Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Конспекты / Открытый урок по физике на тему: "Инерция" 8 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Открытый урок по физике на тему: "Инерция" 8 класс

библиотека
материалов


«Көзі нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернат» КММ







Ашық сабақ

тақырыбы:


"Инерция.

Кеңістік және уақыт"






Сыныбы: 8 "А"

Пән мұғалімі: С.Д. Кулова








Семей 2014


Сабақтың тақырыбы: Инерция. Кеңістік және уақыт.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың "Қозғалыс" тарауы бойынша алған білімдерін қайталау, пысықтау, жинақтау, жүйелеу, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Инерция құбылысымен танысу, мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Кеңістік және уақыттың негізгі қасиеттерімен танысу;

Дамытушылық: инерцияны, кеңістікті, уақытты күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімді өмірде пайдалана білу, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білу және алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білу қабілеттерін дамыту, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Түзетушілік: жаттығулар жасату, көз жанарын сақтау.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жалпы білімді игеру сабағы

Пайдаланылатын педагогикалық технология: ақпараттық технология

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-иллюстративті көрнекілік әдіс, сөздік сұрақ, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар мен көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта жабдықтары электронды оқулық, документ-камера, суреттер, таратпалар.

а/ теориялық бөлім (тақырып бойынша қысқаша мәлімет)

ә/ деңгейлік тапсырмалар

б/ сөзжұмбақ

в/ тест.

Пәнаралық байланыс: жолда жүру ережесі


Сабақтың жоспары:


1. Ұйымдастыру кезеңі:

а/ Ұжымдық әрекет;

ә/ Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

б/ Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау әрекеті;

б/ Оқушылардың назарын сабаққа аударту.


2. Үйге берілген тапсырмалар бойынша сұрақтар (сұрақ-жауап, кроссворд шешу):

а/ Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

ә/ Жылдамдық, жылдамдық бірліктері;

б/ Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

в/ Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.


Олай болса, сабағымызды бастамас бұрын, сабақтың сәтті өтуі үшін бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік (оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді).


3. Жаңа сабақты түсіндіру:

"Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика - дүние кілті бүгін де" - деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Біздің денсаулығымыздың мықты болуының бірден-бір себебі, біз көшелердегі сан түрлі қозғалыстан, мысалы көлік қозғалысынан өзімізді қорғай білуіміз керек. Ол үшін жолда жүру ережелерін қатаң түрде сақтауымыз керек. Адамзаттың денсаулығы мықты болмаса, айналадағы алуан түрлі қозғалыстар адам баласынсыз болушы ма еді? Көлік түрлерін қозғалысқа келтіретін - біз. Денелердің қозғалыс заңдарын білу, бұл адам өміріне қауіпті және сәтсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мысалы, жолдағы қозғалыстан болатын апаттардың алдын алу үшін қозғалыс заңдарын білсек, бұл біз үшін артық болмайды. Қаладағы көлік қозғалысынан болатын апаттың алдын алу үшін жолда жүру ережесін (ЖЖЕ) сақтауымыз қажет.

Бүгінгі сабағымызда ІІІ-тарау "Қозғалыс" тарауы бойынша "Инерция. Кеңістік және уақыт" тақырыптарын өтеміз. (бүгінгі күн реті мен сабақтың тақырыбын жазу).

Жаңа сабаққа кіріспе: Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмейтінін күнделікті бақылаулардан білеміз. Мысалы: жерде жатқан доп, оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді, әткеншек қолмен итерген кезде қозғалысқа келеді де, ауа кедергісі арқылы біртіндеп барып тоқтайды. Осы мысалдардың өзі-ақ, кез келген дене сырттан әсер болмағанда, өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды деген болжам айтуға болады.


Жаңа сабақты түсіндіру:

1) Электронды оқулықпен жұмыс. Мұның дұрыстығына мынадай қарапайым тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады (электрондық оқулық арқылы тәжірибені көрсете отырып, тыңдату).

Сұрақ: Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергі жойылған болса, ол қалай қозғалар еді? Бұл сұраққа Италияның атақты ғалымы Галилео Галилей жауап берген болатын: Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл екі жағдайда да, дененің жылдамдығы өзгермейді.


2) Есіңе сақта!

Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. "Инерция" сөзі - латын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес, әрекетсіздік.

Инерция күнделікті өмірде. Мысалы, көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда, артқа қарай шалқая қисаятыны бәріңе мәлім.

C:\Users\Владелец\Desktop\фото11\Camera\20150318_084428.jpg


Инерция құбылысы - кез келген дене, егер оған басқа денелер әрекет етпесе, өзінің тыныштық күйін сақтайды немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады.

Кеңістік пен уақыт, философияда - философиялық категориялар.

Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады.

Мысалы, қарапайым бұқара арасында тараған "Құдай биікте, патша алыста" деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша географиялық алыстықта емес, әлеуметтік алыстықта. Географиялық жағынан

тіпті жақын тұрған патшаға қарапайым адамның жетуі қиынның қиыны, бәлкім, одан гөрі жұмыр жерді он айналып шығу оңайырақ болар. Механикалық қозғалысты қарастырғанда дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгереді. Бұл екі ұғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаның бәрі әйтеуір, бір жерде және қандай да бір мезгілде, басқаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты. Өтіп жатқан сан алуан оқиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және тар, жуан және жіңішке, ұзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын көрсететін ұғымдар қалыптасады.





Кеңістіктегі денелер.

8 сынып оқушысы: Ерболқызы Ақерке


C:\Users\Владелец\Desktop\фото11\Camera\20150318_084205.jpg


- И. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады.

- Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді.

- Аристотель Платон сияқты "уақыт дегеніміз - әлдебір қозғалыс пен өзгеріс" дейді.

- Декарттың пайымдауынша "уақыт - қозғалыстың саны", ал

- Гоббс "уақыт - заттардың өзінде емес, тек ойлауда ғана өмір сүреді". ---

- Лейбниц "Мен ... кеңістікті - қатар өмір сүру тәртібі, уақытты - тізбектілік тәртібі деп есептеймін" - деді.


Кеңістіктің негізгі қасиеттері:

- оның шынайы бар болуы;

- материямен біртұтастығы;

- шексіздігі;

- үш өлшемділігі (ұзындығы, ені, биіктігі).

Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара қашықтықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындық өлшеуіш құралдар қолданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі - метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. Дене қозғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.

Уақыт - материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.

Кез келген өзгерістің немесе оқиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сияқты).


Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, көз алдымызда аяқталады (судың қайнауы);

екінші біреуі көзді ашып-жұмғанша, лезде өтеді;

ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі). C:\Users\Владелец\Desktop\фото11\Camera\20150318_084222.jpg Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзқарасымыз қалыптасады.

Уақытқа қатысты тез және ұзақ, бұрын және жуық және т.с.с. ұғымдар пайда болады.

Уақыттың негізгі қасиеттері:

- шынайы бар болуы;

- үздіксіздігі;

- тәуелсіздігі;

- бір қалыптылығы;

- бір бағыттылығы (уақыт тек алға қарай, өткеннен болашаққа қарай жылжиды). Уақыт арнаулы құрал - сағаттың көмегімен өлшенеді. Уақыттың негізгі өлшем бірлігі - сағат.


Көзге арналған жаттығулар: интертақта көмегімен (слайд)


hello_html_6d1a3d5c.gif


Жаңа сабақты бекіту: 12-тапсырма (1.3)


Есептер шығару:

1) s - жол, ? м

108 км - х м


2) t - уақыт, ? с

1 сағ - х с


3) υ - жылдамдық, ?м/с

36 км/сағ - х м/с.


Тәжірибе жасау:

1. "Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?"

Үстел үстінде суы бар стақан. Стақанның бетінде қағаз. Қағаз үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай, қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?

Жауабы: Қағазды саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы - инерцияның әсерінен стақан ішіндегі суға түседі.


2. "Қалайша қағазды аламыз?"

Ұзын парақ қағаздың үстіне кез-келген ыдыс қоямыз. Ыдысты орнынан жылжытпай, қалайша қағазды алуға болады?

Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен ыдыс жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.


Сабақты қорытындылау:


Тест жұмысы


Оқушылар слайдтан сұрақтарын оқи отырып, жауаптарын дәптерге жазады. Бірін-бірі тексереді, тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі.

1. Егер дене бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс:

А. бірқалыпты;

Ә. бірқалыпсыз;

Б. бірқалыпты үдемелі.

2. Гелиоцентрлік жүйенің негізін салған:

А. Птоломей;

Ә. Галилей;

Б. Коперник.

3. Денеге басқа денелердің әрекеті жоқ кезіндегі жылдамдығын сақтау құбылысы:

А. диффузия;

Ә. жылдамдық;

Б. инерция.

4. Дененің жүрген траекториясының ұзындығы не деп аталады?

А. жол;

Ә. орын ауыстыру;

Б. жылдамдық.

5. Инерция құбылысын алғаш рет кім түсіндіреді?

А. Аристотель;

Ә. Галилей;

Б. Демокрит.

6. Төменде аталған бірліктердің қайсысы ЖБ жүйесінде уақыт бірлігі:

А. 1 сағат;

Ә. 1 секунд;

Б. 1 минут.

7. 72 км/сағ жылдамдықты м/с-пен өрнектеңдер:

А. 15 м/с;

Ә. 54000 м/с;

Б. 540 м/с.


Нені білдік? Нені үйрендік?


Бекіту сұрақтары:

а/ Инерция дегеніміз не? мысал келтір;

ә/ Кеңістіктің негізгі қасиеті;

б/ Уақыттың негізгі қасиеті.


6. Оқушы білімін бағалау.


7. Үйге тапсырма: §21, 22 оқу 12-тапсырма(2).


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров218
Номер материала ДВ-292467
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх