Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Открытый урок по биологии на тему Өрмекшітәрізділер

Открытый урок по биологии на тему Өрмекшітәрізділер

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

Өрмекші тәріздестерге жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік етуіне түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
• Оқушылармен бірлесе отырып сабақ барысында өрмекшітәріздестер класының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау, өрмекшілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсету.
• Салыстыруға, түйіндеуге, сараптауға және қорытынды жасауға үйрету.
• Дамытушылық тапсырмалар арқылы танымдық іс - әрекеттерін дамыту.
• Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: Мәліметтерге салыстырмалы сараптама жасау, проблемалық - ізденушілік.
Оқыту құралы: таблицалар, сызбанұсқалар,интерактивті тақта, видеоролик, стикер, таратпалы материалдар

Сабақтың түрі: Сын тұрғысы технологиясы арқылы жаңа сабақты ашу

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1 тапсырма:Ой ашар.Әр оқушыға бір-бірден сұрақ қойылады.

1.Буынаяқтылар типі дегеніміз не?

2.Шаян тәрізділер класының қанша түрі бар?

3. Шаяндарды зерттейтін ғылым қалай аталады?

4. Шаянтәрізділер қандай жәндіктер?

5. Шаянтәрізділер қандай ортада мекендейді?

6. Өзен шаянының денесі қандай бөліктерге айқын бөлінеді?

7. Баскөкірек деген не?

8. Өзен шаянында қандай мүшелер жүйесі бар?

9. Шаянтәрізділер үшін хитинннің қандай маңызы бар?

10. Өзен шаяны суда қалай қозғалады?

11. Шаянтәрізділер немен қоректенеді?

12. Шаянтәрізділер қалай көбейеді?

13. Шаянтәрізділер немен тыныс алады?

14. Шаянтәрізділердің қандай түрлерін білесің?

15. Хитин дегеніміз не ?

2 тапсырма: Суреттік тапсырма арқылы интерактивті тақтаға өзен шаянының ішкі құрылысын сипаттау.

Сергіту сәті

3. Жаңа сабақ: Ал енді буынаяқтылар типінің басқа класымен мына жұмбақ арқылы танысайық.

Ой шақыру. Жұмбақ шешу.
Ұзын-ұзын ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай.

Ағаш атқа мінгізіп,

Ұзартып қойған мұнардай.

( Өрмекші )


Мағынаны тану.

  1. Өрмекшітәрізділердің бас бөлімінің құрылысы

  2. Өрмекшінің сыртқы құрылысы

  3. Өрмекшінің ішкі құрылысы

  4. Өрмекшітәрізділердің саналуандығы

  5. Өрмекші деген ат қайдан шыққан?

Өрмекші деп аталу себебі- өрмек жібін бөледі, онымен өрмек торын тоқиды. “Арахнология» гректің arасhne — өрмекші және lоgos — ғылым, білім деген сөздерінен шыққан, яғни өрмекші тектес жәндіктерді зерттейтін зоологияның бір саласы.

Бұл ғылым атауының тарихы ежелгі Лидия мемлекетінің қызы Арахнамен тікелей байланысты. Аңызға сенсек, Лидия патшасы Идмонның қызы Арахна күллі патшалыққа аты шыққан, он саусағынан өнері тамған тоқымашы болыпты. Өз өнеріне сенген тоқымашы қыз данышпандық құдайы Афинаны өзімен сайысқа шақырыпты. Ашуланған Афина Арахнаның тоқымасын айырып тастайды, оған шыдай алмаған қыз құсалықтан асылып өліпті. Содан соң оны сиқырлы шөптің көмегімен тірілтіп алып, бірақ жаза ретінде Арахнаны және оның үрім-бұтағын мәңгі тоқып, мәңгі асылып тұратын өрмекшіге айналдырып жіберсе керек.

4. Видеоролик «Өрмекшілер әлемі»

5. Топтық жұмыс

Тапсырма: Оқулықта берілген мәтін арқылы әр топ әңгімелеп береді.

І топ: Баяндаушылар (тақырып бойынша баяндап береді)

ІІ топ: Зерттеушілер (жаңа сөздермен жұмыс)

ІІІ топ:Ізденушілер (өрмекшілердің түрлеріне сипаттама береді)

  1. Қызығушылықты ояту . Интерактивті тақтамен жұмыс. (Дұрыс жауап 1 ұпай)

  2. Биологиялық есеп: Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік

8. “Ойды түйіндеу” тест жұмысы (Дұрыс жауап 1 ұпай)

Бунақаяқтылар өкілі:

А.Өзен шаяны;

Ә.Шаршылы өрмекші.

1.Денесінің бөлімдерге бөлінуі:

А.Денесі- бас,көкірек,құрсаққа бөлінген

Ә.Денесі – баскөкірек және құрсақтан тұрады.

2.Асқорту мүшесінің ерекшелігі

А.Астың қорытылуы организмнен тыс жерде жүреді;

Ә.Қорек екі бөлімнен тұратын қарында қорытылады

3.Қан айналым мұшелері:

А.Қан айналым жүйесі ашық,қан тамырлары дене қуысына ашылады жүрегі бір бөлімді бес бұрыш тәрізді

Ә.Қан айналым жүйесі ашық,қан дене қуысына құйылады.Жүрегі түтікшелі,бір бөлімді ромб пішінді

4.Тәліктегі белсенді сипаты:

А.Тәуліктің жарық кезінде белсенді

Ә.Негізінен түнде белсенді

5.Жұмыртқа салуы:

А.Аналығы салған жұмырқаларын құрсақ аяқтарына бекітіп одан жас буынаяқты шыққанша өзімен бірге алып жүреді.

Ә.Жапырақ арасы немесе ағаш қабығының астына аналықтары жұмыртқа салады.

6.Табиғаттағы рөлі:

А.Шыбын,маса және т.б жәндіктердің санын азайтады

Ә.Өлікселерді құртып,табиғат санитарлары болып табылады

9. Рефлексия

Рефлексия “Екі жұлдыз бір тілек”

Бағалау нәтижесі

Үйге тапсырма:§ 34. Өрмекші өрмегі туралы қызықты материал әкелу.Өрмекшітәрізділерге сөзжұмбақ құрастыру.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров113
Номер материала ДВ-364438
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх