Инфоурок Физика Другие методич. материалыОткрытый урок по физику на тему "Жылу қозғалтқыштары"(8 класс)

Открытый урок по физику на тему "Жылу қозғалтқыштары"(8 класс)

Скачать материал

Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Сабақтың мақсаты:    

а) оқушыларға жылу қозғалтқыштарының түрлері, құрылысы, жүмыс істеу принципі             

және олардың пайдасы мен зияны жөнінде түсінік беру, практикада қолданылуымен таныстыру;

б) оқушылардың өз бетінше іздену, жұмыс  істеу  және танымдық қабілеттерін дамытып,  қалыптастыру;

в) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын  қалыптастырып, пәнге деген  қызығушылығын ояту;

Сабақтың түрі:    Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың типі:  Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,слайдтар, плакаттар, 4-тактілі қозғалтқыш  моделі, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: технология, химия.

Әдісі: баяндау, проблемалық, СТО элементтері, эссе жазу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                                                                            а) оқушыларды түгендеу

б) тренинг өткізу. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бүгінгі сабаққа 

     барлығы бір – біріне сәттілік тілейді.

в) оқушыларды топқа бөлу – 3 топқа топ басшыларын сайлайды.

2. Үй тапсырмасын сұрау.  «Ыстық орындық» арқылы

1.     Термодинамиканың І заңын тұжырымда.

2.     Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.

3.     Изопроцестер, түрлері.

4.     Изохоралық  процес, формуласы.

5.     Изотермалық процес, графигі

6.     Изобаралық процес, графигі

7.     Изопроцестерді ашқан ғалымдар, заңдары.

8.     Термодинамиканың ІІ заңы.

Қай топ сұрақтарға дұрыс жауап бергенін және неше сұраққа жауап бергенін оқушылардың өздері бағалау парағына белгілеп отырады.

Қызығушылықты ояту.

Балалар, үлкен қалаларда, ауылдарда автомобильдердің түрлері көбейіп кетті, барлығы мұнайдан алынатын отынмен жұмыс істейтінін жақсы білесіңдер. Бұлардың пайдасынан гөрі зияны көбейіп отыр. Неге?

Сендер осы автомобильдердің орнына табиғи отынды үнемдейтін, қоршаған ортаны ластамайтын қандай автомобиль түрлерін ойлап табар едіңдер? Автомобильдердің түрлері бізге не үшін қажет?

Ал бүгінгі сабағымызда біз қазіргі таңдағы жылу қозғалтқыштарының түрі іштен жанатын қозғалтқышының  шығу тарихы, жетілдірілген түрлерімен, құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, халық шаруашылығында қолданылуымен танысып, олардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет аласыңдар.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.  Жылу қозғалтқыштарының ашылу тарихынан

18 ғасырда саяси революциямен қатар жүрген өндірістегі экономикалық революция  қолөнер өндірісін завод-фабрикалармен  ығыстырды. Фабрикаларға энергия көзі қажет болды, сол мақсатта алғашқы бу машиналары ойлап шығарылды, олар 1690 жылы –  француз технигі Д.Папен алғашқы бу машинасын ойлап тапты,                                           ол құрылысы жағынан өте қарапайым еді.

                     

1711 жылы – Т.Ньюкомен өзінің көмекшісі Коулимен бірге шахтадан су тартып шығаруға арналған бу машинасын жасады, ол едеуір кемшіліктеріне қарамастан өндірісте 90-жылдай пайдаланылды.   

1763-1766жылы –  орыс технигі И.И.Ползунов бу машинасының жетілдірілген түрін жасап шықты.

                            

1784жылы–  ағылшын ғалымы Дж.Уаттың жасаған жетілдірілген бу машинасы кеңінен қолданыла бастады.                               

19 ғасырда сауда-саттық пен өндірістің дамуына байланысты жаңа тасымалдаушы көлікке сұраныс пайда болды.Сол мақсатта өндіріс пен транспортта кеңінен  қолдануға болатын әмбебап қозғалтқыштар ойлап шығарылды, олар

1863жылы – Н.Отто бензин мен ауаның қоспасымен жұмыс істейтін алғашқы поршенді қолдан тұтанатын авиациалық мотордың үлгісін жасады.

                                       

 1871жылы –  К.Линде салқындатқыш машинасын ойлап тапты.

1897жылы – неміс технигі Р.Дизель өзі тұтанатын іштен жану қозғалтқышын жасап шықты.                                        

Сонымен, біз қазіргі өмірімізді жылу қозғалтқышсыз елестете алмаймыз, олар бізге арзан электр энергиясын өндіріп береді, жұмысымызды жеңілдетеді және жылдам көлік түрі болып табылады.

Іштен жану қозғалтқышы

                          

Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі – карбюраторлы іштен жану қозғалтқышы, оның бұлай аталатын себебі жанғыш қоспа цилиндрдің ішінде тікелей жанады.Енді карбюраторлы іштен жану қозғалтқышының құрылысын қарастырайық: поршень, цилиндр, шатун мен кривошип, иінді білік, маховик, қақпақшалар және тұтандырғыш шам.

                    

Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі - поршеннің төрт жүрісі немесе төрт тактісінің ішінде жүзеге асырылады, сондықтан мұндай қозғалтқыштар төрт тактілі деп аталады. Поршень жоғарғы шеткі орыннан төмен қарай қозғалады,оның үстіндегі көлемнің үлғаюынан ауа сирейді.

                          

Осы кезде 1 қақпақша ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады.Цилиндр жанғыш қоспаға толған соң қақпақша жабылады. Әрі қарай поршень жоғары қозғалып, жанғыш қоспа сығылады да цилиндрдің ішіндегі қысым 10·106 Па-ға жетіп, ол температураның 16000 -18000 С-ға дейін жоғарылуын тудырады.Екінші тактінің соңында тұтандырғыш шамда ұшқын көрінеді де, жанғыш қоспа от алып, тез жанады.

                     

Келесі тактідіе қоспа жанғанда пайда болған жоғары температура мен қысымдағы газдар поршенге қысым күшін түсіріп, оны төмен қарай қозғайды,ол шатун мен кривошиптің көмегімен маховик пен иінді білікті қозғалысқа келтіреді. Бұл тактіде қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқаратындықтан оны жұмыстық жүріс деп аталады.   Үшінші тактінің соңында поршень төменгі шеткі нүктеге келген кезде шығару 2 қақпақшасы ашылады,күшті түрткі алған маховик инерциясымен әрі қарай айналып, поршенді жоғары қарай қозғайды,шығару қақпақшасы арқылы газ сыртқа шығарылады.Осыдан кейін процесс қайталанып жалғаса береді. Қозғалтқыш үздіксіз жұмыс істеуі үшін оның білігін арнайы электр қозғалтқыш – стартер арқылы айналдырады. Автокөліктерде көбінесе төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы пайдаланылады, цилиндрлердің жұмысы – олардағы жұмыстық жүріс бірінен кейін бірі орындалатындай болып атқарылады.

4. Жұппен жұмыс. Әр топ оқушылары іштен жанатын қозғалтқыш туралы бір  қорытындыға келіп,  постер арқылы қорғайды.  Топ бойынша өз ойларын жеткізе білу керек. Әр топтан 1 оқушының  пікірі тыңдалады.

                      І топ                                 ІІ топ                                      ІІІ топ

Іштен жану қозғалтқышының негізгі бөліктерімен таныстыру

Іштен жану қозғалтқышының практикада қолданылуы

Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципімен таныстыру

Іштен жану қозғалтқышының қоршаған ортаға зияны

Іштен жану қозғалтқышы пайдасы

Іштен жану қозғалтқышын үнемдеу

 

5.Қорытындылау. Ой-толғаныс.

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар қорытынды жасайды.

6.Сабақты бекіту. (Венн диаграммасы)

 

 

 

 


Сабақты қорытындылау үшін :

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

Оқушылар өз  пікірлерін білдіреді.

 

6.Үйге тапсырма :

§22-23. Іштен жану қозғалтқышы туралы эссе жазу.

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша орындалады.

                                                        

Р/с

 

     тапсырма

 

 

 

Оқушының

аты – жөні

 

         Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ меңгеру

Жұппен жұмыс

Топтастыру

Венн диаграммасы

БҮҮ стратегиясы

Жалпы балл

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3

5

4

3

 

 

 

1

Тажикбаев Нұрбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

«5» -  15-18 балл                 «4» -  11-14 балл                          «3» -  5-10  балл

 

 

 

 

 

Дариева Гулдана Джусупбековна

Атырау қаласы, Индер ауданы,

Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің

физика пәнінің ІІ санатты мұғалімі,

тел: +7 778 296 79 82

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по физику на тему "Жылу қозғалтқыштары"(8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 662 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 694
    • DOCX 5.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дариева Гулдана Джусупбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дариева Гулдана Джусупбековна
    Дариева Гулдана Джусупбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2005
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек