Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Презентации / Открытый урок по географий 8 класс

Открытый урок по географий 8 класс

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

www.themegallery.com Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырағы және топырақтың...
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырық түрлерінің қасиет...
Дамытушылық: оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктілерін жән...
Сабақтың барысы: 1.Үй жұмысын тексеру (тест арқылы) 2. Фронталды сұрақтар 3....
Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер? а) Арыс,Келес, Обаған, Нұр...
7. Шардар су қоймасы қандай өзенге салынған? А)Арыс ә)Шу б)Сарысу в) Сырдария...
Тестің жауаптары: В Ә А Б Б Б В А Ә Ә
Фронтальды сұрақтар: 1.Қазақстандағы өзендердің саны қанша мың? 2. Қазақстан...
Есть на земле чудесная кладовая. Положите в нее весной мешок зерна, а осенью,...
 Жаңа тақырып:Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҒЫ 1. Қара топырақ 2. Күрең (каштан) 3. Тақырлар, құмдар Қ...
Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүс...
Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған...
Тақырлар, құмдар Шөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққ...
Топырақты қорғау Топырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған о...
Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұ...
Эрозия – топырақтың нашарлануы Жел эрозиясы Су эрозиясы
Дұрыс қолданылмаған агротехника Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізі...
Урбанизация процесі Малдың жайылымда шамадан тыс жайылуы Топырақтың қышқылдан...
Топырақ деградациясы шөлейттенуді алып келеді, бұл Қазақстандағы басты пробле...
Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн г...
Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық –ұйымда...
Қорытынды Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі кли...
Қорытынды сұрақтар: 1. Топырақ дегеніміз не? 2. Топырық түзетін факторлар? 3...
 Үйге тапсырма §32-33 Бағалау
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 www.themegallery.com Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырағы және топырақтың
Описание слайда:

www.themegallery.com Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері LOGO

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырық түрлерінің қасиет
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырық түрлерінің қасиеттері мен топырықтың негізгі түрлеріне анықтама беруді үйрету

№ слайда 3 Дамытушылық: оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктілерін жән
Описание слайда:

Дамытушылық: оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктілерін және дағдыларын қалыптастыру Тәрбиелік: оқушыларды Отанын сүюге, өз халқының жетістіктерін қорғау ісіне даяр болуға,экологиялық тәрбие беру. Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы,интербелсенді тақта.

№ слайда 4 Сабақтың барысы: 1.Үй жұмысын тексеру (тест арқылы) 2. Фронталды сұрақтар 3.
Описание слайда:

Сабақтың барысы: 1.Үй жұмысын тексеру (тест арқылы) 2. Фронталды сұрақтар 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 4. Бекіту сұрақтары 5.Үй тапсырмасы 6.Бағалау

№ слайда 5 Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер? а) Арыс,Келес, Обаған, Нұр
Описание слайда:

Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер? а) Арыс,Келес, Обаған, Нұра,Ор, Жем,Сағыз. ә)Терісаққан, Шідерті, Шар,Қызылөзен, Шоған, Ай, Таңсық б)Ақсу, Көксу,Тентек,Үржар, Берел,Талас. в) Сырдария, Жайық,Шу,Іле, Тобыл,Есіл. Қостанай қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? а) Ертіс ә) Тобыл б)Есіл в)Обаған 3. Балқаш көліне құятын өзендер а)Іле,Қаратал, ә)Сырдария, Арыс,б)Обаған,Есіл в)Ертіс,Нұра 4. Жетісу өлкесінде ағатын өзендер? а)Сырдария,Талас,Аса,Доңыртау,Сайрансу,Тоғыс,Бөген ә)Үлкен Жыланшық, Сарысу,Ырғыз,Ойыл,Сағыз,Ор б)Іле, Қаратал,Лепсі,Ақсу,Көксу,Аягөз,Тентек в)Нұра,Мойынты, Шідерті,Шоған, Қызылсу, Қарағайлы 5.Үлбі қандай өзеннің саласы? а)Сырдария ә)Есіл б)Ертіс в)Шу 6.Астана мен Петропавл қаласын қандай өзеннің жағасында орналасқан? А)Ертіс ә)Ақсу б)Есіл в)Обаған

№ слайда 6 7. Шардар су қоймасы қандай өзенге салынған? А)Арыс ә)Шу б)Сарысу в) Сырдария
Описание слайда:

7. Шардар су қоймасы қандай өзенге салынған? А)Арыс ә)Шу б)Сарысу в) Сырдария 8. Шарын мен Қаскелең қандай өзеннің саласы? А)Іле ә)Тобыл б)Жем в)Жайық 9. Қазақстанда қандай өзенде бірнеше СЭС салынған? А) Сырдария ә)Ертіс б)Есіл в)Торғай 10. Қорғалжын қорығы орналасқан көл? а)Арал ә)Теңіз б)Алакөл в)Зайсан

№ слайда 7 Тестің жауаптары: В Ә А Б Б Б В А Ә Ә
Описание слайда:

Тестің жауаптары: В Ә А Б Б Б В А Ә Ә

№ слайда 8 Фронтальды сұрақтар: 1.Қазақстандағы өзендердің саны қанша мың? 2. Қазақстан
Описание слайда:

Фронтальды сұрақтар: 1.Қазақстандағы өзендердің саны қанша мың? 2. Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады? 3. 1000 км ден асатын неше өзендер бар? 4. Артезиан суы дегеніміз не? 5. Тектоникалық көлдерге қандай көлдер жатады? 6. Өзендердің қоректену типтері? 7. Мұздықтар дегеніміз не? Олар қайда орналасады? 8. Минералды сулар дегеніміз не?Олардың маңызы неде? 9. Еспе сулар дегеніміз не? 10. Қазақстанда неше мың көлдер бар?

№ слайда 9 Есть на земле чудесная кладовая. Положите в нее весной мешок зерна, а осенью,
Описание слайда:

Есть на земле чудесная кладовая. Положите в нее весной мешок зерна, а осенью, смотришь - вместо одного мешка в кладовой - двадцать. Ведро картошки в чудесной кладовой превращается в двадцать ведер. Горстка семян делается большой грудой огурцов, редисок, помидоров, морковок. Сказка это или не сказка? Это не сказка. Чудесная кладовая есть на самом деле. Вы, должно быть, догадались, как она называется? Сегодня объектом нашего изучения будет ПОЧВА ТОПЫРАҚ SOIL

№ слайда 10  Жаңа тақырып:Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері
Описание слайда:

Жаңа тақырып:Қазақстанның топырағы және топырақтың типтері

№ слайда 11 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҒЫ 1. Қара топырақ 2. Күрең (каштан) 3. Тақырлар, құмдар Қ
Описание слайда:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҒЫ 1. Қара топырақ 2. Күрең (каштан) 3. Тақырлар, құмдар Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы алуан турлі, құрамы жағынан күрделі болып келеді. Топырақ түрлерінің таралуында жер бедеріне сәйкес зоналық заңдылық айқын байқалады. Жазықтарда топырақтар ендік зоналар түрінде, ал тауларда биіктік белдеулер бойынша таралған. Топырақ жамылғысының қалыптасуъіна жергілікті табиғат жағдайлары күшті ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан жеріндегі топырақ түрлері көршілес аумақтардағы топырақтардан едәуір айырмашылық жасайды. Қазақстан аумағында топырақтың үш типі: қара топырақ (52°с.е. солтүстікке қарай), күрең (каштан) топырақтар (52-48°с.е. аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақтар (52-48° с.е.-тен оңтүстікке қарай) таралған

№ слайда 12 Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүс
Описание слайда:

Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көпшілік бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігін қамтиды. Қара топырақты алаптың жалпы ауданы 25,5 млн. гектар, бұл республика аумағының 9,5%-ын құрайды. Қара топырақ үш түрге бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала зонасының оңтүстігін алып жатыр; кәдімгі қара топырак, пен оңтүстік қара топырағы дала зонасына тән болады. Құнарлылығына қарай топырақтың алғашқы екі түрі гумусты (құрамындағы гумус мөлшері 6-9%), қара түсті болады, ал соңғысында қарашірік мөлшері аз (4-6%). Қара топырақтар республиканың басты астықты өңірі болып табылатын жақсы ылғалданған далалы жазықтарда таралған. Жер бедерінің ойпаңдау жерлерінде сор мен сортандар кездеседі.

№ слайда 13 Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған
Описание слайда:

Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған. Бұл алап Орталық Қазақстанның басым бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстанның жазықтарын қамтиды. Топырақтың бұл типі республиканың қуаң далалары мен шөлейттеріне тән. Күрең топырақты алқаптар ауданы 90,6 млн. гектар, бұл республика аумағының 34%-ын құрайды. Күрең топырақтар қуаң даланың куңгірт күрең және күрең топырағына, шөлейттердің ашық күрең топырағына жіктеледі. Күрең топырақтардың құнарлылығы оңтүстікке қарай азаяды. Күңгірт күрең және күрең топырақтардың құрамында гумус мөлшері 4,5-3% болады, ал ашық күрең топырақта гумус өте аз (3-2%). Қуаң даланың күңгірт күрең және күрең топырақтары астық пенімал шаруашылығына жарамды. Ашық күрең топырақ таралған аумақтарды жайылымдар алып жатыр.

№ слайда 14 Тақырлар, құмдар Шөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққ
Описание слайда:

Тақырлар, құмдар Шөлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққа ауысады. Таулы топырақтар Қазақстан аумағының 12,5%-ын алып жатыр. Олар таудың географиялық орнына, биіктігі мен жоталарының орналасу бағытына қарай әркелкі тараған.

№ слайда 15 Топырақты қорғау Топырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған о
Описание слайда:

Топырақты қорғау Топырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған ортада барлық қолайлы жағдай болғанның өзінде қалыңдығы 18 см ғана болатын құнарлы қабаттың түзілуі үшін 1500 жылдан артық мерзім қажет болады екен. Ал бұл қабат тозып, жойылуы үшін кей жағдайда бірнеше ондаған жылдар жеткілікті болады. Оған ең алдымен топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) ықпал етеді.

№ слайда 16 Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұ
Описание слайда:

Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұшыраған. Оның 3/4-і жел эрозиясына бейім келеді. Мұны біріншіден, Қазақстанның жазық жөне ашық болып келуімен, екіншіден, күшті желдердің ұдайы соғуымен, үшіншіден, борпылдақ құрылымсыз немесе құмды, құмшауыт жеңіл топырақтардың таралуымен түсіндіріледі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысында эрозияға бейім аудандар да жыртылып тасталды, соның нәтижесінде олар жел эрозиясына ұшырады. Қазақстандағы эрозияға бейім аудандардың 1/4-і су эрозиясынан зардап шеккен. Бұған шамадан тыс суару және нөсер жаңбырлар себепші болады. Бастапқыда ұсақ жыралар пайда болып, суарған сайын олар тереғдеп сайға айналады, топырақтың құнарлы қабаты сумен шайылып кетеді. Біздің елімізде топырақты зерттеу мен оны қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми мекеме - Топырақтану институты жұмыс істейді. Институт ғалымдары солтүстік аудандардағы жел эрозиясы мен оңтүстіктегі су эрозиясымен күресу жөнінде нақты ұсыныстар жасайды: 1) агротехникалық шаралар: тік беткейлерде су ағысы бағытына көлденең жырту; қар тоқтату шараларын жүргізу; 2) мелиорациялық шаралар: жыра мен сай, өзен жағаларына ағаштар мен бұталар отырғызу; 3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу; каналдар түбін су өткізбейтін бетондалған тақталармен қаптау т.б. Бұл шаралар жүйесі топырақ эрозиясын кемітетіні сөзсіз.

№ слайда 17 Эрозия – топырақтың нашарлануы Жел эрозиясы Су эрозиясы
Описание слайда:

Эрозия – топырақтың нашарлануы Жел эрозиясы Су эрозиясы

№ слайда 18 Дұрыс қолданылмаған агротехника Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізі
Описание слайда:

Дұрыс қолданылмаған агротехника Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде келмеуінен гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығы бірітіндеп азаюы Техногенді шөлдену Адамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесі

№ слайда 19 Урбанизация процесі Малдың жайылымда шамадан тыс жайылуы Топырақтың қышқылдан
Описание слайда:

Урбанизация процесі Малдың жайылымда шамадан тыс жайылуы Топырақтың қышқылдануы Сілтісізденуі Химиялық, радиациялық ластану Өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі

№ слайда 20 Топырақ деградациясы шөлейттенуді алып келеді, бұл Қазақстандағы басты пробле
Описание слайда:

Топырақ деградациясы шөлейттенуді алып келеді, бұл Қазақстандағы басты проблема. Деградация қарқынды жүруде, соңғы жылдары  30 есеге өсті.

№ слайда 21 Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн г
Описание слайда:

Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5 млн га жайылым әртүрлі деградацияға ұшыраған, жалпы 10 млн га деградацияға ұшыраған. Қазақстан Республикасының топырағының деградациялануының ең басты проблемасы жердің жеке меншікке өтуі.

№ слайда 22 Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық –ұйымда
Описание слайда:

Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық –ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы

№ слайда 23 Қорытынды Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі кли
Описание слайда:

Қорытынды Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді интенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады.

№ слайда 24 Қорытынды сұрақтар: 1. Топырақ дегеніміз не? 2. Топырық түзетін факторлар? 3
Описание слайда:

Қорытынды сұрақтар: 1. Топырақ дегеніміз не? 2. Топырық түзетін факторлар? 3.Топырықтың құрылымы неге байланысты? 4. Топырақта шіріндіні қалай көбейтуге болады? 5. Елімізде неше топырақ зонасы бар? 6. Топырақ эрозиясы және су эрозиясы дегенміз не? 7. Топырақ жамылғысын қалай қорғауға болады?

№ слайда 25  Үйге тапсырма §32-33 Бағалау
Описание слайда:

Үйге тапсырма §32-33 Бағалау

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров455
Номер материала ДВ-306247
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх