаңа сабақ:

Мhello_html_338d2011.jpgәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары. Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс - жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе? Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін қолтұқым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400 - ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200 - ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000 - ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

hello_html_m19f2f9a9.jpgҚазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс - жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық - түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте - сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шығарумен шұғылданады.
Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым - селекционер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.

Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары:

  1. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық. Бұл – күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары жатады.

  2. Шығысазиялық орталық. Бұл – сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады.

  3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-батыс Үндістан жатады.

  4. Жереортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің бірнеше түрі кездеседі. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымыөқ), орамжапырақ өскен.

  5. Абиссиналық орталық. Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған Африка материгінің шағын ауданы жатады.

  6. Орталық америкалық орталық. Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, - 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады.

  7. Андылық (Оңтүстік Америкалық) орталық. Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің отаны. Бұған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.


Оқушылардың зерттеу жұмыстары:

  1. Саяқбай Айда: «Күнбағыс өсімдігінің биологиялық ерекшеліктер мен пайдасы»

Атабек Бақыт: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері»

VІ. Сабақты бекіту.

«Алтын қақпа» ойыны

  1. Тас қақпа сұрағы: Іріктеме деген не?

  2. Күміс қақпа сұрағы: Селекция қандай ғылым?

  3. Алтын қақпа сұрағы: Кәрім Мыңбаев Қазақстан үшін қандай еңбек жасады?


VІ. 2 Сәйкестендіру тесті

Мәдени орталықтар

Өсімдік атаулары

1.Оңтүстік Азия
2.Шығыс Азия
3.Оңтүстік-Батыс Азия
4.Жерорта теңізі
5.Абиссиния орталығы
6.Орталық Америка
7.Анд(Оңтүстік Америка)

А.Картоп
Ә.Мақта
Б.Банан
В.Зәйтүн ағашы
Г.Бидай
Ғ.Қара бидай
Д.Соя,тары
Е.Күріш
Ж.Қант қамысы
З.Үрмебұршақ
И.Асқабақ


  1. ____

  2. ____

  3. ____

  4. ____

  5. ____

  6. ____

  7. ____


Дұрыс жауап

1. Е,Ә
2. Д
3. Г,Ғ
4. В
5. Б
6. И,З
7. А,Е
Тест

1)    Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым

А) И.Мичурин    ә) Н.Вавилов       б) В.Ковалевский         в) Г.Карпеченко

2) Қайсысы мәдени өсімдік

А) Жуа       ә) Жусан    б) Тары      в) Ебелек

3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы

А) Іріктеме          ә) Жинаушы кезең       б) Қолтұқым       в) селекция

4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетуші

А) С.Я.Шабаев   ә) А.Б.Бұқтыбаева     б)И.Г.Цыганков                         в) К.Мыңбаев

5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады?

А) Іріктеме          ә) Қолтұқым       б) Селекция         В) Жинаушы кезең

6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты

А) Алты     ә)  Сегіз      б) Жеті       в) Тоғыз

7) Картоптың отаны

А) Оңтүстік Америка   ә) Солтүстік Америка  б) Азия      в) Иран

Жауабы: 1-ә, 2-б, 3-а, 4-в, 5-ә, 6-б, 7-а


VІІ. Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма: §34 Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Оқушы білімін бағалау


Общая информация

Номер материала: ДВ-200224

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Антропология и этнопсихология» в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Общее садоводство: Древесные растения для садов средней полосы»
Курс «Общее садоводство:Травянистые растения для садов средней полосы»
Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.