Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыОткрытый урок по Дүниетану на тему "Ауа - Жердің қорғаны" (4 "А" сынып)

Открытый урок по Дүниетану на тему "Ауа - Жердің қорғаны" (4 "А" сынып)

Скачать материал

 

«Садовый орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ

Тақырыбы: «Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау»

4А сынып

 

 

 

 

Мұғалім: Қоянбаева А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы


Күні:                               

Сыныбы:  4А                    

Пән атауы:   Дүниетану 

Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау   

Сабақтың мақсаты:

І  Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып,  ауа, ауаның қасиеті, ауа қозғалысы, ауаның құрамы, таза ауа,  ауа – Жердің қорғаны, ауаны қорғау,  ауаның ластану себептері туралы сөз қозғай отырып, ауаны тазарту, еліміздің ауаны қорғау үшін қолданылатын шаралар туралы таныстыра отырып, білімдерін шыңдау.   

  ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту.

  ІІІ Тәрбиелігі:  Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға,  қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Бөтелкедегі минералды су, суреттер.  

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

                                    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

          1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 

          2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

          3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

          4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  Сабақтың тақырыбы:  Ауа – Жердің қорғаны.Ауаны қорғау.     

 

Жер шарын жан-жағынан біртұтас, қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Сендер далада жүрсеңдер де, үйге кірсеңдер де, тіпті ұшақпен аспанға көтерілсеңдер де, ауа қоршауынан босамайсыңдар. Ауа жер бетіндегі заттардың қуысын, саңылауын бос орын қалдырмастан толтырып тұрады. Кез келген заттың қуысында, топырақта, суда, тіпті біздің денемізде де ауа бар. Оған көз жеткізу үшін тәжірибе жасап байқайық.

1-тәжірибе. Стақанға су құйып, оған бір түйір топырақ тастаңдар. Су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейді?

2-тәжірибе. Стақанға су құйып, қозғамай қойып қойыңдар. Біраз уақыттан кейін стақанның ішкі қабырғасына ұсақ көпіршіктер тұрады. Бұл нені көрсетеді? Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір және түссіз болады.

3-тәжірибе. Колбаны ортасында шыны түтігі бар тығынмен тығындаңдар. Шыны түтікке өздерің үрлеп ойнайтын шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп байлап тастаңдар. Колбаны спирт шамға ұстап, жайлап қыздырыңдар. Біраздан кейін шар ауаға толып, торсияды. Бұл қызғанда көлемі ұлғайған ауаның колбаға сыймай, түтік арқылы шарға ауысқанын көрсетеді. Мұнан кейін колбаны үстелдің үстіне қойып, салқындатыңдар. Оның ішіндегі ауа сығылып, көлемін кішірейтеді. Колбадағы ауа ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шардың солып қалғанынан байқаймыз. Ауаның Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Ауасыз жан-жануар тіршілік ете алмайды, өсімдік шықпайды. Адам тамақ ішпей бес аптаға жуық, сусыз бес тәулік өмір сүре алады. Ал ауасыз бірнеше минутта-ақ өліп кетеді. Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте-бірте кеми береді. Ғалымдар әрбір 100 м биіктікке көтерілгенде ауаның температурасы орта есеппен 1°-қа жуық төмендейтінін анықтаған. Сонда температура 1000 м биіктікке көтерілгенде 6°, 2000 м-де 12°, 3000 м-де 18°-қа төмендейді. Мысалы, жазда тау етегінде ауаның температурасы +18° болса, 3000 м биіктікте ол 0°-қа дейін төмендейді. Одан жоғары тау басында жазда да боран соғып, қар ерімейді.

ІV. Сергіту сәті:

                   Қорбаңдаған аюдың,           Теріп – теріп алайық,

                   Құлпынайы көп екен.          Қалтамызға салайық!

V.   Сабақты қорытындылау:

Негізгі сөз

Ауаның қасиеттері

 Ауа

Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қыздырғанда кеңейеді, суықтан сығылады.

Пікір – талас.

-         Ауа таза болу керек пе ?

-         Адам ауаны неге ластамау керек? Осы пікірді қалай түсінесің?

VII.  Үй жұмысы: 43 -44 беттегі мәтінді  оқып, мәліметтер іздеп, жалпы шолу жасау. Зерттеу жұмысын толықтыру.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып  білімдерін бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по Дүниетану на тему "Ауа - Жердің қорғаны" (4 "А" сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1770
    • DOCX 480.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коянбаева Айрини Ахметкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23443
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе