Инфоурок Химия Рабочие программыОткрытый урок по химии на тему "Фосфор және оның қасиеттері"

Открытый урок по химии на тему "Фосфор және оның қасиеттері"

Скачать материал

Қуанғанова Шынар Ибадуллақызы,  химия пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Фосфор және оның қасиеттері

Қатысушылар:  9 «А» сынып оқушылары

Пәні: Химия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Фосфордың жалпы сипаттамасымен таныстыра отырып,табиғатта

                        кездесуі мен алыну жолдарын меңгерту.

Тәрбиелік : Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып,оқушылардың химия

                     пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.

 Дамытушылық :  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы

                      оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және

                      сараптау,салыстыру қабілеттерін дамыту.Өзін-өзі бақылау мен

                      талдауды іске асыру.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар:  интерактивті тақта, слайдтар, Менделеев жасаған химиялық                                                                                                                                                            

                                       элементтердің периодтық кестесі, медиобьектілер.

Сабақ жоспары

І. Ұйымдастыру (1 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

         Жоспармен таныстыру.

Ү. Сабақты бекіту

ҮІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІ. Бағалау.

        

І. Үй тапсырмасы.  Азот және оның қосылыстары.

Сұрақтар:  1. Азоттың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы.

                  2. Азоттың сутекті қосылыстары. Алыну жолдары.

                  3. Азоттың оттекті қосылыстары.

                  4. Азот қышқылы. Алыну әдістері.

                  5. Азот қышқылының тұздары. Химиялық қасиеттері.

                  6. Нитраттардың химиялық қасиеттері, қолданылуы.

 

Үй тапсырмасын бекіту: (Ой толғаныс)

1.     Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?      (Аммиак)

2.     Азоттың металдармен қосылысында қандай тұз түзіледі, ол қалай аталады?

3.     Ауаның неше пайызын азот құрайды?                 (78)

4.     Азот қышқылының тұзы қалай аталады?            (Нитраттар)

5.     Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады?                                                                                                  (Мүсәтір спирті немесе аммоний гидроксиді)

6.     Отсыз түтін қалай түзіледі?                               (аммиак пен тұз қышқылы)

7.     «Түлкі құйрығы» деп қай газды атаған?             (Азоттың (ІҮ) оксиді)

8.     «Патша сұйығы» деген не?      (1 көлем HNO3 + 3көлем НСІ қоспасы)

9.     Азот табиғатта қандай түрде тараған?                 (газ күйінде)

10.  Азот қышқылы жарықтың әсерінен неге ыдырайды?         (NO2 + H2O)

 

Сабағымызды әрі қарай мына әңгімемен бастағалы тұрмын.

Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған  зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?

Оқушы:  -Фосфор

 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Фосфор және оның қасиеттері».

Мақсаты: фосфордың периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы, алыну әдістерін, қасиеттері мен қосылыстары туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.

 

«Мағынаны тану» кезеңі.

Қайталау – оқу анасы, дегендей алдағы тақырыптардан алған теориялық білімімізге сүйене отырып, фосфорға сипаттама берейік.

Оқушы: - Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор ІІІ периодта,       Ү топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15.  Фосфор – азоттың аналогы, себебі оның валенттілік электрондарының электрондық конфигурациясы азоттікі тәрізді s2p3.  Бірақ азот атомына қарағанда фосфор атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық сипаттарының әлсіздеу екендігін көрсетеді.

Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы:    Р +15 )2е-)8е-)5е-

Электрондық формуласы:  1s22s22p63s23p3. Графиктік формуласы.

Фосфор қосылыстарында -3,+3,+5 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин мен аммиак молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанымен, фосфин молекуласы берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді.

Фосфорды алғаш ашқан кім?           - 1669 ж. неміс алхимигі Х.Бранд.

«Ой қозғау» кезеңі :

-         Фосфорды қайда кездестіруге болады ?

-         Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы фосфорит және апатитте кальций фосфаты түрінде болады. Олар Жамбыл облысындағы Қаратау маңында кездеседі.

Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүрек ұлпаларында кездеседі. Мысалы , ересек адамдардың сүйегінде 600 гр ет ұлпасында 56 гр, жүйке жүйесінде 5 гр- ға дейін фосфор болады. 

     Сүйек қрамындағы фосфор қаңқаға беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдіктен қабылдайды. Фосфор қосылыстары барлық зат алмасу процестеріне қатысады.

Физикалық қасиеттері.  Азотқа қарағанда фосфор элементінің бейметалдық қасиетінің төмендеуі оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. Мысалы, фосфордың азоттан өзгеше бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар: ақ (сары), қызыл және қара.

     Ақ фосфор – тез тұтанатын, өте улы зат. Оның буымен дем алуға болмайды. От алғыш қауіптілігіне байланысты оны шыны ыдыста су астында сыртынан құм салынған металл банкада сақтайды. Суда ерімейді, бірақ күкірттікөміртекте ериді. Қараңғыда жарқырайды. Ауасыз кеңістікте қыздырсақ қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Молекуласының кеңістіктегі пішіні тераэдр тәрізді.

     Қызыл фосфор – қызыл – қоңыр түсті ұнтақ зат, улы емес, полимерлі құрылысты болып келеді.  Суда және күкірттікөміртекте ерімейді. Қараңғыда жарқырамайды. Қызыл фосфордың қасиеттері оның алыну жағдайына байланысты.

     Қара фосфор – сыртқы түрі графитке ұқсайды, қолмен ұстағанда майлы жартылай өткізгіштік қасиеті бар. Қара фосфор аз кездеседі.

Алынуы.

Фосфорды апатиттен неесе фосфориттен алады. Соңғыларды көмірмен және құммен бірге араластырып, электр пештерінде 15000С – да қатты қыздырып алады.

Химиялық қасиеттері.

Фосфор жай және күрделі заттармен әрекеттесіп, тотықтырғыштық та (азоттан төмен) және  тотықсыздандырғыштық та қасиет көрсетеді. Тотықсыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі. 

Металдармен әрекеттескенде тотықтырғыштық қасиет көрсетеді, нәтижесінде фосфидтер түзеді.

         Қолданылуы:

         Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндрісінде, фосфор қышқлын алуда қолданылады.

кремний17.bmpкремний18.bmp

Білімді бекіту  кезеңі .

Ø Химиялық диктант.

Ø «Сандарды сөйлетейік».

 

 

 

Ø «Менің тұжырымым дұрыс па?»

*    Фосфор Ү топтың негізгі топшасында орналасқан

*    Сыртқы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар

*    Фосфор металдық қасиет көрсетеді

*    Фосфор атомының құрамында 15 протон және 16 нейтрон бар

*    Фосфор сумен әрекеттескенде оксид түзеді

*    Фосфордың сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 жұптасқан, 3 жұптаспаған электроны бар

Ø Деңгейлік тапсырмалар.

Үйге тапсырма

Бағалау.

Бағалау мониторингі

“3”   -  2 – 7 ұпай

“4”   -  8 – 12 ұпай

                                                           “5”- 13 – тен жоғары                                                           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по химии на тему "Фосфор және оның қасиеттері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2015 1671
    • DOCX 2.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанганова Шынар Ибадуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанганова Шынар Ибадуллаевна
    Куанганова Шынар Ибадуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 39335
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 28 регионов

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 65 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе